70% арзан
30% арзан

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сурет салу ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған сабақ жоспарлары
Ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің техкартасы
Күні:
Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Әуе шарлары.
Мақсаты:
а) қарындашты үш саусағымен дұрыс ұстай отырып, ирек сызықтар салу дағдысын бекіту;
ә) саусақ икемділіктерін, бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру;
б) балаларды ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: демонстрациялық
материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар, үлестірмелі материалдар, қол сүрткіштер.
Сөздік жұмыс: әуе.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
- Балалар, мен сендерге асығып келе жатып жолда көңілсіз тұрған қоянды көрдім. Педагог осыны айтып жатқанда қоян келіп кіреді. -Қоян, саған не болды? -Сен неге көңілсізсің? -Өзімнің балабақшадағы достарыма -сендерге шарлар сыйлайын деп келе жатыр едім, қатты жел соғып, шарлардың жібі болмағандықтан жел ұшырып алып кетті. -Сендер сол шарларды көрмедіңдер ме? Педагог балаларға қоянға көмектесу керектігі жайлы айтып, шардың түсі, пішіні қандай екені жайлы әңгімелеседі. «Әуе шарларын ұшырамыз» қимылды ойыны. Балалардан қандай түсті қарындашты пайдаланғандарын және шарларының қандай түсті екенін сұрау. Балалар салған суреттерін қоянға көрсетеді. Қоян балалардың салып берген суреттері өте әдемі екенін айтып, алғысын білдіріп қоштасады. Балалардың сурет салу барысындағы іс-әрекетіне басшылық жасап, бағыт- бағдар беріп, жасаған жұмыстарын мадақтайды. |
Балалар қызығушылықпен тыңдайды. Балалар таңдана қарайды. Балалар өздері білетін шардың түстерін және пішіндері жайлы айтады. Балалар педагогтің нұсқауы бойынша шардың аузын байлайтын әртүрлі жіптерді немесе ирек сызықтарды сызады. Балалар өздерінің қандай қарындашпен жұмыс жасағандары жайлы әңгімелейді. Салған суреттерін тамашалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: шардың жеңіл, салмақсыз болатындығын.
Игереді: қарындашты дұрыс ұстап жұмыс жасауды.
Меңгереді: қарындашпен ирек сызықтар сызу дағдысын.
Ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің техкартасы
Күні:
Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Доптар.
Мақсаты:
а) балаларға қарапайым дөңгелек пішінді саусақпен құмда салуды үйрету;
ә) саусақтарының икемділіктерін арттыру;
б) өз жұмысының нәтижесіне қызығушылықпен қарауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға құм салынған ыдыстар, қол сүрткіштер.
Сөздік жұмыс: құмдар әлемі, дөңгелек.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог балаларға құм басқан шөл далаға саяхатқа баратындары және осы құмның бетіне әртүрлі бейнелер салуға болатыны жайлы әңгімелейді. Педагог балаларға бүгінгі күннің тамаша сәулесін шашып, шаттық көңіл күйін сыйлап тұрғанын айтады. -Қараңдаршы, құмның үстінде жатқан не? -Доптың пішіні қандай? -Дұрыс айтасыңдар, Құм әлемі сендерден саусақтарыңмен алдарыңдағы құмға доптардың бейнесін салуды сұрайды? -Саламыз ба? -Салмас бұрын ауада салып көрейік. -Кәне, бәріміз сұқ саусағымыздың көмегімен құмның бетіне үлкен және кіші доптарды салайық. Келіңдер, ойнайық және доп сияқты секірейік. Добым менің, добым менің, Өзің неткен көңілді едің. Зымырайсың, қутыңдайсың, Бірақ, менен құтылмайсың. Педагог балаларға өте шебер екендіктерін және келешекте көптеген бейнелерді оңай сала алатындары жайлы айтып, серуенге шығуларын сұрайды. |
Балалардың қызығушылығы оянады. Балалар күн көзіне қарайды. - Доптар. -Дөңгелек. - Саламыз. Сұқ саусақтарымен ауада салады. Балалар сұқ саусақтарымен өз қалаулары бойынша доптардың бейнесін салады Олар допты бір-біріне лақтырып, қағып алып және секіріп ойнайды. Балалар өз жұмыстарына риза болып, серуенге дайындалады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: құмға саусақ арқылы бейне салуға болатындығын, құрғақ және дымқыл құмның айырмашылығын.
Игереді: доптың қозғалысын іс-әрекет арқылы көрсетуді.
Меңгереді: құмның бетіне саусақ арқылы доптың суретін салуды.
Күні:
Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Маймақ маң-маң басады.
Мақсаты:
а) аюдың ізін қылқаламмен, қарындашпен үлкен және кіші дақ түсіру арқылы салуға үйрету;
ә) жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке дербес әрекет етуі мен белсенділігін дамыту;
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға бір-бірден аюдың суреті салынған парақтар, қарындаштар, ойыншық аю.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог балаларға серуен кезінде көптеген іздерді көріп, бақылағандары туралы айтқызады және аюдың қорбаңдап, қоянның секіріп жүретіні жайлы естеріне түсіреді. - Міне, сол аю сендерден көмек сұрай келіпті. Қонаққа келген аюды кіргізеді. Педагог жұмбақ жасырады: Өзіне болған қорған орман, Ішінде бар бір аң қорбаң-қорбаң. Ол не екен, балалар? (Аю) Балалар жауап беруге қиналса, педагог көмектеседі. Педагог балалардың аюдың түсін, дене бөліктерін атап берулерін сұрайды. Аю қалай жүреді деп сұрап, аюдың корбаңдап, маң-маң басып жүретінін түсіндіре және өзі сол қимылды көрсетіп, балаларға аюдың жүрісін кайталауды ұсынады. Олар музыка әуенімен қорбаңдаған аюдың жүрісін салып көрсетеді. -Осы аюдың жүрген ізін қалай саламыз, кәне, маған тақтаға қараңдар. Қағазға қылқаламмен қалай үлкен дақ түсіруге болатынын көрсетеді. Әр сурет талданып, әр балаға жеке бағыт-бағдар беріледі. Педагог сурет салынып болған соң ойыншық аюды осы іздермен жүргізіп көруді ұсынады. |
Балалар педагогке қызығушылықпен карап, әңгімесін тыңдайды. Балалар жауабын табуы керек. Аюдың дене бөліктерін, түсін айтады. Балалар маң-маң басқан аюдың жүрісін қайталайды. Балалар қарындашпен аюдың іздерін салады. Өздерінің жұмыстарына баға бере қарайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: аюдың қимыл-қозғалысын, іздердің әртүрлі болатындығын.
Игереді: жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейтеді.
Меңгереді: қылқалам мен қарындашты кезектестіріп пайдалану арқылы із түсіре білуді.
Күні:
Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Машинаның дөңгелектері.
Мақсаты:
а) машинаның дөңгелегін тығын
арқылы салуға үйрету;
ә) жұмыс барысында балалардың өз
алдына жеке әрекет көрсетуі мен белсенділігін
дамыту;
б) ойыншықтарды күтіп ұстауға, мұқият ойнауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға арналған үлестірмелі материал, қара бояу, тығындар, қол сүрткіштер, су.
Сөздік жұмыс: тығын, дөңгелектер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог топтағы ойыншықтардың машиналарының дөңгелегі жарылып, орманға саяхатқа бара алмай дауласып отырғандарын естігенін балаларға жеткізеді. - Балалар, ойыншықтарға көмектесеміз бе? Педагог балаларға өздерінің ойыншық машиналары жайлы көрнекі сурет көрсете отырып әңгімелетеді. - Машинаның түсі қандай? Неше дөңгелегі бар? Пішіні неге ұқсайды? Суреттегі қандай машина? Бірнеше машиналардың суреттерін көрсетіп сұрайды. -Кімге қандай машина ұнайды? Педагог ойыншықтарға көмектесу үшін алдарындағы парақтағы дөңгелегі салынбаған машинаның дөңгелегін тығын аркылы салу керек екендігін түсіндіреді. -Ол үшін алдымен тығынды қолдарыңа алыңдар, оны алдарыңда тұрған қара бояуға ұқыпты батырып, бірінші алдыңғы дөңгелегін, сонан кейін артқы дөңгелегін бастырып бояңдар. Балалардың іс-әрекеттері ретін түсіндіре отырып, өзі үлгі ретінде сол іс-қимылдарды жасап көрсетеді. -Бұл жүк машинасы болғандықтан, дөңгелегін тегіс етіп бояуымыз керек. Машина дөңгелегінің дұрыс боялуына бағыт береді. Жұмыс барысында балалардың ұқыпты жұмыс жасауын қадағалайды. «Тығын», «дөңгелек» сөзімен сөздік жұмысын жүргізеді. Педагог ойыншықтардың разы болғаны, енді олардың орманға саяхатқа шыға алатыны жайлы хабарлайды. Балаларға серуенге шыққанда өздеріне ұнайтын машинамен ойнайтынын айтады. Педагог ойыншықтардың атынан ризашылық білдіреді және бәрінің де жақсы жұмыс істегендерін айтып мадақтайды. |
Балалар көмектесетіндері жайлы айтады. Балалар өздерінің машиналары туралы әңгімелеп айтып береді. -Ақ, көкшіл т.б. Төрт дөңгелегі бар. -Жүк машинасы ұнайды. Қолдарына тығынды алып, педагогке ілесіп дөңгелектерді салады. «Тығын», «дөңгелек» сөздерін бірнеше рет қайталайды. Өздерінің жұмыстарына баға бере қарайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: машинаның түрлері, бөліктері жайлы мәліметті және барлық машинаның дөңгелекпен жүретіндігін.
Игереді: ойыншықтармен ойнағанда ұқыпты болу керектігін.
Меңгереді: тығын арқылы дөңгелекті бояуға болатынын.
Күні:
Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Түрлі түсті моншақтар.
Мақсаты:
а) саусақ немесе бастырма арқылы моншақтың суретін салуға үйрету;
ә) бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
б) әсемдікті, әдемілікті
сезіне білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: қуыршак, Айсұлу, түрлі түсті моншақтар, әр балаға сары түспен боялған қағаздар, қызыл, сары бояулар, қол сүрткіштер, су.
Алдын ала орындалатын жұмыс: қуыршақ Айсұлудың әшекейлерін қарау.
Сөздік жұмыс: моншақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог балаларға түрлі түсті моншақтарды көрсетіп, олардың не үшін пайдаланылатыны туралы айтып, осындай әшекейді үйлеріңде кім тағады деп әңгімелесіп отырғанда қуыршақ Айсұлу ренжіп келеді. - Айсұлу моншақтарын бізге келе жатқанда үзіп алып, сендер сол әдемі моншақтарын тізіп беруге көмектесе ме екен деп үміттеніп келіпті. - Онда біз Айсұлуға әдемі моншақтың суретін салып берейік. Ол үшін алдарыңдағы қағазға салынған моншақтың жібіне саусақтарыңды қызыл бояуға малып, қызыл түсті моншақты батырып саласыңдар, сонан кейін ол саусақты сулы шүберекпен сүртіп, сары бояуға батырып, қызыл моншақтың жанынан сары түсті моншақты бастырып саласыңдар. Педагогтің өзі салып көрсетеді. Сурет салу барысында жіптің ұшына екі қызыл моншақ салынатынын, әрі карай екі сары моншақ, екі жасыл және екі көк, т.б. түспен салуға болатынын түсіндіріп, қолдарын сүртпей тұрып бір түсті моншақтарды бірден екі-үштен бастырып салуға бағыт береді. Сергіту сәті: Моншақтарды алайық, Мойнымызға тағайық. Дөңгелене би билеп, Көңілденіп алайық. (Ф.Н.) Педагог сурет салу жолдарын көрсете отырып, жұмысты аяқтайды. Балалардың өз бетінше жұмыс жасағандарына мұқият қарап бақылайды. - Міне, әдемі моншақтар тізбегі дайын болды. Балаларға моншақ тізбегін Айсұлуға сыйлауды ұсынады. Айсұлу қуанышты екенін білдіреді. Жұмыс барысында ұқыпты жұмыс жасаулары қадағаланады. Педагог Айсұлудың
атынан балаларға |
Балалар көмектесетіні жайлы айтады. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар педагогтің көрсетуімен моншақтар тізбегін салады. Әр түспен екі моншақ салып болған соң ғана саусақтарын сүртіп отырады. Балалар моншақ Тізбектерін Айсұлуға сыйлайды. Өздерінің жұмыстарына баға бере қарайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: моншақтардың әшекей зат екенін.
Игереді: моншақтар туралы қарапайым түсініктерді.
Меңгереді: саусақ арқылы түстерді ауыстыра отырып дөңгелек салуды.
Күні:
Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Үйдің терезесіндегі жарықтар.
Мақсаты:
а) қылқаламмен үзік сызықтарды кеңістікте дұрыс орналастыра сызуды үйрету;
ә) бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
б) сурет салуға деген
қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға бір-бірден сары түспен боялған қағаздар, ақ бояу, қылқалам, қол сүрткіштер, су.
Алдын ала орындалатын жұмыс: кеш кезінде жағылған жарықты бақылату.
Сөздік жұмыс: жарық.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог балалардан бір-біріне деген жылы сезімдерін айтуды сұрайды. Кеш мезгілі болғанда қараңғылық түсетінін, сол кезде үйлерде, дүкендерде және т.б. мекемелерде жарық жағылатынын айта отырып, күннің сол мезгілінде терезеден не байқағандары жайлы әңгімелеседі. -Біз бүгін терезеден түскен жарықтың суретін саламыз. Педагог жарықты салу жолдарын өзі көрсете отырып түсіндіреді. - Сендердің алдарыңда терезенің жарық жанып тұрған суреті бар, сол терезеден жарық сәулелерінің шашырап тұрғанын қылқаламды сары бояуға батырып, қатты бастырмай сүйкей жағу арқылы үзік сызықтар арқылы саласыңдар. Сергіту сәті: Қылқаламды қояйық, Орнымыздан тұрайық. Қолымызды созайық, Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Біз тынығып алайық. (Ф.Н.) Педагог балаларға бағыт-бағдар беріп отырады. Осындай жарық сәулелерін салған кезде қылқаламды қатты баспай, ұшымен сүйкей жағу арқылы үзік сызықтар түріндегі шамның жарығын жан-жаққа шашырата салу керектігін естеріне түсіреді. Педагог балаларға ризашылығын білдіреді, бәрінің де жақсы жұмыс істегендерін айтып мадақтайды. |
Балалар бір-біріне жылы тілектерін айтады. Балалар не байқағандары жайлы өз сөздерімен айтып береді. Балалар педагогтің көрсетуімен жарық сәулелерін салады. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Балалардың өз бетінше жұмыстары. Сүйкей жағу арқылы үзік сызықтар салады. Өздерінің жұмыстарына баға береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: кеш болғанда барлық үйде жарықтың жанатынын.
Игереді: жарық көздері туралы түсініктерін кеңейтеді.
Меңгереді: үзік сызықтарды шашырата сызу арқылы жарық сәулесін салуды.
Күні:
Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Торғайларға жем шашамыз.
Мақсаты:
а) фломастер, қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, қағаз бетіне нүктелерді түсіруді үйрету;
ә) ойын тәсілдері арқылы ой-қиялдарын дамыту;
б) құстарға деген
сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: демонстрациялық
материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: фломастер немесе үшкір ұшталған таяқша (гуашьқа батырылады), торғайлардың суреті, сазбалшық, жем салғыш, сүлгі. «Мысық пен торғай» ойынына қажетті суреттер.
Сөздік жұмыс: нүктелер, жем салғыш.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог тақтаға ілінген суретке балалардың назарын аударып, не көріп отырғандарын сұрайды. - Суреттегі торғайларға қараңдаршы, олар не істеп отыр? Торғайларға қандай көмек көрсетуге болады? Сурет бойынша қысқаша әңгіме- сұхбаттан соң, педагог балалардың әрқайсысына торғайдың суреті салынған парақтар таратады. - Енді біз торғайларға жем шашайық. Нүктелерді тақтадағы қағаз бетіне түсіре тұрып, келесі өлең жолдарын оқиды: Торғай, торғай, торғайсың, Таяу келіп қонғайсың. Дән шашайын, тойып ал, Суыққа сонда тоңбайсың. Педагог қолындағы торғайдың мүсінін қозғалта отырып, салынған нүктелерді жем деп шоқытады. - Ал енді өздеріңнің торғайларыңа жем шашыңдар, мен көрейін. Менің торғайым бөтегесі бұлтиып тойып алды. Кәне, сендер торғайларыңа жемді қалай беретіндеріңді көрейік. Педагог балалардың жұмыстарын аралап жүріп көреді. - Жемді көбірек шашсаңдар, торғайлар тез тояды. Алдарыңдағы фломастерді немесе таяқшаны пайдаланыңдар. Балалар жұмыстарын аяқтаған кезде педагог мынадай ұсыныс айтады: - Кәне, балалар, енді маған торғайлар қалай ұшатынын көрсетіңдерші. Сергіту сәтін жасатады. - Даладағы торғайлар тоңып, жем таба алмай жүр, өйткені далада күн суық, барлығын қар басып қалған. Оларға жемді домалақтап жасап көрейік. Сазбалшық немесе ермексаз кесегінен ұсақ бөлшектер бөліп аламыз. Көлемі жағынан кішкене, оны саусақтардың арасына салып айналдырамыз, домалақ пішінге келтіреміз. Өзі жасап көрсетеді. Жасаған жұмыстарын қағаздан жасаған жем салғышқа салады. Педагог балалардың жұмыстарына басшылық жасап, жеке нұсқаулар береді. Аяқталған жұмыстарды мадақтап, сабақты қорытындылайды. |
«Торғайлар ағаш басына қонып отыр. Жем салғышқа балалар жем салып, іліп жатыр», - деп балалар көріп тұрғандары жөнінде әңгімелеп береді. Қолдарын жандарына созып, қанат қаққанды бейнелейді, су ішкенін, жем шоқығанын, секектеп жүргенін көрсетеді. Балалар бірге жасайды. Балалар педагогтің Түсіндіруі бойынша қағаз бетіне нүктелерді шашырата салады. Сергіту сәтін жасап, біраз демалып алады. Қанаттарын жайып, торғай секілді ұшқанын жасайды. Сазбалшықты кесектен көлемі жағынан кішкене ұсақ бөлшектер бөліп алады да, оны саусақтардың арасына салып дөңгелетіп, домалақ пішінге келтіреді, оны жем салғышқа салып, тоғайларға береді. «Мысық пен торғайлар» ойынын ойнайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қағаз бетіне нүктелерді түсіруді, ойын тәсілдері арқылы ой-қиялдарын дамытуды.
Игереді: құстар және оларды тамақтандыру жайында түсініктерді.
Меңгереді: фломастермен немесе таяқшамен, қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
Күні:
Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Орамалды безендіру.
Мақсаты:
а) қағазға бастырмамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, орамалды геометриялық пішіндермен безендіруге үйрету;
ә) саусақ, қол қимыл-қозғалыстары мен икемділіктерін дамыту;
б) балаларды әсемдікті көре білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, әдемі орамалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: сары түсті парақ, бастырма, түрлі түсті бояу, сүлгі, су.
Сөздік жұмыс: орамал.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
-Балалар, мына Айгүл деген кішкентай қыз 8 Наурыз мерекесіне әжесіне не сыйлайтынын білмей, сендерден көмек сұрай келіпті. 8 Наурыз - әжелер, аналар мерекесі, көктем мерекесі екенін балаларға түсіндіру. -Әжемізге не сыйласақ екен? Ол кісі үлкен, қарт адам. Бәріміз Айгүлге көмектесейік. Педагог әдемі ою-өрнектері бар орамалдарды көрсетіп, олардың не мақсатта қолданылатыны туралы әңгімелейді. Балалардан аналарының, әжелерінің орамалдары жайлы сұрайды. Орамалдардың әртүрлі болатыны туралы түсініктеме береді. - Бүгін әжемізге сыйға тарту үшін мына орамалды әдемі етіп безендіріп берейік. Педагог балаларға фон және онда үшбұрыш сызылған үлестірмелі материалды таратып береді. Берілген орамал пішіні ішіне дөңгелек пішіндерді салу жолын түсіндіреді. Қызыл гуашьты пайдаланатындығын айтады. Бастырма әдісі бойынша салуға да болады, ол үшін алдымен кішкентай дөңгелек пішіндер дайындалып алынады. Ол пішінді қызыл бояуға батырып алып, орамал бетіне бастырады. Мақта оралған таякшамен, саусақпен, қылқаламмен салуға да болады. Педагог өзі қалаған тәсілді таңдап алады. Сурет салу барысында балаларға дөңгелектерді орамалдың бір шетінен бастап, арақашықтығын дұрыс сақтай отырып салып шығуды тапсырады. Жұмыс барысында балаларға нақты бағыт-бағдар беріліп отырады. Балалар безендірген орамалдарын Айгүлге ұсынады. Педагог балалардың салған суреттерін жинап алған соң, олардың суреттерін талдау жұмысын жүргізеді. |
Балалар Айгүлмен сәлемдеседі. Балалар ойланады. - Иә, көмектесейік. Балалар әжелерінің, аналарының орамалдары жайлы өз білгендерін айтады. Балалар педагогтің басшылығымен жұмыс жасайды, орамалды дөңгелек бастырманы қызыл гуашька матырып алып басу жолымен безендірді. Олар көтеріңкі көңілде өздері безендірген орамалдарды әжеге беріп жіберетін болып келіседі. Балалар бір-бірлерінің суреттеріне қарап тамашалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: бастырмамен жұмыс істеу дағдысын.
Игереді: орамалдардың алуан түрлі формада, түсте болатыны туралы мәліметті.
Меңгереді: әртүрлі тәсілмен дөңгелек пішін салуды.
Күні:
Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Қуыршақ Сәуленің көйлегін безендіреміз.
Мақсаты:
а) қылқаламмен немесе саусақ арқылы көйлекті деңгелек пішіндермен (үлкен, кіші) безендіруге үйрету; негізгі түстер туралы білімдерін бекіту;
ә) саусақтарының икемділігін арттыру, көйлекті әдемі әшекейлеу арқылы ой-қиялдарын дамыту;
б) сурет салуға деген қызығушылыққа және талғампаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: қуыршақ Айсұлу, оның әдемі көйлек үлгісі, әр балаға бір-бірден көйлек үлгілері, түрлі бояулар, қол сүрткіштер, су.
Сөздік жұмыс: көйлек.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог балаларға әртүрлі көйлек үлгілерін көрсете отырып, көйлектің түрі өте көп болатынын айтады. Бірнеше қуыршақтың көйлегін көрсетіп, түсіне, өрнектеріне балалардың назарын аударады. - Қуыршақ Айсұлу қонаққа әдемі көйлек киіп барғысы келеді. Сендердің көмектесуге дайын тұратындарыңды біліп, көмек сұрай келіпті. - Ендеше бәріміз бірге қуыршақ Айсұлуға арнап көйлектерді әдемі етіп безендіріп берейік. Алдарыңдағы көйлек үлгілерін өздеріңе ұнаған түстерге бояйсыңдар. Ол үшін саусақтарыңды сол түске батырып, әртүрлі көлемдегі дөңгелектер салу арқылы безендіресіңдер. Дөңгелек салудың неше түрі бар екенін естеріңе түсіріп көріңдер. Педагог көйлекке дөңгелектерді салу жолдарын көрсетеді. Үлкен домалақтарды саусақпен, кіші домалақтарды қылқаламмен салуға кеңес береді. Балалардың қабілетіне қарай дөңгелектерді қылқаламмен салып шығуды ұсынуға да болады. Балалардың түсті дұрыс таңдауына бағыт береді және қандай түс таңдағанын сұрай отырып бояуды ұсынады. Жұмыс барысында ұқыпты жұмыс жасауларын қадағалайды. Педагог балалардан көйлектерін қандай түспен безендіргені жайлы сұрайды. Неге дәл сол түсті таңдағаны туралы, осы түсте басқа да қандай заттар болатынын сұрап көруге болады. Көйлекті безендіріп болған соң балалар көйлектерін қуыршақ Айсұлуға сыйлайды. Педагог Айсұлудың атынан балаларға ризашылығын білдіреді, бәрінің де жақсы жұмыс істегендерін айтып мадақтайды. |
Балалар қызығушылықпен тыңдайды. Көмектесетіндері жайлы айтады. Балалар педагогтің көрсетуімен, саусақтарын пайдаланып көйлекті безендіреді. Әр түске матырған сайын саусақтарын сүртіп отырады. Балалар өздері таңдап алған түстер жайлы әңгімелейді. Безендірген көйлектерін қуыршақ, Айсұлуға сыйлайды. Өздерінің жұмыстарына баға береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: саусақпен және қылқаламмен ұқыпты жұмыс істеу дағдысын.
Игереді: көйлектердің пішіні, өрнектердің әртүрлі болатындығын.
Меңгереді: саусақ және қылқаламды алмастыра отырып көйлекті безендіруді.
Күні:
Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Жылғалардан су ақты.
Мақсаты:
а) көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру; қылқаламмен ирек сызықтар сызуды жалғастырып, бояуды үйрету;
ә) ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
б) жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, көктем мезгілі бейнеленген суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: көк бояу, қылқалам, қол сүрткіштер, су.
Алдын ала орындалатын жұмыс: балабақша ауласына мақсатты серуен.
Сөздік жұмыс: жылға.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог жұмбақ өлең жасыру арқылы бүгінгі сабақтың қай жыл мезгіліне арналғанын сұрайды. - Сол жыл мезгілінің бейнесін парақ бетіне бейнелейік. Жыл мезгілі шуақты, Жердің беті нұрланған. Сайды қуып су ақты, Гүлдер өсті ырғалған. Балалар жауап беруге қиналса, педагог өлеңнің мағынасын түсіндіріп, шешуін өзі айтады. Педагог жаз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып, бүгін су аққан жылғаның суретін салатындарын хабарлайды және қалай салу керектігін түсіндіреді. - Әрқайсыларыңның алдарыңда гүлдер салынған парақтар бар, қазір біз осы гүлдердің ортасынан жылжып су ағып жатқан жазғы жылғаның суретін саламыз. Ол үшін қылқаламды көк бояуға батырып, арасы алшақ, екі ирек сызық жүргізіп алып, ортасын көгілдір түспен бояймыз. Балалар өз бетімен жұмыс жасайды. Педагог балаларға бағыт-бағдар беріп отырады. Педагог балаларды салған суреттерінен көрме ұйымдастыруға шақырады. Іс-әрекет соңында балалар жұмысына талдау жасалады, белсенділік танытқандары, суретті жақсы салғандары үшін мадақталады. |
Балалар жұмбақ өлеңді ықыласпен тыңдайды. Балалар суреттен не көргендерін айтып береді. Балалар педагогтің айтуы бойынша қылқаламдарын көк бояуға матырып, екі қатар арасын ашып, ирек сызықтар жүргізіп, ортасын көгілдір түспен бояды. Жұмыс соңынан қылқаламдарын жуып тазалайды. Балалар салған суреттерін тамашалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қол қимыл-қозғалысын икемдей отырып, ирек сызықтар салуды.
Игереді: жаз мезгілінің ерекшелігі туралы білімді.
Меңгереді: көгілдір бояуды тегіс жағу арқылы жылғаның суретін салуды.
Күні:
Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Шөптегі канқыз.
Мақсаты:
а) балаларға шөпті бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы салуды үйретуді жалғастыру; шөпті бейнелегенде оның толық бетті қамтуын қадағалау;
ә) сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру;
б) табиғатқа деген
сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: демонстрациялық
материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: қанқыз салынған суреті бар парақтар, жасыл майлы бояу, қылқалам, сулы қол сүрткіштер, су.
Сөздік жұмыс: қоңыз, қанқыз.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
- Балалар, бүгінгі далада ауа райы керемет болып тұр екен, қаласаңдар саяхатқа шықсақ болады. Әнімізді айтып, серуендеп қайтайық. Қарсы емессіңдер ме? - Міне, балалар, неше түрлі әдемі гүлдер, шөптер өсіп тұр. Тыңдаңдаршы, шөптің арасынан бір дыбыс естілетін сияқты. Кәне, құлағымызды тосып тыңдайықшы. Балалар, бұл қоңыз ғой. Бәріміз қоңызбен амандасайық. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен - қанқыз деген қоңызбын. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар, менің сендерге айтар бір өтінішім бар. Мен үйіме өзімнің табиғат аясында серуендеп жүрген суретімді іліп қойғым келеді. Сендер маған көмектесіп, табиғаттың суретін салып бересіңдер ме? Педагог балаларға қанқызбен танысқандарына қуанышты екенін айтып, енді топқа барып, оның өтінішін орындауды ұсынады. Педагог қолындағы қанқыздың шөп арасында жүргені бейнеленген үлгі суретті көрсетіп әңгімелейді. - Қанқыздың табиғат аясында, шөптердің арасында серуендеп жүргенін бейнелеу үшін үлгіге қарай отырып, осы суретті аяқтап салуымыз керек. Біз шөптердін, суретін жасыл бояуды пайдаланып сүйкей жағу арқылы саламыз. Қылқаламды жасыл бояуға батырып, ақ қағаздың сол жақ төменгі жағынан бастап, жоғары-төмен сыза отырып жасыл шөптің суретін салу тәсілін көрсетеді. Сергіту сәті: Күн болып жанайық, Мөлдір су боп ағайық. Гүл болып жайнайық, Терең-терең демалып, Жүгіріп-жүгіріп алайық. - Ал енді жұмысқа кірісейік. Балалар жұмысты үлгі бойынша орындап шығады. Педагог сурет салу кезінде қиналған балаларға кемектеседі, бағыт-бағдар береді. Педагог балалардың жұмыстарына көңілі толып, бүгін барлығының өте керемет жұмыс жасағаны жайлы айтып, суреттерін қанқызға беріп жіберетінін хабарлайды. |
Балалар қызығушылықпен келіседі. Өлең жолдарын айтып саяхатқа шығады. Табиғатқа тамаша Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса. Сәлем саған, Жер ана, Сәлем саған, нұрлы күн, Аман-есен болайық, Саяхатқа барайық! - Сәлеметсің бе! - Біз де қуанып тұрмыз, қанқыз. Балалар келіскендерін айтады. Бәрі бірге серуеннен қайтады. Балалар педагогтің айтқанын тыңдайды. Өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды. Педагогтің көрсетуі бойынша шөптердің суретін алдарындағы парақтың сол жақтағы төменгі бөлігінен бастап қылқаламды жасыл бояуға матырып, жоғары-төмен жүргізе отырып сүйкей жағу арқылы салады. Балалар өз бетінше жұмыс жасайды. Балалар қуана-қуана салған суреттерін жинап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қылқаламмен жұмыс істеу дағдыларын.
Игереді: қанқыздың түсі қызыл, қара дақтары болатындығын.
Меңгереді: сүйкей жағу арқылы шөптердің суретін салуды.
Күні:
Оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Адамның бейнесін салу.
Мақсаты:
а) балаларды дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш пішіндерді саусақпен салуға және өз жұмысының нәтижесіне қызығушылықпен қарауға үйрету;
ә) іс-әрекет арқылы қимыл-қозғалыстарын дамыту;
б) құммен ұқыпты жұмыс жасай
білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға құм салынған ыдыстар, қол сүрткіштер.
Сөздік жұмыс: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог құмды далаға саяхатқа барғандары және онда құм бетіне әртүрлі доптың бейнесін саусақпен салғандары жайлы балалардың естеріне түсіреді. Педагог балалардың суретте кімнің бейнесін көріп тұрғандарын сұрайды. -Құм әлемі сендерден саусақтарыңмен ұл бала мен қыз баланың бейнесін геометриялық пішіндер арқылы салуды сұрайды. -Салып көреміз бе, балалар? Қағазда салмас бұрын ауада салып көрейік. -Кәне, бәріміз бірге сұқ саусағымызбен құмның бетіне геометриялық пішіндерден құрап ұл бала мен қыз баланың бейнелерін салайық немесе өз қалауларың бойынша салуларыңа болады. Салып болғаннан кейін көңілденген балалар қолдарын сүртіп, өз қалаулары бойынша ойнайды. Педагог балалардың жұмыстарын мадақтап және алдағы уакытта да көптеген бейнелерді салатындарын айтып, серуенге шығуға шақырады. |
Балалар өздерінің құмда салған доптарын естеріне түсіреді. Суреттен ұл бала мен қыз баланы көріп тұрғандарын айтады. - Саламыз. Сұқ саусақтарымен ауада сурет салады. Балалар сұқ саусақтарымен өз қалаулары бойыша ұл бала мен қыз баланың бейнесін салады немесе геометриялық пішіндерді пайдаланып салады. Олар бір-бірімен көңілдене ойнайды. Балалар өз жұмыстарын қарап,серуенге дайындалады. |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Желімсіз жапсыру
Тақырыбы: «Менің үйім»
Мақсаты: балаларды пішіндермен (үшбұрыш, төртбұрыш) таныстыру; геометриялық пішіңдерден (үшбұрыш, төртбұрыш) үй құрастыруды үйрету. Тілдерін дамыту . Саусақтың
ұсақ бұлшық еттерің қозғалысын жетілдіру. Балаларды қамқор және жанашыр болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: үйдің қабырғалары, үйдің төбесі терезесі болатыны туралы айту.
Сөздік жұмыс: құрылысшы.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, ойыншықтар, магнитті тақта, дайын пішіндер.
Билингвальді компонент: үй-дом
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері -Балалар, бір-бірімізбен танысайық ! Баларды шеңберге тұрғызады. Топтағы бір баланың атың атап, Жылы шыраймен шақырыды да, Қолына жалаушаны береді. Бала педагогке рахметін айтады. Ғажайып сәт Балар бүгін бізге кім келеді екен, қараңдаршы. Педагог қолына ұл бала бейнеленген қуыршақты киеді. Қуыршақ: -Сәлеметсіңдер ме, балар! Менің атым –Азамат. Маған үй салуға көмектесіңдерші. Педагог: -үй салмас бұрын пішіндерді ажыратып алайық. Педагог балаларға түрлі пішіндерді таратады. Дидактикалық ойың: «Пішіндерді ажырат». -Мынау-кішкентай төртбұрыш. -Мынау-үлкен төртбұрыш. -Мынау-үшбұрыш. Үлестімелі материалдарға назарларын аударады. -Кішкентай төртбұрыштың түсі қандай? -Үлкен төртбұрыштың түсі қандай? -үшбұрыштың түсі қандай? -Енді үйді саламыз. Педагог магнитті тақтаның ортасына үлкен төртбұрышты қояды. Билингвальді компонент: үй-дом. -Бұл қандай пішін? -Бұл үйдің қабырғалары. -Бұл әлі салынып бітпеген үй. Педагог кішкентай төртбұрышты үлкен төртбұрыштың ішіне қояды. -Бұл үйдің терезесі. Педагог үйдің төбесіне үшбұрышты қояды. -Бұл қандай пішін? -Бұл үйдің төбесі. Педагог -Кәне, балалар, енді біз құрлысшы болайық, Азаматқа үй салып берейік. Сөздік жұмыс: құрылысшы. Ал енді жұмысқа кірісейік. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Азамат балалар салған үйді қарайды, Балаларды мақтайды. -Болашақта жақсы құрылысшы болады екенсіңдер! Азамат балаларға рахмет айтады. Қоштасады. |
Балалар шеңбер жасап тұрады, сөздерді педагогпен бірге қайталайды. Балалар қуыршақпен сәлемдеседі. Балалар келіседі. Мынау кішкентай төртбұрыш. Мынау –үлкен төртбұрыш. Мынау-үшбұрыш. -Көк. -Қызыл. -Сары. -Төртбұрыш. -Үшбұрыш. Балалар үй салуға ынталарын білдіреді. Қайталайды құрылысшы. Балалар үйді құрастырып шығады. Балалр қуанады. Балалар қуыршақпен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі : Үйді геометриялық пішіндерден құрайды.
Түсінеді : Үйдің терезесі, есігі, төбесі, қабырғалары болатыны.
Меңгеру: Түстермен пішіндерді ажырата біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Желімсіз жапсыру
Тақырыбы: «Пирамида»
Мақсаты: ойыншық атауымен таныстыру; қағаз жолақтарынан пирамида құрастыруға үйрету, түстерді ажыратуды үйрету . Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру . Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Пирамида ойыншығымен таныстыру.
Сөздік жұмыс: Пирамида.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, пирамиданың суреті, пирамида ойыншығы, магнитті тақта, дайын пішіндер.
Билингвальді компонент: пирамида-пирамида.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері -Шашымды да тарадым, Айнаға да қарадым. Ерте тұрдым ұйқымнан, Мен бақшаға барамын. (Қ.Әлімқұлов) Ойын жағдаяты; -Балалар, біз бүгін ойыншықтар дүкеніне қыдырып барамыз. -Қандай көлікпен барамыз? -Кәне, «жүргізуші», рөлге отыр! -Бәріміз автобусқа отырайық . -Балалар, біз ойыншықтар дүкеніне келдік. -Айналамызда не бар екен? «Ойыншықтар түрлері» -Сөреде қандай ойыншықтар бар екен? Балаларды ойыншық түрлерімен таныстыру. -Балалар, мен сендерге ақын ағаларың Бауыржан Жақыптың өленің оқып берейін. Сылдыр –сылдыр ,сылдырмақ. Шақырады сылдырлап . Қарайды қуыршақ, Қарайды құлыншақ. Үидің ішін аралап. Добым кетті домалап. Қарайды қуыршақ, Қарайды ботақан. Дидактикалық ойын.«дұрыс ата!» «мынау не?» деген сұрақ қою арқылы ойыншықтардың аттарын балаларға айтқызу . Саусақ гимнастикасы: Бас бармағым-атам, үйдің данасы, Балаң үйрек –апам , ошақ анасы. Ортан терек-әкем , отау панасы, Шылдыр шүмек-анам , үйдің ажары. Титтей бөбек –мен, бәрінің базары. (Е.Өтетілеуұлы) -Енді балабақшамызға қайтайық. Педагог балалармен «автобусқа» отырып, балабақшаға қайтып келеді. Үлестірмелі материалға назарлалыр аударды. -өзіміз пирамида ойыншығын жасасақ қайтеді, балалар? Сөздік жұмыс: пирамида . Билингвальді компонент: Пирамида-пирамида. Балаларға пирамиданы түрлі түсті пішіндердің ұзын-қысқасына қарай магнитті тақтаға қалай орналастыруды көрсетеді. -Бірінші пішін қандай? -Екінші пішін қандай? -Үшінші пішін қандай? -Келесі пішін қандай? -Мына пішін қандай? Балалар мен жеке жұмыс жүргізеді. - енді жасаған ойыншықтарымызды сөреге қояйық. -Балалар, біз бүгін не істедік? |
Балалар шеңбер жасап тұрады, Сөздерді педагогпен бірге қайталайды. Балалар келіседі, көлік түрлерін айтады. Балалар қызығушы- лық танытады, қатар-қатар тұрған орындықтарға отырады. -Ойыншықтар. -сылдырмақ, қуыршақ, Құлыншақ, доп, ботақан. Өленді мұқиат тындайды. Сұрақтарға жауап береді. Балалар саусақтарын бүгеді. Иллюстрацияны қарайды. Пидамида жасауға ынта білдіреді. Қайталайды; пирамида. Сұрақтарға Жауап береді. -Қызыл -көк -сары -жасыл -қызыл Балалар пирамида ойыншығын пішіндер арқылы құрастыруға тырысады. Сұраққа жауап береді; Пирамида ойыншығын жасадық. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Қағаз жолақтарынан пирамиданы.
Түсінеді: Ойыншықтармен ұқыпты ойнау керегін.
Меңгеру: дайын фигураларды ретімен жинау.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Желімсіз жапсыру
Тақырыбы: «Жайлаудағы қошақандар»
Мақсаты: үй жануарларымен таныстыру; Қойлардың суретін «жасауға» орналастыруды үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерің қозғалысын жетілдіру. Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Балаларды жайлаумен және үй жануарларымен таныстыру, иллюстрацияларды қарау, әңгіме құрастыру.
Сөздік жұмыс: жайлау.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, жайлау мен үй жануарларының иллюстрациясы.
Билингвальді компонент: қошақан-ягненок.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шенбері -Балалар, бір-бірімізге жүрек жылуын сыйлайық! Педагог қолына жүрек түрінде жасалған жұмсақ ойыншықты алып, қасындағы балаға береді. -Балалар, бір-біріңнің жүрек жылуыңды сезіндіңдер ме? Ойын жағдаяты; Балалар, бүгін біз машинамен жайлауға барсақ қайтеді? Сөздік жұмыс: жайлау. -кәне, бәріміз машинаға отырайық. -Балалар, біз жайлауға келдік. Жайлаудың суретің көрсетеді. -Айналамызда не бар екен ? -Балалар, сендерге мен жайлау туралы тақпақ оқып берейін. Жайлау Сыбырлап жермен құрағы, Сылдырлап аққан бұлағы. Жұпар ауа жасыл жер, Малшылардың тұрағы, Жайлау маған ұнады. Көрнекілікпен жұмыс: «үй жануарлары». -Балалар, жайлауда нелер жүр екен? Балаларға үй жануарларын көрсету: Қой, жылқы, ешкі, түйе. Дидактикалық ойын; «не қалай дыбыстайды?» Қой маңырайды: мә-мә-мә. Сыйыр мөңірейді: мө-мө-мө. Жылқы кісінейді: ио-ио-ио. Түйе боздайды: бө-бө-бө. Ешкі бақырады: бе-бе-бе. Саусақ гимнастикасы: Бас бармағым, бақташы бол. Қырағы көз, сақ малшы бол, Сұқ саусағым, сауыншы бол, Өнеріңе табынсын ел. Күллі орманға қорғаныш бол, Аты жоғым, аспазшы бол, Өз қолыңнан дәм татсын ел, Шынашағым ,балықшы бол, Жемісіңді мақтасын ел. (М.Жаманбалинов) Үлестірмелі материялдарға назарларын аудару. Қойдың төлі қошақан деп аталады. Билингвальді компонент: қошақан- ягненок. -жайлауда қошақандар бар екен. -оларға жайлауда жүрген ұнай ма? -қайдан білдіңдер? Магнитті тақтадағы қошақанның дайын пішінің жасыл шөп үстіне дұрыс орналастыруды көрсетеді. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. -жарайсыңдар, балалар, жайлаудағы қошақанның саны көбейді. -Балалар, «жайлаудан» балабақшамызға «машинамен» қайтайық. -Жайлауда нелер жайылады? -Қандай үй жануарларын білесіңдер? Түйе-малдың үлкені, Жылқы-малдың үркегі, Сыйыр-малдың сүттісі, Қой –түліктің құттысы. (С.Қасиманов) |
Балалар шенбер жасап тұрады. Балалар тілек айтып, жүрек түрінде жасалған жұмсақ ойыншықты бір-біріне сыйлайды. Балалар келіседі. Қайталайды –жайлау. Орындықтарға отырады. Балалар жайлаудың суретіне қарап, жауап береді. -үй жануарларына. Өленді мұқият тыңдайды. Жауап береді: Қой, жылқы, Ешкі, түйе. Балалар қайталайды. -Мә-мә-мә -мө-мө-мө -ио-ио-ио -бө-бө-бө -бе-бе-бе Балалар саусақтарын бүге отырып, тақпақты қайталайды. Иллюстрацияны қарайды,жауап береді. -ұнайды. -қуанып тұр. Балалар қошақанның дайын суретін «жайлауға» дұрыс жайғастырады. Балалар «жайлаудан» Балабақшаға қайтады. -қой, ешкі, түйе, жылқы. Балалардың жауабы. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Үй жануарларын атауды біледі, қошақандарды «жайлауға» орналастырады.
Түсінеді: Жайлау туралы, үй жануарларына қамқорлық жасауды.
Меңгеру: дайын бейнелерді орналастырады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Желімсіз жапсыру
Тақырыбы: «Вагон сүйреген паровоз»
Мақсаты: көлік түрлерімен таныстыру; 2-3 бөліктен тұратын түрлі заттарды орналастыруды үйрету, тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Төзімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: пойыз туралы әңгіме жүргізу.
Сөздік жұмыс: отарба
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, отарбаның және рельстің суреттері, магнитті тақта түрлі пішіндер.
Билингвальді компонент: отарба-поезд.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шенбері Бейбіт өмір-тілегіміз, Бауырмалдық салтымыз. Қамқорымыз, тірегіміз- Ынтымақты халқымыз. (С.Ғалымұлы) Ойын жағдаяты: -Балалар, пойызға отырып, серуендеп қайтсақ қайтеді? Балаларды тізбектеп тұрғызады. Алғашқы бала-пойыз, қалғандары вагондар болады. Сөздік жұмыс: отарба. Билингвальді компонент: отарба-поезд. -Балалар, біз стансыға келдік. Дидактикалық ойын: «көлікті ата!» Педагог балаларға отарбаның, жеңіл көлік пен жүк көліктерінің суретін көрсетеді. Аттарын атайды. Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Әңгіме өткізеді: -Отарбамен алыс жерлерге қонаққа барады, саяхатқа шығады. Отарба қозғалыс кезінде «дүк-дүк -дүк» деген дыбыс шығады. Педагог рельстер бейнеленген иллюстрацияны алдын ала магнитті тақтаға іліп қояды. -Мынау-паровоз. -Мынау-вагондар. -Отарба-қандай түсті? -Мынау-қандай пішін? -Бірінші вагоның түсі қандай? -Терезелердің түсі қандай? -Екінші вагонның түсі қандай? -Терезелердің түсі қандай? -Вагондардың доңғалағы қандай? Педагог тік төртбұрышқа дөнгелек қояды. -Бұл –вагон доңғалағы, онсыз отарба жүре алмайды. -Ал, балар, бәріміз отарба жасайық. -Паравозға вагондарды жалғаймыз. Педагог балаларды топ- топқа бөледі. Педагог дайын пішіндерді жасап көрсетеді, алдымен паравоздарды жалғайды. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Композиция құрған кезде оған Күн мен бұлттардың пішінін де енгізеді . -Біз жасаған пойыз сиқырлы, сондықтан жасаған пойымыздыға отырып, балабақша барайық. -Балалар, біз қандай көлікке отырдық? -«Отарбамен» жүру сендерге ұнады ма? -Қандай көлі түрлерін білдік? |
Балалар шенбер жасап тұрады. Балалар педагогпен бірге қайталайды. Балалар тізбектеліп тұрып, топ ішін айналып жүреді, «стансыға» келіп тоқтайды. Балалар қайталайды: отарба. Балалар қайталайды: отарба. Жеңіл көлік, жүк көлігі. Иллюстрацияны қарап, мұқият тындайды. «Дүк-дүк-дүк» деген дыбысты қайталайды. -Қызыл -Төртбұрыш -Көк -Жасыл -Көк -Сары және қызыл. -Дөнгелек Балалар өз бетінше Отарбаға «вагондарын» жалғайды. Балалар композиция құрайды. Балалар «отарбаға» отырып, қайтадан балабақшаға келеді. -отарбаға. -ұнайды. -жеңіл көлік. -жүк көлігі. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Геометриялық пішіндерден отарбаны жасайды.
Түсінеді: көліктің әрқилы түрлері болатынын.
Меңгеру: дайын фигураларды ретімен жинайды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Желімсіз жапсыру
Тақырыбы: «Жеміс сусыны»
Мақсаты: жеміс түрлерімен таныстыру (алма, алмұрт); кағазға салынған банка ішіне дайын жеміс суреттерін орналастыруды үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Алдын ала орындалатын жұмыс: жеміс атауымен және түрлерімен таныстыру.
Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, алма, алмұрт пен банка суреттері, магнитті тақта, алма мен алмұрттың дайын суреттері.
Сөздік жұмыс: жеміс.
Билингвальді компонент: жеміс - фрукты.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері - Балалар, егер біз табиғатты аяласақ, ол өзінің көп жемісін береді. - Кәне, бәріміз баққа барып қайтайық. Тамаша ғой бақшамыз, Саяхатқа шығамыз. Алға басып келеміз, Бәрін, бәрін білеміз. (Е. Өтетілеуұлы) - Балалар, баққа барғанды ұнатасыңдар ма? Жиын-терін болатын, Қамбаға астық толатын, Қызыл қырман ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың? (А. Меңжанова) - Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? Сөздік жұмыс: жеміс. Билингвальді компонент: жеміс - фрукты. Дидактикалық ойын: «Қандай жеміс?» Педагог балаларға жемістердің суреттерін көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды. Сергіту сәті Күзім-ау, күзім-ау, Мінезің бұзық-ау. Жаңбырың сіркіреп Келгенің қызық-ау! (Қ. Ыдырысов) Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Балаларға қағаздан жасалған банканы көрсетіп, жемістерден сусын жасауды ұсынады. Магнитті тақтада суреті салынған банкаға дайын пішіндерді (алма, алмұрт) салып көрсетеді. - Алма қандай түсті? - Алмұрт қандай түсті? - Алма мен алмұрттан сусын қайнаттық, банканы қақпақпен жауып тастаймыз. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Педагог балаларды мадақтайды. -Біз бүгін қандай жемістермен таныстық? -Біз неден сусын жасадық? |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалардың жауабы. Өлеңді тыңдайды, жауап береді: - Күз мезгілі. - Жеміс-көкөністер піседі. - Жапырақтар сарғайып, жерге түседі. - Жаңбыр жауады. Қайталайды: жеміс. Балалар сұрақтарға жауап береді: алма, алмұрт. Балалар бастарын шайқайды, саусақтарымен үстелдің үстін тарсылдатады, саусақтарын шошайтады. Иллюстрацияны қарап, мұқият тыңдайды. - Қызыл. - Сары. Балалар алдарында жатқан банканы алмұрт және алма суреттерімен толтырады. Балалар өз жұмыстарын қарайды. -Алма, алмұрт. -Алма мен алмұрттан. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: қағаздан салынған банка ішіне дайын суреттерді орналастырады.
Түсінеді: жемістердің әртүрлі және әр түсті болатынын.
Қолданады: іс-әрекет барысында алған дағдыларын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Желімсіз жапсыру
Тақырыбы: «Қуыршақтың тақиясын сәндейміз»
Мақсаты: қазақтың ұлттық баскиімі - тақиямен таныстыру; қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен тақияны әшекейлеуге үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшың еттерінің козғалысын жетілдіру. Төзімділікке тәрбиелеу.
Алдын ала орындалатын жұмыс: қазақтың ұлттык, бас-киімдерімен таныстыру.
Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, қазақтың ұлттық баскиімдерінің суреттері (тақия, бөрік, сәукеле); магнитті тақта, салынған тақия, тақияның үкісі мен ою-өрнектері.
Сөздік жұмыс: тақия.
Билингвальді компонент: қуыршақ - кукла.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері Педагог балаларды шеңберге тұрғызады. Бір шаңырақ астында Тату-тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. Ортақ болып ісіміз, Еңбек десе тынбаймыз! (Н.Айтов) Ғажайып сәт Педагог қолына қуыршақ ойыншықты киеді. Балалар, бүгін бізге қуыршақ конаққа келді. Билингвальді компонент: қуыршақ - кукла. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым - Әлия. Педагог балалардан қуыршақтың үстінде қандай киімі бар екенін сұрайды. Сөздік жұмыс: тақия. Тақия - қазақтың ұлттық баскиімі. Тақия қазақтың ою-өрнектерімен әшекейленген. Қазақ халқы үй тұрмысында қолданылатын заттарды ою-өрнектермен әсемдеген. Қуыршақ: -Балалар, менің тақияма ою-өрнек салып бересіңдер ме? Үлестірмелі материалға назарларын аударады. -Тақияның түсі қандай? -Ою-өрнектердің түсі қандай? -Үкінің түсі қандай? Педагог тақияны ою-өрнекпен қалай әшекейлеу керектігін магнитті тақтада көрсетеді. Тақияның үшкір жағына үкіні орналастырады. Жоғарғы жағына үш ою, төменгі жағына да үш ою орналастырады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. -Тақиямыз қандай әдемі болып шықты! Қуыршақ Әлия балалардың тақияларына қызығады. Балаларға рахметін айтады. |
Балалар шеңбер жасап тұрады, әрекет жасайды. -Сәлеметсің бе, қуыршақ! Сұрактарға жауап береді. -Көйлегі бар. -Басында тақиясы бар. Қайталайды: тақия. Тыңдайды. Ынталарын білдіреді. Иллюстрацияны қарап, жауап береді. -Қызыл. -Сары. -Ақ. Балалардың алдында тақия пішіндері мен ою-өрнектер жатады. Балалар дайын тақияларды ою-өрнекпен және үкімен әшекейлейді. Қуаныштарын білдіреді. Балалар Әлиямен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: қазақтың ұлттық баскиімін сәндейді.
Түсінеді: тақия - ұлттық баскиім екенін біледі.
Қолданады: іс-әрекет барысында алған дағдыларын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Желімсіз жапсыру
Тақырыбы: «Жүк машинасы»
Мақсаты: балаларды көлік түрлерімен таныстыруды жалғастыру; дайын пішіндерді қолдана отырып, композиция жасауды үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің козғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала орындалатын жұмыс: жеңіл көлік пен жүк машинасының айырмашылығын айту.
Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, жүк таситын машинаның суреті, магнитті тақта, дайын пішіндер.
Сөздік жұмыс: автотұрақ.
Билингвальді компонент: жүк машинасы - грузовая машина.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері Үлкен сыйлап кішіміз, Аға ақылын тыңдаймыз Достықты үлгі санаған. Бір үйде біз тұрамыз Қалған ата-бабадан, Бірлік - асыл мұрамыз. (Н.Айтов) Ойын жағдаяты: Педагог балаларға машинаның рулін береді. Балаларды жүк таситын машинаға отыруға шақырады. Балалар «жүк машинасынан» түсіп, автотұраққа келеді. Сөздік жұмыс: автотұрақ. Үлестірмелі материалға назарларын аударады. - Жүк машинасы үй жиһаздарын, тамақ түрлерін, құрылыс материалдарын, түрлі жүктерді бір орыннан екінші орынға апарады. - Жүк машинасының терезелері бар екен, ол қандай пішінді? - Машинаның доңғалақтары қандай? - Доңғалақтардың түсі қандай? Дидактикалық ойын: «Көлікті ата». Педагог балаларға машина суреттерін көрсетеді, атауын айтады: - Мынау - жеңіл машина. - Мынау - жүк таситын машина. Билингвальді компонент: жук машинасы - грузовая машина. - Бүгін дайын пішіндерден жүк таситын көлік жасаймыз. Педагог магнитті тақтаға жол суретінің үстіне жүк машиналарын қалай орналастыруды көрсетеді. - Кабинасы қандай түсті? - Кузовы қандай түсті? - Доңғалақтары қандай? - Алдымен кабинаны, одан кейін кузовын, кейіннен доңғалақтарын жалғаймыз. Жүргізушіге көңілді болу үшін аспанға жарқыраған Күнді орналастырамыз. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. - Автотұрақта машина саны көбейді, ал бізге балабақшаға қайту керек. Педагог балалармен бірге «жүк машинасымен» балабақшаға қайтады. - Балалар, жүк машинасы неге керек? Балаларды мадақтайды. |
Балалар шеңбер жасап тұрады, педагогпен бірге өлеңді қайталайды. Балалар рульді алып, машинаға отырғандай болады. Қайталайды: автотұрақ. Балалар суретке қарайды, тыңдайды, сұрақтарға жауап береді. - Төртбұрышты. - Дөңгелек. - Қызыл және көк. Балалар қайталайды: - Мынау - жеңіл машина. - Мынау - жүк таситын машина. Балалар қарайды. - Қызыл және сары. - Жасыл және сары. - Қызыл және көк. Дайын пішіндерден жүк машинасын жасайды. - Жүк машинасы жүк тасу үшін керек. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: дайын пішіндерден жүк машинаны құрастырады.
Түсінеді: жеңіл көлік пен жүк машинасының айырмашылығын.
Қолданады: іс-әрекет барысында алған дағдыларын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Желімсіз жапсыру
Тақырыбы: «Әуедегі ұшақ»
Мақсаты: балаларға ұшақ туралы мағлұмат беру; ұшақты берілген пішіндерден құрау және желімсіз аппликацияға үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала орындалатын жұмыс: ұшақпен таныстыру.
Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, ұшақ суреті, магнитті тақта, ұшақтың дайын пішіні, үнтаспа.
Сөздік жұмыс: әуежай.
Билингвальді компонент: ұшақ - самолет.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері Балаларды шеңберге тұрғызады. Педагог балалардың айтқан сөздеріне ризашылық білдіреді. Ойын жағдаяты: - Балалар, сендер ұшқыш болғыларың келе ме? - Онда әуежайға барайық! Педагог балаларды бірінің артынан бірін тұрғызады. - Балалар, әуежайға қонамыз. Сөздік жұмыс: әуежай. Үлестірмелі материалға назарларын аударады. -Мынау не? Билингвальді компонент: ұшақ - самолет. -Ұшақтың екі қанаты, терезесі иллюминаторы, ұшқыш отыратын кабинасы бар. Педагог магнитті тақтаға берілген ұшақ бөліктерінен ұшақ құрауды көрсетеді. -Ұшақтың негізіне қанаттарын жалғап, көк қағазға орналастырамыз. -Ұшақ негізінің түсі қандай? -Қанаттарының түсі қандай? Композиция жасау үшін Күннің, бұлттардың пішіндерін қолданамыз. Ұшағымыз дайын болды. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Педагог балалармен «әуежайдан» балабақшаға қайтады. -Бүгінгі саяхатымызда сендерге не ұнады? Ойын: «Ұшты-ұшты». Ұшты, ұшты, қарға ұшты! Ұшты, ұшты, балға ұшты! Ұшты, ұшты, ұшақ ұшты! Ұшты, ұшты, пышақ ұшты! Ұшты, ұшты, үйрек ұшты! Ұшты, ұшты, бүйрек ұшты! |
Балалар шеңбер жасап тұрады, бір-біріне жылы сөздер айтады. Балалардың жауабы. Балалар бірінің артынан бірі тұрады, қолдарын жайып, ұшақтың қимыл- қозғалысын жасайды. Қайталайды: әуежай. Иллюстрацияға қарап, жауап береді: -Мынау - ұшақ. Балалар қайталайды: -Ұшақтың екі қанаты, терезесі иллюминаторы, ұшқыш отыратын кабинасы бар. Мұқият карап, тыңдайды. -Сары. -Қызыл. Балалар берілген ұшақ бөліктерінен ұшақ құрастырады. Балалар «ұшақпен» балабақшаға ұшып келеді. Балалардың жауабы. Балалар ойын ойнайды. Ұшатынға кол көтереді, ұшпайтынға қол көтермейді. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: берілген пішіндерден ұшақ құрастырады.
Түсінеді: ұшақтың екі қанаты, терезесі - иллюминаторы, ұшқыш отыратын кабинасы бар екенін біледі.
Қолданады: дайын бөліктерді ретімен жинайды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Желімсіз жапсыру
Тақырыбы: «Бақбақ»
Мақсаты: бақбақ гүлі туралы түсінік беру; бақбақты геометриялық пішіннен (дөңгелек) құрастыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Алдын ала орындалатын жұмыс: бақбақ гүлімен таныстыру, иллюстрацияны қарау.
Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, бақбақ суреті, магнитті тақта, дөңгелек пішіндер, бақбақтың хаты.
Сөздік жұмыс: бақбақ.
Билингвальді компонент: бақбақ - одуванчик.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері — Балалар, бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық! Бақша - біздің үйіміз, Тату-тәтті жүреміз. Баулып апа, ағамыз, Құстай қанат қағамыз. Жақсы болып өсуге, Біз тырысып бағамыз. (Қ. Әлімқұлов) Ойын жағдаят: — Балалар, мен балабақшаға келе жатып, өсіп тұрған бір жалғыз бақбақты көрдім. Ол сендерге хат жазып, суретін салып жіберді. Сөздік жұмыс: бақбақ. Педагог балаларды бақбақтың хатымен таныстырады. «Балалар, менің атым - Бақбақ. Мен далада өсемін. Алдымен сары боламын, содан кейін аппақ шарға айналамын. Үрлесеңдер, шарым ұшып кетеді. Мен жалғыз өсуді қаламаймын. Маған көп дос керек, көмек бере аласыңдар ма?» Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Балаларға бақбақтың суретін көрсетеді: -Мынау - гүл, мынау - сабағы, мынау - жасыл жапырағы. Билингвальді компонент: бақбақ - одуванчик. -Кәне, Бақбаққа көмектесейік, ол үшін алдымен күш жинап алайық. Гулді көріп көбелек, Келді ұшып аялап. Қауышқандай кұшақтап, Қанаттарын жая caп. (Ө. Тұрманжанов) Педагог магнитті тақтаға бақбақ гүлі бейнеленген сары дөңгелектің кішісін үлкен дөңгелектің ішіне орналастырады. Содан кейін жолақ жасыл қағазға гүлді орналастырады. - Ол гүлдің сабағы, жасыл жолақ жапырағы болады, - деп түсіндіреді. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. - Енді осы гүлдерімізді Бақбаққа жіберейік. Осы кезде телефон шыр ете қалады. Бұл кім екен? Бұл мен - Бақбақ! Мен енді жалғыз емеспін, қасымда көп достарым бар! Рахмет сендерге, балалар! Педагог табиғатты аялау қажеттігін балалардың есіне салады. |
Балалар бір-біріне қарап сәлемдеседі, өлеңді қайталайды. Қызығушылықпен тыңдайды. Қайталайды: Бақбақ. Балалар көмектесуге ынта білдіреді. Иллюстрацияны қарайды. Қайталайды: - Мынау - гүл, мынау - сабағы, мынау - жасыл жапырағы. Балалар орындарынан тұрады, екі қолын созып, әрі-бері қозғалтады, қолдарын жоғары-төмен сермейді, денесін әрі-бері қозғалтады. Мұқият қарайды, тыңдайды. Балалар дайын пішіндерден бақбақ гүлін жасап шығарады. Балалар қуанады. Балалар Бақбақпен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: бақбақты геометриялық пішіндерден (дөңгелек) құрастырады.
Түсінеді: табиғатты аялау, бақбақ гүлі туралы түсінік алады.
Қолданады: іс-әрекет барысында алған дағдыларын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Желімсіз жапсыру
Тақырыбы: «Түрлі түсті жалаушалар»
Мақсаты: мереке туралы мағлұмат беру; жалаушаларды түр-түсіне қарай араластыра тізбектеуге үйрету; көргендерін есте сақтап, қиылған жалаушаларды дұрыс орналастыруға, түстерді ажырата білуге үйретуді жалғастыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала орындалатын жұмыс: мереке туралы әңгіме жүргізу.
Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, мереке бейнеленген суреттер, магнитті тақта, дайын жалаушалар.
Сөздік жұмыс: мереке.
Билингвальді компонент: жалауша - флажок.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері - Балалар, бүгін бізде мереке, қол ұстасып, бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік. Педагог жұмбақ айтады: Ұшамын тойда қалықтап, Қолың жетсе, алып бақ. Қызыл, жасыл тусім бар, Соңымнан, кәне, ұшыңдар! Бұл не? Сөздік жұмыс: мереке. -Балалар, мерекеге барғанда қолымызға не аламыз? -Мен сендерге мереке туралы өлең оқып берейін. Мереке - ел мерейі, Мерейлі кун көбейді. Шаңыраққа құт толып, Керегеміз кеңейді. Әр мереке - бақ, Белес, Шаттық, Қимас сәт, кеңес... Халықаралық, Кәсіптік - Бізге бірі жат емес. (Ө.Ақыпбекұлы) Дидактикалық ойын: «Жалаушаның түсін ажырат». Жалаушалардың түсі қызыл, сары, Билингвальді компонент: жалауша - флажок. Үлестірмелі материалға назарларын аударады. - Жалаушалардың түстері қандай? Педагог балаларға жалаушаларды қалай тізу керектігін магнитті тақтада көрсетеді. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. - Қандай керемет жалаушалар жасалды! Біз енді мерекеге орай топқа жалаушалар ілеміз. Педагог балалардын, жұмысын мадақтайды. - Барлығың да әдемі тізбектепсіңдер! Енді мерекені тойлауға болады! Музыка қояды. |
Балалар шеңбер жасап тұрады. Балалар жұмбақтың шешуін табады. Жауабы - шар. Қайталайды: мереке. - Қолымызға шар мен жалауша аламыз. Балалар мұқият тыңдайды. Жалаушаның түсін ажыратады: - Мынау - қызыл. Мынау - сары. -Мынау - көк. Иллюстрацияға қарап, жауап береді. Мұқият қарап, тыңдайды. Балалар жалаушаларды тізбектеп іледі. |
Қуаныштарын білдіреді. Балалар музыкаға билейді. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: жалаушаларды түр-түсіне қарай араластыра тізбектейді.
Түсінеді: мерекенің не екенін.
Қолданады: дайын пішіндерді ретімен жинайды
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Тоқаш
Мақсаты: балаларды мүсіндеудің жаңа материалы – ашыған қамырмен таныстыру; екі қолымен
домалақ шар жасауды үйрету; мүсіндеудің, екі алақанмен жұмыс істеуден басқа, жаңа әдіс-тәсіл-
дерін – жұдырықтармен жұмыс істеу, саусақтардың ұшымен басып тереңдету әдістерін меңгерту;
сондай-ақ мүсіндеудің домалақтау, илеу тәрізді тәсілдерін үйрету; балаларға халқымыздың қонақ
жайлылығы туралы қысқаша мәлімет беру және ойын арқылы бала қиялын дамыту; оларды ұқып
тылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: тандырға пісірілген тоқаштың суреті бар
демонстрациялық көрнекіліктер, дайын ашытылған қамыр, тақтайша, нан кесуге арналған құрал,
тұғырық, алжапқыш, оқтау, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, алгоритм.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: дастарқан туралы суретті кітапшаларды қарау.
Сөздік жұмыс: қамыр
Билингвалды компонент: тоқаш – булочка.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Ғажайып сәт Қолында піскен 3-4 тоқашы бар педагог топқа кіреді. Бүгінгі оқу іс-әрекетінің өзгеше екенін айтады. Мүсіндеуде ермексазды пайдаланбай, ашыған қамырдан томпақ тоқаш мүсіндейтін-дерін хабарлайды. Сөздік жұмыс: қамыр Билингвалды компонент: тоқаш – булочка. - Балалар, бүгін бізге түскі асқа томпақ тоқаш-тар әкелген екен, көлеміне, түсіне, иісіне, дәміне мұқият қараңдар. |
Қуаныштарын көрсетеді. Педагогтың айтқанын мұқият тыңдайды. Қайталайды: қамыр Балалар педагогтың қолында-ғы томпақ тоқаштардың көле-мін, түсін, иісін, дәмін көріп, өз ойларын айтады. |
Ұйымдастырушылық –ізденістік |
Педагог балалардың ойлануына түрткі салады. - Балалар, осындай дәмді томпақ тоқашты қа-лай, неден мүсіндеуге болады? - Ермексаздан, сазбалшықтан жасалған томпақ тоқашты жей аламыз ба? - Балалар, бүгінгі сабағымызда «ашыған қамыр дан» томпақ тоқаштар мүсіндейтін боламыз. Тақтайдың үстіндегі ашыған қамырды шым-шып үзіп алу әдісімен орташа бөлшектерге бө-ліп, жұдырықпен илеп, алақан арасына салып домалақтаймыз. Тақтай бетіне жалпақтап, қа-мыр бетіне жалпақтап, қамыр бетіне саусақпен басып өрнек саламыз. Алгоритммен жұмыс |
- Ермексаздан. - Сазбалшықтан. - Әрине, жей алмаймыз. Балалар қолдарын сабынмен жуып, алжапқыштарын тағып, томпақ тоқаш мүсіндеуге кірі-седі. Тақтайдың үстіндегі ашы ған наннан шымшып алып, ор таша бөліктерге бөледі. Енді жұдырықпен илеп, алақан ара сына салып домалақтайды. Тақтайға салып жалпақтап, қамырдың бетіне саусақтары мен өрнек салады. |
|
Сергіту сәті Балақан-ау, балақан, Кәне, қайсы алақан? Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат! - Енді дайын болған томпақ тоқаштарды асханаға пісіруге апарамыз. |
Сәбилер өлең жолдарына сәй-кес қимылдар жасайды. Балалар өздері дайындаған то-қашты пісіруге апаратынына қуанады. |
Рефлексиялық- түзетушілік |
Педагог асханадан балалардың өздері мүсінде-ген томпақ тоқаштарын әкеледі. |
Сәбилер өздері сомдаған том-пақ тоқаштарын көріп, риза бо лады. Еңбектерінің нәтижесін көреді. |
Күтілетін нәтиже:
- ашыған қамырдан тоқаш мүсіндеуді және тақырып бойынша ашыған қамырдың пішінін өзгер-тіп жасайды;
- «Ас атасы - нанды» қадірлей біледі. «Еңбек етсең емерсің» мақалының мағынасын түсінеді;
- ашытылған нанды алақанға салып ырғақты домалатуды, жұдырықпен илеуді, алақанда жал-пақтауды, саусақтарымен өрнек салуды қолданады;
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Құймақ.
Мақсаты: ермексаздан әртүрлі пішіндер жасату арқылы баланың қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру; тілін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ермексаз, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, ермексазға арналған тақтайша, пісірілген дайын құймақтың үлгісі.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: жұмыр заттар, құймақтың суреті бейнеленген кітапшаларды қарау, құймақтың жасалу жолы туралы әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: құймақ, қамыр дайындау.
Билингвалды компонент: құймақ – оладушки.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, алгоритм.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық - қозғаушылық
|
Ғажайып сәт Педагог Арина апай болып құймақ пісіріп тұрады. (ермексаздан) Амансыңдар ма, балаларым! Мен сендерге тәтті құймақ пісіріп жатырмын. - Балалар, бұл не? - Табада не пісіп жатыр? - Дұрыс айтасыңдар! Табада құймақ пісіп жатыр. Бұл үшін, алдымен, сұйық қамыр дайындаймыз. Дайындаған сұйық қамырды табаға құймас бұрын табаны қыздырып аламыз. Қызған табаға құймақты шөмішпен құямыз. Міне, құймақ дайын. Өте дәмді, әдемі болды. Сөздік жұмыс: құймақ, қамыр дайындау. Билингвалды компонент: құймақ – оладушки. Арина апай балаларға құймақ туралы тақпақ айтып береді. Құймақ Алақай да, алақай! Әжем құймақ пісірді! Май құйды, Балаларға берді. Айшаға берді, Азатқа берді. Данаға, Нұрланға берді. Дәмді, тәтті құймақты Біздің сүйікті әжеміз пісірді. |
Балалар апамен амандасады. Балалар қуанады. - Таба. - Құймақ. Арина апайдың айтқанын мұқият тыңдап, қалай жасағанын қарап тұрады. Қайталайды: құймақ, қамыр дайындау. Апайдың тақпағын тыңдайды. |
|
Арина апай балаларға келесі сұрақтарды қояды: - Апайларың не пісірді? - Қандай ыдысқа пісірді? - Құймаққа не қосты? - Құймақты кімге берді? |
- Құймақ пісірді. - Табаға пісірді. - Май қосты. - Балаларға берді. |
Ұйымдастыру-шылық – ізденістік |
- Қазір сендерге құймақты қалай пісіруді үйретем. - Алгоритмге назар аударады, балаларға ермексаздан құймақ жасап көрсетеді. - Құймақ пішініне келтіру үшін оны алақанның арасына салып жаймалау керек. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Сергіту сәті Қонаққа барамыз Бас бармақтың үйіне Келді бүгін қонақтар. Бес саусағың – бақытың, Сонда, балам, бар құтың. Бес саусағың біріксе, Текке кетпес уақытың. Барлық саусақтар – достар, Бір-бірінсіз болмайды. Балалар, жасаған құймақтарыңды тәрелкеге салып қоюға болады. |
Балалар қызығушылық танытады. Үлестірмелі материалды қарастырады. Апайдың көрсеткенін балалар қайталайды, құймақ жасайды. Саусақтарымен өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды. Балалар жасаған құймақтарын тәрелкеге салады |
Рефлексиялық- түзетушілік |
Балаларды марапаттайды. |
Қуаныштарын білдіреді. |
Күтілетін нәтижелер:
- құймақ жасау үшін ермексазды алақан арасына салып жалпайтып жасайды;
- құймақты қыздырған табада пісіру керектігін түсінеді;
- алдымен ермексазды домалақтау әдісін қолданады;
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Әтешке арналған қоршау.
Мақсаты: домалақтанған ермексазды екі алақанымен есу арқылы сопақшалап, қоршауға баған жасауға болатыны туралы балаға мағлұмат беру; ойын арқылы мүсіндеу қабілеттерін жетілдіру; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттерін дамыту; үй құстарына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: түрлі түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, үлестірмелі материалдар.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Жұмыр заттар мен қоршаулар суреттелген кітапшаларды қарау. Қоршаудың қажеттілігі туралы әңгіме жүргізу.
Сөздік жұмыс: Қоршау.
Билингвалды компонент: Әтеш – петух.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Ойын жағдаят Педагог балаларға үлестірмелі материалдағы суретке назар салып қарауды ұсынады. Балаларға суреттегі әтеш туралы тақпақ оқып береді. Әтеш Таң сәріден оянып, Балаларды оятып. Қоршауға келіп қонып, «Тұрыңдар!» деп шақырар. - Балалар, суретте әтеш ненің үстінде отыр? - Дұрыс айтасыңдар, ол қоршаудың үстіне «ку-ка-ре-ку» деп шақырып отыр. Педагог дайын көрнекілікті балаларға көрсетеді. - Мына қоршауға не жетіспейді деп ойлайсыңдар? - Әтешке осы қоршауға қонақтау ыңғайлы ма? - Мен сендерге осы қоршауға қажетті бағандар жасауды үретейін. Сөздік жұмыс: қоршау. Билингвалды компонент: әтеш – петух. |
Балалар педагогті мұқият тыңдай отырып, үлестірмелі материалдағы суретке қарайды. Тақпақты тыңдайды. - Ол қоршаудың үстінде отыр. Балалар «ку-ка-ре-ку» деп қайталайды. - Қоршаудың бағандары жетіспейді. - Әтешке ыңғайсыз. Балалар келіседі. Қайталайды: қоршау |
Ұйымдастырушылық –ізденістік |
Педагог балаларға қашаның жетіспей тұрған бөліктерінің ермексаздан жасалу жолын түсіндіре отырып көріседі. - Бірінші ермексаздың кішкене бөлігін шымшып үзіп алып, алақанымызға салып, әрі-бері есеміз. Жасаған бағанымызды дайын қоршаудың бағаны жоқ жеріне жалғастырып жабыстырамыз. |
Балалар педагогті мұқият тыңдайды. |
|
- Балалар, қолдарыңнан келіп жатыр ма? Міне, біз осылай әтештің қонақтайтын қоршауының бағандарын жөндеп, қалпына келтірдік. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. |
|
|
Сергіту сәті Қораз, қораз, қоқылдақ, Жемді жейсің шоқып ап. Қанатты кең жаясың, Иығыңды көтеріп, Мойынды тез-тез созасың. Жан-жағыңа қарай сап, Шақырасың қоқ-қоқтап! - Ку-ка-ре-ку! - Жарайсыңдар, балалар, енді жұмысымызды жалғастырайық. - Қолдарыңмен ермексазды қалай бағанға айналдыратынымызды көрсетіңдер. - Дұрыс, алақанға салып әрі-бері есеміз. - Міне, бағандарымыз дайын болды. Енді бағандарымызды орнына дұрыстап орналастырайық. |
Бір-біріне қарап шеңбер жасап тұрады. Денелерін тік ұстап, бастарын оңға бір, солға бір бұрып, кезекпен 2-3 рет қарайды. Жем шоқығандай болып, 2-3 рет жерге бір, төбеге бір қарайды. Екі қолдарын жайып жоғары-төмен 2-3 рет көтереді, түсіреді. Иықтарын көтеріп, мойындарымен толық оңға 2-3 рет, солға 2-3 рет қарайды. Әтешке ұқсап шақырады: Ку-ка-ре-ку! Балалар ермексазбен есу әдісін меңгергендерін алдымен ауада, содан кейін шынайы көрсетіп, бағандарын дайындайды. Дайын бағандарды балалар үлестірмелі материалдағы қоршаудың жалғасы ретінде қояды. |
Рефлексиялық- түзетушілік |
- Балалар, еңбектенсеңдер, қолдарыңнан бәрі келеді екен. Жарайсыңдар! Сендер жасаған қоршау айдарлы әтешке қатты ұнады. Педагог балалардың жұмыстарын «Ата-аналар, сіздер үшін!» атты көрмеге қояды. |
Қуаныштарын білдіреді. |
Күтілетін нәтижелер:
- балалар бағандардың биіктігі мен жуандығын бірдей етіп жасайды;
- оқу іс-әрекетінде еңбекке деген құлшыныстың маңыздылығын түсінеді;
- ермексазды алақанға салып есуді қолданады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Қоянға арналған сәбіз.
Мақсаты: балаларға ермексаз бөлшектерін алақандарына салып есуді, әртүрлі форманы қалыптастыра білуді үйрету; мүсіндей білу және саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; ойлау қабілетінің логикалық дамуын қалыптастыру; сонымен қатар көмекті қажет ететін әлсіз жануарларға көмектесуге әрқашан дайын болу керектігін қорқақ қоянның кейпіне кіре отырып көрсету; балалардың эмоциялық көңіл күйін бақылау; балаларды қоршаған ортаға, табиғатқа, жануарларға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: түрлі түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, ойыншық қоян.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: сопақша мүсін жасау, суреттелген кітапшаларды қарау.
Сөздік жұмыс: ұзын құлақты, бадырақ көзді.
Билингвалды компонент: қоян – заяц, сәбіз – морковь.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық
|
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақ келеді. Ұзын құлақты, бадырақ көзді. Ойлы-қырлы жерлермен ытқып-ытқып жүгіретін, ең сүйікті асы – сәбіз. Ол не? - Дұрыс айтасыңдар, ол – қорқақ қоян. Ал бәрміз бірге оны ортаға шығарайық. Сөздік жұмыс: ұзын құлақты, бадырақ көзді. Хормен: «Қоян, ортаға кел». Ғажайып сәт Біраз уақыттан кейін қоян келіп кіреді. Қоян: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. - Балалар, оны сипап көріңдерші, оның тоны қандай? - Ол несімен ерекше? - Оның
құлағы қандай? - Дұрыс айтасыңдар. Қоянның құлағы ұзын, ал құйрығы қысқа болады екен. Қоян тағы не істей алады? - Ендеше қалай секіретінін көрсетіңдерші. Қолымызбен құлақ жасаймыз, бәріміз бірге секіреміз. Сергіту сәті Ұзын құлақ сұр қоян. Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді. - Мұнда қоян не жасырып қойды екен? Себеттің ішінде не бар екенін көрейік. - Ал мынау не? - Ол кішкене көлемді, дөңгелек, қызыл түсті. - Ал мынау не? - Бұл үлкен, ұзын, қызыл сары түсті. - Ал мына көкөніс қалай аталады? Оны қоян бізге сыйға әкелген. - Ерасыл, бізге қоян не әкелді? - Ясмина, қоян бізге не әкелді? - Ал енді қоян бізбен ойын ойнайды. Ол өзіне қатты ұнайтын көкөністі жасырады, ал сендер оның қандай көкөністі жасырын тұрғанын табуларың керек. Мұқият тыңдаңдар. Қоян: - Ол ұзын, үлкен қызыл сары түсті. Бұл қандай көкөніс? - Ол кішкене көлемді, доп тәрізді, қызыл түсті, жұмсақ. Бұл не? - Ол үлкен доп тәріздес, жасыл түсті, көп жапырақ оралған. Бұл не? Сергіту сәті: Үлестірмелі материалда бейнеленген қоянға арнап көкөністер әзірлейік. - Қоян қандай көкөністі ұнатады деп ойлайсыңдар? Педагог жұмысты орындаудың ретін түсіндіреді: ермексазды алақанға салып, сәбіз көлеміне келтіріп есеміз, бас жағын жуандау етіп, төменгі жағын жіңішкертеміз. - Қараңдаршы, сәбізге ұқсады ма? - Енді сендер алдарыңда тұрған ермексазды алып, өздерің сәбіз сомдап көріңдер. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Билингвалды компонент: қоян – заяц, сәбіз – морковь. - Балалар, бізге қонаққа кім келді? - Ал қоян қандай көкөністі жақсы көреді? - Ал сендерге қандай көкөніс ұнайды? - Бүгінгі сабақта сендерге не ұнады? - Қоян сендерге рақмет айтып, сау болыңдар деп қоштасуда. Педагог әр баланың салған суреті мен сомдаған сәбізін ата-анаға арналған көрме тақтасына қояды. |
Қызығушылығын туғызу. Ол қоян. «Ұзын құлақты, бадырақ көзді» сөздерін қайталайды. |
Ұйымдастырушылық –ізденістік |
- Сәлеметсің бе, қоян! - Жұмсақ әрі әдемі. - Құлағымен. - Ұзын. - Құйрығы. - Қысқа. - Секіре алады. Балалар қимыл жасайды. Орманның ішінен себет тауып алады. Себеттің іші көкөніске толы: қырыққабат, сәбіз, қызанақ т.б. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
- Қырыққабат. - Қызанақ - Сәбіз. - Сәбіз әкелді. - Қызанақ әкелді. - Сәбіз. Қимыл-қозғалыстарды педагогпен бірге жасайды. - Сәбізді. Балалар қарайды. Педагогті мұқият тыңдайды. Балалар ермексазбен жұмыс жасай бастайды. Жасалған сәбізді балалар үлестірмелі материалда бейнеленген қоянның қасына қояды. |
|
Рефлексиялық- түзетушілік |
- Қоян келді. - Сәбізді. Балалар өздеріне ұнайтын көкөністерді, сабақта не ұнағанын айтады. - Сау бол, қоян! |
Күтілетін нәтиже:
- бала мүсіндеуде – ермексаз бөлшектерін алақандарына салып есуді, әртүрлі пішіндерді жасайды;
- қоянның дене мүшелерін (көзі, құлақ, құйрығы, аяғы) таниды, қоян сәбіз бен қырыққабатты жақсы көретінін түсінеді;
- ермексаздан шымшып үзіп алып, алақанмен домалақтап, жоғары жағын – жуан, төмен жағын жіңішкелеп мүсіндеу амалдарын қолданады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Пирамида.
Мақсаты: балаларға ермексазды шымшып үзіп алу және домалақ, жұмыр мүсіндер туралы мағлұмат беру; ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгерту; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру; ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: демонстрациялық көрнекіліктер, ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: жұмыр заттар, түрлі түсті доптар, жастықшалары суреттелген кітапшаларды қарау, педагогтің жасаған дайын көрнекілік материалын балаларға көрсетіп, қолдарына ұстатып, сипау арқылы сездіру.
Сөздік жұмыс: сақина.
Билингвалды компонент: пирамида – пирамида
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Ғажайып ойын Педагог балалардан пирамидаға мұқият қарап алуды сұрайды. Пирамиданың сақиналарын бір-бірден шешіп, қайтадан кигізеді. - Балалар, бұл әдемі пирамидаға мұқият қараңдаршы. Пирамиданың ұшар басына дейін әдемі, түрлі түсті ағаштан жасалған сақиналар көз тартады. Сөздік жұмыс: сақина. Билингвалды компонент: пирамида – пирамида. Педагог: - Балалар, мына пирамиданың сақиналарын алып, қайта салыңдар. - Қараңдаршы, қандай әдемі! Осындай пирамидамен ойнағыларың келе ме? |
Балалар педагогті мұқият тыңдай отырып, үлестірмелі материалдағы суретке көз жүгіртеді. «Сақина» сөзін қайталайды. Ойынға кіріседі: пирамида құрастырады. |
Ұйымдастырушылық –ізденістік |
- Дәл осындай пирамиданы біз өз қолымызбен, ермексаздан мүсіндей аламыз. Мен сендерге мүсіндеу жолдарын үйретемін. Педагог түсіндіреді: - Ең бірінші біз бейненің негізін жасап алуымыз керек. Ол үшін ең астына қызыл түсті ермексазды таңдаймыз. Алдымен екі алақан арасына салып, ермексазды домалақтаймыз. Шар пішініне келтірген соң алақан арасына салып, қатты қысып, жалпақтаймыз. - Енді көк түсті ермексазды алып, тағы да домалақтап шар жасағаннан кейін, оны сопақтап есіп, сақина тәрізді екі ұшын біріктіріп, қызыл түстің үстіне орналастырамыз. - Келесі сақинамыз сәл кішілеу, сары түсті болады. Оны да домалақтап, алақан арасына салып есіп, сақина жасап, көк түсті сақинаның үстіне кигіземіз. |
Ынталарын көрсетеді. Қарайды, мұқият тыңдайды. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
- Ең бастысы – төбесін жасау, ол домалақ, қызыл түсті. - Міне, біздің өз қолымызбен мүсіндеген пирамидамыз да дайын. Сергіту сәті. Саусақ жаттығуы Бала, бала, балақан, Кәне, қайсы алақан. Саусақтарың әйбәт, Былай, былай ойнат. Топ, топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса-жаса, жарқын күн! Жаса-жаса, алтын күн! - Жарайсыңдар, балалар! Ал енді ермексазды алып, пирамида сомдауға кірісіңдер. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. |
Балалар алақандарымен шапалақ соғып, әрі-бері саусақ арасын ашып қозғалтып, жаттығады. Аяқтарымен топ-топ басып, ауада құшақтарын кең ашып күн жасап, бір-біріне көрсетеді. Балалар пирамида мүсіндеуге кіріседі. Өздері сомдаған дайын пирамиданы үлестірмелі материалға, ойыншықтар арасына орналастырады. |
Рефлексиялық- түзетушілік |
Балаларды мадақтау. - Міне, балалар, сендер қандай әдемі пирамида мүсіндеп шықтыңдар. - Жарайсыңдар! |
Балалар қуанышты жүздерін көрсетеді. Жұмыстарын «Менің еңбегім» атты көрмеге қояды. |
Күтілетін нәтиже:
- ермексаздан шымшып үзіп алу, алақанмен домалақтап алып, оны сопақтап есу арқылы пирамида жасайды;
- әртүрлі түстер мен көлемді сақинаны ажыраты білу дағдысын түсінеді;
- ермексаздан дөңгелек пішін жасау амалдарын қолданады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Үй құстарына жем шашайық
Мақсаты: ермексазды шымшып үзіп алу әдісін бекіту және домалақ, жұмыр мүсін туралы мағлұмат беру; сазбалшықты алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін үйрету; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру; үй құстарына қамқор болуға тәрбиелеу;
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, диаметрі 5 мм болатын кішкене дөңгелекшелер, 10-20 дана; ойыншықтар – мысық, тауық пен балапан.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: дөңгелек жасау, педагогтің жасаған дайын көрнекілік материалдарын балаларға көрсетіп, қолдарына ұстатып, сипау арқылы сездіру.
Сөздік жұмыс: шөже, жем.
Билингвалды компонент: тауық – курица, балапандар – цыплята.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Ғажайып сәт - Балалар, естідіңдер ме? «Ко-ко-ко-ко». Бұл не? - Бізге қонаққа тауық пен балапан келіпті. Келіңдер, олармен амандасайық. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Балалар, тауық қайда тұрады? - Тауық – үй құсы. Сендер басқа тағы қандай үй құстарын білесіңдер? - Балалар, тауық бізді ойнауға шақырып тұр. Сергіту сәті Ойын: «Мысық пен балапандар» Ұзаққа кетпеңдер, Орындықта да, жол да Мысық ұйықтап жатыр. Ақырын көзін ашып, Балапандарды аңдып жатыр. - Мяу! (Педагог ойыншық мысықпен балапандарды – балаларды қуалайды). Ойын 2-3 рет қайталанады. |
Тыңдайды, сұраққа жауап береді. Бұл тауық. Сәлеметсіз бе, тауық! - Адамдардың жанында. - Қаз-үйректер, күркетауықтар. Ойынға кіріседі. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог үлестірмелі материалға балалардың назарын аударады: - Мына алаңға қараңдаршы, онда жасыл шөп өсіп тұр. Тауық балапандарымен алаңға келіп: «Ко-ко-ко!» - деп шақырады. - Менің балапандарымның тамақ ішкісі келіп тұр. Сөздік жұмыс: шөже, жем. Билингвалды компонент: тауық – курица, балапандар – цыплята. - Менің балапандарым жемді жақсы көреді. Тауық алаңнан жем іздейді, бірақ таппайды. - Келіңдер, тауық пен балапандарға жем шашайық. |
Үлестірмелі материалдағы суретті қарайды, педагогті мұқият тыңдайды Шөже, жем сөздерін қайталайды |
Ұйымдастырушылық –ізденістік |
Қарындары ашып қалыпты. - Қараңдар, үстелдеріңнің үстінде ермексаздан жасалған кішкене түйіршіктер бар екен. Олардың түсі қандай? - Одан дөңгелекшелер жасап, оны жасыл шөпке қоямыз, саусақпен басамыз. Қараңдар, міне, былай! - Бұл – тарылар. Барлық балапандарға беру үшін көп дөңгелекше жасау керек! Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Тауық тарыны шұқып тұрып: - Ко-ко-ко! Рақмет! Өте тәтті тарылар! – дейді. |
- Сары. Балалар өз бетінше дөңгелекше жасап, оны саусақтарымен басады. Тауықтың суреті бар көрініске бекітеді. |
Рефлексиялық- түзетушілік |
- Жарайсыңдар, балалар, көп жем жасап, тауық пен балапандарды азықтандырдыңдар. Сонымен, бүгінгі сабағымыз не туралы болды? - Не үйрендіңдер? Естеріңде не сақталып қалды. |
Балалардың жүзі қуанышты. Үй құстары жайында. Ермексаздан қалай тары жасайтынын үйрендік. |
Күтілетін нәтиже:
- ермексаздан шымшып үзіп алып, алақанмен домалақтап, дайын бөлшектерді бір-біріне саусақпен басып жапсыруды жасайды;
- тауық пен шөжелері немен қоректенетінін, үй құстары қайда тұратынын, олардың адамға пайдасын түсінеді;
- ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын қолданады;
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Анама арнап тәтті прәндік пісіремін.
Мақсаты: балаларды қамырмен жұмыс жасауға үйрету; балалардың ой-өрісін арттыру мақсатында ермексаздың кішкене бөлігін алақанмен тікесінен қимылдату арқылы домалақ пішінін жасауды және саусақпен жай ғана басуды үйрету; балалардың ойлау қабілетін арттыру; тіл байлығын дамыту; ұсақ бөлшектермен жұмыс жасауға үйрету; ана-әжелеріне деген сүйіспеншілікке, бауырмалдыққа баулу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, диаметрі 5 мм болатын кішкене дөңгелекшелер.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: дөңгелек жасау, педагогтің жасаған дайын көрнекілік материалдарын балаларға көрсетіп, қолдарына ұстатып, сипау арқылы сездіру.
Сөздік жұмыс: тостаған.
Билингвалды компонент: ұн – мука.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Педагог: - Балалар, бүгін біз анамызға сыйлық ретінде дәмді прәндік пісіреміз. Ол үшін ең бірінші қолымызды жуамыз, алжапқышты тағамыз. Балалар, есімізге түсірейікші басты кейіпкер бауырсақ болатын қандай ертегі еді? Ертегінің аты естеріңде ме? - Балалар, бауырсақта неден пісіреді? Ойланыңдаршы! - Менің үстелімнің үстінде осы заттар бар. Кәне, осы заттарды көрейік. - Балалар, ұн қандай? - Ал қант ше? |
Қызығушылықтарын білдіреді. Ойланады, жауап береді. - «Бауырсақ» ертегісі. - Ұн. Қант. Сарымай. Жұмыртқа. - Ұн аппақ, үлпілдек. - Қант дәмді, аппақ. |
Ұйымдастырушылық –ізденістік |
Билингвалды компонент: ұн – мука. - Ал, балалар, мен прәндік жасай берейін. Менің шұңғыл кесем бар. Кесеге алдымен жұмыртқа мен қантты жақсылап араластырамыз. Оған сарымай қосып, тағы араластырамыз. Содан кейін оған ұн қосып, илейміз. - Қараңдаршы, біздің қамырымыз қандай болып шықты? Бұндай қамырды құмды қамыр дейміз. Ал енді қамырды тақтайшаның үстіне қоямыз. Қамырмен жұмыс жасаймыз. Әр балаға қамырдан кішкентайдан үзіп береді. - Балалар, енді қамырды екі бөлікке бөлеміз. Енді алдыңғы мүсіндеу сабағында ермексазбен қалай жұмыс істегенімізді еске түсірейік. Біз екі алақанымызбен қамырдан сопақ пішін жасаймыз. Екінші қамырды да солай жасаймыз. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. - Ал енді прәндігімізді пешке қоятын тостағанға саламыз. |
Балалар педагогтің іс-әрекетін қарап тұрып, тыңдайды. 2-3 бала педагогке көмектеседі. Балалар қамыр илейді, прәндік жасайды |
Ұйымдастырушылық –ізденістік |
Сөздік жұмыс: тостаған. - Ал енді прәндікті аспазға апарып береміз, аспаз оны пешке пісіреді. Біз дайын тағамды аналарымыз бен әжелеріміздің мерекесіне сыйға тартамыз. Сергіту сәті. Анамызға Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған! |
«Тостаған» сөзін қайталайды. Балалар қол ұстасып шеңбер жасайды. Тоқап, қолдарын кеудесіне қояды, қолдарын алға созады. |
Рефлек сиялық- түзетушілік |
Балалар сабақтың соңында педагогпен бірге жасалған прәндіктен ауыз тиеді. |
Қуанышты жүздері бал-бұл жайнайды. |
Күтілетін нәтиже:
- балалар қамырмен мүсіндеу әдісі дағдыларын жасайды;
- аналар мерекесіне арнайы сыйлық («Әжеме», «Анама») сыйлауды түсінеді;
- қамырмен мүсін сомдау әдісін қолданады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Ұшақ
Мақсаты: балаларға қуаныш сыйлау; эстетикалық түйсікті жаттықтыру; ой-өрістерін кеңейту; сабақта мүсіндер жасауды үйрету; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру; кішкентай нәрселер жасауға ынтасын арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: әр түсті ермексаз кесектері, қағаздан және матадан жасалған сүрткіштер, дастарқандар, үлестірмелі материалдар, ойыншық – ұшақ.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: ұшақтар бейнеленген кітапшаларды қарау, педагогтің жасаған дайын көрнекілік материалын балаларға көрсетіп, қолдарына ұстатып, сипау арқылы сезіндіру.
Сөздік жұмыс: қанат, аспан.
Билингвалды компонент: ұшақ – самолет.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивация-лық қозғау -шылық
|
Ойын жағдаят Педагог іс-әрекетін дидактикалық ойыннан бастайды. Ойынның атауы: «Не жетіспейді? Шешіп көр». Тікұшақ, кеме мен машина, ең соңында ұшақтар алынып тасталынады. |
Балалар көздерін жұмады, ал педагог үш көріністің ішінен біреуін алып қояды. Балалар жоғалған көріністерді атайды. |
Ұйымдастырушылық –ізденістік |
Ғажайып сәт Топта ойыншық ұшақтар ұшады. Педагог балалармен бірге оның түсі мен бөліктерін қарайды. - Қараңдаршы, балалар, бізге ұшақ ұшып келпті. Билингвалды компонент: ұшақ – самолет. Оның түсі қандай? - Дұрыс айтасыңдар, ақ түсті. Ал ұшақтың қанаттары өте үлкен және жұқа. Қанаттар ұшу үшін керек. Оның түсі қандай болады? - Ұшақта оның бөлімдері және құйрығы болады. Сөздік жұмыс: қанат, аспан. Педагог балаларға ермексаздан ұшақ жасауды үйретеді. - Ұшақ жасау үшін ең алдымен екі бөлік ермексаз кесегі керек. Алақанмен тағы да дөңгелектер жасаймыз, одан кейін ермексаздың екінші бөлігін төртбұрыштап, үшбұрыштап бөлеміз. Екінші бөлігі – бұл ұшақтың қанаты болады. Сергіту сәті. Ұшақтар Ұшақтар зымырайды. Ұшақтар ұшады. Біз тыныш отырып, Ұшақтарды бақылаймыз. |
Қарастырады, балалардың болжамды жауаптары: - Ақ. - Көк. «Қант, аспан» сөздерін қайталайды. Балалар қолдарын бүгіп, алға қарай айналдырады. Қолдарын алға сермеп, алға қарай жылжиды. Тізелерін бүгіп, қолдарын тізеге қарай түсіреді. |
|
- Ия, балалар, біз ұшақ сияқты ұшамыз, ал қазір ермексаздан ұшақ жасаймыз. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. |
Барлығы жұмысқа кіріседі: ұшақ мүсіндейді. Дайын ұшақты үлестірмелі материалдағы суретке орналастырады. |
Рефлексия- лық- түзетушілік |
- Жарайсыңдар, балалар, жасаған ұшақтар өте әдемі болып шықты. Педагог балалар жасаған ұшақтарды ата-аналарға арналған көрмеге қояды. |
Қуаныштан жүздері бал-бұл жанады. |
Күтілетін нәтиже:
- ермексазды алақанға салып есуді, есілген дайын бөлшектерді бір-біріне көлденеңінен жабыстыруды жасайды;
- көліктердің түрлері: темір жол көлігі, су көлігі, жол көлігі, әуе көлігі болатынын түсінеді;
- ермексазбен жұмыс істеу әдістерін қолданады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Бауырсақ.
Мақсаты: ермексазды шымшып үзіп алу және домалақ, жұмыр мүсін жасау туралы мағлұмат беру; «Бауырсақ» ертегісі арқылы мүсіндеуге баулу; қол өнерінің басқа да техникалық түрлерін пайдалану, жолды түрлі түсті қарындашпен сызу және бауырсақты тірі кейіпке айналдыру (көздері түймеден), бет бейнесін жасау; бала қиялын дамыту; мүсіндеудің домалақтау, илеу тәрізді тәсілдерін үйрету; ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: қызыл, сары және ақ түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері, бауырсақта тірі кейіпке айналдыруға арналған түймелер мен моншақтар, түрлі түсті қарындаштар.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: «Бауырсақ» ертегісін интерактивті тақтада 2 – 3 рет, театрландырылған ертегі түрінде 1 – 2 рет көру.
Сөздік жұмыс: бүйрек беті қызарған.
Билингвалды компонент: бауырсақ – колобок.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива-циялық қозғаушылық
|
Ойын жағдаят Педагог балаларға «Бауырсақ» ертегісінің ойыншық кейіпкерлерін көрсетеді. |
|
Ұйымдастырушылық –ізденістік |
- Бұл қай ертегінің кейіпкерлері. - Ал бұл кейіпкердің ішінде қай кейіпкер жетіспейді? Педагог «Бауырсақтың» терезенің алдында тұрған суретін көрсетеді де, ертегіден үзінді оқиды. Сергіту сәті. Бауырсақ Бидай ұннан иленген, Өзін майға пісірген. Бүйрек беті қызарған, Шуақты күнге ұқсаған. Ыстық пештен түсірген, Суысын деп «Бауырсақты», Терезеге түсірген. Терезеден секіріп, Жол бойымен жөнелген. Сөздік жұмыс: бүйрек беті қызарған. Билингвалды компонент: бауырсақ – колобок. Педагог ашық жасыл түспен боялған «ұзын жол» жолақшаны төсейді және жолақтың үстіне қарындашпен қисық-қыңыр жол сызады, осы жолмен «Бауырсақ» аңдармен, кедергілермен кездесе отырып, домалайтынын айтады. - Балалар, әркім өзінің үлестірмелі материалында «Бауырсақтың» жолын салсын. |
- «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері. - «Бауырсақтың» өзі жетіспейді. Балалар әр сөзді қайталап, оны қимыл-қозғалыспен көрсетеді. «бүйрек беті қызарған» сөздерін қайталайды. Педагогті балалар мұқият тыңдайды, тапсырмаларды орындайды |
|
- «Бауырсақ» неге, кімге ұқсайды? – деп, шар тәрізді заттарды көрсете бастайды. Педагог: - Әже «бауырсақта» қалай иледі? - Оқтаумен қалай жайды? Педагог ермексазды алақан арасына салып, домалақтау тәсілімен айналдырып, одан кейін екі алақанын қысып жалпақтап, «Бауырсақтың» келбетін келтіреді. Қоңыр моншақпен – көз, есілген жолақшамен – ауыз, мұрын орнатып, мүсінді кәдімгі «Бауырсаққа» ұқсатып келбеттендіреді. Дайын «Бауырсақты» салынған жолға тұрғызды. Енді балалар кейіпкерді өздері сомдауға кірісті. |
Балалар ермексазды алақан арасына салып, домалақтау тәсілімен айналдырып, одан кейін екі алақанын қысып жалпақтап, «Баурсақтың» келбетін келтіреді. Қоңыр моншақпен көзін, есілген жолақшамен ауызын, мұрнын орнатады. |
Рефлексиял-ық- түзетушілік |
Балалардың қалауымен педагог «Бауырсақ» ертегісін балалар өздері жасаған ойыншық кейіпкерлерімен қойылым түрінде көрсетеді. |
Балалар өздері мүсіндеген «Бауырсақтарды» жолмен жүгіртіп, ертегіні қайталап, қойылым қояды. |
Күтілетін нәтиже:
- ермексазды алақан арасына салып домалақтау және жасаған мүсіндерін қойылымға қосуды жасайды;
- «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлерді таниды және аттарын атағанда түсінеді;
- жасаған мүсіндерді талапқа сай болу үшін басқа қосымша құрал-жабдықтарды қолданады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Қуыршақтар-құламақтар.
Мақсаты: баланың домалақ пішін жайлы танымын арттыру; қуыршақ-құламақтың дене ерекшелігімен таныстыру, кеудесі, басы және аяқ-қолдары домалақ екенін түсіндіру; денелерді бір-біріне бекітуді үйрету; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру; ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: әртүрлі құламақтар суреті, ермексаз, қағаз және мата майлықтар; тақтайша немесе клеенка, үлестірмелі материалдар, теңселген ойыншықтар.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: құламақ туралы ертегіні тыңдау.
Сөздік жұмыс: құламақ.
Билингвалды компонент: құламақ – кукла.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива-циялық қозғаушылық
|
Педагог өлеңді оқиды. Біз қандаймыз? Қуыршақпыз-құламақпыз, Бізді ақырын тербетсең, Ұзақ уақыт тоқтамаймыз. Солға-оңға, солға-оңға, Біз тік тұрмаймыз. - Балалар, қуыршақпен қалай ойнау керек екенін білесіңдер ме? Маған көрсетіңдерші. |
Балалар өлеңді тыңдайды, теңселген қуыршақтың қимылын қайталайды. Балалар қуыршақпен ойнайды. |
Ұймдастырушылық –ізденістік |
- Балалар, қуыршақты неге құмалақ деп атайды, білесіңдер ме? Дұрыс, бұл қуыршақты жатқызуға болмайды. Ол туралы мынадай жұмбақ та бар: Міне, қыңыр адам! Жатқызуға көнбейді! Сендерге осындай кездесе ме? Мүлде ұйықтағысы келмейді, Жатқызсам – қайтып тұрады, Тұрады да, тербеледі, Ол қалай аталады? Сөздік жұмыс: құламақ. Билингвалды компонент: құламақ – кукла. - Келіңдер, оны жақсылап қарайық. - Қалай ойлайсыңдар, оның бөліктері неге ұқсайды (басы, денесі, қолы)? Пішіні қандай? - Қуыршақ-құламақ жасалған? Көрсетіңдерші, ең үлкен шар қай жерінде? Ал ең кішісі ше? - Қараңдаршы, киімі неткен әдемі! Ол қандай түс? - Құламақты басқа түспен жасауға бола ма? - Міне, алдарыңда ермексаз. |
«Құламақ» сөзін қайталайды. Қуыршақты қарастырады, жауап береді. - Дөңгелек. Балалар көрсетеді және атын айтады. - Қызыл, сары түсті. |
Ұймдастырушылық –ізденістік |
Қалай ойлайсыңдар, онымен ойнау қызықты болу үшін қандай түсті ермексаз алуға болады? - Дұрыс айтасыңдар, ашық түстерді алған дұрыс: ашық қызыл, сары т.б. - Құламақты жабыстыру үшін бірнеше бөліктерге бөлу керек: бір кішірек және екі кішкентай. - Содан кейін дөңгелек жасау керек. Оны қалай жасаймыз. - Бұл үлкен дөңгелектен не жасаймыз? - Әрине, кеудесін. Ал кішірек дөңгелектен ше? - Дұрыс, басын. Ал кішкене дөңгелектен қолдарын жасаймыз. Педагог құламақ-қуыршақтың жасалу жолдарын көрсетеді. - Қуыршақ дайын, бірақ мен бір нәрсе істеген жоқпын? Қалай ойлайсыңдар, ол не? - Дұрыс, құламақа көз бен ауыз керек. Енді соларды жасаймын. Сергіту сәті. Шаршасаңдар, балалар, Қолдарыңды созыңдар. Саусақтармен ойнаңдар, Қолдарыңды сермеңдер. Денелерің шынықсын, Саналарың тынықсын Қараңдар, менің қуыршағым дайын. Сендер де осындай құламақ жасаңдар. Педагог жеке жұмыс жүргізеді. |
Басы, кеудесі, екі қолы, қолы – төрт бөлік. - Басы – дөңгелек шар, кеудесі және қолы. Балалар қолдарымен дөңгелек жасап көрсетеді. - Кеудесін. - Басын. Балалар қарайды, мұқият тыңдайды. Көзі мен ауызын жасау керек. Қимыл-қозғалыстар жасайды. Балалар қуыршақ сомдайды. |
Рефлексия –лық түзету- шілік |
Балаларды мадақтайды. -қараңдаршы, балалар, қанша түрлі түсті әдемі құламақ жасадыңдар! Сендерге ұнады ма? |
Жүздері қуаныштан бал-бұл жанған балалар өздерінің жұмыстарын ата-аналарына арналған көрмеге қояды. |
Күтілетін нәтиже:
- ермексазбен жұмыс істеудің дағдыларын жасайды;
- таныс формалармен мүсіндеу тәсілін түсінеді;
- сюжеттік ойындардың мақсатын түсінеді және қолдан жасаған жұмыстары туралы әңгімелеуді біледі; ермексазбен жұмыс істеудің дағдыларын қолданады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: «Доптар»
Мақсаты: балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, педагогтің ұсынған шарты бойынша екі бөліктен тұратын доптың суретін кеңістікте дұрыс орналастыра отырып құрастыра білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: доп, доптардың суреті, доптың екі бөлікке қиылған суреттері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Сөздік жұмыс: түрлі-түсті доптар
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады. Қолындағы допты жерге соға отырып: Добым менің, добым менің, Өзің неткен көңілді едің, Зымырайсың қутыңдайсың, Бірақ, менен құтылмайсың, - деп айта отырып, балаларға доппен бірге аяқтың ұшымен жеңіл секірулерін ұсынады. Бірнеше рет қайталайды. «Менің добым ете көңілді, қандай биікке секірді, енді осындай допты сендер жасап көріңдер», - деп орындарына отырғызады. Тәрбиеші өзінің қолындағы үлкен және кіші доптың суреттерін көрсетіп, пішінін, түсін сұрайды. Әр баланың айтуына мән береді. Әр балаға екі бөліктен тұратын, қағаздан қиылган доптарды таратып береді және оны құрастыруды сұрайды. Алдымен үлкен допты құрастырамыз, содан кейін кіші допты құрастырасыңдар деп тапсырма береді. «Түсіне сәйкес доп құрастыр» ойыны. Балалар іс-әрекетіне бақылау мен басшылық жасалып, көмек көрсетіледі. Әр бала өзінің құрастырған добын көрсетіп, түстерін айтып, үлкен, кіші көлемін салыстырып көрсетеді. Балалар іс-әрекеті мадақталады. |
Балалар шеңберге тұрып, қос аяқпен, жеңіл секіреді. Үлкен доп -қызыл, кіші доп - көк. Олар өздеріне берілген доптарды құрастырады. Мұнда балалардың доптарының түстері ауыстырылады, өзінің добының түсі қандай екенін айтып береді. Қайсысы, үлкен, қайсысы кіші екенін ажыратады, түстерін нақтылап айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: екі бөліктен тұратын қағаздан жасалған допты құрастыруды және түсі, көлемі, пішінін ажырата алуды;
Игеру керек: «үлкен», «кіші»деген ұғымдарды игереді және оны іс-әрекет бары-сында көрсете алады;
Меңгеру керек: қағазбен жұмыс жасауда оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: «Тостаған»
Мақсаты: Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, педагогтің ұсынған шарты бойынша үш бөліктен тұратын тостағанның суретін қағаздан кенңістікте дұрыс орналастыра отырып құрастыра білуге үйрету. Баланың шығармашылық белсенділігін қиялын, зейінің, байқағыштығын дамыту. Қажетті құрал-жабдықтар: тостаған, тостағанның суреттері, тостағанның үш бөлікке қиылған суреттері. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Сөздік жұмыс: Тостаған
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
«Тілек шеңбері» Сәлем саған жаңа күн, Сәлем саған, балақай, Қуанышпен әр таңды Қарсы аламыз, алақай! Үлкен-кіші тостағанның суретін көрсетіп түсін, пішінің, қай тостаған үлкен, қайсысы кіші екенін сұрау. Қуыршақ Тоқжан мен Әсел балаларға қонаққа келеді. «Кімнің тостағаны?» ойыны. Алдымен балалармен бірге қай қуыршақ үлкен, қай қуыршақ кіші екенін ажыратып алады. -Ойланыңдар, тостағанға не құямыз? Қай қуыршаққа қандай тостаған мен сүт немесе айран бергілерің келеді? Әр балаланың алдында екі түрлі, үлкен және кіші тостағандар бар. Олар үш бөлікке бөлінген. Тәрбиеші тақтада қиылған тостағандарды қалай құрастыруға болатынын көрсетеді. Балалардың іс-әрекетіне бақылау мен басшылық жасалады. Өздері құрастырған тостағандары туралы айтып беруді сұрайды. |
Балалар шеңберге тұрып, іс-әрекет жасайды. Үлкен қызыл тостаған, сары кіші тостаған. Балалар қуыршақтармен амандасады. Тоғжан үлкен, Әсел кіші. «Сүт, айран, қымыз», -деп жауап береді. Мен Тоқжанға, мен Әселге деп балалар өз ойларын айтады. Балалар өздерінің алдыларындағы тостоғандарды құрастырады оны кімге дайындағаннын айтады. Олар түсін, көлемін, қай қуыршаққа, не құйып бергісі келетінің айтады. |
Күтетін нәтиже:
Білу керек : үш бөліктен тұратын қағаздан жасалған тостағанды құрастыруды және түсі, көлемі, пішінін ажырата алуды;
Игеру керек: «үлкен», «кіші», деген түсініктерді және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
Меңгеру керек: қағазбен жұмыс жасауда тостағанды көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: « Бауырсақ»
Мақсаты: балалардың саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, қағазды умаждау арқылы белгілі бір затты жасауға болатынын түсіндіру, қағазбен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: «Бауырсақ» ертегісінің суреттері, сүттің босаған қораптары, 4\1 бөлікке бөлінген сары түсті жұмсақ қағаздар, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, «Бауырсақ» ертегісін оқып беру, сұрақ-жауаптар
Сөздік жұмысы: бауырсақ
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Бауырсақ» ертегісін еске түсіру, суреттері немесе үстел үсті театры арқылы әңгімелеу. Ата мен әжені көрсете отырып, Бауырсақ қандай аңдарға кездескенін сұрайды. Есік қағылып, қонаққа Бауырсақ келеді. Педагог: «Бауырсақ бүгін көңілді, ол сендерге өзі сияқты бауырсақты қағаздан жасап беруді өтіне келіпті. -Жасап берейік пе?» -деп балалардан сұрайды. Ол үшін: сары түсті қағазды алып оны 4/1 бөлігін саусақтармен басып, умаждап көрсетеді, әр балаға қағаз таратып беріп, енді өздері оны умаждауларын сұрайды, қағазды ашып, жазып көрсетеді де, қайтадан тағы да умаждау керектігін айтады. Осылай үш рет ашып, бүктеп умаждайды. Қағаз «домалақталады» бұл Бауырсақ болады. Педагог сүттің бос қорабынан екі шағын топқа арналған көрнекілік дайындайды. Қораптың сырты бір түспен қапталған және оның бір бетінда қоян мен қасқыр, екінші бетінде аю мен түлкінің суретін жапсырып дайындап қойған. Педагог қораптарды бірінің үстіне бірін қойғанда ертегі кейіпкерлері құрастырылатындығын түсіндіреді. Екі топтан кезекпен балалар шақырылып, суреттерді құрастыру ұсынылады. Балалар бүгінгі сабақта не жасағандары жайында айтып береді, қалай жасады, неден жасады? |
Балалар қоян, қасқыр, аю және түлкіге Бауырсақтың кездескені туралы айтып береді. Бауырсақпен амандасады. Өздеріне берілген қағаздарды саусақтарымен басып, алақандарына салып умаждайды. Осы іс-әрекет түрін бірнеше рет қайталайды. Қағаз домалақтанып, Бауырсақ пішіні шығады Балалар қораптарды бірінің үстіне бірін қою арқылы қоянның, қасқырдың, аюдың және түлкінің бейнесін құрастырады. Балалар бауырсақты бір кейіпкерден екінші кейіпкерге қарай домалатып ойнайды. «Бауырсақ» ертегісін естеріне түсіріп, әңгімелеп, қағаздан Бауырсақ бейнесін жасаған-дарына қуанады |
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : бауырсақ ертегісінің мазмұнына сәйкес кейіпкерлерді ажырата алуды;
Игеру керек: «умаждау», «бүктеу» деген ұғымдарды түсінуді және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
Меңгеру керек: қағазбен жұмыс жасауда саусақ қимыл-қозғалыстары арқылы қағазды умаждауды, одан белгілі бір затты жасай білуге дағдыланады
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: «Балапандар»
Мақсаты: Балалардың саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, қағазды умаждау арқылы балапанды жасауға болатынын түсіндіру, балапанға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Қажетті құрал-жабдықтар: балапанның суреті, үлкен және кіші сары түсті қағаз, үй құстарының суреттері.
Сөздік жұмыс: үрпек балапандар
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Тәрбиеші резеңкеден және жұмсақ матадан жасалған ойыншық балапандарды көрсетеді. Неден жасалғанына назар аудартады. Тәрбиеші осындай балапандарды қағаздан жасауға болатынын айтып, оны қалай жасау керектігін көрсетеді. Алдымен жасыл алаңқайдағы жалғыз балапанды көрсетіп, балаларға оның көңілсіз екендігін айтады. Тәрбиеші әр баланың алдына балапан жасау үшін үлкен және кіші төртбұрыш қағаз таратып береді. Оның үлкені қайсы, кішісі қайсы салыстырады, үлкені бпалапанның денесі, кішісі оның басы болады деп түсіндіреді. Қағазды саусақтарымен басып, алақанға салып умаждап үлкен денесін дайындап балапанның басын да дәл осылай жасайды, бірақ кішкентай қағаздан көрсетеді. «Балапанға көңілді болу үшін оған дос-балапан жасап берейік»,-дейді тәрбиеші. Дайын болған балапанның дене бөліктерін суреттің үстіне қойып, оның тұмсығын, құйрығын және аяқтарын дайын қиылған бөліктермен толықтырып, тапсырманы орындайды. Бой сергіту: балапандар жем жеді, су ішті, қанаттарын қақты, секірді т.б қимылдар жасайды. Қағазды умаждау арқылы балапан жасауда балалардың іс-әрекеті мадақталады, балапан ойыншықтарына қайсысы ұқсас болды деп салыстырып көреді. |
Балалар сары үрпек балапандарға қызыға қарайды. Балалар бірінші үлкен төртбұрыш қағазды умаждайды, екі-үш рет ашып, қайта умаждап домалақ пішін жасайды. Екінші кіші төртбұрышты алып оны умаждап, кіші домалақ басын жасайды. Екеуін бір-біріне біріктіреді. Алдын ала қиып дайындаған қағаздардан аяғын, құйрығын, тұмсығын, көзін жапсырады. Балапанымыз дайын болды. қимылдар жасайды. Өздері дайындаған балапандарына жем береді, су береді, қалай жасағандарын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : умаждау арқылы балапанды жасай алуды;
Игеру керек: «умаждау», «бүктеу» деген ұғымдарды игеріп, оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
Меңгеру керек: қағазбен жұмыс жасауда саусақ қимыл-қозғалыстарымен қағазды умаждау арқылы екі бөліктен тұратын балапанды жасай білуге қосымша бөліктерін дайындауға дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет:«Таным» білім беру саласы
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Жасыл шөп
Мақсаты: Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету, саусақ қимыл қозғалыстарын дамыту, жолақ қағаздарды түзу жұлуға дағдыландыру, шөпті жұлуға болмайтынын түсіндіру.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Қажетті құрал-жабдықтар: шөп суреті, үлкен және кіші жасыл түсті қағаздар, үлестірмелі қағаздар.
Сөздік жұмыс: жасыл шөп
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Тәрбиеші балаларға ақ түсті және жасыл түсті жолақ қағаз таратып береді. Үлгіні талдау жасайды, түсіндіреді. Жасыл жолақ қағазды қолымен үзіп көрсетеді, жолақтар көп болған кезде оны ақ қағаздың төменгі бөлігіне қатарластырып, ретімен орналастырады. Кейбір жерлеріне дайын гүлдердің суреттерін де қоюға болады. Әртүрлі ұсақ суреттер таратылады: балапан, көбелек, торғай, басқа да құстар. Оны балалар өздерінің таңдауы бойынша шөптің арасына немесе қағаздың жоғарға бөлігіне орналастыруларына болады. «Көбелектер ұшты» қимылды ойыны. Балалар ойнап болған соң олардың жасаған жұмыстарын қайта қарап, қалай жасағанын атап өтеді Шөпті қошақан, лақ немесе ботақанға береміз деп ойынмен жалғастырады. (ұсақ ойыншықтар ұсынылады) Балалар жұмыстары талдау жасалып, қорытындыланады. Қағаздың бетін толық пайдалануға бағыт береді. |
Балалар үлгі бойынша әңгімелейді, суретте не көріп отырғандарын айтады. Жасыл жолақ қағаздарды балалар біртіндеп саусақтарымен жыртып, оны ақ қағаз бетіне орналастырады. Балалар іс-әрекеттерінде тәрбиешінің тапсырмасын орындайды. Ойын ойнайды және өздеріне қалаған төлдеріне шөп береді. Балалар өздері жасаған жұмыстарын көрсетіп, оның сапасын тәрбиеші қадағалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : жолақ қағаздан жасыл шөп жасауды үйренеді;
Игеру керек: өздері жасаған еңбек нәтижесін тәжірибеде пайдалануды, төлдерге шөп беруді;
Меңгеру керек: жасыл шөпті дұрыс орналастыра білуге.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Бақбақ
Мақсаты: Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету, саусақ қимыл –қозғалыстарын дамыту. Бақбақ гүлін жасай білуге қызығушылықтарын арттыру. Гүлдерді жұлмауға, күтіп баптауға, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Қажетті құрал-жабдықтар: бақбақ гүлінің үлгі суреті.
Сөздік жұмыс: бақбақ
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Тәрбиеші үлгі суретті талдау жасайды. Балалардың алдына суреттер таратылады. Бақбақ гүлін жасау үшін қағазбен жұмыс жасау жолдарын түсіндіреді. Арнайы дайындалған фонда, бақбақ гүлінің жапырағы және сабақтары бар. Тәрбиеші балаларға қиылған ақ қағаздарды таратып, оны алақан арасына салып, саусақтарымен басып-жаншып, умаждауды көрсетеді. Қағазды жазып тағы да екінші рет умаждайды. Оны алақан арасына салып домалақтайды, дайын болған қағазды бақбақ гүлінің сабағына қойып көреді. «Бақбақты үрлейміз» ойыны. Өздері жасаған бақбақ гүлінің бастарын алақан арасына салып, қолдарын жоғары көтеріп оны үрлеп ойнайды. Бақбақ гүлдерін жинап, үстел үстіне қойып, оның ең жақсы жасалғанын мадақтап, сабақты қортындылайды. |
Балалар суретті қарап көреді. Қиылған дайын қағаздарды саусақпен басып, алақан арасына салып умаждайды. Балалар тәрбиешінің көрсетуімен бірге қағаздарды умаждап, дайын болғанда әр бала өзінің алдындағы үлгіге қойып көреді. Ойын ойнайды. Балалар өздерінің гүлдерін көрсетіп, жапырағының, сабағының және гүлінің түстерін ажыратып айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : бақбақ гүлін қағаздан жасай алуды;
Игеру керек: бақбақ гүлі жайында түсініктерді игеруді;
Меңгеру керек: қағазды умаждап белгілі бір пішінге келтіре білуге дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Қатынас» білім беру саласы
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Алтын дән» (өлең)
Мақсаты: еңбекке қызығушылықты қалыптастыру, оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, егін, комбайн суреттері.
Сөздік жұмыс: алтын дән, ақ бидай, қамба, дала.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Жылулық шеңбері (балаларды ортаға жинау). Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз, Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біздер тату баламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз. Кіріспе әңгіме. -Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде ақын апаларың Күләш Ахметованың «Алтын дән» өлеңін мәнерлеп оқимыз: Жатыр дала жалтылдап, Жаз шуағын мол құйды. Күн астында алтын дән Тербеледі, толқиды. Толықсыған тасқындай Көкжиекпен ұштасып, Күн астында ақ бидай Билейді қол ұстасып. Сұрақ-жауап арқылы түсіндіру. -Алтын дән дегеніміз - сап-сары болып өсіп тұрған бидай. Астықты күзде жинайды. Өсіп тұрған бидайды комбайн орып, астықты жүк машиналары қамбаға тасиды. Алтын дән ақырында дастарканға ас атасы - нан болып келеді. Сергіту сәті: Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса - баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. - Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай өлең шумағымен таныстық? - Сендерге өлең ұнады ма? |
Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдарды жасайды. Мұқият тыңдайды. Балалар өлеңде айтылған қимылдарды көрсетеді. |
Балалардың жауабы. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : өлеңнің мазмұнын.
Игеру керек: алтын дәннің нәтижесі –нан, оны қадірлеу керек екенін.
Меңгеру керек: нанның үлкен еңбекпен келетінін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Қатынас» білім беру саласы
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шалқан» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу
Қолданылатын көрнекі құралдар: атрибуттар, хрестоматия.
Сөздік жұмыс: шалқан, ата, әже, қыз, мысық, күшік, тышқан.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері. Бір шаңырақ астында Тату-тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. Н.Айтов Кіріспе әңгіме. - Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Шалкан» ертегісін саусақ театры арқылы сахналаймыз. Ертегіні саусақ театры арқылы көрсете отырып, мазмұнын ашу. Сұрақ-жауап. -Қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтадыңдар? -Ата көмекке кімді шақырды? -Әже көмекке кімді шақырды? -Немересі кімді шақырды? -Күшік кімді шақырды? -Мысық кімді шақырды? -Сонымен бәрі бірігіп не істеді? Қорытындылау. - Ендеше, балалар, өздеріңе ұнаған кейіпкерлердің атрибутын киіп, ертегіні сахналайық. |
Қимылдар жасайды. Балалар қызықтайды. -Әжені. -Немересін. -Күшікті. -Мысықты. -Тышқанды. -Шалқанды жұлып алды. Рөлдерге бөлініп сахналайды. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : ертегіні мұқият тыңдауды
Игеру керек: : сахналау арқылы мазмұнын игереді.
Меңгеру керек: ертегіні зейін қойып тыңдап, кейіпкерлердің көңіл күйін сезінуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Қатынас» білім беру саласы
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Әдептілік әлемі» (өлең)
Мақсаты: балаларды адамдардың арасындағы қарым-қатынас нормалары және қоғамдағы жүріс-тұрыс ережелерімен таныстыруды жалғастыру, сыпайылықтың карапайым әдеттерін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер.
Сөздік жұмыс: әдептілік, сәлеметсіз бе, сау болыңыз.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Психологиялық сәт. Бақшамызға барғанда Жолыққан бар жандарға Ертемен ақ пейілмен: «Қайырлы таң!» - деймін мен. Күндіз де елді елеймін: Үйге кешке келемін, Не дерімді білемін, «Кеш жарық!» - деп кіремін. (Е .Өтетілеуұлы) Кіріспе кезең Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ақын Ермек Өтетілеуұлының «Әдептілік әлемі» өлеңімен танысамыз. Өлеңді оқып беру. Сұрақ-жауап арқылы оқылған өлеңнің мазмұнын түсіндіру. - Балалар, біз қандай болуымыз керек? - Әдепті, жаксы балалар бар ма топта? «Қалай амандасу керек?» ойыны. Мақсаты: әдептілік ережелеріне баулу. Ойын шарты: балалар жұптасып, сыртқы және ішкі шеңбер құрады. Педагогтің нұсқауы бойынша қарама-қарсы тұрған балалар бір-бірімен амандасады. Қорытындылау: Әдеп сактап әманда, Әрбір адал адамға Жасасак, бір жақсылық, Қайтарады саған да. |
Шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды. Әдепті, жақсы Бар. Мысалы, ... Бір-бірімен амандасады. . |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : әдептілік ережелерін.
Игеру керек: өлең, ойын арқылы жақсы қасиеттерді.
Меңгеру керек: адамдар арасындағы қарым-қатынас нормалары мен қоғамдық орындарда жүріп-тұру ережелерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Қатынас» білім беру саласы
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Әке мен бала» (әңгіме)
Мақсаты: әңгімені тыңдай білу дағдыларын дамыту. Үлкендерді тыңдауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, үнтаспа.
Сөздік жұмыс: әке, бала.
Билингвалды компонент: папа-әке, мама-ана.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері. Біздің топта ұл-қыздар Тату-тәтті ойнаймыз. Айналаға, бар адамға Тек мейірім сыйлаймыз. Кіріспе әңгіме. -Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ақын-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» атты әңгімесімен танысамыз. Суретпен таныстыру. «Әке мен бала» шығармасын оқып беру немесе аудиоүнтаспадан тыңдату. Сұрақ-жауап: -Баланың тіл алмағаны дұрыс па? -Әкесінің әрекеті дұрыс па? -Қайсысының мінезі ұнады? Сендер әке-шешелеріңнің тілін аласыңдар ма? -Әңгіме сендерге ұнады ма? -Сенің досыңның мінезі қандай? |
Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды. Балалардың жауабы |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : әңгімені тыңдауды.
Игеру керек: үлкендерді сыйлауды.
Меңгеру керек: әңгіменің мазмұнын дұрыс түсіне отырып, еңбексүйгіштік қасиетті.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Қатынас» білім беру саласы
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» (ертегі)
Мақсаты: ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін келтіре отырып, қимылдарын көрсете білуге баулу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: атрибуттар, қоян мен түлкінің суреті.
Сөздік жұмыс: түлкі, қоян.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері. Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогтің көмегімен Өтепберген Ақыпбекұлының төмендегі өлең жолдарын кайталайды: Жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?» деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?» деп ойла. Кіріспе әңгіме. Бүгінгі іс-әрекетімізде «Түлкі мен қоян» ертегісін оқып, мазмұнын ашамыз. Ертегіні оқып беру. Сұрақ-жауап: -Ертегі сендерге ұнады ма? -Түлкі кімді көреді? -Қоян оған неге жақындамады? -Түлкі нені жақсы көреді? «Қояндар» ойыны. Ұзын құлақ сұр қоян Естіп калып сыбырды. Ойлы, қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің -Балалар, сендерге ойын ұнады ма? -Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай ертегімен таныстық? |
Қимылдар жасайды. Балалардың жауабы. Секіріп, қоянның қимылдарын жасайды. |
Балалардың жауабы |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : адамгершілік қасиеттерін бағалауды.
Игеру керек: ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін келтіруді.
Меңгеру керек: ертегінің мазмұнын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Қатынас» білім беру саласы
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Дәрігер Айболит» (ертегі)
Мақсаты: балаларды мейірімділікке, өзге адамдарға, жануарларға қамқорлық сезімін білдіруге талаптандыру. Ертегі арқылы балаларды табиғатты қорғауға, өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға үйрету.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, құстардың, ағаштардың, орманның суреттері.
Сөздік жұмыс: дәрігер, шипа, емдеу.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Психологиялық сәт. «Ертегілер» әні үнтаспадан тыңдалады. Ғажайып түс көрдім, Таң ата мен бүгін. Ертегі әлемінің Қызығында жүрдім, Бірақ оянып кеттім, Әттең... Кіріспе әңгіме. Берілген ертегідегі орман аңдарының суреттері арқылы ертегінің мазмұнымен таныстыру. Алдымен ертегіні мәнерлеп оқу. Сұрақ-жауап арқылы балалардың тілін дамыту. «Саусақ театры» арқылы ертегіні сахналау. Ертегіні сахналау алдында балалардан сұрау: -Ертегі ұнады ма? -Ертегі не жайлы? -Ертегіде қандай құстар бар екен? «Құс қимылы» ойыны. Мақсаты: әртүрлі қимылдар жасау арқылы бойларын сергіту. Ойын шарты: Педагог балаларға өлең оқиды: Құс болып ұшамыз, Жерге қонамыз. Жемді шоқып жейміз. Суды ұрттап ішеміз. Жайлап қанат қағамыз. Орнымызды табамыз. Балалардың алған білімдерін тиянақтау, әрекеттеріне қолдау жасау. |
Балалар шеңбер бойымен бір-біріне қарап тұрып қимылдар жасайды. Балалар ойларын айтады. Ойын ойнайды. Балалар педагогтің айтқан сөздерін кимылмен көрсетіп, тез, жылдам жасайды. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : Айболит - орман дәрігері екенін.
Игеру керек: дәрігер өз қызметін қалай атқаратынын, қалай көмек көрсетуге болатынын.
Меңгеру керек: ертегі арқылы қоршаған ортаны қорғай білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Қатынас» білім беру саласы
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» (ертегі)
Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысына талдау жасауға, жан-жануарларға мейірімділік білдіруге, өзара көмектесу, қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: атрибуттар, суреттер, хрестоматия, үнтаспа.
Сөздік жұмыс: қасқыр, лақ, ешкі.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері. Анаң - күнің, жүрегің, Әжең - өмір тірегің. Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын! Кіріспе әңгіме. -Бүгін біз, балалар, «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен танысамыз. Ертегіні оқып беріп, мазмұнын айту. Сұрақ-жауап арқылы балаларды жетелеу: -Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті? -Анасы лақтарға не айтты? -Анасы кетіп қалғанда не келді? -Қасқыр қандай аң? «Қасқыр мен жеті лак» ойыны. Мақсаты: мәнерлеп айтуға, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру. Ойын шарты: балалар ертегі мазмұнын игеріп, қасқыр, ешкі-лақтардың жауаптарын жақсы білуі керек. Педагог рөлдерді бөліп, атрибуттарды үлестіреді. Сонымен ойын басталады. Педагог балалардың назарын бір кейіпкердің дауыс ырғағы мен екпініне аударады. Ешкі мен лақтар жіңішке дауыспен, касқыр басында жуан, сонан соң жіңішке дауыспен, өте жіңішке дауыспен сөйлейді. Ойын осылай жалғаса береді. |
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын қайталайды. Балалардың жауабы. Балалар ойынға белсене қатысады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын.
Игеру керек: мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін.
Меңгеру керек: : шығарманы зейін қойып тыңдауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Қатынас» білім беру саласы
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Түлкі мен Тырна» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысына талдау жасауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. Сыпайылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: тырна, ботқа, құмыра, сорпа, реніш.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері. Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық, Жүрек жылуын салайық, Осы жақсы лебіздерді Бір-бірімізге сыйлайық. Кіріспе әңгіме. -Бүгінгі іс-әрекетімізде орыс халқының «Түлкі мен Тырна» ертегісін оқимыз. Ертегіні оқып беру. Сергіту сәті: -Түлкі, түлкі, түлкішек, Түнде қайда барасың? -Апамның үйіне барамын. -Апаң саған не береді? -Ешкі сауып, сүт береді. -Сүтті қайда коясың? -Тал түбіне қоямын. -Ит ішіп кетсе қайтесің? -Таяғыммен ұрамын. Сұрак-жауап. -Қалай ойлайсыңдар, осы ертегіде Түлкі мен Тырна бір-біріне қонақжайлылық көрсете алды ма? «Қонак күтеміз» ойыны. Рөлдік ойын. Ойын барысы: балалар екі топқа бөлінеді: 1-топ - «қонақтар» 2-топ - «үй иелері» Үй иелері қонақтарды күтеді. |
Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын педагогпен бірге айтып, қимылдар жасайды. Ертегіні тыңдайды. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар орындайды. Балалардың жауабы. Ойынға белсене қатысады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : қонақты қалай күту керегін.
Игеру керек: ертегі кейіпкерлерінің әрекеттері мен жүріс-тұрысына баға беруді, жақсы қасиеттерді.
Меңгеру керек: қонақжайлылық, сыпайылық туралы түсініктерді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
15.2014 жыл. Дүйсенбі
№1 оқу іс-әрекет: «Қатынас» білім беру саласы
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бауырсақ» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту, сөйлеу тілін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ермексаз, тақтайша, сүрткіш, қуыршақ, жасыл, қызыл, сары түсті алмалар, себет.
Сөздік жұмысы: бауырсақ, домалақ, пішін.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Психологиялық сәт. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі - көңіл ажары, Күліп өмір сүрейік. Кіріспе әңгіме. - Балалар, бүгін бізге қай ертегінің бас кейіпкері қонаққа келді екен, қараңдаршы! (Үстелдің үстінде бауырсақты домалату). - Бұл ертегіні бәріміз де білеміз, есімізге түсіріп көрейікші. Ертегіні қуыршақ театры арқылы керсету және дауыс ырғағын келтіріп айтып беру: -Айтыңдаршы, балалар, бауырсақтың пішіні қандай? -Бауырсактың түсі қандай? Жан-жаққа қараңдаршы, топта домалақ пішінді қандай заттар бар? Табиғат бұрышындағы Күнді көрсетеді. Тағы не бар? «Алма қандай?» ойыны. Кәдімгі алмаларын көрсетіп, сұрау: -Алманың пішіні қандай? -Түстері кандай? Сергіту сәті (ойын түрінде өткізу). Алмаларды кілемнің үстіне шашып жіберіп, түстеріне қарай бөлек себеттерге жинату. Алма, алма, көп алма, Қызыл, сары, көк алма. Теріп, теріп алайық, Себеттерге салайық. -Домалақ Күн
жарқырап тұр. Біздің домалақ бауырсағымыз да жолда |
Шеңбер жасап тұрады. -Бауырсақ. Балалар ертегіні тыңдайды. -Домалақ. - Сары. -Күн. -Алма. -Домалақ. -Сары, қызыл, жасыл. Балалар өлеңді айта жүріп, себеттерге алмаларды түстеріне қарай бөлек жинайды. Балалар ермексаздан бауырсақ жасайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалардың жасаған жұмыстарын бағалау, мадақтау. |
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : ертегінің мазмұнын.
Игеру керек: сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту барысында жаңа сөздерді.
Меңгеру керек: ермексаздан бауырсақ жасауды, оның қандай екенің.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№1 оқу іс-әрекет: «Қатынас» білім беру саласы
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Айна» (ертегі)
Мақсаты: балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға үйрету. Сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету. Балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке баулу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу
Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі желісі бойынша суреттер, қуыршақ театрының кейіпкерлері, әр балаға айна.
Сөздік жұмыс: қоян, керік, кірпі.
Жоспар кестесі:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Шаттық шеңбері. Балалар бір-біріне қолдарын созып, шын жүректен шыққан сөздермен амандасады. Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сөлемет пе! Міне, мен Доспын енді сенімен! Кіріспе әңгіме. - Бүгін біз, балалар, «Айна» ертегісін тыңдап, ондағы кейіпкерлермен танысамыз. Сондықтан, балалар, ертегіні мұқият, зейін қойып тыңдаймыз. «Айна» ертегісі оқылады. Сұрақ-жауап арқылы түсінгендерін тыңдап, сөздік жұмыстар жүргізу: - Балалар, ертегі не туралы? - Аңдар не істеді? - Айнадан не көреміз? Ертегіні қуыршақ театры арқылы сахналау. «Айна» ойыны. Ойын шарты: әр бала айнаға қарап: - кірпідей жиырылады; - қояндай көздерін жыпылықтатады; - керіктей мойындарын созады. Бұның бәрі бала үшін жаттығу. Балаларды мадақтау. |
Шеңбер бойымен жүреді, тоқтайды, қолдарын екі жаққа сермейді, көршілерімен қол алысады. Балалар білгендерін есте сақтап қалғандарын айтады. Ойнайды. Қимылдарды жасайды. Өздерін айнадан көріп, көңіл күйлері көтеріледі. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын.
Игереді: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай білуді.
Меңгереді: ертегінің мазмұнын айта білуді.

