Материалдар / сыныптың хаттамасы

сыныптың хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптың хаттамасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2024
85
0 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


№ 3 хаттама



2024 жылы 27 наурыз «Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ мектеп-лицей» КММ

9 «а» сыныбында

ата-аналар жиналысы болып өтті





Қатысты: 15

Қатыспады -9



Күн тәртібінде


  1. ІІІ тоқсан қорытындысы.

  2. Дөңгелек үстел: Бала тәрбиесіндегі ата ана рөлі

  3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.

  4. Әртүрлі мәселелер.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша оқушылардың ІІІ тоқсан бойынша

қорытындысымен ата-аналарды таныстырып өтті. Сыныпта 25 оқушы бар, олардың 12 қыз бала, 13 ұл бала. ІІІ тоқсанның қорытындысын айтып өтті. ІІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім деңгейі айтылды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша ата –аналармен «Мен және менің балам» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру.  Дөңгелек үстелге ата-аналар белсене

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп су, от қауіпсіздік ережелерімен ата - аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата - аналарға үгіт - насихат жұмыстар жүргізіп, қолхат алынды.
Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша әр түрлі мәселелер қозғалды. Ата-

аналарға оқушылардың мектеп формасын, тазалығын, сабағын, мектепке келіп-кетуін қадағалау туралы айтылды.

Сөз сөйлегендер:

Ата-ана :

апайдың өткізген дөңгелек үстелі өте қызықты өтті. Дөңгелек үстел жақсы деңгейде өтті. Қызықты тренингтер ұйымдастырылып, баламызды сипап сезу арқылы танып, сурет салып көңіліміз бір көтеріліп қалды. Осындай дөңгелек

үстелдер жиі өткізіліп тұрса деген тілек білдіреміз. Сонымен қатар қызым

Айымның сабағын үйдегі уақытта қадағалап отырамын.

Ата-ана Айгуль

Дөңгелек үстел мағанда ұнады. Енді алдағы уақытта баламмен папасы ретінде емес, досы ретінде қарым-қатынас жасауға тырысамын. Ұлым

математикадан есеп шығаруда көп қателіктер жіберетінін білемін. Қосымшаға беріпте жүрміз.



Жиналыс қаулы етеді:
1. ІV тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.
2. Қауіпсіздік ережелерін ата - аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.





Сынып жетекшісі: Абдуллаева Д















































№ 4 хаттама



2024 жылы 16 мамырда «Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ мектеп-лицей» КММ

9 «а» сыныбында

ата-аналар жиналысы болып өтті



Қатысты: 18

Қатыспады :6



Күн тәртібінде



  1. «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы» (баяндама)

  2. ІV тоқсан қорытындысы, балалар оқу үлгерімі туралы.

  3. Балалар тәрбиесі, үлгерімі, жазғы демалыс туралы



Бірінші мәселе бойынша «Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері» негіздері туралы баяндама жасадым. Баяндамада ата-аналарды отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерімен таныстырдым.

Екінші мәселе бойынша ата-аналарға балаларының оқу үлгерімі туралы айтылды. 9 «а» сыныбының үлгерім сапасы 100 %, білім сапасы 44 % құрайды. Сыныпта 4 үздік оқушы, 7 екпінді оқушы, 14 орта оқушы жылды аяқтады.

Әр түрлі мәселелер бойынша әрбір сынып жетекші өз сыныбындағы оқушылардың тәртібі мен оқу үлгерімі жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар жазғы демалыс туралы айтылды. Жазғы демалыс кезінде оқушының қауіпсіздігі туралы ата – аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жаднамамен таныстырды.

Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі үшін ата-анасы жауапты! Ата-аналармен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керек. Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар; балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер; маңызды ережелерді түсіндіріп, бос уақыты мәселесін шешіңіз.
Есте сақтаңыз! Қараңғы түскен уақыт пен түнде (22.00-ден 06.00-ге дейін) балалар мен жасөспірімдерге үлкендерсіз көшеде жүруге заңды түрде тыйым салынады. Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп отырыңыз, барған орнын бақылаңыз; бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз. Балаңызға егер біреу оған қиянат жасағысы келсе, әрқашан кімге болса да «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз; қандай жағдай болмасын танымайтын адамдардың көлігіне отыруға болмайтынын түсіндіріңіз; не болса да, балаңызға қандай жағдай болмасын оның болған уақиға туралы сіздің білуіңіз қажет екенін айтып, оған ашуланбайтыныңызды, оның жағында болатыныңыз туралы сендіріңіз. Құпияда ұстауға уәде берсеңіз де, кейбір фактілерді құпияда ешқашан сақтауға болмайтынын түсіндіріңіз.Өзнегі, көлге бару баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады. Балаңыз суда болған уақытта одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алданбаңыз- сол сәттегі минут қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін, балаларға жалғыз суда шомылуға, сонымен қоса білмейтін жерде сүңгуге болмайтынын міндетті түрде түсіндіріңіз,

Жол-көлік уақиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін, балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; балалармен ойын және спорт алаңында, жорыққа шыққанда абайлаңыз және қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз; велосипедте, квадроциклда, мопедте, мотоциклда балармен жүру ережені жаттаңыз. Есте сақтаңыз! 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль мен соған тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға скутерді (мопедті, квадроциклді) жүргізуге қатаң түрде тыйым салынады.

Отпен мұқият болыңыздар. Отпен мұқият болмағандықтан әртүрлі өрт жағдайлары орын алады, Балаңыздың отпен сотқарлығы; сөндірілмеген көмірлер, темекі қалдықтары, сіріңкелер, шөптерді өртеу, қысқа мерзімге тұйықталу, электротехникалық құрылғыларды қосуда т.б жағдайлардан абай болуы керек екенін ескертіңіз!

Балалар табиғаттан бейқам және сенгіш екенін есте сақтаңыз. Балаларда алаңғасарлық болатына назар аударыңыз. Сондықтан, өзін ұстаудың оңай ережелерін балардың есіне жиі салуыңыз, олардың есте сақтап және оны қолдануына мүмкіндік береді. Сіз оны үнемі естеріне салып отыруға міндеттісіз.
Есте сақтаңыз ! Бала ата-аналары – сіздерден үлгі алады! Сіздің үлгіңіз баланы көше мен үйде тәртіпті болуына үйретсін. Қайғылы оқиғалардан балаларды сақтау үшін, барлық мүмкіншіліктерді жасауға тырысыңыз!

Таныстырып болған соң жадынамаға ата – аналар қол қойылды. Оқушылар жазғы демалыстарын үйде, Шымкентте және басқа қалаларда өткізетіні анықталды.



Қаулысы:

  1. Баяндама қанағатты деп табылды.

  2. Келесі жылы оқушылар жаңа оқу жылына деген дайындығын нығайту, жазғы демалыста көлге, өзенге шомылуға бармайтыны туралы айтылды.

  3. Оқушылар мен ата-аналар арасында байланыс нығайтуға тырысамын.



Сынып жетекшісі: Абдуллаева Д

































2024 жылы 16 мамырда өтілген ата – аналар жиналысына

анықтама



9 «а» сыныбында 25 оқушы бар. Олардан 16 ата – ана жиналысқа қатысты. 9 ата – ана белгілі себептермен жиналысқа қатыса алмады. Жиналыста оқушылардың білімдерін, үздіктер мен екпінділерді, орта оқушыларды атап көрсетті. Жазғы демалыс кезінде оқушының қауіпсіздігі үшін ата – аналардан жаднамаға қол қойдырып алынды. Келмеген ата – аналардың үйіне барып қол қойдыруға сынып жетекші ретінде өзіме жүктедім. Жазғы уақытта оқушылардың біразы Шымкент қаласына, демалыс үйлеріне және ауылдарға баратыны белгілі болды.

Ендігі оқу жылы сыныптың білім сапасын көтеру мақсатында ата – аналарға оқушыларды жаз бойы қосымшаларға жіберіп, білімін жетілдіру ретінде ұсыныс айтылды.

Сынып жетекшісі: Абдуллаева Д





Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!