Шырша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шырша

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылыми жобада оқушы өзінің бақшасында өсіп тұрған шырша өсімдігінің пайдасы мен зиянын, оның медецинада, шаруашылықта қолданылуын толық қамтыған. Шырша өсімдігін түгелдей зерттеген. Мәліметтерді, деректерді өз жасына лайық таба білген. Деректермен дәлелдеген. Шырша өсімдігі қазақ халқы әрі киелі, әрі қасиетті ағаш деп санаған. Халқымыздың “Ағаштардың анасы-шырша” деген теңеу сөзінде қаншама ұғым жатыр. Қазақ халқы шыршаны “денсаулық ағашы” деп атаған. Шырша өсімдігінің басқа өсімдіктерге қарағанда адамзаттың тұрмысына да, табиғатқа да тигізетін пайдасы көп. Оқушы бұл жобаны жазу барысында кеңінен дайындалғанын байқатты. Кілттік сөздер: Шырша, медецинада, деректермен.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Нұр-Сұлтан қаласы «№86 мектеп-гимназия» КММ








Тақырыбы: « Менің бақшамда өсетін шырша

өсімдігінің пайдасы мен зияны»








Қадірбай Абылай

7 «А» сынып оқушысы

Жетекшісі: Азимбаева Г.Қ













2021







Мазмұны

І. Кіріспе... .......................................................................................................5

ІІ. Негізгі бөлім................................................................................................7

2.1. Шырша-киелі өсімдік.............................................................................9

2.2. Шырша өсімдігінің пайдасы мен зияны............................................12

ІІІ. Практикалық бөлімі..............................................................................14

3.1. Шыршаның медицинада қолданылуы................................................16



3.2. Шыршаны тұрмыста, шаруашылықта, қолөнерде қолдану.........18

3.3. Шырша өсімдігін қолдан өсірудің әдісін зерттеу,

көшет дайындау............................................................................................20.


Қорытынды ...................................................................................................21


Қолданылған әдебиеттер............................................................................22

















Аңдатпа


Бұл ғылыми жобада оқушы өзінің бақшасында өсіп тұрған шырша өсімдігінің пайдасы мен зиянын, оның медецинада, шаруашылықта қолданылуын толық қамтыған. Шырша өсімдігін түгелдей зерттеген. Мәліметтерді, деректерді өз жасына лайық таба білген. Деректермен дәлелдеген. Шырша өсімдігі қазақ халқы әрі киелі, әрі қасиетті ағаш деп санаған. Халқымыздың “Ағаштардың анасы-шырша” деген теңеу сөзінде қаншама ұғым жатыр. Қазақ халқы шыршаны “денсаулық ағашы” деп атаған. Шырша өсімдігінің басқа өсімдіктерге қарағанда адамзаттың тұрмысына да, табиғатқа да тигізетін пайдасы көп.

Оқушы бұл жобаны жазу барысында кеңінен дайындалғанын байқатты.

Кілттік сөздер: Шырша, медецинада, деректермен.


Аннотация


В этом научном проекте школьник подробно освещает пользу и вред елового растения, произрастающего в его саду, его применение в медицине, в хозяйстве. - Я не знаю, - сказал он. - Я не знаю, - сказал он. С данными доказал. Еловая растительность считалась казахским народом священным и священным деревом. Сколько понятий заложено в слове нашего народа “мать деревьев-елка”. Казахский народ называл елку “деревом здоровья". Пихтовое растение имеет больше преимуществ, чем другие растения, как для жизни человечества, так и для природы.

Ученик заметил, что при написании этого проекта он был широко подготовлен.

Ключевые слова: елка, медецина, с данными.


Annotation

In this scientific project, the student fully covered the benefits and harms of the Spruce plant growing in his garden, its use in medicine, in the farm. He studied the Spruce vegetation. He knew the facts, the facts, the facts, the facts, the facts, the facts. This is confirmed by the data. The spruce tree was considered sacred and sacred by the Kazakh people. How many concepts lie in the equivalent word of our people “Mother of trees-Christmas tree”. The Kazakh people called the Christmas tree “tree of Health”. The Spruce plant has more benefits for both human life and nature than other plants.

The student noted that this project was widely prepared during the writing process.

"I don't know," he said.






Жұмыстың мақсаты: Шырша өсімдігі қасиетін, пайдасын анықтау арқылы мектеп ауласын көгалдандыру жолдарын ұсыну және оны қорғау.


Жұмыстың міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:

  • Шырша өсімдігі, оның түрлеріне тоқталу;

  • Шырша өсімдігінің пайдасы мен зиянына жан-жақты тоқталу;

  • Шырша өсімдігінің қолданылуына тоқталу;

  • Шырша жайында ақпараттар жинау.

  • Шыршадан алынатын өнімдермен танысу

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің негізі: оқытудың заманауи әдістері, білім беру үрдісіндегі әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерін меңгереді.



Зерттеу пәні: биология

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, талдау, зерттеу әдістері пайдалану. 

Зерттеудің объектісі: Шырша өсімдігінің адамның өмірінде алатын орыны

Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік









Кіріспе


Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Жасыл-Ел» бағдарламасы жайында: «Бұл жай ғана экологиялық шара емес, терең өмірлік мәні мен маңызы бар дүние. «Жасыл-Ел дегеніміз-Мәңгілік Ел дегеніміз. Біз елімізді жапырағы қурамайтын, тамыры суалмайтын, көрген жан тамсанбай тұра алмайтын Мәңгілік жасыл елге айналдыруымыз керек. Кейінгі ұрпаққа желден ық, суықтан пана, ыстықтан сая болатын мәңгілік бәйтерек тұрпатты жасыл елді табыстауымыз керек»,-деген болатын. Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биыл міне он бесінші жыл өз жұмысын жалғасыруда. Бұл бағдарлама еліміздің түкпір-түкпірінде қолдауға ие болып, жүйелі түрде іске асып келеді. Және оған еліміздің жастары үлкен қолдау білдіруде. Жастарға экологиялық білім беріп, оларды еңбексүйгіштікке, патриоттыққа, жинақылық пен тазалыққа тәрбиелейтін «Жасыл-ел» бағдарламасының өскелең ұрпақ үшін маңызы зор болып қалмақ.

Осы орайда туған өлкеміздің экологиялық жағдайын жақсарту үшін, мен не жасай алам, менің қолымнан не келеді? Осы сұрақтар мені мазалады. Неге мен өз бақшамда өсіп тұрған киелі шырша өсімдігінің адамға тигізер пайдасы мен зиянын, оның медицинада қолданылуын, тұрмыста қолданылуын, әкемнің осы өсімдікті қалай егіп, күтіп-баптап, өсіріп жатқанын жазбасқа деген ой келді. Мен оқитын мектеп ауласында өте көп көліктер тұрады. Тұрады демекші, қазіргі кезде ауылда, ауданда көлік қозғалысы тым көп. Тіпті, ауылда қанша тұрғын болса, солардың көбісінде көлік бар. Ал мектепте жыл санап оқушы саны артып келеді. Олар үзіліс кезінде аулаға шығып асыр салып ойнайды. Шаңды, көліктен шыққан түтінді балалар жұтып жатыр ма деген ой келді. Мектеп ауласының тынысы мәз емес. Мектеп ауласында азын-аулақ қана шырша өсімдігі бар. Оны да кезінде әкем отырғызып берген. Көбісі қараусыз қалып, қурап кетті. Шырша аса пайдалы, фитоциндік қасиеті бар ағаш болғандықтан, ластанған мектеп ауласын тазарту үшін көгалдандыру ісін жүргізген жөн деп ойладым. Бұл жағдай, қоршаған орта экологиясы, яғни, өзіміздің денсаулығымыз туралы мені де, барлығымызды да толғандырары анық. Шыршаның келтіретін пайдасын ауылымызды, ауданымызды және мектеп ауласын көгалдандыруға қолдануды ғылыми жұмысыма мақсат еттім.

Биолог ғалымдардың шырша ағашы өскен жерді нағыз жұмақ деп санауы тегін емес. Менің үйімнің ауласында шыршаның түрлері отырғызылған. Әкем оны сәндік үшін отырғызған деп ойлаушы едім. Оның сырын енді осы жобаны жазып жатқалы түсінгендей болдым. Демек, біздің үй нағыз жұмақ екен ғой деп ойладым.








2.1.Шырша-киелі өсімдік.

Шырша(Pіcea) – қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш. Дүние жүзінде Еуразия мен Солтүстік Американың қоңыржай аймақтарында өсетін 45 (кейбір деректерде 35-тен 50-ге дейін) түрі бар. Қазақстанда Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда, Тарбағатайда, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Алтайда таза шырша орманы ретінде өсетін 2 түрі: сібір шыршасы және Шренк шыршасы бар. Сібір шыршасы (Р. ovovata) – қос үйлі ағаш, биіктігі 30 м-ге дейін, бөрік басы өте сүйір, діңі түзу, бұтақ шоғыры қалың, жайқала өседі. Сұрғылт тартқан қара қабығы бар. Қылтаны төрт қырлы, үшкір, 5 – 7, кейде 9 – 12 жыл бойы сақталады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді, тұқымы тамыз – қыркүйекте піседі. Жемісі – дәнек. Көлеңке сүйгіш ағаш, 300 – 500 жыл жасайды. Шыршаның қабығында 8 – 15% илік заттар, қылқанының құрамында С витамині, аскорбин қышқылы

Шыршаны қазақ халқы әрі киелі, әрі қасиетті ағаш деп санаған. Халқымыздың “Ағаштардың анасы-шырша” деген теңеу сөзінде қаншама ұғым жатыр. Қазақ халқы шыршаны “денсаулық ағашы” деп атаған. Шырша өсімдігінің басқа өсімдіктерге қарағанда адамзаттың тұрмысына да, табиғатқа да тигізетін пайдасы көп. Саябақтарда өсіп тұрған көкпен-көк шыршаның хош иісі қандай тамаша, мөлдір де, тап-таза тау самалын еске түсіреді.



2.2. Шырша өсімдігінің пайдасы мен зияны


Адамзатқа пайдасы бар шырша өсімдігімен

Табиғат байлығының ішінде өсімдік әлемі ерекше орын алады. Өсімдіктер дүниесінің басты ерекшелігінің бірі – олар өзінің өсу, даму жолында ауадан көмір қышқыл газы мен күн сәулесін пайдаланып, органикалық заттар түзеді және оттегін бөліп шығарады. Сол органикалық заттар түзу құбылысын фотосинтез деп атайды. Сөйтіп, өсімдіктер көмір қышқыл газы мен суды пайдаланып өзіне қажет қор затын түзіп қана қоймай, сонымен қатар өсімдік бойына жинақталған сол қор заты адам мен жануар организміне қажетті азық қоры болып есептеледі. Ал оттегі оларға дем алу үшін қажет. Ендеше тіршілік үшін өсімдіктердің маңызы зор.

Жер беті өсімдіктерінің 500 мыңдай түрі кездеседі. Олардың көпшілігін адам баласы пайдаланады, жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор роль аткарады. Сондықтан да, жер үсті өсімдіктерін қорғау — басты міндеттің бірі.


Шырша орманы орналасқан аймақ түрлі қауіп-қатерден аулақ болады” дейді мамандар. Себебі әртүрлі дәрумендер, химия үшін шикізат, емге лайық таза ауамен қамтамасыз ететін оның пайдасы шаш етектен десе де болады.

Оның тау беткейіндегі топырақты тұрақтандырып, ылғалды сақтап қалуға да тигізер септігі мол. Осыған байланысты олардың барлығы суды, топырақты қорғайтын бірінші дәрежелі ормандар қатарына жатады.

Биіктігі 15-30 м болатын бір шыршаның шығарған оттегі мөлшері 25-30 адам бір жыл тыныс алуына жетеді. Сонымен бірге, шырша 20-25 тонна шаңды залалсыздандырады, көктемнен күзге дейін микробтарды жояды. Ғылыми медицина, айналасындағы ауру тудыратын микробтарды жояды, бактериялар, саңырауқұлақтар және кейбір бунақденелілердің өзін де өлтіріп жіберетін фитоцидтік қасиеті барын дәлелдеді. Б.П.Токинның мәліметі бойынша бір гектар жерде өсіп тұрған шырша тәулігіне 30 кг фитоцид бөліп шығарады. Бұл бір үлкен қаланың ауасын, ауру туғызатын бактериялардан тазалауға жетеді. Сондықтан да биолог ғалымдардың шырша ағашы өскен жерді нағыз жұмақ деп санауы тегін емес.

Мысалы шырша жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айналасына 1,5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен. Шырша орманның 1 гектары жылына 18 млн ауаны көміртегі газынан тазартып, 50-65 тоннаға дейін шаң-тозаңды зиянды газдардан арылтып, сүзіп отыратын көрінеді. Осыдан-ақ бұл өсімдіктің адамзатқа тигізер пайдасын бағамдай білуге болады.

Шырша қылқан жапырақты ағаш түріне жатады. Ал, қылқан жапырақтылардың емдік қасиеті мол. Ағаштардың қылқанында эфир майы бар, ол адамның тыныс жолдарын жақсартады. Сонымен қатар, ағаш иісінің микроб пен вирусты жоятын қасиеті бар. Сол себепті көбіне тубсанаторийлер осы ағаштар өсетін аймақтарға салынады.

Шырша 15-20 жылға дейін өте жай, кейін жылына 30 см дейін өсетін болады. Мәңгіжасыл өсімдік болғанымен, 6-12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Шыршаны тар ауладан гөрі, арнайы бақтарға, кең ауласы бар балабақша, мектеп алаңқайларына еккен жөн. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай, аурухана, шипажайлардың маңына көптеп еккен жөн.

Халық екі түрлі жаңажылдық шыршаны-тірі ағаш күйіндегі шыршаны және жасанды шыршаны безендіретін болған.Жасанды шырша қауіпті материал -токсиндік поливинилхлоридтен ПВХ жасалады. Ғалымдардың пікірінше,өрт қауіпсіздігін арттыру үшін өндірушілер материалға қорғасын, қалайы және барий фталттарын қосады. Сондай-ақ олар поливинил-

хлоридтен жасалған бұйымдардың жұмсақтығын, біріктігін және икемділігін қамтамасыз етеді. Бұлар адам денсаулығы үшін қауіпті фталаттар тері арқылы ағзаға еніп, тез тарайды.Олардың уыттылығы адамның бауыры мен бүйрегіне, эндокринді және жүйке жүйесіне теріс әсерін тигізеді.

Ал американдық дәрігерлер тірі шыршалардың да адам денсаулығына тигізетін зардабы жасанды шыршалардан кем болмайды деген тұжырымға келді. Себебі өсіп тұрған жерінен енді ғана кесіліп алынған шырша ағашында адамның көзінен жас ағызып, жөтел, шаршағыштық сезімін тудыратын саңырауқұлақтың споралары болады. Ол сондай-ақ адамның кеуде бөлігінде ауырсынуды сезінуіне себеп болады.

Сонымен қатар, жаңа жыл мерекесіне арнап арнайы өсірілген шыршаларды күтіп баптау кезінде оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін химиялық заттармен өңдейді. Ал тірі шыршаның бойындағы бұл химикаттар үйге әкелінген соң бөлмедегі ауамен қосылып, әсіресе, балалардың, оның ішінде тыныс жолдары ауруларымен ауыратын балалардың денсаулығы үшін үлкен қауіп төндіреді.

Яғни, жаңа жылға арнап шыршаларды арнайы аумақтарда өсірудің де экологиялық зардабы зор. Ауқымды аумақтарда өсірілетін мұндай ағаштарды өңдеуге қаншалықты химикат жұмсалатынын, ал содан кейін қанша зиянды заттардың ауаға таралатынын ескерсек, экологиялық мәселе ретінде бұл тақырып та зер салып, көңіл бөлуді қажет етеді.

Мерекені тірі шыршамен ғана қарсы алуды қалайтындарға балама ретінде қазір шыршаның шағын бойлы тұқымдастарын үйде құмырада өсіру ұсынылуда. Әрине, бұл өсімдік үнемі күтімді қажет етеді, десек те, бұл ормандағы тірі ағашты балталап тастап, табиғаттың тартуына қиянат жасағаннан тиімдірек.


3.1. Шыршаның медицинада қолданылуы.


Ертеде шыршаның бүрлі бұтағын үйге әкеп қойса “балаларға ауру жоламайды”- деп түсінген. Ауырған балаларды шырша тұтатып “аластаған” немесе басына жастап қойған.

Шырша мына ауруларды емдейді:

  1. Шырша жемісі несепті айдайды, қуықты басатын дәрі ретінде қолданады.

  2. Шыршамен тіс тазалау пайдалы.

  3. Жасыл бұтақтары жараны емдеп жазады.

  4. Бүйректің қабынуына пайдасы зор.

  5. Созылмалы кеңірдекшелердің қабынуына.

  6. Сыздауық шыққанда пайдалы.


Шырша шайыры – жақсы антисептикалық, жаралар, кесіп, тыртықтарды және ойық майлау үшін халықтық медицинада пайдаланылады. Америка мен дәрілік мақсаттар үшін, жағымды дәмі бар шырша оның тұрғындары кеңінен қолданылатын шайыр түбіріне Ерте қоныс: ол бронхит, жөтел, ангина, тіпті туберкулез бен онкологиялық, дизентерия, отит, шырышты қабынуы емдеу, кейбір несеп-жыныс аурулары (мысалы, бұлшық еттер мен буындардағы, гонорея, және қынап жұқпалар), цинги, ревматизм, ауыруы. ревматизм, қабынуларға, жұқпалы аурулардың, өткір және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі емдеу жасуша шырыны шырша пайдалану негізінде сіріндісі бар мазмұнмен медициналық препараттар. Ұяшық шырынын пайдалану:

  • қанның пайда болуын ынталандырады;

  • дене қорғаныш функциясын қалпына келтіреді, иммунитетті күшейтеді;

  • өкпе ауруларын емдеу қабынуға қарсы әсері;

  • онкологиялық және жүрек-тамыр ауруларының алдын алу;

  • гипертензияның дамуына жол бермейді;

  • ағзалар ағзаларының жұмысын жақсартады;

  • асқазан мен ішектің жұмысын қалыпқа келтіреді;

  • денеде витаминдер, микро- және макроэлементтердің жетіспеушілігін толықтырады;

  • радиацияның әсерінен қорғайды;

  • стрессті жояды, антиоксидантты әсерге ие және қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімділігін арттырады.

Шырын сатылымында сатуға дайын және формадағы фитокотекс түрінде пайда болады – бұл сұйықтық тек сұйылтылған түрінде ғана қолданылуы мүмкін.

Эфир майы, әр түрлі химиотерапевтік препараттардың әлсіз болған жағдайларда көмектеседі, мысалы, рак клеткаларының өсуін баяулатады, тіпті тоқтатады. Мұнай тікелей қанға келеді және асқазан ағзаларын айналып өтіп, сондықтан ыдырайтын емес аурулардың омыртқасына жиналады. Оның жауынгерлік компоненті – камфор. Шырын майы – бұл бактерицидтік, антисептикалық, анальгетиктерге, қабынуға қарсы, қалпына келтіргіш, тыныштандыратын және сергітетін әрекетке ие медицинадағы әмбебап медицина. Ол тек медицинада ғана емес, сонымен қатар былғары, лимон, фурункулоза, ісіну, әжімдер, тері жамылғысы, сиқыр және басқа да терінің ауруын емдеуге арналған косметологияда кеңінен қолданылады.

Шырындар мен дәрі-дәрмектерді қолдану белгілі бір ережелерді сақтауды талап етеді: емдеу барысында алкогольді ішімдіктерді, тіпті әлсіздерді ішуден аулақ болу керек, себебі алкоголь дәрі-дәрмектердің әрекетіне бейтараптайды. Егер денеңізге төзбейтін болса, шырышты дайындаудан бас тартыңыз. Сіз бөртпе патологиясы бар асқазанның эпилепсиясы, гастриті немесе асқазан жарасы бар емделушілерді емдей алмайсыз. Бұл жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ балаларға қарсы. Дәрі-дәрмектерді дұрыс пайдаланбау немесе дисрегуляциялау аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін. Егер сізде тітіркену, қызару және қызыл дақтар пайда болса, онда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Егер дененің шырышты қалай қабылдағанын білмесеңіз, сынауды орындаңыз: қолдың немесе аяқтың артқы жағында майдың немесе шырынның 10-15 тамшысын тамшылатып, теріңізге мұқият жағыңыз. Егер келесі екі-үш күнде аллергия көрінбесе, сіз препаратты қабылдауға болады, бірақ дозаны дозалау туралы дәрігермен кеңесіңіз.

Эфир майы жемісінде 25 – 29%-дай сұйық май

Шыршаның зауыты қылқан жапырақтар арасында да ерекше. Оның ағашы сондықтан одан шайырлы заттар, музыкалық аспаптар және құрылыс кемелерін жасауға бар. Шырша қабығы – бағалы бальзам және қарағай инелер мен салалары үшін шикізаты асқазан қышқылдығын азайтатын сұйықтық дайындалады, тиімділігі мен иммунитетті арттырады, тістің ауырғанын басады.


Шыршадан жасалған қара май







3. 2. Шыршаны тұрмыста, шаруашылықта, қолөнерде қолдану.


Шырша ағашын ерте заманнан бері халық тұрмысқа қажетті түрлі бұйымдар жасау үшін пайдаланып келеді. Қасиетті шыршаны киелі деп санап, оны беталды кесуге мүлде тыйым салған.


  1. Шырша ағашынан бесік жасайтын болған.

  2. Шырша ағашынан күбі жасайтын болған.

  3. Шыршаның түтінімен етті сүрлейді.

  4. Шыршаның бүрінің күлін насыбайға қосады.

  5. Жылқының өкпе ауыруын емдейді.

  6. Музыкалық аспаптар: қобыз, домбыра, қолөнер бұйымдарын жасаған.

  7. Шыршаның діңінен қарындаш, өндіріске шикізат

есебінде пайдаланылады.

Шыршаның ағашы жұмсақ, жеңіл және мықты емес. Сондықтан құрлыста, ағашты қайта өңдеуде қолданылады.



Шыршадан жасалған жиһаздар


Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Италиян скрипка шеберлері Амати мен Страдиваридің скрипкалары шыршадан жасалған.



Шыршадан жасалған музыкалық аспаптар



Шырша өнімінен қағаз және қатты қатырма қағаздар, целлюлоза, скипидар, канифоль майларын және ағаш сіркесін алады.





Қатты қатырма қағаздар

Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы, яғни бүрі орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.


Шыршаның діңінен тері илеуде


3.3. Шырша өсімдігін қолдан өсірудің әдісін зерттеу, көшет дайындау.


Аулаңызға шырша өсіргіңіз келсе, ақпан айын өткізіп алмаңыз. Көптеген қылқанжапырақты жасыл ағаштардың арасында көгілдір шырша элиталық өсімдіктер қатарына жатады. Оның ғажайып түр-түсі мен сәнді қылқандары және көрнекті түрі өзге ағаштардан ерекше. Егер жер көлемі жағынан мүмкіндік болса бұл өсімдікті кез-келген жан өз ауласының сәніне айналдыра алады. Дегенмен мәңгі жасыл ағаштың көшеті аз ақша тұрмайды. Сондықтан оны бүршігінен немесе қалемше көшеті арқылы өсіруге болады. Ұрықты дайындағанда... Тек көгілдір шыршаны ғана емес, сондай-ақ мәңгі жасыл ағаштардың кез-келген түрін өндіруді, тұқымды дайындаудан бастайды. Алдымен өзіңізге ұнайтын көгілдір шыршаның түрін таңдап алыңыз. Өсімдікте бүршік түйіндер қалыптасқанын қараңыз. Егер олар бар болса, күннің салқын ауа-райында түйіндерді барынша көп етіп жинап алыңыз. Тұқым неғұрлым көп болған сайын сіздің де шыршаны өсіру мүмкіндігіңіз жоғары болады. Бүршіктен өнетін шыршаның 30-40 пайызы ғана толықтай тура өзінің алынған негізгі шыршасына ұқсайтын болады, ал өзгелері біршама өзгеріске ұшырап, көгілдір шырша емес, көгілдір жасыл немесе жасыл кәдімгі шырша өніп шығады. Тұқымы жылы жерді жақсы көреді Жинап алынған түйіндер қабыршағын жарып, дәнін беру үшін жылы жерге орналастыру керек. Арнайы орындарда түйіндер бір-екі тәулік ішінде-ақ өз нәтижесін береді. Себебі арнайы орындарда түйінді қабығын жарып

