Кештің
тақырыбы: «»Тәуелсіздік -
Желтоқсан шежіресі» (желтоқсан оқиғасының қатысушысымен
«Сыр-сұхбат» кездесу кеші)
Мақсаты: Желтоқсан
көтерілісінің сипатын аша отырып, тәуелсіздік бастауы
ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында
еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімді
қалыптастыру.
Дамытушылық
мақсаты: Желтоқсан оқиғасының арқасында
талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы
тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған
айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіру,
оқушылардың дүниетанымын
кеңейту.
Тәрбиелік
мақсаты: Отанды сүюге,
құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге,
адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін
ұғынуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:кездесу-сұхбат
Сабақтың әдісі:түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ- жауап, пікір алмасу
Сабақтың көрнекілігі:слайдтар, деректер, мәліметтер, суреттер
Сабақтың эфиграфы:
« Ең зор iзгi ерлiктердi Отанға деген сүйiспеншiлiк туғызған» Ж.Ж.Руссо
Кіріспе мұғалімнің
сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының ең негізгі мейрамы Тәуелсіздік
күнімен құттықтаймын! Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы
талай қанды қырғынды, зорлық- зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.
Соның бірі — Желтоқсан көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін
бір жақты қарап, бір сөзбен айту, түсіндіру мүмкін емес.
Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздіктің бастауы болған
Желтоқсан көтерілісі. Бүгін біздің сабағымыздың
тақырыбы Тәуелсіздік- Желтоқсан шежіресі. Бүгін біздің
қонақта, сонау Желтоқсан оқиғасы күндерінің куәгері қатысушы,
қазіргі таңда мектебіміздің білікті ұстаздары Таджигалиева Ұлдана
апай, Бейсенова Сапаркұл апай, Налибаева Хамар апайлар келіп отыр,
құрметпенен қарсы алайық.
Мұғалім: Елбасы Н. Назарбаев өзінің “Ғасырлар тоғысында”
атты еңбегінде “1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының
сана-сезімінің қаншалықты ұлтжанды екендігін көрсетті. Олар 100
жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген
тоталитарлық жүйеге бірінші болып қарсы шықты. Жастар бұдан әрі кез
келген ұлтқа, ұлттың мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз
халқының атынан ашық мәлімдеді” деп
жазды.
Слайд:Архивтен алынған сол
кездегі бейне көріністерден
үзінді.
1
жүргізуші: .Желтоқсан көтерілісінің
себебі:
Желтоқсан көтерілісі ұлттық
рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс
болды. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі: 1986 жылы 16 желтоқсанда
не бәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің
бесінші Пленумы Д.Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып,
Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика
халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ
В.Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні
орталық алаңға лек- легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы
Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық
білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа- өз
көсемі!» ,«Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен ,
«Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты.Ұлт саясатын дұрыс
жүргізуді,ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды,ұлттық
саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие
болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып
жүрген мәселелерді айтып қалуға
тырысты.
2
Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың
саны : Желтоқсан
оқиғасы Алматыдағы Брежнев ( қазіргі Республика)
алаңында басталып, ары қарай Тараз, Қызылорда,
Шымкент,Талдықорған, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған, Көкшетау,
Семей, Павлодар, Арқалық қалаларында, Шамалған, Сарыөзек елді
мекендерінде толқу болып өтті.Оларға 2,5 мыңнан астам адам
қатысып, 281 –і ұсталып 20 астамы түрлі мерзімге
сотталды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
Президиумы коммисиясының анықтауы бойынша қозғалысқа қатысқаны ұшін
ұсталғандардың саны-8500. 2401 уақытша қамау орындарына
жіберіліп,сыймағандарын қала сыртына апарып тастаған.Оның ішінде
медициналық көмек алғандар-1383, ал ауруханаға түскені-369
адам.1720 адам жарақат алған.
1
Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасын басуға қатысқан әскери адамдардың саны
: Кеңес Одағының
қалаларынан Ішкі істер министірлігінің арнайы әскери бөлімдері
әкелінді . Наразылықты басып тарату Штабын Б.К.Елисев басқарған.
Челябинск, Новосибирск, Ташкент, Тибилиси, Свердловск, Уфа, Фрунзе
қалаларынан әсери күштер келді. Қосымша 15 БТР, 22 өрт сөндіргіш
машина қолданылды. Ішкі Істер министрінің орынбасарының
мәліметі бойынша тосқауылға 5500 адам жетпеген. Қазақтың нашақор
жастары орыстарды қырып, жойып барады деген хабар таратып, 22 өрт
сөндіргіш машинамен су шашу операциясы түнгі сағат он бірге дейін
жалғасқан. Қазақ жастарына қарсы сапер күректер, иттер,
бронды транспортерлер, өрт сөндіргіш машиналар
пайдаланылды.
КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде
дайындалған «Бұрқасын-86» операциясы бойынша басып
жаншылды.
2
Жүргізіші: Желтоқсанның ашылмаған
шындығы: Желтоқсан оқиғасын
тексеру комиссиясының
төрағасы М. Шаханов мынадай
мәліметтер келтіреді.« 3 адам алаңдағы қақтығыста өлді. Тағы да
үшеуі сол күндері қаза тапты. Желтоқсан оқиғаларынан кейін жыл бойы
ішкі істер органдары фамилиясын, тіпті нөмірлерін көрсетпестен тағы
да 58 адамды көмді деген күдігіміз бар. Тіпті мәйітті ешкім
танымаған жағдайда ол нөмірленетіні белгілі.
«Желтоқсаншыларды» қуғындау бүкіл қыс бойы жалғасты. Жалған
куәлер тартып, қатысқандарды тергеу шараларын жүргізген кезде ұрып
–соғу итке талату, т. б, әдістер қолданған». М.Шаханов басқарған
коммисияға наразылық білдіріліп, қысым
көрсетілген.
«Қ. Рысқұловтың өлімін
дәлелдеу қиын болды. Бізге мәлім болғандай, Қайрат асылып өлетін
күннен бір күн бұрын камераға қандықол, қарақшы Власенко әкелінген
болатын. Қайрат өлімі сол жауыздан келді деген күдігіміз бар.
Сонымен қатар Компартия тарапынан қысымшылық жасалды. Сол
құжаттарына қол жеткізе алмадық. Мәскеумен қарым-қатынасқа нұқсан
келетін болды. Ұлтаралық қатынас шиеленісуі мүмкін еді»,-деп еске
алады. Иә, Желтоқсанның ашылмаған, әлі зерттеуді қажет ететін
тұстары көп.
Видеоролик — «Желтоқсандағы
дүрбелең».
1
Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға қандай үкім
шығарылды?
Жазаға тартылған 99-дың 76-сы
ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер
болған.
Лаззат Асанова мен Сабира Мұхамеджанова Желтоқсан
оқиғасының құрбаны болды. Сабитова Жансая Әлкейқызы бес жылға,
Сыдықова Нағима Асқарқызы үш жылға сотталды. Бас аяғы жиырма үш
ару қыз бас бостандығынан айырылды, әрқайсысы әр жылға. Екеуі
еңбекпен түзеу жазасына тартылды, біреуі қара жұмысқа жіберілді.
Екі адам өлім жазасына кесілді. Олар Мырзағұл Әбдіғұлов пен Қайрат
Рысқұлбеков.Қайрат Рысқұлбековқа жасақшы Савидскийді өлтірді
деген жалған айып тағылды.83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас
бостандығынан айрылды.12 ректор орнынан түсірілді.271 студент
оқудан шығарылды.52 адам партия, 787 адам комсомол қатарынан
шығарылды. 1138 адам комсомолдық сөгіс алды. Қазақ ұлтшылдығы”
айдарын таққан М.Соломонцев болды.
Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қонағымызға
сұхбат- сұрақ
2
Жүргізуші: 2006 жылы Алматыда “Тәуелсіздік таңы”
ескерткіші ашылды
1989 жылы мамыр-маусым КСРО халық депутаттарының
І съезінде М. Шахановтың бастамасымен Желтоқсан оқиғаларына
байланысты түпкілікті баға беру жөніндегі комиссия
құрылды.
1991 жылы желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың “1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысқандарды ақтау
туралы” жарлығы шықты.
1996 жылы Қайрат Рысқұлбековке “Халық қаһарманы”
атағы берілді
Ендеше ең басты бағытымыз
«ТӘУЕЛСІЗДІК» шежіресіне көз
жіберейік
1991 жылы Ел Тәуелсіздігін
алды
1992 жылы Ел рәміздері
бекітілді
1993 жылы Төл теңгеміз айналымға
түсті
1994 жылы Елде жаңа Парламент
өз жұмысын бастады
1995 жылы Еліміздің Ата Заңы Конституция
қабылданды
1996 жылы Желтоқсан оқиғасының
құрбаны Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы
берілді
1997 жылы Елордамыз Астанаға
көшірілді, «татулық пен құғын сүргін құрбандарын еске алу жылы»
болып жарияланды
1998 жылы Халықтар бірлігі мен
сабақтастығы жылы
1999 жылы Ұрпақтар бірлігі мен
сабақтастығы жылы
10 2000 жылы Мәдениетті қолдау
жылы
11. 2001жылы Тәуелсіздік
пен достық жылы
12. 2003-2005 жылы Ауыл
жылы
13 2007 жылы
Сазгер Ш.Қалдаяқовтың «Менің
Қазақстаным»
әні мемлекеттік әнұран болып
қабылданды
14. 2008 жылы Қазақ тілін
қолдау жылы
15. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ
(Еуропа Қауіпсіздік және
Ынтымақтастық Ұйымы) төрағалық
етті.
Мұғалім сөзі:Желтоқсан көтерілісі 1916
жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен бірдей, тіпті ұқсас жақтар
көп. Талдап қарасақ 1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс патша
империясының құлауына әкелсе, 1986ж көтеріліс алып КСРО
сияқты кеңестік империяның құлауына бастама болды. Екеуінеде
әсер еткен бірнәрсе — жарлық.1916 ж. 25 маусымдағы қазақтарды қара
жұмысқа алу туралы жарлық болса, 1986 ж 18 минутқа созылған
пленумнан кейін Қонаевты орнынан алу және Колбиннің тағайындалуы
туралы жарлық. Тәуелсіздік жолында жандарын қиған ұл-қыздарды, рухы
биік аға-апайларымызды ұмытпайық. Олардың ерлігі біздерге
үлгі болсын.Тәуелсіздік туын биік ұстап, алға баса
берейік! Еліміздің келешегі кемел, болашағы нұрлы
болсын!