«Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасы
Тараз қаласының білім
бөлімінің
« №29 бөбекжай-бақшасы»
тәрбиешісі Орынбекқызы Камшат
Сюжетті-рөлді ойыны:
«Супермаркет»
Мақсаты: Балаларды"Супермаркет"
ұғымымен таныстыру, балалардың алған математикалық білімдері
негізінде сюжетті дамыту қабілетін қалыптастыру, ойында супермаркет
қызметкерлерінің еңбек әрекеттерін беру.Балалар арасындағы ойында
рөлдік өзара әрекеттесуді орнатуға, диалогтық сөйлеуді белсендіруге
ықпал ету.Желілі рольді ойында, рольдерге бөлініп
ойнау, сатушы мен тұтынушылардың арасында қарым – қатынас жасай
алуға, сатып алу мен ақшаның құнын білуге, бір – біріне
көмектесуге, қамқорлыққа, достыққа
тәрбиелеу. Супермаркет қызметкерлерінің
еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу
Әдістері:Ойын,жеке жұмыс, рөлдерді
сомдау.
Көрнекіліктер:Дүкен макеті,касса
макеті, касса аппараты,кредит карталары, кеңес тауарлары, ақша
үлгілері,нан өнімдері, ойыншықтар, жемістер,
кәрзеңкелер,суреттер,т.б.
Әкімші: Ақылбек
Інжу
Барысы:(Радиодан хабарландыру
айтылады.)
Тыңдаңыздар,
тыңдаңыздар.Қаламызда жаңа «Бақыт мекені» супермаркеті ашылып
жатыр.Жаңа қызметкерлер мен жас мамандар
қажет!
Балалар: (Залға әуенмен
кіреді.)
-Саламатсызба, Інжу
Бағдатқызы!Біздер хабарлама бойынша келіп
тұрмыз.
Інжу:
-Саламатсыздарма! «Жас келсе
іске»деген жақсы мақал бар.
Хош келдіңіздер!Сіздерді жаңа
жұмыс орнына қабылдамас бұрын сіздерге бірнеше сұрақ қойсам
деймін.
1)Сұрақ:Қандай жемістерді
білесіңдер?
Айша:Алма,алмұрт,банан,апельсин,анар
т.б.
2)Сұрақ:Нан туралы мақал-мәтел
білесіңдерме?
Адема: «Ас атасы нан», «Нан болса әнде
болады».
3)Сұрақ: Балалар қандай ойыншықтардың түрлерін
білесіңдер?
Мәриям:Қуыршақ,машина,доп,конструктор,ыдыс-аяқтар,т.б.
Ойыншықтар неден
жасалады?
Мәриям:Ойыншықтар резинадан
плассмассадан,темірден,ағаштан,матадан
жасалады.
4)Сұрақ:Балалар мына сандар адасып кетіпті,осы
сандарды кім маған ретімен қойып,тура және кері санап
береді?
Асылзат:ретімен қояды.12345
Інжу:Сіздер сұрақ-жауаптан өте жақсы
өттіңіздер,енді жұмыс
орындарыңызды тапсырайын.
-Айша,сен жемістер туралы
жақсы біледі екенсің,жемістер бөліміне бара
ғой. (бейджик тағып
береді)
-Адема,сен нан туралы мақалды
өте жақсы айттың,нан бөліміне бара ғой.
(бейджик тағып
береді)
-Мәриям,сен ойыншықтар туралы
жақсы айттын,ойыншықтар бөліміне бара
ғой. (бейджик тағып
береді)
-Асылзат,сен сандарды өте жақсы
айыра білдің,касса бөліміне бара ғой.
(бейджик тағып
береді)
Сатып
алушылар:С.Раяна,Т.Раяна, Алинұр ,Еркежан ,Аделя,
Аяна
Муслим
(күзетші):Саламатсыздарма?Хош
келдіңіздер!Сөмкелеріңізде артық зат жоқпа? Сөмкелеріңізді мына
жәшіктерге салып қойыңыздар!
Жарнама:
Айша: Біздің супермаркетімізде әр
елден әкелінген алмаға жеңілдіктер жасалуда. Мына сөреде Польшаның
алмасы,ал екінші сөреде өзіміздің Қазақстанның апорт алмасы.Дәмін
татып жеп көріңіздер,ұнаған алмаға дауыс
беріңіздер.
Т.Раяна: Польшаның алмасының дәмі
қышқыл . М-м-м Қазақстанның алмасы дәмді екен!.Апорт алмасы дәмді
екен,содан 1 келі өлшеп салып бересіз
бе?
Сатушы:Айша:Әрине салып, өлшеп
берейін,біздің алмалар өте дәмді,мінекей
алыңыз.
Т.Раяна:Рахмет сау
болыңыз!
Кассир:Асылзат:Саламатсыз
ба?
Т.Раяна:Саламатсызба?
Кассир:Асылзат:Сізден 200
тенге
Т.Раяна: Сіздерде QR-код арқылы төлем
жасауға болады ма екен?
Кассир,Асылзат:
Әрине, мінекей төлей
беріңіз!
Радиодан: Қағаз өндірісі пластикке
қарағанда ауаға көп зиян келтіреді. Қағаз пакетті жою мен қайта
өңдеу оңай. Бірақ қағаз пакетті өндірудің бір артықшылығы бар –
жануарлар әлеміне тигізетін зияны аздау. Мәселен, далада қалған
қағаз пакет (табиғатта қоқыс тастауға болмайды, оны еске
ұстағанымыз абзал) табиғатқа көп залал келтірмесі анық. Ал пластик
пакетті жеп қойған жануардың тірі қалуы екіталай. Қағаз пакеттің
тағы бір оң тұсы – тез шіріп кететіні. Ал пластик жерде ұзақ
жатады. Сондықтан табиғат-анаға тигізер зияны да көп.Жоғарыда
айтылған деректерге қарай отырып, қағаз пакетті қолдануға ұсыныс
білдіреміз!
С.Раяна «Ойыншықтар »
бөліміне келеді
Муслим
(күзетші):Саламатсыздарма?Хош
келдіңіздер!Сөмкелеріңізде артық зат жоқпа? Сөмкелеріңізді мына
жәшіктерге салып қойыңыздар!
Сатушы:Мәриям:Саламатсыз ба?Сізге
қандай көмек керек?
С.Раяна:Сіздерде ойыншықтардың қандай
түрлері бар?
Сатушы:Мәриям:Бізде ойыншықтардың
түр-түрі бар.Мына ойыншық Қазақстанда шығарылған аты «Сиқырлы киіз
үй»бұл ойыншық ойнауға ыңғайлы баланың денсаулығына зиянсыз,өте
пайдалы.
С.Раяна:Ұстап көруге
болама?
Сатушы:Мәриям:Баланың тілін дамытуға
көмектеседі,мінекей тыңдап көріңіз.
С.Раяна:Қандай керемет осы ойыншықтан
салып бересізбе?
Сатушы:Мәриям:Әрине салып
берейін,мінекей алыңыз,тағыда келіп тұрыңыз,сау
болыңыз!
С.Раяна:Рахмет,сау
болыңыз.
Кассир:Асылзат:Саламатсызба,Сізден 1000
тенге. Бұл керемет ойыншық
С.Раяна:Саламатсызба!Мінекей,алыңыз!
Кассир:Асылзат:Сау болыңыз тағыда келіп
тұрыңыз.
Алинұр келеді, «Нан»
бөліміне барады.
Сатушы:
Адема: Сәлеметсіз бе!Қош келдіңіз!
Бізде балғын нан өнімдері бар! Не
қалайсыз?
Алинұр: Сізде жұмсақ бөлішке бар ма
екен, әжем жақсы көруші еді, сол кісіге сатып алайын деп
едім
Сатушы,Адема:
Әрине бар, мәнекей ала
қойыңыз! Ас болсын!
(Осыдан кейін «Кассир»бөліміне
барады.)
Алинұр:Саламатсызба!
Кассир:Адема:Сізден 100 тенге.Сау
болыңыз тағыда келіп тұрыңыз.Міне, қайтарым
ақшаңыз
Еркежан анасы мен Аделя
қызы келеді.
Аделья: -Анашым, маған кериешки алып
беріңізші,қарным ашты,өтінемін
Еркежан:-Қызым, ол тағамдар сен үшін
пайдасы жоқ, оның орнына сүзбе қосылған тағам әлдеқайда
пайдалы!
Аделя:-Анашыыым, шөлдеп тұрмын кола
алып беріңізші!
Еркежан:-Қызым-ау кола сенің өсіп келе
жатқан ағзаларыңа пайдасы жоқ, оның орнына қымыз, шұбат,айран мен
сүт алайық!
Кассаға
жақындайды:
Кассир,Асылзат:-Балақай, анашың дұрыс
айтады, кериешки мен коланың пайдасы аз,оның орнына мына тағамдар
өте пайдалы! Сізден 2000 теңге.
Еркежан: Менде қолма қол ақша болмай
тұр, карта арқылы төлесем болады
ма?
Кассир,Адема:
Әрине, бізде барлық жағдай
қарастырылған. Сау болыңыз!
Еркежан: Сау болыңыздар! Көп
рахмет!
Аяна(апа): -Амансыздар ма,
балаларым!
Інжу
(әкімші): Бүгін жұма, жұма сайын бізде
зейнеркерлерге жеңілдіктер бар! Апа, ішке кіріп қалаған
азық-түліктерді алуыңызға болады.
Аяна(апа): Ой рахмет,көп көп.Өркендерің
өссін! (қалаған заттарын алады)
Бата
берейін: «Дендерің сау болсын!
Ауырмаңдар! Ақшаларың көп
болсын!Әумин!»
Інжу
(әкімші): Бүгінгі жұмыс күндерін жақсы
өтті,сіздерді жұмыс барысында байқадым.Ертең де таңертең жұмысқа
шығуларыңызға болады! Сау
болыңыздар!
-Осымен «Супермаркет» ойынымыз
аяқталды.