шыққанша 40-42 градус ыстыққа қояды. Бірақ үй жағдайында мұндай температура жасай алмайтындықтан, түйіндерді жіңішке картон қорапқа салып жылу батареясының үстіне қойған дұрыс. Ал батареясы жоқ үйлер үшін жылы еденнің немесе асүйдегі шкафтың ең жоғары сөресіне қою керек. Жоғарыда ыстық қатты болатындықтан, қауызды жарып шығу процесі де тездейді. Сондай-ақ тұқымды жинамай арнайы дүкеннен сатып алуға да болады. Тек ондай кезде 1-2 жылдық тұқымды алған жөн. Себебі кейбір тұқымдар қоймада ұзақ сақталып қалады. Ал ол тұқымның өніп кетуі қиын болады. Тұқымды үй жағдайында өндіріп алуға болады 1 пайыздық калий перманганаты ерітіндісін дайындау (100 мл суға 1 гр марганец ерітіндісі) Дайындаған ерітіндіге тұқымды салып 2-3 сағатқа қалдыру керек. Тұқымды қағаздың немесе сулықтың бетіне шығарып кептіріп алу қажет. Барлық кепкен дәндер матадан тігілген қалташаға салынады. Қалташаны шыны құтыға салып, қақпағын жауып, тоңазытқыштың ең салқын бөлігіне қойылады. Дәл осы күйінде келешек шыршалар көктем шыққанша ұйықтайды ( ақпан айында жиналған жағдайда 20 маусымға дейін тұрады) Көгілдір шыршаны отырғызу үшін... Алдымен көктем шыға қысқы ұйқыда жатқан ұрықты ояту керек. Ол үшін оларды бір түнге тамыр шығаратын дәрі құйылған ерітіндіге саламыз. Ылғалды болған тұқым тез өнеді. Ертеңіне суда тұрған тұқымды алып қондыра беруге болады. Ашық топырққа қондыру әдісі Көктемгі үсіктердің беті қайтып болған соң, сәуір айының аяғына таман дайын дәндерді ашық топыраққа егу керек. Алдымен жерді қазып ұяшық жасап алып, ішіне шымтезекке ірі құм мен топырақты араластырып, толтыру керек немесе қылқанжапырақтыларға арналған тыңайтқышпен топырақты араластыруға болады. Көгілдір шыршаны ашық топыраққа қондырған кезде ұрықты жиі себу қажет. Жұмыс ретімен жасалуы керек: топырақты жақсылап, нығыздау; бетінен тұқымды 2-3см аралықта етіп сеуіп шығу; шымтезек пен ағаш үгіндісі (опилка) бірдей мөлшерде араластырып, дайын қоспамен ұрықтың бетін 1,5 см қалыңдықта жауып шығу қажет; беті толықтай жабылғаннан соң аздап су шашу керек; беті үлдірмен (пеленка) жабылады; үлдір астындағы топырақтың ылғалдылығын жиі тексеріп, ара-тұра желдетіп алған жөн; алғашқы өскін үш аптада өніп шығады, олардың мықты дегендерін алып қалып, араларын 6 см қашықтықта сирету қажет; өніп шыққан көшетке күнделікті таңертең су бүркіп отыру керек. Тек артығымен болмағаны жөн. Артық ылғал түрлі вирустық ауруға шалдықтырып, шыққан өнімді жойып жібереді. Осы күйінде шырша келесі жылғы көктемге дейін қалады. Жаздың аптап ыстығында топырағының құрғап кетуінен сақ болыңыз. Пластикалық ыдысқа қондыруға болады Шыршаны үй ішінде өндіруге де болады. Ол үшін жалпақ әрі терең қақпағы бар пластикалық құты дайындап алыңыз. Себебі пластикалық құтылар қақпақтары толық жабылып тұратындықтан өте ыңғайлы. Жұмыс жасау тәртібі: Топыраққа құрғақ құм мен шымтезек араластырып, дайындаған ыдысқа толтырып салу қажет; Жақсылап су сеуіп шығу керек; Тұқым сеуіп, топырақты қолмен немесе шанышқымен себілген дәндер топырақпен жабылатындай етіп араластырылады; Ыдыстың қақпағын нығыздап жауып,

күннің көзі тікелей түспейтін, бірақ жылы жерге қойылады; Топырағы кеуіп бара жатқан кезде ашып су сеуіп тұру керек; Дәндер өніп кішкене көріне бастаған кезде қақпақты ашу қажет; Жазда ыдысты далаға шығарып үлкен ағаштың көлеңкесіне қою керек; Жас өнімді келесі жылы көктемде мамыр айында топырақ жылыған соң өзіңіз қалаған орынға отырғызуға болады;


Мамандардың бұл өсімдікті қолдан қалай дайындау керектігі туралы деректері. Ал біздің бақшада қалай өсіріліп жатқанына тоқталсақ….

Мен бұл туралы атам мен әкеммен көмек сұрадым. Олар маған біздің бақшада шыршаның туя, можевельник, жасыл эль түрлері өсіріліп жатқанын айтты. Бақшамдағы ең хош иісті шыршаның бірі –можевельник. Оның қасынан өткен кезде иісі мұрынды жарардай.

Әкем арша тұқымын қыркүйек-қазан айларында жинайды. Ол тұқымды біраз уақыт аралығында кептіріп қояды. Шыршаның жеміс түрі қара түске енді ене бастағанда, яғни биологиялық толық пісу мерзімінен бұрын жиналады. Жиналған тұқымдардың ұрығы жемісбүр ұлпасынан ажыратылады. Ол тұқымды таза құмға араластырып, бөз қалтаға салып, жерді қазып, 5-10 см тереңдікте тұқымды көмеді. Күнделікті оның үстіне су құйылып тұру керек. Құмды араластырған себебі-тұқымды шіріп кетуден сақтайды. Ол жерде тұқым 15 күн шамасында тұрады. Жарты ай көлемінде тұрған тұқым қабығы жұмсарып, өнуге ыңғайлана бастайды. 20 күн өткен соң тұқымды ашып дайындалған жерге себеді. 1,5-2 см қалыңдықта тұқымның үстіне қара топырақ пен қара қиды араластырып себеді. Қыста тұқым мұз қатып қалмас үшін жантақпен, шөппен немесе қамыспен бетін жауып қояды.Барлығы дұрыс жасалғанда наурыз айында еккен тұқым шыға бастайды.





Жемісбүрден ажыратылған тұқым

Былтырғы себілген тұқымның бетін аштық



Екі жылдық можевельник шыршасы







Можевельник шыршасының егілгеніне үш жыл болды



Можевельник шыршасының егілгеніне төрт жыл болды







Ең әдемі шырша- жасыл эль шыршасы

Бұл ағаштың көшетін 2015 жылы әкелініп егілді. Алғашқы үш жылда оның бойы бір метрге көтерілді , тыңайтқыш ретінде малдың шіріген қиын пайдаланған. Екі жыл бойы баяу өсті , себебі бұл өлкенің табиғатына әрен бейімделді. Содан соң өте жылдам өсе бастады. Қазіргі уақытта оның биіктігі 1,5 метрге жетті . Бұл ағашты әсемдік , көркемдік үшін және біздің ауданымызда бұл ағаштың өсірілмеуінен, осы ағашты өсірсек қандай болады деген ой қызықтырды. Жаңа жылда қолданып жүрген шыршамыз-қарағай, ал нағыз шыршаны ауыл тұрғындары біздің үйдің жанынан тамашалайды.


























Қорытынды


Бұл тақырыпты зерттей келе, шырша- қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш және дүние жүзінде 45 түрі бар екендігін білдім. Көлеңке сүйгіш, 300-500 жыл жасайды. Шыршаның қабығында 8-15% илік заттар, қылқанының құрамында С витамині. Түрлеріне қарай 50-150 жыл аралығында өмір сүреді. Қазақстанның таулы аймақтарында бірнеше шыршадан құралған ормандар бар, ал көгалдандыруда он шақты түрі қолданылады. Олардың арасында бойы бір метрден аспайтындары да бар.

Мен бұл тақырыпты зерттей отыра, шырша ағашының адам өмірінде маңызы зор екендігіне көз жеткіздім. Табиғатқа да, адамзатқа да тигізер пайдасы шаш етектен болатын шырша ағашына қамқорлық қажет!

Қорыта келе, шырша өсімдігінің пайдалы жақтарын, туған өлкеміздің экологиялық жағдайын жақсарту, мектеп маңы ауасын тазартып, денсаулықты нығайту үшін қолдануды ұсынамын.

Табиғатта азайып бара жатқан өсімдіктер жайында насихаттап, ата-бабамыз бізге қалдырған байлығы-шырша өсімдігі болсын, басқа өсімдіктер мен жануарларды аман сақтап қалу, қорғау, қамқорлық жасау біздің басты парызымыз.





Қолданылған әдебиеттер



1.«Пайдалы өсімдіктер» М.Қ. Қожабеков, 1992, 64 бет;



2. «Қазақ дәрілік өсімдіктері», Ә. Іскендіров, 1982, 66-бет



3. «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы»,

ІІІ том,Алматы 2008 ж

 


4. Қ. Құлжабаева «Қылқанжапырақтылар» Дидактикалық материал-Алматы, 2010

 

5. Интернет ресурстары. 1. https: // www inform. Kz. zhasyl-el-z

2. kk . Wikipedia. org/ шырша


3. wikiwand. ru / kk/ шырша


22

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.12.2024
406
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі