400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Ой мен ойын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия, биология, физика, география пәндерін кіріктіре отырып өткізілген "Ой мен ойын" сыныптан тыс шарасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ой мен ойын

Мақсаты: оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ой – өрісін дамыту, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу. Жетекші мектеп пен серіктес мектеп оқушылары арасында достық қарым – қатынас орнату.

Барысы:

  • Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді бүгін мектебімізде көргеніме қуаныштымын! «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі» деп дана халқымыз айтқандай, ел болашағы жас буынды заманына сай жан – жақты, білімді, ойлары ұшқыр жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды. Білімді, коммуникативті, ізденгіш әрі тапқыр жастарды қалыптастыру мақсатында бүгін сіздермен жолығып отырмыз. Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы «Ой мен ойын» деп аталады, яғни қазір біздің ой ұшқырлығымызбен ойын қатар жүретін болады. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқаларын ортаға шақырамын.

  1. __________________________________________________________________________

  2. __________________________________________________________________________

  3. __________________________________________________________________________

  4. __________________________________________________________________________

Тәуелсіз сарапшылар: Темірлан Т, Нурайым Қ, Бибигуль С, Арайлым Н

  • Топқа бөлу: пәнге қатысты сурет қиындылары түрлі фигураларда

Осылайша бізде 4 команда жиналды. Енді топтар сіздерге мынадай алғашқы тапсырма: топпен ақылдасып креативті түрде топтың атын құрастырып, топ мүшелері өздеріңізді бір сөйлеммен ерекше қасиеттеріңізді атай отырып таныстырып шығасыздар.

Сайыс кезеңдері:

  1. 1 – минут (берілген уақыт ішінде сұрақтарға жауап беру)

  2. 5 қадамды сұхбат (көрсетілген тудың суреті арқылы мемлекетті анықтап, ол туралы мәлімет айта отырып, 5 қадам жасайды)

  3. Қызық екен

  4. Тәжірибелер алаңы

  5. Жылдамдық додасы

Сайысымыздың барысы, кезеңдері түсінікті болса, ендеше бастаймыз. Бәріңізге сәттілік!

І. 1 минут

Әрбір топ 1 минут ішінде 15 сұрақ қойылады. Берілген уақытта қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпайға ие болады.

1 – топ:

  1. Әрқашан солтүстікті көрсететін жұлдыз-Темірқазық

  2. Оң зарядталған ион (Катион)

  3. Ағаштың жасын қалай анықтауға болады? (жылдық сақина)

  4. Жердің табиғи серігі (Ай)

  5. Физикада «бірінші ұстаз» атанған ғалым? (Аристотель)

  6. Гемоглобин құрамындағы элемент. ( темір )

  7. Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік? (кактус)

  8. Қазіргі жыл мезгілі (күз)

  9. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы (телескоп)

  10. Зат мөлшері немен өлшенеді (мольмен)

  11. Тамағын бір сағаттан кейін келіп жейтін жәндік? (Өрмекші)

  12. Қай құрлықта өзен жоқ? (Антарктида)

  13. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең кіші бөлшегі (атом)

  14. Периодтық кестеде қанша топ бар? 8

  15. Американы кім ашты? (Х.Колумб)

ІІ топ:

  1. Жазықтар қандай түспен боялады? (жасыл)

  2. Қан беретін адам? (донор)

  3. Авогадро санын кім ашты (Авагадро)

  4. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)

  5. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/

  6. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (иод)

  7. Тек өсімдік жасушасына тән денешік(Пластид)

  8. Кофенің отаны(Африка)

  9. Қай сүтқоректінің ақыл-ой дамуы адамдардың ақыл-ойының дамуына сәйкес келеді?(Дельфин)

  10. Ұрпағын сүтпен асырайтын жануарлар қалай аталады? Сүтқоректілер

  11. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/

  12. Тұзды суда жұмыртқа бата ма? (жоқ)

  13. Адамға ең алғаш болған белгілі металл? (алтын)

  14. Өсімдіктерге жасыл түр беретін пластид (хлоропласт)

  15. Ең ылғал материк (Оңт.Америка)

ІІІ – топ:

  1. Ең көп таралған дін? (христиан)

  2. Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым?(Зоология)

  3. Қай элементтің жетіспеуінен тіс ауруына ұшырайды? (F)

  4. Температураны өлшейтін құрал (Термометр)

  5. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)

  6. Жасушаны ашқан ғалым?(Роберт Гук)

  7. Қай мемлекет түгел бір құрлықты алып жатыр ?( Аустралия)

  8. Еурапа елдері неше аймаққа бөлінеді? (4)

  9. Зәр шығару мүшесі – бүйрек

  10. Оттектің атомдық массасы нешеге тең? (16)

  11. Ток күшінің өлшем бірлігі (Ампер)

  12. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (атмосфера)

  13. Атмосферада оттек неше пайыз?(21 процент)

  14. Өсімдіктерге қызыл-сары түс беретін пластид (хромопласт)

  15. Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (панама)

ІҮ – топ:

  1. Динамометр нені өлшейтін құрал? (күшті)

  2. Жер қабатында ең көп тараған зат (Н2О)

  3. Пластидтің қандай түрлері бар (Хлоропласт, хромопласт,лейкопласт)

  4. Ең ыстық материк ?(Африка)

  5. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/

  6. Периодтық кестеде қанша период бар? 7

  7. Құрсақ қуысында орналасқан асқорыту жолының кеңейген жері қалай аталады?  Асқазан

  8. Германияның ақша бірлігі (еуро)

  9. Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатырған материк? (еуразия)

  10. Мыстың латынша атауы?(купрум)

  11. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/

  12. Ең алып құс (түйеқұс)

  13. Жасушаның көбеюге қатысатын бөлігі (ядро)

  14. Жердің жұқа қабаты (жер қыртысы)

  15. Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар? (Әкелі- балалы Янсендер)

ІІ. «5 қадамды сұхбат»

Бұл кезеңде әр топ алдымен нөмірленген конверттерді таңдайды. Конверттер артында бір елдің мемлекеттік туы бейнеленген. Оқушылар тудың қай мемлекеттікі екенін анықтай отырып, сол елге қатысты мәліметтерді келтіріп 5 қадам жасайды. Әр қадам 1 ұпаймен бағаланады. 1 – Франция, 2 -

Shape2 Shape1

2

1







Shape4 Shape3

4

3



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
113
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі