400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара: Келдің міне, Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп ұстаздарына жаңа жылға сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қош келдің,Жаңа жыл!»

1-жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.

Көргендер де, көрмеген де арманда.

Жаңа жылын құтты болсын, ағайын!

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып арайын.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылын құтты болсын, ағайын!

2-жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті 
ата-аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Ал бүгін балалар қандай мереке?

- Жаңа жыл!!


1-жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Тышқан жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.


1-жүргізуші: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

2 Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!


1 Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Жаңа жыл!» жырын айтайық.


2 Жүргізуші:

Балалар, ортамыздағы әсем не?

  • Шырша!

1 Жүргізуші:

Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп. Ал кім бізге шыршаға арналған өлендерін айтып берер екен?

Оқушылардың өлеңдерін тамашалайық!

Аңсар: Келді тағы жаңа жыл 
Қуантумен біздерді 
Құтты болсын жаңа жыл, 
Құттықтаймыз сіздерді! 

Өлең де әзір, ән әзір, 
Ойын да әзір, бәрі әзір 
Кел Жаңа жыл біздерге, 
Кел Жаңа жыл, жаңа жыл! 
Аспан жерге төгеді, 
Ақ күмісін уыстап. 
Жаңа Жылда келеді, 
Бізге қарай жылыстап. 

Аружан: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр


2 Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы өлеңдер! (шыршаның жанына жақындап келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша» келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады)

Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!

«Жаңа жылдық тілектер

Жаңажылдық тілектер сайысы 
5 қатысушыны ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір жаңажылдық тілек айтуы тиіс. Бес секундтан артық ойланған ойыншы ойыннан шығарылады. Соңына дейін жеткен адам жеңеді.

Клоун: Балалар, жеңілгендер бар, мен оларды көріп тұрдым, кәне өздері шығып айыбын төлесін.Қане, оқушылар қандай өнерлерін бар?

Ән: «Жаңа жыл» Орындайтын: 4-сынып оқушылары

1-жүргізуші:

Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған мешін жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз дейік.
Бәрі: Хош келдің ескі жыл.

Ескі жыл:
Мен ескі жылмын сіздерге молшылық ,бақыт әкелдім. Қарсы алыңдар тышқан жылын.
1 Жүргізуші:
- Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
2 Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
- Ескі жылымыздың құрметіне 4-5,6 сынып оқушыларының орындауында флешмоб биі. Қарсы алыңыздар. 
(Би биленеді) 
1 Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.
Ән: «Досым» Орындайтын: Төлеген Қалқаман

(Ән айтылады)
2 Жүргізуші:
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді Аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.

(Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді?)

Балалар: Аязата, Ақшақар.


1 Жүргізуші: Кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.


Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел!
(Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді)

1 Жүргізуші:
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр

2 жүргізуші Кел,Жаңа Жыл!Төрле-төрле жеріме,

Құт-береке боп келгейсің еліме

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығына бөлегейсің бізді дей отырып Аяз атамен бірге «Қош келдің, Жаңа жыл!» әнін хороводпен салайық


Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл - қыздар, бүн балаларыңа бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.

1 жүргізуші Аяз Ата шаршап келіпті,сәл тынығып алсын.Аяз ата балалардың өнерін тамашалаңыз! 4-сынып оқушыларының орындауында биді қабыл алыңыздар!

2 Жүргізуші:
Сыңғырлашы сырнайым,
Жаңа жылды жырлайын.
Шашбаулы қыз сырғалы,
Ақша қарды тыңдайық.
Ақша қар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен қой жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Тышқан жылына табысты жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
1 Жүргізуші:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
2 Жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Мешін
 жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.
Тышқан жылы:
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
(Ортадан ескі жыл шығады)

Мешін:Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)
Тышқан жылы: 
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар

1 жүргізуші Кәне достар!Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз! Олай болса, Жаңа жылға өлеңдерімен келген оқушыларды қарсы алайық.

Раниль:

Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр!

Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.

Ораз:

Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.

Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен

Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.

Нұрәлі:

Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.

Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.

Бізді байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таң ғажайып қыс болды.


2 жүргізуші Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің балалар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама? Солардың өнерін тамашаласақ

Аяз ата: Ақшақар,сыйлықтар қайда,кәне берші.Мен мына балалардың жарқын жүздеріне,тамаша өнеріне тамсанып отырмын.

Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Балалар: Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады)

Шырша жарқырайды.


Ақшақар: Балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!

Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастаймын, ал, сендер

Аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр....

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге ....

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі ......

Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын- күлкі таралсын

Құтты болсын .....

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Аязата: бәрекелді, үлкен сый кәпитімізден Жаңа жылға да беріп қояйық.

Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!

Оқушылар тақпақтарын айтуға шығады.

Милана: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың он екінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Саят:

Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.


Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

Аружан:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқар тау, қарлы шың.


Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

1 – жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын , жас ұрпақ , 
Келген жылға қарамаңдар тосырқап . 
Үлкенге ізет , кішіге көмек көрсетіп , 
Жақсы істермен көңіліңнің досын тап . 

Әзіл: 5-сынып оқушыларының орындауында әзілдер топтамасын қабыл алыңыздар!
2 – жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын , аталар , 
Сергек ұрпақ өздеріңнен от алар . 
Қара нарлар , көтеріңкі жыл жүгін , 
Соңдарыңнан ере берсін боталар,-
дей келе,ойынға кезек берелік.

Жаңажылдық сайыс. Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.

1 – жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын , аналар , 
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар . 
Сендер барда дүниеге келеді 
Ұлы ақындар , дүр ғалымдар , даналар . 

Ән: «Аппақ қар» Орындайтын: 6-сынып оқушысы Иманғали Милана.
2 – жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын , бауырлар , 
Жарқырай бер , жас қалалар , ауылдар . 
Кемелді елге кереметін табыстап , 
Тереңдерге кетіп жатқан тамырлар . 
1 – жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын , әпкелер , 
Сендерге еріп әрбір үйге бақ келер . 
Сендерге еріп жақсылыққа серік боп, 
Сендерге еріп іні , сің
ілі тапты өнер . 

Ән: «Жаңа жыл келді» Орындайтын: 5,6-сынып оқушылары
2 – жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын , байтақ ел , 
Жүректерге сөзін бүгіп айтар ер . 
Бір – бір жасқа бәрімізді үлкейтіп , 
12 айдан кейін бізге қайта кел . 

Осымен, «Қош келдің,Жаңа жыл!» атты шарамызды аяқтаймыз! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі