400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сырдың кешкі мектебі, шәкіртімен өрілер келбеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін кешкі мектептің тарихы туралы, оқушылар жетістіктері мен алғыстары жарияланған хаттары. Кешкі мектептің күндізгі мектептен еш кем емес екендігі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сырдың кешкі мектебі, шәкіртімен өрілер келбеті

Қызылорда қалалық кешкі мектебінде еліміздің Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына байланысты жазылған «Сырдың кешкі мектебі, шәкіртімен өрілер келбеті» атты кітабының тұсаукесері мектептің ардагер ұстаздары мен қаламыздағы білім саласының кәсіби шеберлерінің қатысуымен өтті.

Ресми іс-шарадан кейін мектеп директоры Абашова Айнұр «Сырдың кешкі мектебі, шәкіртімен өрілер келбеті» кітабын жазудағы мақсатымен, жалпы кітап мазмұнымен қысқаша таныстырып, сөз кезегін кеш қонақтарына ұсынды.

Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Тұяқбаева Базаркүл және Қалалық білім бөлімі жанындағы ұстаз ардагерлер кеңесінің төрағасы Бәйімбетов Мылтықбай, сондай-ақ мектептің ұстаздар қауымы мен ардагерлері өткенді жаңғыртып, жадымызда қалдыруда кітаптың берер тәрбиелік құндылығы жайлы мағыналы ойларын ортаға салды.

Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер – білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан, әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе содан көп жұғады деп Абай атамыз айтқандай өз бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне дарыта білетін, жаңа заманның жан-жақты, салауатты да білікті тұлғасын тәрбиелеуде аянбай еңбектеніп жүрген мектеп директорының орынбасары Насибекеов Ташкенбай да кітаптан мектеп тарихы мен бүгінгі тынысы жайлы мол мағлұмат алуға болатынын, сонымен бірге бүгінде еліміздің бір кірпіші болып қаланған белгілі тұлға шәкірттердің өмірінен хабар беретін деректердің де мектеп оқушыларының ой-өрісіне, болашағына бағыт боларлық тәрбиелек мәніне тоқталды .

Әсерлі кеш мектеп оқушыларының өнерімен өрнектелді.



Кешкі мектептің химия пәні оқытушысы,

Сакиева Рабиға



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 мамыр
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі