Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Шынықсаң - шымыр боласың"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шынықсаң шымыр боласың

Жас ұрпақты жан – жақты дамыған,ой – өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тəрбие жүйесінде дене тəрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нəтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, тəрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу педагогтардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейіңгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала ағзасының қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру осы кездегі ең басты міндет болып табылады. Міндеттердің маңыздылығы мынада: ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз əсеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйектің, буынның дұрыс əрі өз мерзімінде жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал ету қажет. Балалардың қозғалысын жетілдіру, қимыл дағдыларын жəне дененің икемділігін, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға, тұрмыста жəне дене тəрбиесі оқу іс-əрекетінде қажетті жəне қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға басты назар аударылады.

Баланы шынықтыру қолайлы физиологиялық жəне психикалық жағдайда ғана жүргізіледі. Тəрбиешінің жетекшілігімен ауада жəне суда шынықтыру шаралары жүргізіледі.

Шынықтырудың негізгі принципі – оны баланың сау кезінде бастау, шынықтыру əсерін біртіндеп ұлғайту, оларды жүйелі түрде жəне бірінен кейін бірін жасау. Баланың жасы, жеке ерекшеліктері ескеріледі.

Сауықтыру – шынықтыру шараларын дұрыс ұйымдастыру, балалардың денсаулығын жақсартып, жүйке жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, икемді, жігерлі, сымбатты болып өсуіне зор ықпал етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев айтқандай: “Тəуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ, дені сау, жан-жақты дамыған салауатты ұрпақ”.

Шынықтырудың бір түрі – құйыну əдісі (жылы, салқын су құю). Жылу су мен салқын суды алмастыру үшін ең алдымен су температурасын белгілеп алу керек: ыстық су +37*С болуы керек, салқын су температурасы +25*С болуы тиіс, осы температуралар 2 күн сайын 1 температураға төмендеп отырады, ал жылы суды жоғарылатып +40*С жеткізу, салқын су +18*С төмендегенде, осы температуралар айдын аяғына дейін сақталады. Шынықтыру жүргізу уақыты 2 минуттан 5 минутқа дейін, серуеннен кейін өткізіледі, сағат 11.00 – 11.30 – дейін жүргізіледі. Шынықтыруды күнделікті жүйелі өткізу арқылы баланың денесі шынығады, түрлі аурудын алдын алады.

Жаз мезгілінде балалар бассейнде шомылады. Суда жүзу баланың дене құрылысының жетіліуін, шынығуын және әрдайым денсаулығының жақсаруын қалыптастырады.  Суда шомылу, жүзу, су  ішіндегі ойындар — жаттығулардың ең бір пайдалы түрі болып есептеледі. Бұл жаттығулар – балалардың денсаулығының шыңдалуына және жүйке тамырының нығаюына көп көмегін тигізеді.Суда шомылудың қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Шомылу үшін арнайы киім киіп алу керек. Бассейнде шашты жинап, резеңке бас киіммен жүзу керек. Бассейнге тек арнайы баспалдақ арқылы түсу, суға түскенде балаларды көзден таса қылмау керек. Балаларды өте ұзақ шомылдырмай, оларды шаршауға жəне тоңып қалтырауға дейін жеткізбеу қажет. Бассейнге жалаң аяқ келуге болмайды. Резеңке аяқ-киім байқаусызда еденге сырғанап, құлаудан қорғайды. Оны үнемі тазалап, кигізу керек. Аяқ-киімді бассейннің кез-келген жеріне лақтыра салмай, белгілі бір суға түсетін тұсқа шешіп кетуін қадағалау. Дұрыс жүргізілген шынықтыру шаралары ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын жақсартады, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал етеді, табанының қисайып кетуін болдырмайды.

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру балалардың ақыл –ойын, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек шат көңілді және белсенді болуына ықпал етеді.

Дене шынықтыру оқу іс-əрекеттері – балаларға дене тəрбиесі жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы.

Педагогтар əрбір баланың дамуы мен өсуін оңтайландыру үшін барлық балалардың жоғары деңгейде дамуына бар күштерін салулары тиіс. Балалардың барлығы жаттығуларды бірдей қарқынмен жəне əрқайсысы жеке ырғақпен бірлесіп орындау үшін мүмкіндіктер мен жағдайлар жасау. Балалардың бөлемеде, таза ауада дене қимылдарын жақсартатындай жəне ұзақ уақыт барысында қимыл-қозғалыстарына кедергі жасамайтындай қоршаған ортадағы қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету. Балаларды спорт залында жəне таза ауада өтетін ұйымдастырылған оқу іс-əрекетінде қолдары оңай жететін, түрлі əрекет жасауға көмектесетін материалдармен қамтамасыз ету керек. Құрал-жабдықтарды педагогикалық, гигиеналық жəне эстетикалық талаптарды ескере отыра таңдау жəне топ бөлмесіне орналастыру. Қимыл белсенділігін арттыру қауіпсіз болу үшін қауіпсіз құрал-жабдықтарды қолдануға жағдай жасау керек. Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру жəне тосып алу, еңбектеу, өрмелеу сияқты қимылдардың негізгі түрлерін орындау барысында тұрақты дағдыларды қалыптастыру үшін мүмкіндік жасау.

Дене тəрбиесі оқу іс-əрекеттерінің барлық түрлерінде педагог берілген уақыттың тиімді пайдаланылуын қадағалап қана қоймай, қимыл-қозғалыстарының күрделену дəрежесін дер кезінде байқап, қимыл сапасының жақсара түсуіне жағдай жасайды. Нашар қимылдайтын балаларды қимылы орташа балалардың қатарына жеткізу үшін барлық күш жігерін жұмсауға тиіс.

Негізгі қимылдар (жүру, жүгіру, секіру, домалату, лақтыру, қағып алу, еңбектеу, өрмелеу) техникасын дұрыс меңгерген баланың дене бұлшық еті жақсы жетіліп, қан айналу, тыныс алу жүйелерінің жұмысы жақсарады, зат алмасу процесі жеделдейді. Сондай-ақ баланың табан еттері жетіліп, дене бітімі түзу, əдемі болып өсуіне септігін тигізеді. Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тəрбиесінің басты міндеті – өмірді қорғау жəне денсаулығын нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
574
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12