Сыныптан тыс "Тәуелсіз-ел ұландары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс "Тәуелсіз-ел ұландары"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіз ел ұландары» сайысының сценарийі

Фанфар ойнатылады. жүргізуші: Мен қазақпын,ұланымын елімнің, Мен қазақпын,тірегімін жерімнің Ұланымын туын көкке көтерген, Ертеңімін Егеменді елімнің.

Тұран дала,кең жазира тұрағы, Ынтымақ пен бірлік болған ұраны. Рухы асқақ аманбысың,ағайын, Құдіреті қас сақтардың ұланы. Армысыздар! Тәуелсіз елдің ұландары! Қайырлы күн құрметті көрермендер,оқушылар! Сіздерді 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймыз!Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған 5-9 сынып ер балалар арасындағы «Тәуелсіз ел ұландары» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Әнұран орындалады жүргізуші: Құрметті көрермендер Ұландарымыздың күш-жігерін,сегіз қырлы бір сырлылығын анықтау үшін біз оларды сынап көрмекшіміз.Бүгінгі сайысымыздың куәгері өздеріңіз және әділ бағасын беріп төрелігін айтатын қазылар алқасы. жүргізуші: Ендеше,бүгінгі байқауда төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. 1. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Жұмағалиева Ұлмекен Ниязқызы 2.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Нәбиев Талғат Есенжолұлы 3.Күрес бапкері:Қабдыжалел Нұрлан Беркінұлы жүргізуші: Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. 1.Таныстыру кезеңі(топ аты,ұраны,әні) 2. Флешмоб 3.Спорттық жаттығу 4. Күш атасын танымас 5. «Ердің асылы күшімен біленеді» қазақша күрес Ортаға қатысушы топтарды шақырамыз.(Топтар шығады) жүргізуші: Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың 1-ші кезеңі топтардың
«Таныстыру» кезегіне берсек. Топтар өздерін таныстырып шығады. жүргізуші: Асқақтаған ән дайын, Күмбірлеген күй дайын. Ал,қанеки, қырандар Босқа қарап тұрмаңдар Бастап жігіт өнерін Биіктерге самғаңдар - 2-ші сайыс «Флешмоб» би өнеріне берейік. жүргізуші: Жігіттің көркі өнері,
Талап – кісі мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы-дей келе сайысымыздың спорттық жаттығу кезеңін тамашалайық.
жүргізуші: Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың келесі шарты «Күш атасын танымас» деп аталады.
жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! Таныстық, өнер көрсеттік, биледік.«Ердің асылы күшімен біленеді» дегендей, келесі соңғы сайыс күш сынасу болмақ. Қазақша күрес өнерін көрсетеді. Ал енді біздің бүгінгі ұлдарымыздың ел қорғауға қаншалықты әзір екенін көрелік.(Бір-бірімен күресу шенберден шықпай.)

жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер, Көрсетті өнерлерін сайыскерлер, Осымен «Тәуелсіз ел ұландары» сайысы аяқталсын, Қазылар берсін енді шың бағасын! жүргізуші: Бағына бақытты елдің туған ұлан, Бойына бар асылды жиған ұлан. Қазақтың қасиетті жігіттері, Жанына нұр дарыған,жыр дарыған Міне осындай егеменді еліміз Кең жазира ұлан байтақ жеріміз, Туған елін,туған жерін сүйетін. Біз қазақтың ұланымыз,еріміз -дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Тәуелсіз ел ұландары» спорттық сайысқа қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
253
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі