жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс шара "Абай өмірі бізге үлгі"
Тақырыбы: Абай өмірі бізге үлгі
Сабақтың мақсаты:
1.
Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай
Құнанбаев шығармаларымен таныстыру.
Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту
арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа,
адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын
арттыру.
2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп
оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын,
сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді,
адал болуға, адамгершілікке, жаман
әдеттерден бойларын алыс ұстауға
тәрбиелеу.
4. Дамытпалы поэзия сабағы.
Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап, шығармашылық көрініс.
Көрнекілігі: Абай Құнанбаев, интерактивті тақта, кітаптар көрмесі.
Сабақтың барысы
1.
Ұйымдастыру
2.
Ой қозғау(Абайдың
өмірі мен шығармашылығы)
3.
"
Ой-толғаныс."(қара
сөздерін оқу)
4.
"Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"
(Абай өлеңдерін жатқа оқу)
5.
Абай
атаға арнау(балалар шығармашылығынан)
6.Өзгеге көңілім тоярсың,
Өлеңді
қайтіп қоярсың?(Абай әндерін
орындау)
7."Жырақ жатып жүрегі бірге
соққан"(аудармалары )
8. Ой
түйіндеу
Ұйымдастыру
кезеңі. Оқушылар
назарын сабаққа аудару.
«Ата
толғау» күйі қосылып тұрады.
Біреулерге
болғанмен айдала,
Басын иіп тәу етеді
бар дана.
Ұлы Абайды дүниеге
әкелген,
Құдіретіңнен айналайын,
сардала.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Балалар, осы ағымдағы 2020 жылы тарихи атаулы күндерге толы екен. Олар қандай атаулы күндер?
-Әл-Фарабидің 1150 жылдығы,
-ҰОС жеңістің 75 жылдығы, -Қазақстан халықтары ассемблеясының
25
жылдығы, қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175
жылдық мерейтойы. Біздің бүгңнгі
өздеріңмен өткізгелі отырған сыныптан
тыс шарамыз Абай атамызға арналмақ.
Халық
тарихи дамудың қаншама биігіне
көтерілседе Абай аты мен Абай сөзі
әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі
иманы, санасындағы ұжданы болып қала
береді.
-Ендеше, бүгінгі тәрбие
сағатымызда ұлы ақын атамыз – Абай
Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.
-
Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың
ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз.
Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап
Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан
нәр алып келеді.
Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі - Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды оқымағандар».
- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?
- Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен танысып жатырмыз.
Бүгінгі заман адамы «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның бастысы, біздер үшін- әдептілік.
Әсемпаз
болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң –
арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін
тап та бар қалан,- деп Абай атамыз
айтқандай, кішіге мейірімді, досыңа
қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор
болсаң, өсе келе ата- анаңның, Отаныңның
мақтаны боласың.
«Ата толғау» күйі қосылып тұрады.
Ой қозғау.
Парасатты
болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән
мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның
Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның
Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл
әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев
жырлағандай, Абай есімін естігенде
есімізге не түседі? Соны мына күннің
әрбір шапағына жазып көрсетейік.
1- оқушы. Абай – ақын, Абай – дана, ойшыл, заман суреткері. Абай – аудармашы. Абай – сазгер. Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып өсті.
2- оқушы. Жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбылдан «Абайдың ақындығы туралы не айтасыз?» дегенде: «Абай ақын ғана емес, ол ғұлама» деп жауап берген екен.
3-
оқушы. Мынау
тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің
ұқсаған құдретіне.
Ақыл, қайрат,
білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың
төтеген кім бетіне?- деп жырлапты жыр
алыбы Жамбыл.
4-оқушы. Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.
5-оқушы. Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.
6-оқушы. Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болып сайланған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан.
7-оқушы. Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасындаСемейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел- жұрты Абайды би етіп сайлайды.
8-оқушы. Абай
– ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған
адам.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей
ұста,
Сонда толық боларсың елден
бөлек,- дейді Абай ата.
9-оқушы. 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.
10-оқушы. Ендеше, біз абайтанудың бірінші баспалдағында тұрмыз. Біраз өлеңдерін, қара сөздерін оқып талдадық. Өмірімен таныстық.
11-оқушы. Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай ауылында қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен таныстырған. Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды.
Қазақ тіліне И.А. Крыловтың бір қатар шығармаларын аударды.
Қазір біз И. А. Крыловтың «Қарға мен Түлкі» мысалын тыңдап көрейік.
Мұғалімнің түсіндірмесі. Ой-толғаныс.
Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай қарасөздерімен танысайық.
Оқушылардың қарасөздерді оқуы.
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. ( Он сегізінші қара сөз)
Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?(Жиырма бірінші қара сөз)
Ата-аналарымыз да Абай атамыздың қарасөздерін жатқа оқып, мағынасын түсіндіріп өтсе.
"Өлең сөздің патшасы сөз сарасы" (Абай өлеңдерін жатқа оқу)
Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдері бар? («Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге»,
«Мен
жазбаймын өлеңді»). Өлеңдерді мәнерлеп
оқу.
Абай атаға арнау
«Ұлы ақын - Абай ата»
Абай
атам- данышпан, ұлы ақын,
Қазақ халқын
танытқан әлемге айқын.
Елін, жерін,
Отанын әнге қосып,
Өлеңімен жырлаған
халқын жақын.
Орыс халқы мақтанса
Пущкинменен,
Абай атам- ұлы ақын,
еңбегі ерен.
Қос ақынның оқысаң
өлеңдерін,
Махаббатың артады елге
деген.
«Абай ата»
Ата
сөзі- қазақтың бойтұмары,
Оқысаң,
ашылады ой тұманы.
Қиналсаң, ақыл
қосып ақылыңа,
Жырларында жанашыр
ой тұрады.
Қазаққа бөлек екен Абай
орны,
Талапшыл, қанағатшыл, терең
ойлы.
Өнер- білім, ғылымды қадірлеумен
Қазақ
елін ақиқат жолға қойды.
Өзгеге көңілім тоярсың,
Өлеңді
қайтіп қоярсың?(Абай әндерін орындау)
1. «Желсіз түнде жарық ай»
2.Айттым сәлем, Қаламқас.
.
"Жырақ жатып жүрегі бірге соққан"
Бірін-бірі
көрмеген 3 данышпан, 3 тұлға ұлы далада
бас қосты.Неміс, орыс және қазақ
халқының даналары Гете, Лермонтов
және Абай ескерткіштері Абай ауданында
бой көтерді. "Халықтар достығы"
деп аталатын бұл ескерткіште Лермонтов
орыс тіліне аударған немістің ұлы ақыны-
Гетенің "Горные вершины" өлеңі
және қазақ тіліне Абай аударған
"Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңі
жазылған
Енді осы өлеңді қазақ,
орыс, неміс және ағылшын тілінде
тыңдайық
Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің
«Евгений Онегин» романынан үзінділер,
М.Ю.Лермонтовтың, , И.Гетенің шығармаларын
сүйіп оқып, аударған.
Біз оқыған "
Қарға мен түлкі " , "Шегіртке мен
құмырсқа", " Есек пен бұлбұл"
мысалдарын И.Крыловтан аударған.
Ойды түйіндеу
Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл
сөзді іздесең,
Абайды оқы,
ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап,
тоқы көңілге.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде
артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып
кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді
деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған...
Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.
(Сыныптан тыс шара)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген