Тақырыбы:
Абайды оқы, таңырқа!»
Мақсаты:
Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол
мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы
насихаттау.
Міндеті: 1. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен
көркем сөздің мәйегін бойына
сіңдіру.
2. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ бойынан
көру.
3. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін
тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге
баулу.
4. Өзге ұлт өкілдерінің балаларының бойына Абайдың өлеңдерін, әсем
әндерін сіңіру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация
слайдтары
Динара:
Дана Абайды
Қазақтың ақылына балаймын.
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!
Ақылының нұры бар, Абайы бар
қазақтың,
Жан алаңы, мұңы бар- қазағы бар
Абайдың.
Рашида:
Арлы Абайды
Қазақтың қайраты деп ұғамын,
Қайда барса айбыны, айбаты деп
ұғамын!
Жер шарының шиырлап, қай жағынан
шығайын,
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет
бұрамын!
Динара:
Сара Абайды
Қазақтың жүрегі деп білемін,
Жүректі шер меңдесе, таба алады кім
емін?
Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі
едің,
Жайған сәби саусағын, қайран менің
жүрегім!
Рашида
:
Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған
елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ол
бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей
болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап
келеді.
Құрметті ұстаздар және оқушылар, сыныбымыздағы Абай оқуларына хош
келдіңіздер! Бұл сайыстың бұрынғы сайыстардан ерекшелігі сынға
түсетіндер өзге ұлт өкілдерінің балалары. Олай болса
сайыскерлерімізбен таныс
болыңыздар:
Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырайық :
1. Тлектесов Нұрбол
– 5 сынып
оқушысы
2. Аманжол Ералы
- 6 сынып
оқушысы
3Бауыржан Алданақ
– 6 сынып
оқушысы
4. Саясбек Мерей
– 6 сынып
оқушысы
5. Бақанғали Ұлпан
– 9 сынып
окушысы
6Битоханова
Дильназ - 9 сынып
оқуш
7.Байқоңырова Аяулым-10
сынып
8.Отарбаева Шырын-11
сынып
9.Ғалбият Нұрзат-11
сынып
Динара
:
Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 3 бөлімнен
тұрады.
1-бөлім: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы » (Абайдың
өлеңінқазақша жатқа мәнерлеп
оқу)
2- бөлім: «Көңілім әнді ұғады» (Абайдың өлеңін орысша жатқа
мәнерлеп оқу)
3-бөлім: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе Абайдың өлеңін
ағылшын тілінде жатқа мәнерлеп
оқу)
Рашида :
Сайысқа төрелік ететін әділ-қазылар алқасымен таныс
болыңыздар.
Қазылар алқасы:
1. Байгульжин А.О – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары
2. Осербаев Т.. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Динара:
Жүректен өлең төгіп, қосқан
жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік
тұлға.
Қошеметтеп, көрермен, қол
соғыңдар
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,- дей отырып, сайыстың «Өлең - сөздің
патшасы, сөз сарасы» бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек
береміз. Кезекпен кезек
шақыру
Видео көрсетіледі.
Рашида : Әсем әннен ғажап ләззатты үн
шығар,
Ойы сергек жан оны ұғар,
Бар сезіміңді қозғар
ән-күйге
Жастар, тілімді ал, бол құмар,- деп Абай атамыз да ән өнерін аса
жоғары бағалағаны белгілі.
Динара : Олай болса, сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға орысша
жатқа оқитын оқушыларды шақырамыз

Рашида
: Абай ағам
болмаса не бедел бар өлеңде?
Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем
бе?
Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ
құс
Басқа біреу қол ұшын келіп маған берер ме?-деп дүлдүл ақын Тұманбай
Молдағалиев ағамыз жырлағандай, кезекті ағылшын тілінде сайысатындарға
берейік.
Динара
:
Поэзия әлеміне
самғадың,
Әділетті көксеуден еш
талмадың.
Ақындардың көшбасшысы
атанып,
Ел аузында мәңгі қалды
жазғаның.
Рашида :
Өзің едің өлең-жырдың
тарланы,
Шоқ жұлдыздай биік туған
арманы.
Қуат алдым жырларыңнан, нәр
алдым,
Қолдасын деп Абай ата
аруағы.
Динара :
Орындалмай қалды қанша
арманы,
Жас ақындар өнеріңді
жалғады.
Ұрпақтарың есіне алып
өзіңді,
Жауһар жырмен мүсініңді
сомдады.
Рашида :
Құрметті жыр сүйер қауым, бүгінгі сайысқа арналған ән-шашуды қабыл
алыңыздар. Ән: Есхат Ақботаның орындауында Абайдың әні «Желсіз
түнде жарық ай»
Динара :
Бойларыңда от бар екен
байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен
байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,- деген ізгі тілекпен сайыс
жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз әділқазылар алқасына
беріледі.
Рашида :
Мен өлеңге сыйғыза алман
Абайды,
Жыр құдайы жоғарыдан
қарайды.
Көлеңкелі кеудесіне қазақтың
Шымырлаған шуақ болып
тарайды.
Динара : Сыныптағы Абай оқуларының шымылдығын талай жанның жүрегіне
үміт отын ұялатып, талай жастың сезіміне куә болған, шынайы
махаббаттың әнұранына айналған әйгілі «Көзімнің қарасы» әнімен
жабуға рұхсат етіңіздер!