Шараның тақырыбы: «Дара жол»
бағдарламасы
Сахна сыртына баяу музыка
әуені естіліп тұрады.
-
Жүргізуші: Бүгін бізде үлкен
мереке. Бүгін
ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға
арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық
берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық
береді.
Ақырын жүріп анық
бас.
Еңбегің кетпес
далаға
Ұстаздық еткен
жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз
айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы,
мерекелеріңіз құтты болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп
болсын!
2 -
Жүргізуші:
Армысыздар «Дара жол»
бағдарламасының құрметті де қадірлі, аса сыйлы қонақтары! Ұзақ жол
жүріп келе жатқан адам қиядан қиялап, ойдан ойыстап, тау-дөңестен
тауқымет тартып өтіп келе жатып бір бекетке өкше тірегенде артта
қаншама із қалды, енді алдымда не қарасын бар демей ме? Дәл осы
сияқты аман-есен тіршілік кешетін адамның белгілі бір уақытта
осындай ой сезінетіні бар. Олай болса, «Дара жолдың» қонағы,
қадірлі ұстаз Таскарина Светлана Сүндетқызын шәкірттерімен ортаға
шақырайық.
-
Жүргізуші:
Қош келдіңіз, алтын ұя
мектебіңізге! Мерейлі мерекеңіз құтты болсын. Сіздің дара жолыңызда
осы Махамбет атындағы орта мектебінің алатын орны ерекше деп
ойлаймыз. Сол себепті сіздің дара жолыңызды, сара жолыңызды кейінгі
ұрпақ шәкірттеріңізге үлгі ету мақсатында өткізуді жөн көрдік. Бір
сәт оқушылық өміріңізді көз алдыңызға елестете отырып, 10 «ә» сынып
оқушыларының өзіңізге және ұстаздарға арнаған ыстық ықыласын қабыл
алыңыз
«Ұстаздарға арнау» : Көркем
сөздер оқылады /1-3
слайд/
-
Жүргізуші:
Біз сізді тек ақылшы мұғалім
ретінде ғана білетін болсақ, ал біз білмейтін сіздің қырларыңыз бен
сырларыңыз қаншама? Бүгінгі «Дара жолда» Таскарина Светлана
Сүндетқызы туралы барлық мағлұматты еститін
боламыз.
Сәби күндер, бала күндер баяғы,
Қайдан енді бізге құшақ жаяды.
Үйге кірмей, ойынға да
тоймастан,
Жеп те кейде алар едік таяқты
– деп бүгінгі дара жолдың қонағы Света апайдың ағасы Талғат ағамыз
отыр.
Аға - әңгімені әу бастан бала
кезден бастасақ? Бала Света қандай болды? Осындай талапты қызды
өсірген ата-анасы жайлы, өскен ортасы, бала кездегі қызықтары
туралы айта отырсаңыз. / 4-5 слайд/
1-Жүргізуші:
Адамдар қанша жасқа келсе де,
мектеп өмірін, ұстаздары мен сыныптастарын сағынып жатады. Бүгін
бағдарламаға сыныптастарыңыз, әрі ұстаздық атты ұлы жолды өзіңіз
сияқты ұлықтаған әріптестеріңіз Наурызғали Ұзақбайұлы, Мейрам
Мұхамбетұлы, Роза Қалуқызы келіп отыр. Сәлеметсіздер ме,
бағдарламаға қош келдіңіз. Сыныпта Света апай пысық, көпшіл ме еді?
Сыныптас ретінде қандай естелік айта аласыздар? /6-7
слайд/
«Мың алғыс саған ұстазым»
әнімен Гүлайна Дәрібайқызы ортада
2-Жүргізуші:
Мектеп бітіріп, 1977 жылы
Гурьев педагогикалық институтының тарих пәнінің мұғалімі мамандығын
таңдапсыз? Неге тарих? Әлде сол пәнді сүйіп оқыдыңыз ба? Бұл
мамандықты таңдауға кім немесе не нәрсе әсер
етті?
Ең алғашқы еңбек жолыңызды
өзіңіз білім алып тәрбиеленген, қасиетті қара шаңырақ Махамбет
атындағы орта мектебінен бастадыңыз. Ең алғашқы жұмыс күніңіз
есіңізде ме?
-
Жүргізуші:
Бүгінгі Светлана Сүндетқызының
«Дара жолына» Қарлығаш Жаңабайқызы келіп отыр. Апаймен біраз жыл
ұстаздық жолда бірге болдыңыз.
2009 жылы аудандық «Жыл
мұғалімі-2009» байқауында апай бас жүлде алғанда және облыстық
байқауға қатынасқанда сіз бірге болдыңыз, сол кездерден қандай
естелік айта аласыз? / 8 слайд/
-
Жүргізуші:
Алғаш рет мектебімізде дебат
пікір – сайыс клубын ұйымдастырып жетекшілік еткен және шәкірттері
аудандық, облыстық пікір сайыстарға қатынасқан ұстаз. Ол Светлана
Сүндетқызы болатын. Бүгін қонақта сол кездегі Дебат клубының
мүшесі, бұл күнде, білім саласында өзіңізбен қатар еңбек етіп
жүрген ізбасарыңыз Меруерт Асқарқызы «Дара жолдың» қонағы болып
отыр. Сөз кезегін Меруерт Асқарқызына берсек. /9
слайд/
1-
жүргізуші:
Тәуелсіздігімізге 10 жыл
толуына орай 2001 жылы аудандық «Атырау – Индер қазынасы» атты
ұлттық этнографиялық байқау ұйымдастырылған екен, сол байқауда
Света Сүндетқызы рәміздер туралы ашық сабақ беріп, мектебімізге бас
жүлдені алуға ат салысқан ұстаз. Сізбен әріптес болған мұғалімдер
еңбегіңіздің өлшеусіз екенін жақсы біледі. «Ұстаздық патшалық
құрудан да қиын» деген бар. Осы орайда сізбен әріптес, қазір де
өзіңізбен үзеңгілес Қоныс Мағзомұлы ортамызда. Ұстаз ретінде Света
апайдың қандай қасиеттері көз алдарыңызда? Ұжым арасында қандай еді
деген сұрақтар қойсақ. Естеліктер келтіре кетсеңіз. /10-11
слайд/
-
-Жүргізуші:
Осы мектепте, ұйымдастырушылық
қабілетіңіз бен тіл таба білетін қасиетіңіздің арқасында жастармен
емін-еркін араласып, қандай да болмасын жауапкершілікті істің
басында болыпсыз . Міне осы еңбектердің өзі мектеп басшылығының
назарынан тыс қалмай, мектеп комсомол ұйымының хатшысы, қызметін
атқарыпсыз. Бүгінгі күні сол Жамбыл атындағы кеңшардың комсомол
ұйымын басқарып, жастармен жұмыс жасаған Қуат Сабырбайұлы
ортамызда. Біз жас болғандықтан, мені бір қызықтырғаны, комсомол
ұйымы дегенді оқушыларға түсіндіре отырып, сол кездер жайлы
естеліктер айта кетсеңіз. /12-13 слайд/
1-Жүргізуші:
2004-2005 оқу жылынан
басталған ҰБТ. Міне, бүгінгі күні 15 жыл тарихы бар ҰБТ –де де
Света Сүндетқызының еңбегі ерекше. Осы жылдардың ішінде 2013 жылғы
түлектердің көбісі яғни 5 оқушы дүниежүзі тарихын таңдаған екен.
Міне, бүгінгі күні сол шәкірттері арамызда. Сөз өздеріңізде
шәкірттер. / 14 -15 слайд/, бейнероликтер
-
Жүргізуші:
«Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді.
Байқап отырған шығарсыз, өзіңізден тәлім алып, шәкірт ретінде
жүрген ізбасарыңыз Манас Берікқалиұлына сөзге тартсақ. Апайдың
қандай ерекше тұстарын өзіңе үлгі тұтар едің және ренжіген тұстары
есіңде бар ма?
1-Жүргізуші:
Ендігі сөзді қазақта абысын
тату болса ас көп деген сөздің мағынасына тереңірек үңілу үшін
сөзді Светлана Сүндетқызының абысыны, әрі ұстаздық жолда бірге келе
жатқан сырласы Күнсұлу апайға берсек. Света апай отбасында қандай
келін және ана?
2
-Жүргізуші:
Жаңағы айтылған сансыз
пікірлер мен лебіздерді тыңдай отырып, сіздің сөзіңіз бен ісіңіздің
арасында алшақтық жоқ екенін байқап
отырмыз.
1
-Жүргізуші:
Светлана Сүндетқызын ортаға шақырып, Сізге
қорытынды ретінде қоятын сұрақтарымыз бар. Соларға қысқа нұсқа
жауап берсеңіз.
-
Сіз үшін өмірдің мәні неде?
-
Ұстаздық
ұстанымыңыз...
-
Қазіргі қоғамдағы қандай мәселе сізді жиі
толғандырады?
-
Мұғалімнің
бойында қандай қасиет басым болу керек?
-
Болашаққа деген
сеніміңіз?
-
Болашақ
жастарға айтар тілегіңіз?
-
Бүгінгі кеш көңіліңізден шықты
ма
2- жүргізуші
Бұл қадірлі
ұстаз, абзал ана, шынайы дос, сырлас
сыныптас Таскарина Светлана Сүндетқызының «Дара жолы» болатын. Әр
адамның өмірде өз жолы бар, оны дара ету әркімнің өз қолында! /16
слайд/
Махамбет атындағы орта мектеп
Ұстаздар мерекесіне арналған