400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сырға толы Қанахин әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ө.қанахин шығармашылығына арналған конференцияға сценарий .3-жылдан бері бірнеше мұғалімдерге республика көлемінде әдістемелік көмек көрсетіп,келемін!Мен жазған жұмыстар арқылы барлығы республика көлемінде жүлдегер атануда!Егерде сіз де жүлдегер атанғыңыз келсе!Осы мақаланы ойланбай сатып алсаңыз болады!Қызықтырса,8775-608-30-94 жекеге шығыңыз!
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сырға толы Қанахин әлемі»

(Конференция)

1-жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,әріптестер,қадірлі қонақтар!

2-ші жүргізуші:Бүгінгі конференция қазақ әдебиетінің қарымды қаламгері, көрнекті тұлғасы, жазушы Өтебай Қанахинге арналмақ.

1-ші жүргізуші: Сарабдал суреткер Өтебай Қанахиннің шығармашылығына арналған «Сырға толы Қанахин әлемі» атты конференциямызға қош келдіңіздер!

2-жүрг: Әдебиетті - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы дер болсақ жерлес жазушымыз Өтебай атамызда өзінің көркем шығармаларында ел жайын толғап,әрбір кейіпкерінің тағдыр салған тауқыметін, өмірін,бақытын, қуанышы мен сүйінішін, күйінішін есті оқырманының есіне салады.

1-жүрг:Алдымен бүгінгі конференциямызды бастамас бұрын, келген қонақтарымызды таныстырып өтейін.

  1. __________(аты-жөні,лауазымдары)

  2. __________

  3. __________

  4. __________

2-жүрг: Өтебай Қанахин 1923 жылы 17 желтоқсанда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қарасты Жайсаңбай елді мекенінде дүниеге келген. Ауылымыздағы Қанаха қыстауы - жазушыны туған мекені, ата жұрты.

Ендеше,кезекті жазушы Өтебай Қанахиннің туған жері,өскен ортасы, туған туралы сыр шертетін 1-ші баяндамашы __________(аты-жөні,лауазымдары).

1-жүрг: Жастайынан жетім қалған оны туыстары 1932 жылы балалар үйіне тапсырған . Бес жыл сонда тәрбиеленген . Бертін келе сол селода орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің интернатында жатып оқыған .Қырқыншы жылдары Ақтөбедегі педагогикалық курсты бітірген соң, сондағы оқытушылар институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне сырттай оқуға түсіп, біршама уақыт туып өскен ауданында ұстаздық еткен .

Ендеше,кезекті жазушы Өтебай Қанахиннің шығармашылығы жетістіктері туралы таныстырып беретін 2-ші баяндамашы __________(аты-жөні,лауазымдары).

2-жүрг: Жазушы өмір жолының бұралаңымен қанша алыс кетсе де, өзінің туған жерін ешқашан ұмытқан жоқ. Қаншама жылдар өткеннен кейін жазушы өзінің Жұмақ мекеніне 25 жылдан кейін қайта оралады.

Ендеше,кезекті бала Өтебайдың дана,дара Өтебайға айналып елге келгендегі тебіренісін бізге беретін 3-ші баяндамашы __________(аты-жөні,лауазымдары).айтып береді.

3-ші баяндамашының сөзі:Өтебайдың монологы:

-Армысың, ару далам! ..

Арай: Бармысың, жаным балам!!!

Алда айналайыным-ай! Сен екенсің ғой, бар екенсің ғой! Балам екенсің ғой!..

Нұржан : - О,торқа мекен - туған жерім!.. Еркін көшіп, ең жайлаған қадірлі өлкем!.. Ұя салған бәйтерегім!.. Нәсілім өсіп-өніп, өркен жайған құтты құндақ - ежелгі жұртым!.. Өткендердің ырзығы да, ырысы да боп саналған, төрт түлік мал ойың мен қырыңда қаптай өрістеген бел-белесті ,нулы, сулы бай өлкем!.. Көгіңде қаз қаңқылдап, көліңде қу саңқылдап, құмыңда елік еркін ойнаған, әр жыңғылыңның түбінен қоян қашқан, суыңа балық сыймаған байтақ мекенім!.. Ата-бабаларым қыстау салған құтты қонысым!.. Қазақтың талай- талай ардагер ұлы мен қызы дүниеге келген топырағы қасиетті туған жерім!.. Мен де сол топырағыңнан жаралып, суыңнан нәр алып жер басып жүрген көп перзенттеріңнің бірімін. Бұл туған жерінен жырақта жүрген жазушының 25 жылдан соң өз ата қонысына келгенде сағына амандасуы мен өз туған мекенге деген жүрек толғанысы еді.

Ауыл туралы 1ән

2-жүрг: Әкесі-Игібай осы өлкеде ісмерлігімен танылған зергер ұста болған.Алыс-жақыннан келгендер ,тіпті айлап жатыпәкелген темір-терсегін,қап-қап көмірін қоса тиеп әкеліп шаруаларын бітіріп қайтатын болған.Ол туралы Хауан шешесі: «Әкең бар кезінде келім-кетім кісіден бір күн көз ашып көрген емеспіз»-дейтін.

Жазушының туған жері туралы жазған шығармалары« Жер басып жүрсем», «Ата қоныс» шығармалары кезекті 4-ші баяндамашыға береміз.

1-жүрг: «Жер басып жүрсем» шығармасында өзі туған мекені, оның табиғаты, туған жерде өткен балалық шағы , өзі өскен қыстауы туралы көркем тілмен баяндайды. Шығармадағы жер атаулары, кейіпкерлері де бізге таныс.Сонымен бірге ,ұлттық салт -дәстүрді де насихаттайды.

Патриоттық бағытта 1 би

2-жүрг: Туған жерін тебірентіп, тербеп өткен,

Айналған өз елінің жұлдызына, - деп Рабат апайымыз жырлағандай, туған жердің жұлдызы - Өтебай атаның рухына бас ие отырып, бүгінгі шығармашылық кешті аяқтаймыз.

1-жүрг: Қашанда өскелең ұрпақтары тұрғанда, елі,туған жері Жайсаңбай өлкесі бар кезде Өтебай Қанахин бейнесі, оның жазушылық келбеті ешқашан ұмытылмақ емес!

2-жүрг: Келесі кездескенше сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.09.2023
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі