400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Қазақ поэзиясының Хантəңірі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бұрын соңды еш сайтта жарияланбаған авторлық туынды.Қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген сыныптан тыс шара.Барлық поэзия жанашырлары мен қазақ тілі,əдебиеті пəнінің мұғалімдеріне көмекші щұрал болып табылады.Ақын өмірі;шығармашылығы,оның ішінде өлеңдері,монологы,əндері бар,отбасы туралы мəліметтер де қамтылған.Ақынның өз сөзімен жазылған бейнематериалдар да қолданылады.Тіпті өлер шағындағы ауыр халі де бұл матеииалдан тыс қалмайды.Жалпы осы шара арқылы ақынның бар өмірі көз алдыңнан жүріп өтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баекина Аяжан Елеусізқызы

Изтлеуова Айгуль Аккалиевна

Ақтөбе қаласы

№23 орта мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімдері

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

(Ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 86 жыл)


Жүргізушілер: Баекина Аяжан, Изтлеуова Айгүл

Аяжан: Қайырлы күн, сөз өнерін құрметтеуші жыр сүйер қауым!

Айгүл: Армысыздар, Алаштың ардақты ұрпақтары, айбынды жастар!

Аяжан: Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,- деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл, 86 жасқа толар еді. Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауына сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.

Айгүл: Иә, Мұқағали – ғажайып тұлға, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол – бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Бүгінгі ақын атамыздың туған күні – үлкен ауқымы кең мереке, баға жетпес қуаныш, ол біздің мойынымыздағы міндет, бір үлкен парыз.

Аяжан: Олай болса, құрметті көрермендер, бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Айгүл: Ғажайып ақынның азан шақырып толық аты – Мұхамедқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады» деп әрі еркелетіп, әрі қысқартып Мұқағали деп атап кеткен. Шешесі Нағима апаның айтып өткені бойынша 1931 жылы 13 наурызда Алматы облысы, Нарынқол, қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында туған.

Аяжан: Ақын ағамыздың біздің білуіміздегі туған күні 9 ақпан куәлікте қате жазылған екен. Ал ақиық ақынның әкесі еліміз, жеріміз үшін 1941 ж. соғыста ерлікпен қаза табады. Бұл уақытта ақын ағамыз небәрі 10 жаста еді. Өмірдің ауыртпашылық ащы кезеңдері осы уақыттан бастау алады.

Айгүл: Ал, Аяжан, құрметті көпшілік, сыршыл ақын М.Мақатаевтың өлең әлеміне қалай келгенін білесіздер ме?

Аяжан: Иә, қалай келіпті?

Айгүл: Қызу қарқын, көңіл шат,

Шығады жарқын дауыстар.

Ұштасқан қимыл қат-қабат,

Еселенген екпін бар.

Бұлшық етті білектер,

Еңбек сүйгіш жүректер.

Жойқын күш үдей түседі,

Шыққан сайын ащы тер.

Аяжан: Шабыттанып мен тұрмын,

Ерекеңнің қасында...

Өмірге осы келтірдім,

Жырымды Қырман басында!

Айгүл: Әрине, ең алғаш дүние есігін ашқан бала Мұқағалидың 1949 жылы «Советтік шекара» газетіне тұңғыш жариялаған туындысы «Қырман басында». Мұнымен қоса осы жылдың қазан айының 24-і күні «Қойшы бала Әкітай" өлеңі де жария болған екен.

Аяжан: Ал, ендеше, көпшілік қауым, сіздерге Мұқағали ағамызбен жақын танысуға жағдай жасайық!

(бейнеролик көрсетіледі)

Айгүл: 1949 жылы жас Мұқағали көрші Шибұт ауылының әкімшілігіне қызметке орналасуға келеді. Сондағы түйіндеме тапсыру сәтіндегі көрініске назар салайық!

  1. «Менің анкетам». (рөлдерде Мұқағали-Жандос, хатшы қыз-Аружан)

Айгүл: «Әркімнің туған жері – Мысыр шәрі» демекші ақын ағамызға туып-өскен жері шығармашылығына ерекше шабыт беріп, табиғат құбылыстары өлеңінде бедерленді.

  1. Мұқағалидың сөзіне жазылған Н.Тілендиевтің әні «Саржайлау» (Арыстан орындайды)

Аяжан: М. Мақатаевтың шығармашылық мұрасы алғаш қалам тартқан күнінен қалыптаса бастады десек, артық айтқандық емес. Жас Мұқағалидың жанарына іліккен тау-тас пен өзен-су, аспан мен жер, ағайын-туыс пен дос-жаран, бәрі-бәрі бабалар салған өрнектей өлең болып өріліп жатты.

Т. Молдағалиев «Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт жоқ екеніне мен шүбә келтірмеймін. Ол өлең боп өмір сүрді де, өлең боп жатып үзіліп кетті» - депті. Яғни ақын поэзияны өміріне егіз еткен.

Айгүл: Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Мен сені сезесің бе, неге іздедім,

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Аяжан: Ақын жырлары шын шабыттан туған жырлар. Сырын жырына, жырын сырына егіз еткен ақын шабыттанудан, поэзияны іздеуден бір сәт жалыққан емес.

Айгүл: Сахна төрінде Мұқағалидай ақын туындыларын жанына жалау еткен талапты жас өренді өз монологымен шақырсақ.

  1. Карина шығармашылық өлеңімен

Айгүл: Муза! Поэзия әлеміндегі осы сөзді жырына тірек, жанына медет еткен бірден-бір ақын Мұқағали Мақатаев.

О, муза!--һө Тағдырыма иемісің?

Күрсініп көкірегім, күйеді ішім.

Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ,

Сен мені жаралғансың сүйеу үшін, - деп жырлап өткен ақын «Поэзияға» жыр арнап, оның табиғатына терең үңілген, қазақ өлеңінің шырқау биігін бағындырған.

Аяжан: 43 жасында ақын өз күнделігінде: «Ей, безілдектер! Сендер емессіңдер маған баға беретін. Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де. Мен өзім жайында мынаны айтам: «Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да» деп жазған екен.

Айгүл: Содан бері міне, 37 жыл өтіпті. Жаңа ғасыр – ХХІ ғасыр торабындамыз. Ақынның айтқаны аумай келді. Оның өміршең өлеңдерін ХХІ ғасырдың ұрпағы құрдасындай қабылдады. Ақын өлеңдері қазіргі таңда ҚР-ның эстрадасында көп орындалады. Бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы М.М. өлеңдеріне ән жазып жүрген Жаңақорғандық сазгер Сауран ағамызды ортаға шақырып әндерінен сусындап бір серпіліп алайық.

Аяжан: Ертеректе «Мұқағалидың таңдамалы өлеңдерін шығарсақ деп едік» деген баспа деректеріне А.Сүлейменов ағамыз: «Мұқаңда таңдамалы емес өлеңдер бар ма?» - деп таңдана сұрақ қойғанындай М.Мақатаевтың әрбір туындысы жанымызға, рухымызға азық боларлықтай! Сол өлеңдерінің Біріне құлақ түрсек...

  1. Аида «Жырласам ба екен»

Айгүл: М.Мақатаев қазақтың қара өлеңінің құдңретін ерекше бағалаған, оған бас иген. «Поэзия» әлеміне енген соң, оған бей-жай қараушылық «өлең» атты ұлы ұғымның қасиетіне нұқсан келтірушілік деп айтады. Міне, ұлы ақынымыз өлеңге, өнерге осылай баға берген.т

  1. «Сенің көзің» (Самғат, Нұржан, Айдархан)

Аяжан: Аға!

Саған білмеймін не айтарымды,

Қай қызыңнан білмеймін байқарыңды.

Көңілдегі ой көңілге кептелді де,

Түрмесіне кеудемнің қайқарылды.

Қайтерімді білмеймін, не айтарымды..

Айгүл: Кеңес дәуірінде Мұқағали шығармалары бағаланбады, керісінше қысым көрсетілді, ақын үшін бұл ауыр соққы болды. Ел басындағы ағалар теріс қарап, ақынға есіктерін жапты. М.Мақатаевты партиядан шығару туралы сондай бір жиналыста ұлы, даңқты батыр Б.Момышұлы ағамыз «М.Мақатаев партиядан шығарылмасын, осындай бір тентек арамызда жүре берсін» деп жәрдем еткен екен.

Аяжан: Ақын жүрегі сезімтал. Кей-кейде өмірден безініп, ол өзіне сүйеніш-тірек болар адамды іздейді. Кез-келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Ақынды ақын жұбатады. Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны табады.

  1. Шығармашылық көрініс «Мұқағали мен Фариза» (рөлдерде: Мұқағали-Бекжан, Фариза-Асель)

Айгүл: Иә, бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М.Мақатаев бізге ұлан-ғайыр мұраны қалдырып кетті. Сол әндері, сол туындылары қазақтың көңілінде сайрап жатады. Мұқағали туындыларының бір бөлігі сәбилікті, балалықты, пәктікті аңсатады. Аяжан, осы сенің сәби болғың келеді ме?

Аяжан: Иә, сәби болғанға не жетсін, шіркін?! Сәби шаққа сапар шегіп қайтайық, ендеше..

  1. «Сәби болғым келеді» әні (орындаушы музыка пәні мұғалімі Абзал ағай)

Аяжан: Халқының жүрегін сұлу өлеңі мен қиялына қанат бітірген ерекше жырымен әр өлеңінің түбіне үңілгенді сиқырлап, өз әлеміне тартатын әсем әуезімен сырласындай болып кеткен тұңғиық сырымен жаулап алған, ХХ ғасырдың жыр жауһары атанған М.Мақатаев өмір жолында осындай сезім жайындағы жауһарлардың туындауына себеп болған сүйгенімен 1949 жылы Шибұт деген көрші ауылдық кеңестің хатшысы болып қызмет атқарғанда, сол ауылда мұғалім бойжеткен қыз Лашын да үгіт-насихат, ойын-сауық жұмыстарында Мұқағалиға сенімді серік болады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасында Мұқағали-Қозы, Лашын-Баян рөлін ойнап жүріп, бірін-бірі ұнатып сезім оты тұтанады. Сол жылдың, яғни 1949 жылдың көктемінде екеуі үйленеді.

Айгүл: Сүлейменұлы Мұқағали Мақатаевтың Тоқтарбай, Көрпеш деген екі інісі бар. Жұлдыз, Айбар атты екі ұл, Ләззат, Майгүл, Алма, Шолпан деген 4 қызы бар. Бүгінде Жаратқанға мың шүкір, немере-жиендері өсіп келеді. Мұқағалидың шығармашылығына бұл жақындары да арқау болған.

  1. «Сен менің жанарымның ішіндесің» (оқитын Нұрбек)

Аяжан: «Енді бір жиырма жыл» өлеңін Мұқағали 1972 жылы 27 ақпан күні жазыпты. Онда денсаулығын түземекші болған дәрігерлерден 20 жыл өмір сұрай келіп:

Он да жетер, қимаса жиырмасын,

Асықтырсын өмірім қияндасын.

Сексен жасап сегіз сөз қалдырмаған,

Әлдекімнің тағдыры бұйырмасын, - дейді. Осындай ауырып жүрген ақынның халінен көрініс:

  1. «Мұқағали оқулары» облыстық байқауының жеңімпазы Әмірхан

Айгүл: Амал қанша, тағдыры 20 жыл түгіл сол ең болмаса деп сұраған 10 жылды да қимады ғой. Осы бір «Енді бір жиырма жыл» атты өлеңнен 4 жылдан соң қайтыс болды. Еншісіне тиген әлгі 4 жылда жиі-жиі ауруханаға түсіп қарала жүріп, өндірте өлең жазумен болды. «Күніне 3 өлең, қалайда 3 өлең» деп өзіне – өзі қатал шарт қойды. Енді ақынның ауруханада дәрігерге айтқан ойлы туындысынан көрініс берсек.

  1. «Жоқ, дәрігер» (рөлдерде: Айда, Аружан, Жанерке, Ағзам)

  2. «Күрең күз» әні (Аяулым)

Аяжан: Бүгінгі жастар әрбір қаламгерді, әрбір ақын-жазушыларды қадір тұтып құрметтейді. Бүгінгі кешімізге өз әнін шашу етпекші болған Алмасты ортаға шақырайық.

  1. «Ақынға тарту» (Алмастың өз әні)

  2. Жас бүлдіршіндер ақын өлеңдерінен үзінді оқиды

Айгүл: Болашақ бүгіннен басталады, яғни бүгінгі жастар – ертеңгі зиялы азаматтар. Қоғам қай кезде біліктілік пен білімділікті, парасаттылық пен ақылдылықты талап етеді. Сол талаптарға сай болу үшін жастар білім ізіне түсіп, мол еңбек етіп шыңдалып, өздерін танытуға тырысу үстінде. Белсенді отаншыл жастар, міне, оқырмандарымыздың арасында. Осы орайда кішігірім бой сергітіп, өлең жарысын ұйымдастырсақ.

  1. Оқырмандармен өлең жарысы (Ақын өлеңдерінің алғашқы екі жолы оқылады немесе әндерінің басы басталып айтылады, оқырман жалғастыру керек).

Аяжан: «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» Мұқағали жайында толық ақпарат бере алсақ – біздің мақсатымыздың орындалғаны.

Айгүл: Қымбатты, шығармашылыққа жаны құмар тыңдарман, қадірлі кеш қонақтары!

Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдесін.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, - деп ақын ағамыз өзі айтқандай М.Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес.

Аяжан: Поэзия махаббатпен басталып, парасаттылықпен аяқталуы тиіс. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

  1. «Есіңе мені алғайсың» (Гүлдана мен Аслан)


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
752
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі