Шырайлы аты елімнің –қасиетінде жерімнің

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шырайлы аты елімнің –қасиетінде жерімнің

Материал туралы қысқаша түсінік
Шал ақын ауданы туралы және туған жері Кеңес ауылы туралы көп мәлімет берілген шығарма. Туған жерге деген сүйіспеншілікті оятады.Патриоттыққа тәрбиелейді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шырайлы аты елімнің –қасиетінде жерімнің

Мен киелі Шал ақын ауданы тумасымын. «Шал ақын» атанып кеткен Тілеуке Құлекеұлы «әкесі Құлеке қазақ- қалмақ соғысының атақты Абылайханның батырларының бірі. Анасы – атақты Төле бидің қызы болған». Тұрған ауылымның аты- Кеңес. Бастапқы аты « Шоқат » ауылы болған. Совет өкіметі кезінде осы есімге ауыстырып қойған.Елді мекеннің тегі бұрындары осында қоныстанған төрт атадан тараған.Сондықтанда ауылда екінің бірі бір-бірімен туған-туыс болып келеді .Тарихы сонау 1930 жылдардан басталатын туған жеріме көнекөз қарттардың айтуы бойынша бір ғасырға жуық уақыт болып қалған .

Ауыл солтүстіктің өте көркем қайыңды өлкесінде дөң үстінде орналасқан . Себебі жанынан ағып өтетін ерке Есіл өзені жыл сайын тасығанда ,дөңнің ортан беліне дейін келетініне өзім куәмін. Ауылды айнала Күздік (көшпенді халықтың суы ,отыны мол күзеуге келуіне байланысты қойған),Тікенекті (қайың аралас тікенегі бар итмұрын, долона ағаштарынан тұратындықтан),Қызыл (алыстан қарағанда қызара мұнартып тұруына байланысты қойылған,бес қайыңды шоқтан тұратындықтан бірінші Қызыл,екінші Қызыл т.б. аталады.) Сонымен қатар Есілді бойлай Үлкен тоғай, Кіші тоғай деп аталатын ну жынысты, дәмі тіл үйіретін неше түрлі жеміс-жидекке толы тал,үйеңке,мойыл,қарақат,шие т.б. өсетін ормандарымыз бар.

Кеңес ауылымыздың маңайында алуан балыққа толы үлкенді-кішілі 100 шақты көлдері бар.Суы қап-қара болып жатқандықтан Қарасу көлі,кезінде қабандар мекендеген Қабан көлі,улы шөп өскені үшін Улы көлі,колхоз кезінде үйрек бағатын мекеме болған сондықтанда Үйрек баққан көлі , пионер лагері болған жерде Лагерь көлі,аты затына сай Байтұяқ,Байкісі көлдері тағы бар. Есілден өтетін өткелдердің өзіндік тарихына сай Балжан өткелі, Қарақатын өткелі дейді.

Ауылымыздың киелі деуімнің себебім бар, өйткені бұл топырақтан қажы-қарилар шыққан екен. Зираты ауыл ортасында орналасқан. Ата-бабаларымыздың ұрпағы облысымыздың түкпір-түкпірінде молла болып қызмет атқарады.

Қазір елдің ажары кірген үйлер де, көше де жинақы сән беріп тұр.Жан-жақтағы ауыл тумалары көмектесіп ауыл ортасынан мешіт ғимаратын көтерді,мектепке де үнемі қол-ұштарын беріп тұрады. Кең алқада отар-отар қой ,шаруа қожалықтарының асыл тұқымды сиыр, жылқылары бағылады. Ауылда сүт жинайтын танкер де орнатылған , қыз-келіншектер күнделікті сүт өнімдерінен напақасын тауып жүр.

Бес саусағынан өнер тамған, көпті көрген 80 жастағы менің әжемнің әңгімесін мен үнемі қызыға тыңдаймын,себебі бұл кісілер көненің көзі бұрынғы мен бүгінгіні байланыстырып отырған өткел тәріздес. Әжемнің арқасында туған жерімнің тарихы туралы ,ауылдастарым жайлы көп мәлімет білдім. Әр адам өзінің өсіп-өнген жерін қастерлеп өтуі керек деп ойлаймын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» мақаласында туған жер ,мәдени мұра, тарихи құндылықтар ,ұлттық рухымыз,салт-дәстүріміз жайында айтылып ,кейінгі ұрпақты бабалар дәстүрінде тәрбиелеу жолдары көрсетілген. Сондықтан туған жер –ұрпақ темірқазығы ,«Туған жер » бағдарламасында атап көрсетілгендей,әрбір адамның жүрегінде кіндік қаны тамған жеріне,өскен ауылына,туған жеріне деген сүйіспеншілік отансүйгіштіктің белгісі.





Кеңес орта мектебінің

8-сынып оқушысы Шакетай Әдия

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2018
530
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі