400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Қазақ халқының Құлагері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шара "Қазақ халқының Құлагері" І.Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№ 1 Белоусовка орта мектебі» КММ

Shape1 Shape3 Shape2

Picture 3

Қазақ поэзиясының «Құлагері» ауызша журналының сценарийі. (Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына арналады).




Мұғалімі: Каканова М.К.

Қатысушылар: 5 «А», «Б», «В», «Г» (орыс сыныптары),

6 «А» (қазақ сыныбы).











Shape4

Қазақ поэзиясының «Құлагері» ауызша журналының сценарийі.

(Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына арналады).


Мақсаты: Оқушыларға қазақ поэзиясының «Құлагері» атанған Ілияс Жансүгіров туралы қосымша мәлімет беру арқылы білімдерін тереңдету. Оқушылардың әдебиетке ,соның ішінде, поэзия мен прозаға деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыру.


Шараның түрі: ауызша журнал.


Көрнекіліктер:слайдтар, ақынның өлеңдер жинақтары, кітаптары, видеотаспалар.


1-жүргізуші. (Төлегенов Ернұр) –Армысыздар, ардақты ұстаздар!

2-жүргізуші.(Қырықбаева Мөлдір)- Қайырлы күн, оқушылар!

1-жүргізуші. (Төлегенов Ернұр) -Сіздердің назарларыңызға қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі –Слямова Бейбітгүл Рузабековна мәнерлеп оқуындағы «Ағынды менің Ақсуым» өлеңін ұсынамыз.

2-жүргізуші.(Қырықбаева Мөлдір) - Сіздер тыңдаған тамаша өлеңнің авторы Ілияс Жансүгіров.

1-жүргізуші. (Төлегенов Ернұр) –Яғни, бүгінгі өтетін ауызша журналымыз «Қазақ поэзиясының «Құлагері» Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына аранлады.


1-парақ. «Өзім туралы». Насихат тобы. ( 5 «А» сынып оқушылары).


- Алмасханов Дидар. Әйгілі ақын, драматург, сөз сазгері Ілияс Жансүгіров әйгілі ақын, драматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 5 мамырда қазіргі Алматы облысы , Ақсу ауданы бұрынғы Қапал уезінде дүниеге келген.

-Бауыржанов Нұрасыл. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қараш ауылында бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді.


-Әмірғалиева Зарина. Жәнібек, Азат, Саят, Болат есімді ұлдары және Үміт, Ильфа есімді қыздары болған.

--Құмарбеков Ернат. 1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.

-Құмарғазы Арман. 1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп;1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров орн кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды.


-Нұрланова Дана. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.


-Тоқтаубеков Қайсар. 1937жылы жалған саяси айыппен тұтқындалалып, 1938 жылы 26 ақпанда 43 жасында ату жазасына кесілген.

2-парақ. «Ал, жұртым, керегіңе тұрса сөзім» «Құлагер» поэмасынан.

2-жүргізуші. (Төлегенов Ернұр) -Журналымыздың келесі бетін ақынымыздың поэзиясына арнаймыз. Сөз кезегі 5-сынып оқушыларына беріледі.

5 «Б» сынып оқушылары мәнерлеп оқиды.

5 «В» сынып оқушылары мәнерлеп оқиды.

5 «Г» сынып оқушылары мәнерлеп оқиды.


3-парақ. «Әнім менің».

1-жүргізуші. Келесі парағымыз Ілияс Жансүгіровтың сөзіне жазылған әніне арналады «Домбыра» әні.


4-парақ. «Менің сөзіме құлақ түр». Көрініс. «Құлагер» поэмасынан. (6 «А» сынып оқушылары).

5-парақ. «Айтылған естеліктер мен туралы». Оқушылардың ой-пікірлері. Видео.

-Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.


-Тоқсеитова Аяулымның пікірі. 6 «А» сынып.«Менің ойымша, Ілияс Жансүгіров өте батыл ,жан-жақты адам адам болған. Ол әдебиеттің барлық жанрында жазған. Мұғалім ғана емес, басқа да мамандықтың иегері болған. Өзінің отбасын өте жақсы білген, Отанына адал, патриот адам болған. Аударма жұмысына көңіл бөлген».


-Бауыржанов Ілиястың пікірі. 6 «А» сынып. Ілияс Жансүгіров қазір тірі болса ол әлі өте көп өлеңдер жазушы еді. Ол танымал ақын болған. Ілияс Жансүгіровтің ең танымал туындысы «Құлагер» болған. Оның жеті баласы болған.Ілияс Жансүгіровтың қолынан ешқашан ақ бетпен, қалам түспеген»


-Жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбайдың Ілияс Жансүгіров туралы ой-пікірі туралы видеотаспа ұсынамыз.


5-парақ. «Менің туындыларым». Кітаптар көрмесі.

1-жүргізуші. -Сөз кезегі мектеп кітапханашысы Махаева Надежда Ильиничнаға беріледі.



2-жүргізуші. (Төлегенов Ернұр)— Ілияс Жансүгіров халықты қалай сүйсе, халық та оны солай сүйеді. Ал, халық сүйген тұлға мәңгі жасай бермек!

1-жүргізуші. .(Қырықбаева Мөлдір) — Жылдар өтер...әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Ілиястың Жансүгіров есімі қашанда биіктен көрінер. Ілиястың поэзиясы да, прозасы әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек.

2-жүргізуші(Төлегенов Ернұр) — Иә, сөз өнері өлмейді. Ендеше оны жазған Қазақ поэзиясының «Құлагері» да өлмейді.

1-жүргізуші .(Қырықбаева Мөлдір) — Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.04.2019
537
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі