Материалдар / Шынықсаң шымыр боларсың
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шынықсаң шымыр боларсың

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулығымызды шынықтыруға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2020
499
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітемін:

ДОІЖО: Ж.А.Мусагалиева


Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боларсың!» спорттық сайыс.

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және икемділікке,шапшандыққа,ептілікке тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар: спорттық жар газеті, тақырып.

Өтілетін орны: Спорт зал


Әдісі: Ойын


Түрі: Командалық жарыс


Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, сқырғыш, арқан, толағай доп,кеглдер, т.б құрал жабдықтар.


Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар спорт залға саппен екі топқа бөлініп кіреді.

I.Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып,ешқашан да мойымайтын.

Болашақ спортшылар келді ортаға,

Қол соғып қарсы алайық қане, халқым!

II. Негізгі бөлім

1. Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан

«Шынықсаң шымыр боларсың» спорттық сайысына қош келдіңіздер!

Уа халқым назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың дені сауда

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы абай данамызда

Шынықсан шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боларсың,-дей келе, ендігі кезекте қатысқалы отырған топтарымызды ортаға шақыралық.


Салауатты өмір салтын сақтайтын

Жаттығудан ешқашанда қашпайтын

Қыран тобы келді бүгін сайысқа

Өз топтарын жақтайтын - деп ортаға «Сұңқар»тобын шақырамыз


Ұстанған салауатты өмір салтын

Жасқанып ешқашанда мойымайтын

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық «Тұлпар» тобын

-Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын балалардың денесін қыздырып алу үшін флэшмоб билету.



-Балалар,денемізді қыздырып алсақ мен сіздермен ойын ойнағым келіп тұр. Алдымен мына спорттық құралдармен танысып алайық:секіргіш, доп, самакат,кегльдер,арқан,гір.

«Қай құрал жоғалды?» ойыны.

Шарты:заттарды мұқият қарап алыңдар.Сосын көздерінді жұмындар.Мен бір затты жасырам. Сендер көздеріңді ашып,сол затты табасындар.

Жүргізуші:

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1.

2.

3.

Бүгінгі спорттық сайыс 6 кезеңнен тұрады.

1. «Кім жылдам» эстафетасы.

2. «Толағай добымен секіру» эстафетасы.

3. «Асық ату» ұлттық ойыны.

4. «Арқан тартыс» сайысы.

5. «Екі дос» сайысы

6. «Білек күші» сайысы


Тәрбиеші: Ендеше сайысымызды бастайық.

«Кім жылдам» эстафетасы

Оқушылар кедергілер арасымен жүгіріп мәре сызығына барып,кері кедергілер арасымен қайту. Келесі оқушылар ойынды жалғастырады.

Тәрбиеші:

Ендеше «Кім жылдам» эстафетасы бойынша әділ қазы алқаларынан бағасын сұраймыз.

Келесі эстафетамыз «Толағай добымен секіру». Оқушы толағай добымен секіріп, мәре сызығына барып кері қайтадан секіріп келеді. Келесі оқушы ойын жалғастырады.

Тәрбиеші: Ендеше «Толағай добымен секіру» эстафетасы бойынша әділ қазы алқаларынан бағасын сұраймыз.

Келесі сайысымыз «Асық ату» сайысы деп аталады.

Шарты: Тізбектеліп қойылған асықтарды әр командадан бір-бірден бала шығып,асықты дәлдеп асықпен атып құлатып ұпай жинау.Келесі оқушы ойынды жалғастырады.

«Асық ату» сайысы бойынша әділ қазы алқаларынан бағасын сұраймыз.

Келесі сайысымыз: «Арқан тарту» ұлттық ойыны.

Шарты:Екі топ арқанды өз жағына тарту керек. Қай жақ басым болса,сол топ жеңімпаз болады.

Тәрбиеші: Ендеше «Арқан тарту» сайысы бойынша әділ қазы алқаларынан бағасын сұраймыз.



Келесі сайысымыз «Екі дос» сайысы деп аталады. Бұл сайысты топтағы екі бала жұптасып,яғни достар болып шеңбер ішіне тұрып,кедергілер арасымен мәреге барып кері кедергілерден өтіп кледі.Келесі жұп осылай ойынды жалғастырады.

Тәрбиеші:Ендеше «Екі дос» сайысы бойынша әділ қазы алқаларынан бағасын сұраймыз.

Келесі сайысымыз «Білек күші» бұл сайыста топ басшылары білек сынасады. Қай топ басшысы жеңсе ұпай сол топқа беріледі.

Тәрбиеші:

Өрістер өнер өркенмен,

Жарысқа риза болыңыз.

Әділқазы ел сенген,

Өнерге баға берініз.

Құрметті әділ қазылар алқасы ендеше сөз кезегі өздеріңізде

Қорытынды.

Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Шынықсаң шымыр боларсың!» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!







































Picture 2 Picture 3

























Picture 4

Picture 1



























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!