Материалдар / "Шыршамыз тұр жараса"кіші топ балаларына арналған ертеңгілік сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Шыршамыз тұр жараса"кіші топ балаларына арналған ертеңгілік сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Шыршамыз тұр жараса" кіші топ балаларына арналған мерекелік ертеңгілік сценарийі.Балалврға мерекелік көңіл күй сыйлау.Қыс мезгілі жайлы түсініктерін бекіту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2024
109
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шыршамыз тұр жараса»

II кіші тобы

Балалар көңілді әуенмен залға кіреді, шыршаны айнла тұрады.

Жүргізүші:Қымбатты балалар, қонақтар! Барлықтарыңызды келе жатқан жаңа жыл меркесімен құттықтаймын!

Тауда туып, тауда өскен

Шырша келді ортаға

Құтты болсын жаңа жыл!

Жаңа бақыт, жаңа жыр!

Әдемілеп біз ілеген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Тамсанайық баршамыз

Балалар, қарандаршы, Аяз Ата бізге қандай әдемі шыршаны құрған. Қане, айналып, қол ұстасып, ойыншықтарын тамашалайықшы.


Өлең «Қандай тамаша шыршамыз»

Жүргізүші:

Бәрімізге анықты

Мереке болады көңілді:

Ән шырқаймыз бәріміз,

Қонақтарды қарсы аламыз.

Қане, шапалақтап қонақтарды шақырайық.

Тссс... Біреу келе жатыр, шыршаның артына тығылып қалайық.


Балалар шыршаның артына тығылады.

Ақшақар: (әндете)

Немересі Аяздын

Мен Ақшақар боламын.

Балалармен ойнаймын,

Билеймін, әндетемін.

Ля-ля-ля-ля!

Міне б/б «Қуаныш». Ой, неге ешкім көрінбейді, дыбыстар да естілмейді? Балаларды іздейін: оңға, солға қарайын.

Іздейді.

Мысықтардың мияулаған дауысы естіледі, сонан соң иттердің және торғайлардың дауысымен дыбыстайды, ақырында балалар шыршаның алдына шығып «Міне біз» деп Ақша – қарды құшақтайды.

Ақшақар: -Сәлеметсіңдерме, балалар!

Балалар: -Сәлеметсіз бе!

Ақшақар: -Сендер менімен ойнадыңдар ма?

Балалар: -Иә!

Ақшақар:-Ай, кішкентай тентектерім.

Қандай сәнді киімдерін

Өздерің сондайкөңілді...

Ал шырша қандай әдемі!

Шеңбер жылдам құрайық,

Шыршаны айналайық,

Шапалақтап, қуанып,

Шамдарын жарқыратайық!


Шыршаның шамдары жанады.


Шыршамен ойын.

Жүргізүші:

Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанайық бәріміз


Өлең «Жаңа жыл»

Балалар отырады.

Ақшақар: -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешіп көріңдерші.

Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айғай, шу.

Балалар: -Түлкі!

Түлкі келеді

Қоян: -Сәлеметсіңдерме, балалар!

Ия, ия, мен Түлкімін. Орманда ең әдемі, ең сұлу менмін!(құйрығын сипайды)

О! Шырша қандай керемет!

Ойыншықтары ілінген,

Шамдары жарқыраған,

Бақшаларың сәнденген!

Ақшақар:-Түлкіжан, қандай жақсы келгенің!

Ойнай – ғойышы бізбенен!

Түлкі: -Ойынды өте ұнатамын, бірақ алдыменен жұмбақ жасырамын. Жұмбақтарды шешу білесіңдер ме?

Аяғы бар, басы бар,

Арқасында тасы бар.

(тасбақа)

Үстінен тоны түспеген,

Сонда да араз қыспенен.

(аю)

Сықырдан қорқады,

Шошынып жортады.

(қоян)

Түлкі:-Жарайсыңдар, бөбектер! Онда бәріміз қоянға айналып, орманда ойнайық


Ойын «Түлкі мен қояндар»

Ақшақар: -Рахмет, Түлкі, ойының балаларға өте ұнады. Біздің қадірлі қонағымыз болыңыз,балалардың өнерін тамашалаңыз.


3-4 тақпақ

Түлкі: -Рахмет, балалар!

Ақшақар:-Ал біз Аяз Атаны күтіп жүрміз. Бәріміз қосылып шақырайықшы. Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз – Ата!

Таяқпен тықылдатып: «Әу, бөбектерім! Келе жатырмын!» - деп Аяз Ата кіреді

Аяз Ата: Келді жылым бақытым,

Кемелденді уақытым.

Сәлем саған, Жаңа жыл,

Жаңа бақыт, жаңа жыр!


Ойын «Үскіртемін»

Аяз ата:-Ай, жарайсыңдар!Менен қорықпайды екенсіңдер, шаршаттындар мені әбден.

Сәл демалайын.

Тақпақтарынды тындайын.

Жекеше тақпақтар

Ақшақар: Ақшақарлар,келіңдер,

Атаға билеп беріңдер,

Жарқырасын айнала,

Ақ күмістей ақ дала!

«Ақшақарлар биі»

Аяз ата: Айналаға қанша қар түсті! Келіңдер, балалар, қар атысып ойнайық!

Ойын «Қар атысу»

Ақшақар үлкен омбы қарды домалатып әкеліп:

Ақшақар: -Аяз ата, қараңыз, қандай үлкен омбы қар!

Аяз Ата: Қандай ғажайып омбы қар!

Іші толған сыйлықтар!

Ақшақар: Балалар, отырыңдар, Аяз Ата бізге сиқыр көрсетеді.

Аяз Ата: Бар күшімді салайын:

Омбы қарды айналып,

Таяғымды тигізіп,

Сиқырлы сөздерімді қолданып

Сыйлықтарды алайын!

Омбы қардың ішінен сыйлықтарды алып шығып, балаларға таратады.

Балалар: Рахмет, Аяз – Ата!








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!