Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Абай атындағы жалпы орта мектебі
Сыры көп асыл мұра
Бағыты: Өлкетану
Орындаушы: Артурұлы Арсен 6 «г» сыныбы,
Абай атындағы жалпы орта мектебі, Атырау облысы Құрманғазы ауданы.
Жетекшісі: Шамбузова Әлия Оңғарбайқызы,
Абай атындағы жалпы орта мектебі, Тарих пәні мұғалімі
Сыры көп асыл мұра
Аннотация
Бұл ғылыми жоба Жұмекен Нәжімеденовтың асыл мұрасы — ер-тұрманды зерттеуге арналған. Жұмекен Нәжімеденов — қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, оның шығармашылығы ұлттық мәдениетті байытады. Ер-тұрман — қазақ халқының көшпелі өміріндегі маңызды элемент, ол ұлттық дәстүрлерді сақтауда үлкен рөл атқарады.
Жобада Жұмекеннің өмірі мен шығармашылығы, ер-тұрманның құрылымы мен түрлері, сондай-ақ оның мәдени маңызы қарастырылады. Ер-тұрманның Ғалымжан Жұбанғалиевтің иелігінде сақталуы — қазақ мәдениетіне деген құрметтің белгісі. Жұмыстың нәтижелері қазақ халқының рухани мұрасын зерттеуге және болашақ ұрпаққа жеткізуге үлес қосады.
Бұл ғылыми жобаның мақсаты — Жұмекен Нәжімеденовтың асыл мұрасын, оның ішінде ер-тұрманның мәдени және тарихи маңызын зерттеу. Жұмекеннің шығармашылығымен және ер-тұрманның қазақ халқының мәдениетіндегі рөлімен таныстыру.
Кіріспе
Жұмекен Нәжімеденов — қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі, оның шығармалары қазақ мәдениетінің тереңдігін, рухын және ұлттық идентичтілігін көрсетеді. Жұмекеннің поэзиясы мен прозасы елдің тарихи және әлеуметтік контекстінде өмір сүріп, оқырман жүрегіне жол табады.
Бұл ғылыми жоба Жұмекен Нәжімеденовтың асыл мұрасы — ер-тұрманды зерттеуге арналған. Ер-тұрман қазақтың көшпелі мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол атқа мінуге арналған жабдықтардың кешені ретінде, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін және ұлттық құндылықтарын айқындайды. Ер-тұрманның тарихы мен дәстүрлері қазақ халқының мәдениетіне терең әсер еткен, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Жұмекен Нәжімеденовтың ер-тұрманы — оның балалық шағы мен ұлттық мәдениетін еске алатын, сондай-ақ адамгершілік пен достықтың символы болып табылады. Ғалымжан Жұбанғалиев атамыздың иелігінде сақталып келе жатқан бұл асыл жәдігер — қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мен насихаттаудың бірегей үлгісі.
Зерттеу барысында Жұмекеннің шығармашылығына, ер-тұрманның құрылымы мен түрлеріне, сондай-ақ оның мәдени маңызына назар аударылады. Жұмыстың нәтижелері ұлттық мұрамызды қадірлеудің, зерттеудің және болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын көрсетеді.
Бұл ғылыми жобаның басты жаңалығы – Жұмекен Нәжімеденовтың ер-тұрманының мәдени және тарихи маңызын терең зерттеу мен оны қазақ халқының мәдени мұрасы ретінде қарастыру. Жұмекен Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылығының негізгі элементі ретінде ер-тұрманды зерттеу арқылы автор оның ұлттық идентичтілік пен дәстүрлерді сақтаудағы рөлін ашады. Бұл ер-тұрманның Жұмекеннің балалық шағын, қазақ мәдениетімен байланысын еске салатын маңызды жәдігер екендігіне ерекше назар аударылады.
Жұмекен мен Ғалымжан Жұбанғалиев арасындағы достық пен мұра: Жұмекен Нәжімеденовтың ер-тұрманы Ғалымжан Жұбанғалиевтің иелігінде сақталып келе жатқандығы және бұл жәдігердің достық символы ретінде мәні. Мұның мәдени және тарихи маңызы да зерттеліп, бұл екеуінің арасындағы рухани байланыстың маңыздылығы ашылған.
Жоба, сондай-ақ, ер-тұрманның тек ат міну құралдары емес, сонымен қатар қазақ халқының мәдени символы әрі ұлттық мұра ретінде сақталу маңыздылығын көрсетеді. Ғылыми зерттеуде ер-тұрманның құрылымы, түрлері және оның жасалу әдістері қарастырылады, бұл қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін сақтауға бағытталған құнды мәліметтерді ұсынады.
Негізгі бөлім
1. Жұмекен Нәжімеденов: Өмірі мен шығармашылығы.
Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ол балалық шағында қиын кезеңдерді басынан өткеріп, нағашысы мен атасының тәрбиесінде өсті. Жұмекеннің шығармашылығы қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Оның поэзиясы мен прозасы адамгершілік, махаббат, елдің тарихы мен тағдырына арналған терең философиялық ойларды қамтиды. Жұмекен қазақ халқының рухани байлығын, мәдениетін және ұлттық идентичтілігін жырлап өтті. Оның шығармалары ұлттық мұраны сақтауда, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы 28 қарашада Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылдық кеңесіне қарасты Ашақ деген жерде дүниеге келген. Әкесі – Сабыржан Ұлы Отан соғысында қаза табады да, бұл атасы мен әжесінің тәрбиесінде болады. Нәжімеден атасы жалғыз ұлынан қалған тұяқты өте жақсы көреді және оны өмірінің жалғасы деп біледі. Дархан жүректі, адамгершілігі мол қарт немересінің тәрбиесіне зор көңіл бөледі. Әжесі де ақыл иесі болыпты. Жалғыздан қалған деп өбектесе де, еркелетіп өсірмепті. Зерделі бала да қадірменді атасының сөздерін жастайынан санасына түйіп өскен. Оның бұл қасиеттерін Жұмекен атамыз кейіннен «Ақ шағыл», «Кішкентай» романдарында жақсы суреттеген.
Ел басына түскен ауыр кезеңді зерделі бала Жұмекен жүрегімен түсініп, терең сезінген. Ол мейірім құшағынан кенделік көрмесе де, туған әкесінің жоқтығынан жарым көңіл боп өскен. Бала кезінде сезініп, түйсінген ел ауыртпалығын өзінің поэмаларында да, романдарында да жақсы бейнелейді.
Жұмекен сегіз жасында Қошалақтағы бастауыш мектептің екі класын бітіріп, Дыңғызыл ауылдық кеңесіндегі «Жас қайрат» жеті жылдық мектебінің үшінші класына оқуға түседі. Жеті жылдық мектепті тәмәмдағаннан кейін, Нұржау кеңесіндегі Ленин атындағы орта мектепте оқып, оны 1954 жылы үздік бітіріп шыққан.
1954 жылы Нұржау кеңесіне қарасты Ленин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін «Жас қайрат» сегізжылдық мектебінде бір жыл қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді.
1955-56 ж.ж. Қарағанды қаласындағы № 33/34 шахтада комбайнердің көмекшісі болып жұмыс істеді.
1956-1959 ж.ж. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының халық аспаптар бөлімінде оқыды.
1959-1971 ж.ж. «Жазушы» баспасында кіші редактор, «Лениншіл жас» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарды.
1973 ж. Москва қаласындағы М. Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғарғы Әдеби курсты бітірді.
1974-1983 ж.ж. Қазақ Мемлекеттік кітап саудасы жөніндегі комитетінде редактор, «Мектеп» баспасының тарих және география бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Алғашқы өлеңі «Лениншіл жас» газетінде 1955 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Балауса» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. 1967 жылы Ұлы Отан соғысындағы қасіретті жырлаған «Жоқ, ұмытуға болмайды!» деген дастандар жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.
Ж. Нәжімеденов асқан күйші болатын. Оның «Күй кітабы» атты шығармасының негізінде 2006 жылы аудио-кітап жарыққа шықты.
Ол осы жетістікке жетпестен бұрын ауылда ат үстінде мал бағып өскен. Жұмекен Нәжімеденовтың ат үстінде өскен бала екеніне көптеген дәлелдер бар: «Жұмекен бір каникулдан ақбоз жорғасын мініп оралды. Ақбоз жорғаны өзі бұрын әңгіме етіп айтып жүретін. Жорға сол өзінің айтқанындай өте тұрпатты, мүсінді ат екен. Ақбоз болғанымен,иденесінің әр жерінде бірнеше қаракөк дағы бар еді. Сырт қарағанда тарғақтың жұмыртқасындай. Жал-құйрығы ұзын, қалың, сауыры жып-жылтыр. Дене бітімі тапал да, биік те емес. Аяғы жіңішкелеу, көзі жанып тұр. Құлағы басқа жылқыларға қарағанда ұзын болып көрінетін. Біздің бала кезімізде ер-тұрман сайманы да бәсеке болатын. Аулымызда ұл демей, қыз демей жылына екі рет өтетін мерекелік атшабыс тойына қатысамыз. Атшабысқа үлкендермен бірге ұлдар мен қыздар да үстіне барын іліп, әсем ер-тұрмандарын жарқыратып жақсы аттарымен шығатын.
Ақбоздың үстіндегі ер-тұрманы да өзіне лайық еді. Жұмекеннің әкесінен қалган куміс басты қалмақы ер, күміс үзеңгі, үзені өзіне арнап соқтыргандай кішкентай. Ак жыланбас құйысқан – бұл да озіне арнап алдырған. Ақ қайыстан жасаган жүгенге ақ жыланбас қадап қойган. Қара қылдан ескен шылбырының ауыздыққа қосылар жерінде қылдын өзінен жасаған шоқ шашақ. Тебінгені де ақ жүннен жіңішкелеп ескен кызыл жіппен құстаңдайлап жиектеп қойған. Ақбоз жорғаның үстінде отырған болашақ ақынның қолында әкесінен қалған тобылғы сапты, күміспен өрнектелген, он екі өрме дойыр қамшы»-деп келтіреді Қ.Юсупов баспасөз беттерінде.
«Сәуір айында менің өмірімде үлкен жаңалық болды, Қапия апама бір үйір жылқы берді. Ол аға жылқышы, он бестегі мен көмекші болдым. Енді Жұмекен екеуміз аттан түспейтін болдық»- деп Хамидолла Хабдешов 21.11.2003ж.баспасөз бетінде көрсетеді.
2. Ер-тұрман: Қазақ мәдениетінің символы. Ғалымжан атамен кездесіп, ер-тұрманды көрмес бұрын ер-тұрман деген не, қандай тұрлері бар, қандай материалдан жасалатынын білгім келді. Ол үшін аудандық кітапханаға бардым.
Қазақ халқының өмірінде ағаштан жасалатын үй және тұрмыстық бұйымдарының алатын орны ерекше. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық, олардың жасайтын бұйымдарына қарай «үйші», «ерші», «арбашы», «ұста», «саз аспапшы» деп атаған.
Көшіп қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі – салт ат, соған орай ер тұрман жабдықтарының алатын орны ерекше.
Ер-тұрман дегеніміз – салт атқа мінуге арналған әбзел-жабдықтар жиынтығы. Ерші – ер-тұрман жасайтын шебер ұста.
Ер-тұрман – мініс-көлік малына салт мінетін ер әбзелдерінің кешенді атауы. Ер-тұрман "ер-тоқым" деп те аталады.
Ершілер ерте заманнан бері ерді негізгі үш топқа бөлген. Олар:
А) Ашамай – бес жасқа дейінгі балалар мінетін ердің өте жеңіл, ықшам әрі қарапайым түрі;
Ә) Еркектерге арналған ер. Ондай ер жеңіл, ықшам, берік болады, өте көп әшекеленбейді;
Б) Әйелдерге арналған ерлер сүйегі, қаңқасы ауыр, әрі алтын, күміс, асыл тастармен, сүйекпенг, мүйізбен өте шеберлікпен әшекеленеді. Былғары, барқыт, жарғаұ, мауыты, шұғамен ұапталады. Әзірлеу әдісіне қарай ерлер екі түрге бөлінеді. Олар:
А) Сүйегі бүтін ағаштан тұтас шабылған ерді «сом ер» дейді. Кейде бүтін тұтас шабылған ер деп те атайды.
Ә) бірнеше бөліктен қосып құрап жасалған ерді «құранды ер» деп атайды. Оны ағаш аз өсетін аймақтарда жасаған.
Ер-тұрман әбзелдері ердің сүйегіне қосымша желдік, тоқым, терлік, ішпек (ішкілік), тебінгі, жалпош (жұлпащ), үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, тартпа, айыл (төс айыл, шап айыл), өмілдірік, құйысқан, жүген, нохта, шылбыр, тізгін, арғамшы, арқан, шаужай, сулық, аткөрпе, көпшік, кежім, атжабу, аттарақ, сабаутіс, таға, қамшы, шідер, өре, тұсау, тысамыс, кісен, қанжыға, қылқанжыға, көзқағар т.б. тұрмандардан тұрады. Осылармен қатар жем, тұз беретін атдорба, науа т.б. тағба салатын, ен салаиын, піштіртетін де қосы тұрмандар болады.
Ер-тұрман әзірлеуге қажет шикізаттар:
А) Ердің сүйегі негізінен ағаштан шабылады. Кейде ағаш пен темірді бірге қолданады. Ер шабуға қолайлы ағаштар киіз терек, қайыңның безі, тораңғы және тал. Олар кебе келе әрі жеңіл, әрі өте берік болады.
Ә) Ердің сүйегін қаптау үшін көн, қайыз, былғары, жарғақ, қайыңның тозы (қабығы) барқыт, шұға масаты сияқты маталар, тарамыс, таспа, желім, бояу, шеге т.б. қолданылады.
Б) Ерді әшекейлеу үшін әртүрлі қымбат бағалы металдар, асыл тастар, шыны, лажы, бағдар, сүйек, мүйіз, тұяқ т.б. қажет.
В) Бұлардан бөтен ер-тұрман әзірлеуге киіз, жүн, қыл, жіп, құр тәрізді шикізаттарды пайдалануға болады.
Ыңыршақ дегеніміз – ат, түйе, өгіз т.б. жануарларға жүк артып жүруге, салт мінуге жарамды қарапайым әбзел. Кей жерлерде ыңыршақты ашамай деп те атайды.
Ер-тұрманды ең алғаш ойлап тапқан мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі тайпалар екенінде ешқандай дау жоқ. Әйтсе де, ең алғашқы ер қай жерде, қашан жасалған, оны кім ойлап тапқан деген сұраққа нақты жауап беретін дерек жоқ.
Ыңаршақтың жасалу жолы өте қарапайым. Ол үшін жауандығы 5-6 см, ұзындығы 35-40 см келетін кепкен жұмыр ағашты айқастыра қиюластырып, ыңыршақтың алдыңғы және артқы қастарын әзірлейді. Жауандығы 5-6 см, ұзындығы 40-45 см екі жұмыр ағаштан қос қапталып қастарына қиюластыра бекітіп, желімдесе, ыңыршақ әзір болады. Оған қайың, терек, тораңғығ тал ағаштары жарамды, көлеңкеде қабығын алмай кептірген жөн.
Ашамай – буыны бекіген жас балаларға арналып жасалған ердің қарапайым әрі жеңіл түрі.
Оның қастары ағаш. Сол себепті ашамай деп атаған, кейде ыңыршақ деп атайды.
Ашамайдың құрылыс өте қарапайым, алдыңғы, артқы қастары, қос қапталы бар. Қастарының арасын қайыспен айқыш-ұйқыш тоқып, үстіне немесе бөстек төсеп, айыл тартпамен тартып тастайды. Ашамайдың қастары биік келеді де, оған баланың екі қолтығынан өтетін таяқша бекітіледі. Оны қолтырмаш деп те атайды. Ашамай әдімі оюлармен безендіріліп, аймышталған мүйіз сүйекпен, күмістелген металмен, асыл тастармен әшекейленеді.
Бір күні әлеуметтік желіні қарап отырып, бір фотосуретке көзім түсті. Ол серпер газетінің әлеуметтік желісінде жарияланған бір мақала еді. Ол мақалада Қазақстан Республикасының гимнің авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтың ер тұрманы жерлесіміз Ғалымжан атаның үйінде сақталып келгені туралы жазылған. Сол мақала мені қызықтырып, ұстазым, тарих пәнінің мұғалімі Әлия Оңғарбайқызынан сабақ барысында «сол мақала туралы естігеніңіз бар ма?» деп сұрадым. Мен одан Ғалымжан атамен кездестіруін сұрап, Жұмекен Нәжімеденовтың ер тұрманын көзіммен көзіп, әңгімелесіп, сұрақтарыма жауап алғым келетінін айтып едім, апайым келісе кетті.
3. Жұмекен Нәжімеденовтың ер-тұрманы: Мәдени маңызы.
Жұмекеннің ер-тұрманы Ғалымжан Жұбанғалиев атамыздың иелігінде сақталып келеді. Бұл жәдігер Жұмекен мен Ғалымжан арасындағы достықтың символы, қазақ мәдениетіне деген құрметтің белгісі. Ер-тұрман Жұмекеннің балалық шағын, оның қазақ халқымен байланысын еске салады.
Күллі қазақтың мақтанышына айналған Жұмекен Нәжімеденовтың ертұрманын құрманғазылық Ғалымжан Жұбанғалиев атамыз әлі күнге үйінде сақтап келеді.
Ғалымжан Жұбанғалиев 1935 жылы Қошалақ ауылдық кеңесінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 10 жасында соғысқа аттанған әкесінен айырылып, жастайынан анасына көмектескен. 1954 жылы Карл Маркс атындағы орталау мектепті Қошалақта аяқтап, «Жаңа тұрмыс» ұжымшарына мүше болып қабылданып, түрлі жұмыстарды атқарған.
1958 жылы Новобогаттан тракторшы мамандығын оқып келіп, қайтадан ұжымшарға трактормен шаруаға белсене араласқан. Ал, 1962 жылы Калинин кеңшары құрылғанда қайнаған еңбектің ортасында жүріп, 1982 жылға дейін тракторшы қызметінің жемісін көрген. Осы жылдардағы кеңшардың қызу еңбегінде араласа жүріп бірнеше марапаттарға ие болған екен.
1986 жылдан 2003 жылға дейін Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің аудандық бөлімшесінде күзетші қызметін атқарған.
Осы еңбектері еленіп бірнеше алғыс хаттармен марапатталған. Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің күміс медальмен, Лениннің 100 жылдығына орай «Ерен еңбегі» үшін медальмен, Соцаилистік жарыстың жеңімпазы, Тыл еңбеккері ретінде «Жеңістің 70 жылдығы» және Ресей президентінің «Жеңістің 75 жылдығы», Құрманғазы ауданының 90 жылдығы», «Құрманғазы ауданының 95 жылдығы» медальдармен марапатталған.
Ғалымжан Жұбанғалиев ақын Жұмекен Нәжімеденовпен Қошалақта бірге оқып, бірге өскен екен. Жастайынан жақын өскен олардың жолы 1954 жылы Жұмекен ақынның оқуға кетер шағында бөлінсе керек. Небәрі 17 жастағы Жұмекен отбасын асырасын деп бала кезгі досына ер тұрманын сыйға тартыпты. Ал Ғалымжан Жұбанғалиев сол сәттен бастап әжесін, соғыстан жары оралмаған апасы мен анасын ат үстінде жүріп асыраған көрінеді.
Бұл жәйлі сеңгір сексеннің тоғызына көтерілген көнекөз қария ағытыла сыр шертеді.
-
Қошалақта Ашақ деген жерінде Жұмекен екеуіміз бірге туып өстік. Бірге жүрдік. 1955 жылы 10-сыныпты бітіргеннен кейін ол маған «Ғалымжан, менің баратын жерім бар, Астарахань облысының Қарабайлы ауданында Харшут дейтін жерде нағашым бар, соған барып келемін» деп 15 күннен кейін келді. Келгесін «Ғалымжан, мен енді оқуға кетемін, менімен бірге барасың ба?» деді. Мен сол кезде Жұмекенге «қалай барамын, қарауымда үш кемпір бар, соларды асырап, тамақ апарып беруім керек» дедім. Сонда ол «осы ерді саған беремін, осыны бір кәдеңе жаратып тамақ тауып отбасыңды асыра, сақта» деген болатын. Міне, бүгінге дейін ол менің көзімнің қарашығындай жанымда сақтаулы.
«Жұмекенмен достығымыз сондай, арамыздан қыл өтпеген» дейді атамыз сөзін ары қарай жалғай түсіп. Домбырада тым тәуір ойнайтын атамыздың айтуынша, Нұрғиса Тілендиев пен Сейілхан Құсайыновтың басшылығымен 1957 жылы Гурьев облысында домбырашылар фестивалі өтіп, бірінші орынды еншілепті. Оркестр құрамында Жұмекеннің жары да өнер көрсеткен. Сондай-ақ інісі Ғаділжан Сарсеновтың үйлену тойында Жұмекен бас құда боп Қабдеш Жұмаділовтың туған қарындасымен шаңырақ көтеруіне септігін тигізген.
Жұмекеннің ертоқымын баппен ұстаған Ғалымжан Жұбанғалиев еңбек ері, тыл ардагері, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы, 9 перзенттің әкесі. 3 ұл мен 6 қыздың немере-жиен, шөбере көруде. Достыққа берік, аманатқа адал Жұмекен ақынның досы Ғалымжан Жұбанғалиев биыл 89 жасқа аяқ басты.
Көздің қарашығындай күтіп ұсталған құнды дүние бүгінге дейін сыры да, сыны да кетпеген, сол күйінде тұр десе де болады.
Қорытынды
Жұмекен Нәжімеденовтың асыл мұрасы мен оның ер-тұрманы қазақ мәдениетінің маңызды элементі ретінде зерттелді. Жобада Жұмекеннің өмірі, шығармашылығы, және ер-тұрманның құрылымы мен оның қоғамдағы рөлі кеңінен қарастырылды.
Зерттеу барысында анықталғандай, ер-тұрман тек мініс құралы ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының мәдени идентичтілігін білдіретін символ. Жұмекен Нәжімеденовтың бала кезінен бастап ат үстінде өскені, оның шығармашылығында атпен байланысқан бейнелер мен символизмдердің пайда болуына әсер еткен.
Жұмекен Нәжімеденовтың ер-тұрманы, оның дәстүрлі мәдениетті сақтау мен дамытудағы рөлі, бүгінгі күнде де өзекті. Қазақ халқының бай тарихы мен мәдениеті, оның асыл мұралары арқылы жастарға берілуі қажет.
Болашақта бұл жобаның нәтижелерін қоғамда насихаттау, оқу орындарында сабақтарда қолдану, және мәдениетіміздің құндылықтарын сақтау бойынша ұсыныстар дайындау керек. Жұмекен Нәжімеденов сияқты тұлғалардың мұрасын дәріптеу арқылы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуындағы дәстүрлі элементтерді қайта жаңғыртуға мүмкіндік береміз.
Соңында, зерттеу барысында алынған мәліметтер мен ұсыныстар, Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылық мұрасын тануға, сақтау мен дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Жұмекеннің жүрегі. Жұмекен Нәжімеденов туралы естеліктер. – Алматы: «Білім» баспасы, - 2006. – 372 бет;
-
Жүсіп Қадыр. Жұмекен жұмбағы. – Алматы: «Арыс» баспасы, - 2006. – 240 бет;
-
Дәркембай Шоқпарұлы. Қазақтың қолөнері. – Алматы: «Өнер» баспасы, - 2005;
-
«Серпер» газеті. 2022 жыл 6 қазан
-
«Тағзым» газеті. 2003 жыл 21-қараша
-
Нәжімеденов Ж. «Күй кітабы». Алматы: Жазушы, 2006.
-
Қазақ мәдениетінің тарихы. Астана: Елорданың баспасы, 2010.
-
Ер-тұрман және оның маңызы. Алматы: Рауан, 1995.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыры Көп асыл мұра. Ж.Нәжімеденовтың ер-тоқымы

шағым қалдыра аласыз