Тақырыбы : Сыр таратсам тарихтың тереңінен.
Мақсаты :
Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып,танымдарын арттыру.
Тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып,отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.
Ресурстар: «Қазақ елі» видео ролик, қазақтың ұлы хандары мен батырларының суреттері.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, құрметті қонақтар және бүгінгі кешімізге жиналған көпшілік! Сіздерді ғасырлар бойы халқымыздың асыл мұраты- азаматтығымызды алып берген айтулы мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Ата- бабамыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы – бергі тарихының ең ғибратты тағылымы міне осында. Олай болса Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында «Сыр таратсам тарихтың тереңінен» атты тарихи – әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Ән: Байжан Ш «Қазақ елі»
1 жүргізуші: М.Жақсылықұлы «Сыр тартсам тарихтың тереңінен»
Ұлы боп көк тәңірдің саналатын,
Орындап сол тәңірдің аманатын.
Мәңгілік Ел болуды мұрат етіп,
Бумын құрған Түріктің қағанатын.
Жауларын айбарымен алжастырған,
Бумын ісін Істеміс жалғастырған.
Тоз-тоз болған халықтың басын қосып,
Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған.
2 – жүргізуші: Армандап Түрік елін бай болсын деп,
Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп.
Халқының киімі көк, қарыны тоқ,
Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп.
Сол үшін ұзақ түндер ұйықтамаған,
Қара бастың қамын еш құнттамаған.
Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер,
Жорықтарда тамшы су ұрттамаған.
1 – жүргізуші: Түрік жұрты осылай өсіп-өнген,
Ынтымағы жарасып жауды жеңген.
Билік- таққа таласқан аға-бауыр,
Ақыры Қағанатты екі бөлген.
Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,
Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.
Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,
Ру-тайпа өзінше хандық құрған.
2 – жүргізуші: Айырылып айбынды түр келбетінен,
Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.
Жойылды Шыңғыс ханның жорығында,
Қалалар Отырардай жер бетінен.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді Қазақ елі.
Көрініс «Қазақ хандығының құрылуы»
(Сахнаға Есен – бұға, ақсақалдар, билер шығып отырады.)
Уәзір: Алдияр тақсыр сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
Есен- бұға: Кірсін.
Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! деп бастарын иеді.
Есен –бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар!
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу- ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.
Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: Сондықтан да біз бауырымыз Жәнібек екеуміз сізге бұйымтаймен келдік.
Есен –бұға: Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп –өнсек деген ойдамыз.
Есен –бұға: Керей, Жәнібек мен өзімнің ақсақал сүлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып дем алыңдар. Қандай ойда болып отырсыңдар?
1 ақсақал: Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
2 ақсақал: Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек ертелі – кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.
3 ақсақал: Әбілқайырдан өш алар кез келді. Шекарамыздың батыс аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануымыз керек.
Есен – бұға:Әбілқайыр менің жауым яғни менің жауымның жауы менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. Шақырыңдар Керей мен Жәнібекті.
Уәзір: Керей , Жәнібек сұлтандар кіріңіздер.
Есен –бұға: Ойлана, ақылдасы келе былай шештік Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері сендердің мекендерің болсын.
Керей: Алдияр біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.
Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткен арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды! (халық бір-бірін құттықтап жатады)
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен ел көгерер» демекші ақсақал бата беріңіз.
Ақсақал: Түндеріміз тыныш болсын,
Үйлерімізге ырыс толсын!
Ұлдарымыз сесті болсын,
Қыздарымыз есті болсын.
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Қатарларымыз көп болсын,
Уайым-қайғымыз жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік.
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын
Әумин!
Би: қазақ биі
1 – жүргізуші: Алтаймен Атыраудың арасында,
Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.
Алайда іріткі түсіп арасына,
Іні кетті бағынбай ағасына.
Жаулары мұны ұтымды пайдаланып,
Қазақтың басып кірді даласына
2 – жүргізуші:Жоңғарлар қырып-жойып қазақ елін,
Жаулап алды шұрайлы біраз жерін.
Елін қорғап жан беріп жан алысты,
Қиян кескі соғыста талай ерім.
Жау қолында күң болып ару қалды,
Жау соңында күл болып ауыл қалды,
Миллионға азайып қазақ саны,
Кеудеде шықпаған құр жаны қалды.
1 – жүргізуші: Жойылып кетпеу жолын таңдау қалды,
Ұрпаққа «Елім-айлап» арнау қалды.
«Бірлігі бекем қазақ ел болса» деп,
Абылайдан аманат, арман қалды.
Арыстандай алысып жауын құртты,
Ақыры сақтап қалды жер мен ұлтты.
Қансыраған қазағым амалсыздан,
Бодан боп Ресейге тізе бүкті.
Ән: Мысқалбай Гүлдана «Атамекен».
2 – жүргізуші: Бағыншты боп казак-орыстарға,
Бекіністер салынды қоныстарға.
Хан билеген кешегі қазақ елі,
Бөлінді губерния, болыстарға.
Алаштың еркін өскен рухы өліп,
Қамытын бодандықтың киді көніп.
Келісіп Ресеймен көрші Қытай,
Сыртынан қазақ елін алды бөліп.
1 – жүргізуші: Осылай қазақ екі елде қалды,
Бөлініп ата-қоныс жер де қалды.
Ел қорғаған ерлердің басы жатқан,
Жат қолында құба жон, бел де қалды.
Ағайын-туыс қалды ажырасып,
Басқаның қол астында зар жыласып.
Қосыла алмай екі елде қалып қойды,
Кешегі сөз байласқан екі ғашық.
2- жүргізуші: Тиімді болды жатқа бөлінгені,
Іргесі тұтас елдің сөгілгені.
Ешкімде бодан елді аямады,
Бейнеттің шеті-шегі көрінбеді.
Отарлау бір сәткеде басылмады,
Халықтың соры мүлде ашылмады.
Кенесеры, Исатай, Махамбеттей,
Еңіреген ерлердің басын алды.
1 – жүргізуші: Бастан кешіп кемсіту, мазақтарды,
Қайран елім көрді сан азаптарды.
Қазақты көпе көрнеу «Киргиз» атап,
Аты-заты өшуге аз-ақ қалды.
Жабайыға жатқызып дүйім жұртты,
Данагөй жақсылардың көзін құртты.
Мал орнына майданға қазақты алу,
Жөнінде ақ патшадан жарлық шықты.
2 – жүргізуші: Бұл шешім тұз сепкендей жарасына,
Халықтың оқ боп тиді санасына.
Торғайдан бастау алған көтеріліс,
Қазақтың тез тарады даласына.
Кеудесі ар-намыспен толы кекке,
Бұрқ еткен ашу-ыза айналды өртке.
«Аттандап» атқа қонып ашынған жұрт,
Қылышпен қарсы ұмтылды зеңбірікке.
1 – жүргізуші: Мылтықпен зеңбіріктен оқ борады,
Қырылған халықты ешкім жоқтамады.
Қазақтың даласында тұтанған өрт,
Ақыры Ресейді отқа орады.
Боялып қызыл қанға таумен тасы,
Өзен боп ақты қанмен көздің жасы.
Қолына қару алып жұмысшы тап,
Құлатты үстем тапты ойранды сап.
2 – жүргізуші: Ақ патша ақырында тақтан түсті,
Орыстар ақ-қызыл боп қырылысты.
Кең байтақ Ресейге сыйыса алмай,
Қазақты қос өкпеден келіп қысты.
Қару ап кедей байға қарсы шықты,
Мәнісін біреу ұқпай біреу ұқты.
Бөлініп екі тапқа тұтас халық,
Бір қазақ, бір қазақтың көзін құртты.
1 – жүргізуші: Ауқатты малы барлар шекара асып,
Жан бағып туған жерден босты қашып.
