«Физика және музыка» атты
физикалық кеш.
1-ші
жүргізуші:Армысыздар,бүгінгі кешке
жиналған физика мен музыканы сүюші
қауым!
2-ші
жүргізуші:Бүгінгі кеште 9,10,11 кластар
арасынан белсенді деген алты оқушы ортаға шақырылады. «Қос ішектің
бірін бұрап,бірін сәл-сәл кем бұра, Нағыз қазақ,қазақ емес нағыз
қазақ домбыра»-дегендей Құрманғазының күйі «Сарыарқа»
орындалады.
1-ші
жүргізуші:Музыкалық дыбыстар біздің
қасымызда үнемі жүретіні белгілі.Музыкалық күш кез-келген адамның
жүрегін тебірентіп,жан дүниесін толғандыратыны
рас.
2-ші
жүргізуші:Әрине бізді қоршаған ортада
дыбыстар өте көп,бірақ бізді қызықтыратын тек музыкалық
дыбыстар.Дыбыстар бір-бірінен қалай ерекшеленеді?Дыбысты қалай
алуға болады?
1-ші
оқушы:Сөз бергеніңізге рахмет! Біз
неше түрлі дыбыстарды қабылдай аламыз.Ал араның ағаш кескендегі
дыбысы,балғаның қатты ұрғандағы дыбысы әрине,құлаққа жаға
бермейді.Осыдан келіп дыбыстар екі топқа бөлінеді:Музыкалық
дыбыстар мен шу.Мына мысал арқылы түсіндірсем:аттың кісінегені
немесе ормандағы құстардың дыбысы бізге шу болып
естілгенімен,керісінше орманшыға ол белгілі бір
әуен.
1-ші
жүргізуші: Рахмет сізге!Музыкалық
аспаптардан шығатын дыбыстар бір-бірінен қалай ерекшеленеді?Осы
туралы айта кетсеңіздер?
2-ші
оқушы:І-Соққылайтын
аспаптар-бубен,барабан,ксилофон Т.Б.Олар қолмен,таяқпен соғу арқылы
дыбыс шығарады. ІІ-Үрмелі аспаптар-сыбызғы,кларнет,саксафон,сырнай,
саз сырнай т.б.Аспап ішінде ауаның таралуы арқылы пайда болады.
ІІІ-Клавиштік аспаптар-пианино,клавесин, т.б.Бұл жерде саусақпен
ойналады. ІҮ-Ішекті аспаптар-скрипка,гитара,домбыра,қобыз,шаң қобыз
т.б.Бұнда ішектің өзін қозғалту арқылы дыбыс
шығарылады. 2-ші
жүргізуші: Сіздердің тыңдайтындарыңыз
Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы»
күйі.
1-ші
жүргізуші: Енді сіздер дыбыс
мінездемесінің маңыздысы-дыбыс биіктігі туралы тыңдап
көріңіздер! 3-ші
оқушы: Физикада дыбыс биіктігі дыбыс
жиілігімен сипатталады.Ең төменгі музыкалық дыбыстың адамға естілу
жиілігі секундына 16 тербеліс.Ол орган аспабынан шығады.Бұл
қолданылмайды,себебі дыбысты түсіну қиын. Ал,секундына 27
тербеліс-тон,құлаққа анық естіледі,пианино немесе ямахадан естуге
болады.Келесі қызықты тон-секундына 44 тербеліс,ер адам дыбысы-бас
деп аталады.Бұл дауысқа Парижде ән салған Әміре Қашаубаев ағамыздың
дауысы жатады.Секундына 80 тербеліс төменгі бастың нотасы.Музыканың
жоғары тонның эталоны 440 тербеліс жасайды.Ал, секундына 1000-1200
тербелісті қобыз,скрипка,жетіген, рояль шығара алады.Секундына 2018
тербеліспен ән шырқайтын қазақтың белгілі әншісі Бибігүл Төлегенова
апамыздың дауысы жатады.
2-ші
жүргізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше
сүй»,деп Абай атамыз айтқандай әнге кезек берейік. «Желсіз түнде
жарық ай» әнін таспадан тыңдаймыз!
4-ші
оқушы: Қайда,қозғалыс болса,сонда
жарық бар,қайда жарық болса,сонда сәуле бар,қайда сәуле болса,сонда
дыбыс бар.Қозғалыс өте тамаша шеберлікпен,үйлесімділікпен,қатаң
тәртіпті заңға бағынған.Олардан шыққан дыбыстар да бірімен-бірі
әуендесіп,көрнекі үндестікпен адамға естіледі.Адам да әуезге
еліктеп,ән,күй шығарады.Музыка деген сол.Демек,музыканың
табиғи-ғылыми тегі бар ғылым.Ән-күйдің әсерінен адам ерекше сезімге
бөленіп,болмысын өзгерте алады.Атақты Әл-Фараби мен Абай ән-күйдің
тамаша құдіретін сезінген,ерекше мирас қалдырған.Әл-Фарабиге
музыкалық мирас қалдырған гректің атақты ғалымы Пифагор.Жеті нота
жеті қат көкке арналған.
Ай
1:1
Санжар
15:8
Айқыз
9:8
Шолпан
5:4
Шонай
5:3
Күн
4:3
Арай
3:2

7
2
6
3
5
4
Мына суретте Әл-Фарабидің
мақамы берілген.Онда ноталардың белгісі,сандық мәні
көрсетілген. 1-ші
жүргізуші: Әл-Фарабидің «Музыкалық ұлы
кітабы» атты трактаты төрт бөлімнен тұрады: 1) Музыка теориясына
кіріспе; 2) Музыка туралы бастама; 3)Аспаптар; 4)
Композиция. 2-ші
жүргізуші: «Домбыраның қос ішегінде күй
пернелер ойнаған,
Осы менің ақыл ойым бір арнаға
сыймаған»-дегендей Құрманғазының «Адай» күйін
тыңдаңыздар. 6-шы
оқушы: Дыбыстың үшінші
сипаттамасы-тембрі.Дыбыс тоны бірдей болғанмен, тембрі әр түрлі
болады.Қазіргі заманға сай бәріңіздің үйлеріңізде жарықтық музыкасы
бар магнитофон мен центрлер бар.Жарықтылық-музыканың жоғары немесе
төмен екендігіне байланысты болады.1960 ж.Лондонда алғаш
жарықтықмузыка қолданылған.