400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сырлы да сиқырлы аспан әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ толық жүйелі түрде жазылған. Қызықты әдіс-тәсілдер бар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім

Аспан әлемінің құпиялары

Педагогтың аты – жөні:

Отарбекова Жанна Амангалиевна

Күні:

29.03.2023

Сынып: 5 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сырлы да сиқырлы аспан әлемі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Т/А 5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

Сабақтың мақсаты:

-ұсынылған ақпараттан негізгі ойды анықтайды;

-сан есімнің мағыналық түрлерін біледі;

-берілген мәтіннен дара және күрделі сан есімдерді таба біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 5минут



















Ортасы 35минут











































































Соңы 5минут

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Оқушылар стол үстіндегі кеспе қағаздарды алып топқа бөлінеді.

I топ Аспан

II топ Жер

III топ Күннің жүйесі

IV топ Темірқазық

Үй тапсырмасын пысықтау. «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.

1.Сөз таптары нешеге бөлінеді?

2.Зат есім дегеніміз не? Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Дерексіз зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.

4.Сын есім дегеніміз не? Сын есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

5.Сан есім дегеніміз не? Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Сенің білетінің: аспан әлемінің сырлары

Сенің меңгеретінің: мәтін мазмұнын түсініп, тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайсың;


Оқылым алды тапсырмасы

1-тапсырма. Жұптық жұмыс «Көршіңмен сырлас»

Оқулықтағы 6-тапсырма. Мәтінді оқы. Негізгі және қосымша ақпараттарды анықта.

Қазақта «аспанмен еркін тілдесіп», сол арқылы адамның өмірін болжайтын, табиғат күйінің құбылысын алдын ала тани- тын адамды «жұлдызшы» деп атаған. Біздің қазақ халқы табиғат тылсымына терең үңілді. Кез келген құбылысты назардан тыс қалдырған жоқ. Тіпті құстардың төмен-жоғары ұшқанына қарап-ақ, күні ертең қандай ауа райы болатынын болжап білді. Түнде жолға шыққан адам Темірқазықты бетке алып жүретін. Сол арқылы баратын жеріне адаспай жетті. Оған Жетіқарақшы, Шолпан жұлдыздарының қозғалысы да күнделікті тіршілікті өз пайдасына қарай ыңғайлауға жарайтын. Қысқасы, қазақтың аспан әлемін зерттеуінің өзінде көптеген құпия бар. Жұлдызшылық тек қазаққа ғана емес, жалпы адамзат ба- ласына бұрыннан-ақ таныс болған. Олар ежелгі дәуір ғасырларда аспан денелерінің қозғалысын бақылап, ол жайында өз тұжырымын жасаған

Сергіту сәті. 

2-тапсырма. Топтық жұмыс. «Зуылдақ әдісі» арқылы Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойыңыз. Сан есімге байланысты жұмбақтарды табасыздар.

I топ Аспан

1. .… атасын білмеген жетесіз

2..… ала болса ауыздағы кетеді,

… түгел болса төбедегі келеді.

3. .… тістен шыққан сөз,

… рулы елге тарайды.

4.... рет өлшеп, ... рет кес.

Жұмбақтар.

1.Он жағымда бес сарбаз
Сол жағымда бес сарбаз
2.Жаңылмастан жетеуі
Кезек қызмет етеді
3.Бірін-бірі қоштаған
Бір үйден көрдім
Қырық екі дос жаран.

II топ Жер

5.Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.

6.Қызға ..... үйден тыйым

7...... саусақ бірдей емес.

8.Ел құлағы-...

Жұмбақтар

4.Екі атым бар тынбайтын
Өзімді ғана тыңдайтын.

5. Аулада бес үйрек,

 Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Біреуі жығылды,

Қалғаны неше үйрек?   

III топ Күннің жүйесі

9.….. теңгең болғанша, … досың болсын.

10.Алыстан …… жасар бала келсе,
Алпыстағы қария сәлем бере келеді.

11...... күн оразаның ..... күн айты бар,

12...... жұрттың тілін біл, ..... түрлі білім біл.

Жұмбақтар.

6.Жеті бауыр туыспыз
Атымыз өзге демесең,
Жұмған жұдырық уыспыз.

7.Бір көзім "кідір: дейді, Бір көзім "жүгір” дейді. Бір көзім "абайла” дейді "Қарап ал маңайға” дейді.

IV топ Темірқазық

13. ...... жүйрік, мыңнан тұлпар.

14. ... күн ұрыстың ….....күндік қырсығы бар.

15. Ат баспаймын деген жерін ..... басады.

16.  .......жаныңа жолдас,
...... малыңа жолдас.

 Жұмбақтар.
8.Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем

9.Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады.

Тақтамаен жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырма. «Түртіп алу» әдісі арқылы Мәтіннің ішінен сан есімдерді тап. Оларды құрамына қарай талда. Жасалу жолын түсіндір.Кері байланыс: БББ

Білемін

Білдім

Білгім келеді.




Бағалау.

Үй жұмысы. 7-тапсырма. 153-бет. Ереже жаттау.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
04.04.2023
439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі