Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сурет:Әдемі шарлар

Материал туралы қысқаша түсінік
1 - кіші топ тәрбиешілеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Топ:

Білім саласы: Таным

ҰОҚ: Құрастыру

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Торсық»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Қатты қағаздан қиылған торсықты төрт бөліктен құрастырып жасуға үйрету

Ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері:

1.Кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге және ұлттық ыдыс туралы қарапайым түсінік қалыптастыру

2.Балалардың саусақ бұлшық еттерін жетілдіру

3.Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы:Торсық,бүйірі,түбі.

Көрнекілігі:Үлгі көрнекіліктер әр балаға арналған.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Билингвальды компонент:

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Есеп +

Есеп -

Ой қозғайтын себептер




Шаттық шеңбері.

Амансың ба, Алтын Күн?

Амансың ба, Көк Аспан?

Амансың ба, достарым?

Сендерді көрсем қуанам.


«Орнында не жоқ?» дидактикалық ойынын ойнайды. Олардың ішінде балаларға таныс емес торсық бар. Торсықтың суретін көрсетіп, оның не екенін балалардын сұрау, оның қымыз құятын ыдыс екенін түсіндіру.

Балалар суреттер бойынша ыдыстардың аттарын атайды: шәйнек, кесе, тарелке, қасық, тостаған, торсық т.б.























Ізденіс-ұжымдық-негізгі бөлім














Торсықтың суретін көрсетіп, әңгімелеу, пішініне назар аударту, ұзынша мойны, үлкен бөлігі «бүйірі», «түбі» және қақпағы болады. Енді осы торсықты қағаздан өзіміз құрастырып көрейік (балаларға қиылған торсықтардың суретін таратып беру). Балалардың торсықтың пішінін бөліктерін ауыстырып алмай дұрыс құрастыруына басшылық жасау. Қағазбен құрастыруда балалардың қол қимыл-қозғалысы және ойлау.

. Әр бала өзінің алдындағы қиылған торсық суреттерін төрт бөліктен құрастырады. Балалар торсықты өздері құрастырға соң оның кіші көлемді ойыншығымен қуыршақтарға қымыз құйып беріп, ойын ойнайды.




Рефлекциялық түзету

Барлық балалардың құрастырған торсықтарын қарап шығып, қалай орналастырғанына мән беру, ол не үшін қажет екенін сұрап балалар мадақтау.

Өздері құрастырған торсықтарын көрсетіп, іс-әрекетті қайталап, қалай жасағанын айтып береді.



Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды:Торсықпен танысады, қағаздан қиылған пішіндерді құрастыруды;

Түсінеді:Ұсақ бөлшектерден бүтін заттың бейнесін құрастыруды;

Қолданады: Қағазбен жұмыс жасауда оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуді.














Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы


Күні:

Топ:

Білім саласы: Шығармашылық

ҰОҚ: Сурет салу.

Бөлімі:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Әдемі шарлар»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Бірнеше тік сызықтар мен дөңгелек пішінді заттардың суретін салуға үйрету.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері:

Білімдлік: Бірнеше тік сызықтар мен дөңгелек пішінді заттардың суретін салуға үйрету.

Дамытушылық: Шығармашылықтарын дамытып, дөңгелектерді, таяқшаларды салуға үйрету.

Тәрбиелік: Сурет салуға қызығушықтарын арттыру, қарындаштарды оң қолға ұстауға үйретуді жаттықтыру. Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Демонстрациялық көрнекіліктер, қуыршақ Айсана, доптар.

Құрал-жабдықтар : Қағаздың түрлері, қуыршақ Айсана, түсті қарындаштар.

Алдын ала жұмыстар: Шармен, доппен ойындар, бояуға арналған кітапшаларды көру.

Сөздік жұмыстар: Дөңгелектер, таяқшалар, қарындаштар.

Билингвальды компонент:Дөңгелек-круг


Оқу қызметінің кезеңдері.

Тәрбиешінің әрекеті.

Баланың іс-әрекеті.

Есеп +

Есеп -




Ой қозғайтын себептер.




Балаларға, қуыршақ Айсананың қонаққа келгені жайында мәлімдеу. Айсананың жолда келе жатып, сиқырлы қорап тауып алғанын, ол қорап сурет салуға үйреткенін айтады. Балалардың сурет салуға ынталарын біліп, қызықтыратын сұрақтар сұрау. Қорапты алып, сылдырлату, түстерін сұрау, қалай аталатынын, неге сиқырлы болғандығына тоқталу. Ұштағышпен ұштап, оның ұшын шығару. Бар сиқыр осы қарындаштың ұшында екендігіне тоқталу. Қарындашпен дұрыс жұмыс жасау, қатты баспай, әдемілеп сызықтар сызуды көрсету. Қызыл, көк қарындаштан көк, қызыл түстер, тағы басқа түстен басқа шығатындығын айту.


Балалар қуыршақ Айсанамен сәлемдесіп, қорапты қарайды. Қорапты құлақтарына апарып сылдырлатады, ішін ашып біртіндеп, таяқшаның түстерін атап, қатты екендігін түсінеді.



Ізденіс-ұжымдық негізгі бөлім.

Айсана қарындашпен сурет салу үшін, қатты қағаздың түрлері керектігін түсіндіреді. Қарындашты оң қолға бас бармақ, сұқ саусақ, ортан терекпен ұстап, ұшын қатты баспай әртүрлі сызықтар, нүктелер, дөңгелектер сызып, жұмыс жасау жолдарын көрсету. Сонымен бірге Айсананың жақсы көретін досына күлдіргішке шарды салып беріңдер. Шарлар жеңіл болғандықтан, ұшып кетпесін деп, жіп тағып қоямыз. Шар әдемі болсын деп оның ішін бояймыз.

Айсана саусақ жаттығуларын жасауды ұсынады.

Оң саусағым шаршады,

Сол саусағым шаршады. Саусақтарым бірігіп, билеп, билеп алады.

Қағазды қолмен ұстап, танысады. Қарындашты оң қолдарына дұрыс ұстап, ауада сурет салу жолдарын қайталайды. Ұшына қарап, қатты баспау ережесін сақтап, қағаз бетіне сызықтар, дөңгелек допты, шарды, кішкене гүлдерді дөңгелек ретінде салып көреді. Сол қолмен қағазды басып ұстап отыруды жаттығады. Кеңістікті әуеде салынған шардың ұстайтын жіптерін сызып салады.Таза, кірлетпей әдемі салу жолдарын сақтайды.




Рефлекциялық түзету.

Балаларға көмек көрсетіп, жеке баламен жұмыстар жүргізеді. Сөздік жұмыстар жүргізу. Айсана осы сиқырлы таяқшамен әдемі сурет салғандықтарын айтып, сыйлыққа осы қарындаштарды балаларға беретіндігін айтады. Қоштасып, өзінің ойыншықтар әлеміне кетеді.

Бүгінгі танысқан таяқшалар, қарындаштар ұшы, дөңгелектер, сөздерін қайталап сөздік жұмыстарды жасау.

Өз салған суреттеріне қарап, әдемі сурет салғандарына тоқталады. Айсанаға рахмет айтып, шығарып салады.



Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Сурет салу үшін қағаз, қарындаштың қажеттілігін.

Қабылдайды: Әртүрлі суреттер салуға болатындығын.

Қолданады : Сызықтар, дөңгелектер салуды.








Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің техкартасы


Күні:

Топ:

Білім саласы: Таным

ҰОҚ: Жаратылыстану

Бөлімі:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Түрлі-түсті мұздар.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Судың сұйық жэне қатты күйде болатындығын түсіндіру.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері: Білімдлік: Жансыз табиғат туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Дамытушылық: Тәжірибе жасау арқылы түрлі түсті судың түрлі түсті мұзға қалай айналатындығын көрсету арқылы зейіндерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғат сырларын танып-білуге баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: 3 банкі су, қызыл, көк және сары түсті гуашь, қалыптар.

Сөздік жұмыс: Мұз.

Билингвальды компонент: Су – вода, сүңгі – сосулька, қар ұшқындары – снежинки.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Есеп+

Есеп-

Мотивациялық қозғаушылық

Білімді өзектендіру.

Балалар, бізге ғажайып қонақ – Африкада тіршілік ететін керік келді. Ол өмірінде қар ұшқындары мен түрлі түсті сүңгі мұздарды көрмепті.

-Кәне, біз оған түрлі түсті сүңгі мұзды қалай жасауға болатындығын көрсетейік.


Балалар керікпен амандасады, қызығушылығын көрсетеді.



Ұйымдастырушылық -ізденістік

Суы бар банкілерді көрсету.

Балалар, банкілерге не құйылған?

Су қандай?

Мөлдірлігі соншалық, оның іші жақсы көрінеді.

-Кім мөлдір суды жақсы көреді?

-Оны қайда қолданамыз?

Енді біз түрлі түсті су жасаймыз. Әр банкідегі суға түрлі бояуларды араластырамыз.

Банкілердегі суға қызыл, көк және сары бояуды қосып араластыру.

Енді түрлі түсті судан түрлі түсті мұз сүңгілерін жасаймыз.

Суды мұзға айналдыруға бізге аяз көмектеседі. Өйткені су аязда қатады. Мына қалыптарға суды құйып, сыртқа шығарып қоямыз. Ал серуенге шыққан кезде біздің суымызға не болғанын көреміз.

Қалыптарға суды құйып, оны терезе алдына шығарып қою.

Билингвальды компонент: су – вода, сүңгі – сосулька, қар ұшқындары – снежинки.

Сергіту жаттығуы.

Музыка қойылады.

Қазір біз «Қар ұшқыны» биін билейміз.

Д/О: «Қыс мезгілінің өзгерісі»

Мақсаты: Қыс мезгілінің айырмашылығын үйрету.


Су.

Мөлдір, таза.

Тамақ дайындаймыз, таза суды ішеміз, таза суда балықтар тіршілік етеді, таза сумен ыдыс-тарды жуамыз.



Бақылайды.






Су – вода, сүңгі – сосулька, қар ұшқындары – снежинки сөздерін қайталайды.


Музыка әуеніне сай би билейді.


Ойынды шартымен ойнады.



Рефлексиялық – түзетуші-лік

Балалар, бізге қонаққа қандай жануар келді?

Біз не істедік?

Керік, бізбен серуенге шық. Судың неге айналғанын көресің.

Серуенде судың мұзға айналғанын көрсетеді.

Мақтап,мадақтау.

Түрлі түсті мұз жасадық.

Балалар су сұйық және қатты күйде болатындығын тұжырымдайды және суды аязға қатырса, мұз шығатындығына көздері жетеді.



Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Суды түрлі түсті етіп «бояуға» болатындығын.

Қабылдайды: Су және оның күйлері туралы ұғымды.

Қолданады: Тәжірибе жұмыстарын бақылай отырып, іс-тәжірибе дағдыларын.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
1847
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11