Жартысы тоз-тоз болып жолда өліп,
Жаттан пана іздеді арып-ашып.
Кете алмай кейбіреуі тастап елді,
Қия-алмай паналады туған жерді.
Тәркілеп, малын-мүлкін тартып алып,
Қазақтың тең жарымы аштан өлді.
2- жүргізуші: Қан сасып кең даланың құты қашты,
Қызылдар аямады кәрі- жасты.
Халық қамын ойлаған зиялыны,
«Халық жауы»- деп ұстап, атып-аст
Көндігіп тағдыр салған үлесіне,
Дәрменсіз болды қазақ күресуге.
Асты-үсті байлық толы байтақ дала,
Айналды халықтардың түрмесіне.
Көрініс «Репресия құрбандары»
1 жүргізуші: Фашистер қапылыста соғыс ашып,
Одақтың тең жарымын алды басып.
Қазақтың қыздарымен жігіттері,
Ел қорғауға аттанды жанталасып.
Көрініс «Соғыс қасіреті».
1 жүргізуші: Сұм соғыс талай жанның жолын кесті,
Сәбилер ата-анасыз жетім өсті.
Миллиондаған азамат мүгедек боп,
Сан мыңдаған отаудың оты өшті.
2 жүргізуші: Өксігі елмен жердің басылмады,
Халықтың көзі сордан ашылмады,
Москва-Берлиннің арасында,
Төрт жүз мыңдай қазақтың басы қалды.
Көрініс « Майдан шебінде».
1 жүргізуші: Жеңіс келді боздақтар қаныменен,
Қиылған қыршын жастың жаныменен.
Қазағым талай ұлтты паналатты,
Бөлісіп қолындағы барыменен.
Датқабай Б орындауында «Жойылсын соғыс» әні.
2 жүргізуші: « Қазақ хандығының 550 жылдық» мерейтойына орай Мұхит Жақсылықұлының қаламынан туған «Сыр тартсам тарихтың тереңінен» өлеңінен үзінді.
1-оқушы:Тең жарымы соғыспен аштан өліп,
Алаш жұрты азайды саны кеміп.
Орталық басқаларды алып келіп,
Кең далаға қаптатты «Тың игеріп».
Жыртқанды қара жерді жеңіс көрді,
Ешкім де байырғы ұлтпен келіспеді.
Қиратып ата-баба мазарларын,
Зиратын трактормен тегістеді.
Жабылып ұлттық мектеп, сыныптары,
Қоғам боп орыс тілін ұлықтады.
Ескінің қалдығы деп ысырып сап,
Қазақтың салт-дәстүрі ұмыт қалды.
2 – оқушы: Еліме бұл бір қиын заман болды,
Ішкені ірің, жегені қарам болды.
Абай туған қасиетті Семей жері,
Атом бомба сынайтын алаң болды.
Жарылған бомба әсері болды қатты,
Сол маңда тірлік біткен өлім тапты.
Зардабынан мақұлыққа ұқсайтұғын,
Жарымжан бала өмірге келіп жатты.
Қазақ үшін қасіретті мұңға айналып,
Арал суы тартылды құмға айналып.
Шөлде қалды бір тамшы суға зар боп,
Теңіздің жағасында тұрған халық.
Қосақтап бір жүйеге жүздей ұлтты,
Дәстүрін, тілін, дінін түгел құртты.
Қарсы келген кім болсын империя,
Көзін жойып түрмемен көрге тықты.
Осылайша жылыстап жылдар өтті,
Қиын-қыспақ, сан ауыр сындар өтті.
Отаршылдық, озбырлық ақырында,
Желтоқсан көтерілісіне келіп жетті.
3 – оқушы: Шегіне жетіп көрген мазағының,
Сүйегінен өтіп тартқан азабының.
Орталық шешіміне қарсы шықты,
Жастары ұрандатып қазағымның.
Түнерді Алматының аспаны да,
Күңіренді Алатаудың тастары да.
Құрсанған қарулы әскер қарсы тұрды,
Алаштың өрім талдай жастарына.
Компартия ниеті болды мәлім,
Ұлтшыл деп бар қазаққа төкті кәрін.
Қара көз ұлмен қызды қанға бояп,
Ұрып-соғып түрмеге жапты бәрін.
Азаттық, бостандық боп ұрандары,
Кеудесін төседі оққа ұландары.
Қарусыз жастарды жау жеңгенімен,
Ұлт намысын, рухын жыға алмады.
4 – оқушы: Домалап иығынан ердің басы,
Көлкіді көлдей болып көздің жасы.
Шыққан жан, киелі қан жіберсінбе,
Сөгілді империя қабырғасы.
Сан ғасыр бодан болып тартты азап,
Кірме боп өз жерінде көрді мазақ.
Сондада желтоқсанның ызғарында,
Алауын азаттықтың жақты қазақ.
Үзіліп бодандықтың темір торы,
Егемендікке елімнің жетті қолы.
Азаттық , тәуелсіздік алсадағы,
Ақ тұман басқан алда жатты жолы.
Ән: Ералы Т «Жаса қазақ елі»
5 – оқушы: Келімсектер көлігіне жүгін артып,
Тарихи отанына көшті қайтып.
Кейбіреуі үй ішінен үй тікпек боп,
Әртүрлі сандырақты жүрді айтып.
Біреулер жанталасты жан таба алмай,
Ішер ас, киер киім, мал таба алмай.
Пысқайлар бүлінгенді бөліп жесе,
Қара тобыр тарықты нан таба алмай.
Көршілес көп елдерде бүлік шығып,
Қырқысты бірін-бірі тұншықтырып.
Жанған отқа май құйып сыртқы дұшпан,
Араздықты күшейтті ушықтырып.
6 – оқушы: Құрдымға ескі жүйе құлап жатты,
Халықты сенімсіздік тұралатты.
Бүлдірмей сақтап қалу сынға түсті,
Қазақстан атты алып ғимаратты.
Бір арқанға байланған жұрт кешегі,
Жол таппай кезіп кетті әр көшені.
Тарих толқынынан туып шықты,
Ғасырлар тоғысында ұлт көсемі.
Халқына жөн көрсетіп тиянақты,
Жол салып асулардан қиялатты.
Айтқан сөзін дәлелдеп ісіменен,
Көңілге сенімділік ұялатты.
Бұзылғанда Кеңестің тас қамалы,
Ешкімді ол үйіндіге тастамады.
Мәңгіге жауып Семей полигонын,
Көшірді Сарыарқаға Астананы.
7 – оқушы:Халқының көкейдегі сырын ұқты,
Бекітті шекарасын ішкі-сыртқы.
Қиын-қыстау кезеңнен алып шықты.
Қанаттыға қақтырмай жүздей ұлтты,
Аралдың суы толды арнасына,
Диқанның дән құйылды қамбасына.
Қандастар тозып кеткен елге оралды,
Өзінің атамекен ордасына.
8 – оқушы: Сәттерде сынақ түскен ербасына,
Қалтқысыз сенді халқы Елбасына.
Жұмылған жұдырықтай ерді артынан,
Бекініп бірге биік белді асуға.
Арманы жүзеге асып бабалардың,
Рухы асқақтады даналардың.
Есімі қайта қауышты ұрпағымен,
Нақақтан шәйіт болған ағалардың.
1 – жүргізуші: Аманаты Абылайдың орындалды,
Әлемге қазақ елі мойындалды.
Тілі, діні, дәстүрі халқымыздың,
Төрінен лайықты орын алды.
Өркендеп алға басты Қазақстан,
Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.
Қуатты, берекелі , бейбіт елмен,
Санасатын болды енді дос пен дұшпан.
2 жүргізуші: Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы – деген өлең жолдарымен бүгінгі тарихи кешімізді аяқтаймыз. Назарларыңызға мың алғыс.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыр тартсам тарихтың тереңінен

шағым қалдыра аласыз