Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Материал туралы қысқаша түсінік
өзіме керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орал «Мақсат» медициналық колледжі





Бекітемін : Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

М. И. Трушкова. __________




Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Пәні: Қазақстан тарихы

Тобы: Ф-11

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер»





1 жалпы білім беру,

жалпы гуманитарлық және Құрастырды: Мустафиева Э.Б.

әлеуметтік-экономикалық пәндер

әдістемелік циклдік комиссия

отырысында қаралған

Хаттама № __ «___» желтоқсан 2017 ж



1 ӘЦК төрайымы: Мустафиева Э.Б.


Келісілді: Колледж әдіскері Коцелл. С. О.








2017 жыл

Сабақтың тақырыбы: «1783-1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған

Кіші жүз қазақтарының көтерілісі»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық көтерілістің

шығу себебі, барысы, маңызы, нәтижесі туралы әңгімелеу.

Тәрбиелік мәні: Қазақ тарихындағы осы оқиғаны пайдалана отырып, студенттерді

патриоттыкқа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ой қозғау арқылы студенттердің есте сақтау, ойлау, қабілетін дамыту,

алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуіне үйрету.

Сабақтыңтүрі: Сатылай комплексті талдау технологиясы.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, пікірлесу, өздік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстан картасы, тірек-сызбалар, суреттер,

слайдта, “Венн” диаграммасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі-3 минут

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау-20 минут

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру – 45 минут

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту – 10 минут

Ү. Қорытынды бағалау - 10

ҮІ. Үйге тапсырма – 2 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Қазақтардың 1773-1775 жж. Е.И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы. (топтың жалпы дайындығын тексеру.)

  1. Е.И.Пугачев бастаған көтерілістің шығуына не себеп болды?

  2. Кіші және Орта жүз қазақтарының көтеріліске қатысуы?

  3. 1775 жылы 7 қарашада патша үкіметінің жарлығы бойынша қазақ шаруалары қай өңірлерде көшіп-конуға рұқсат алды?

Жаңа сабақ: (Слайдтың көмегімен төмендегідей тірек сызбалар арқылы көрсетіледі.)

Сабақтың жоспары:

  1. Сырым Датұлы басқарған көтерілістің алғышарттары.

  2. Көтерілістің басты мақсаты.

  3. Көтерілістің қайта басталуы.

  4. Көтерілістің жеңілуі, тарихи маңызы, нәтижесі.

Көтерілістің басшысы Сырым Датұлы 1742-1802 жылдар аралығында өмір сүрген. Зерттеулерге қарағанда Батыс Қазақстан облысы. Тайпақ ауданында дүниеге келген. Қазақ халқының өте тапкыр, көрнекті шешендерінің бірі. Сырым Датұлы Ресей патшасының, оның осы өңірдегі хандары мен сұлтандарының қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбырлығына наразы болды. Орынбор генерал-губернаторына жазған бір хатында: «Сіздер түрлі әдіспен қолға түсірген ноғай, башқұрт халықтары секілді бізді де езбекші екендеріңіз белгілі». Сондықтанда мен патша үкіметімен, хан- сұлтандарға наразы шаруаларды төңірегіме топтастырдым. Салық бермесін, ханға сенбесін, сұлтандарға ермесін халық өзін-өзі қорғасын деген ұранмен патша үкіметіне қарсы шықтым.

Көтерілістің алғышарттары:

—►Кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуі.

—► Сұлтандардың патша үкіметіне қарсылығы.

—► Патша үкіметінің Қазақ жерін отарлауы.

—►Кіші және Орта жүздердің Уфа басқармасынабағындырылуы.

—► Жер мәселесі.

—► 1782 ж. 27 желтоқсандағы Жаңа жарлық бойынша:

1.Қазақ жерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салу.

2.Жалға алынған жер үшін қазақтар ақы төлеумен катар аманат калдыруға тиіс болды.



Көтерілістің басты мақсаты.


Орал казак әскерінің қазақ жерін басып алуынтоқтату.

Нұралы ханның ашық түрде патшаүкіметін қолдауы.

Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпынакелтіру.


1785 жылы патша үкіметінің көтерілісті басуы:


—►1785 жылы17ақпанда Смирнов басқарған топ қазақ ауылдарын талқандады.

—►1785 жылы 17наурызда Колпаковтың басшылығымен Адай,Беріш руларына

қысым жасалды.

—►1785 жылы Назаров басқарғанОрал казактарыТабынруынашабуылдады.


Нұралы ханның патша үкіметін ашық колдағаны үшін...

—► 1785 жылы тақтан түсті.

—► 1786 жылы Уфаға жер аударылды.

—► 1790 жылы сонда дүние салды.


КішіжүздегіҚазақшаруаларыкөтерілісікезіңдегібастыоқиғалар:


—► 1782 жылы 27 желтоқсанда жаңа жарлықтың пайда болуы.

—► 1783 жылы Орал казак әскері арасындағы күрес.

—►1785 ж. Смирнов, Колпаков, Назаров басқарған топ қазақ ауылда­рын талқандады.

—►1785 жылы Кіші жүз старшындарының Нұралы ханды тақтан тайдыру туралы

шешімі қабылданды.

—► 1790 жылы 21 қазан мен 5 қарашада императрица II Екатерина бейбіт ауылдардың

Тыныштығын алмау туралы нұсқау шығарды.

—►1797 жылы Қаратайдың куғынынан құтылу үшін С.Датұлы Хиуаға өтіп кетті.

—► 1802 жылы Хиуа жерінде дүние салды.

—►1801 жылы патша үкіметі Жайық жағалауына өтуге рұксат берді.


Көтерілістің жеңілу себептері:

—► Көтерілістің нашар ұйымдастырылуы.

—► Қару-жарақтың аздығы.

—► Көтерілісшілердің әр кезеңде мақсаттарының өзгеруі.

1.Патша үкіметіне қарсы күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу.

2.Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресу.

Көтерілістің нәтижесі:


1801 жылы патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.


Жаңа сабақты бекіту:

Қазақтардың 1773-1775 жж. Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі мен Сырым Датұлы басқарған 1783-1797жж. көтерілісті салыстыру.(Венн диаграмасы.)


Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі.


—► Орыс- қазақ шаруалары бірікті.

—► С. Датұлы бастаған көтерілістің шығуын тездетті.

—► Көтерілістің басты қорғаушы күші қарапайым шаруалар.






Ортақ белгісі.

Отарлық езгінің күшеюіне қарсы.

Қазақ жерінде патша үкіметінің әскери бекіністерді көптеп салуы.



Нәтижесі: Еділ, Каспий, Ертіс, Жайық өзендерінің бойында көшіп қонуға рұқсат алды.

Сырым Датұлы басқарған көтеріліс.

—► Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып,14 жылға созылды.

—► Елдің шығысындағы ірі халықтық сипат алды.

—► Ресейимпериясынақарсы ашық күресжариялады.

Қорытындылау


Бағалау: Сабақта белсенділік танытқан студенттерді мадақтап, бағалау.



Үйге тапсырма: Сырым Датұлы туралы реферат жазу.













































Ашық сабақтың №3 хаттамасынан суырма

Өткен күні: 12-желтоқсан 2017 жыл

Тобы: Мейіркеш ісі - 11

Пәні: Қазақстан тарихы

Оқытушы: Мустафиева Э.Б.

Тақырыбы: «1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі».

Мақсаты: Оқушыларға Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық көтерілістің

шығу себебі, барысы, маңызы, нәтижесі туралы әңгімелеу; Қазақ тарихындағы осы окиғаны пайдалана отырып, окушыларды патриоттыкқа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу. Ой қозғау арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау, қабілетін дамыту, алған білімдерін кажетіне сай пайдалана білуіне үйрету.

Сабақтыңтүрі: Білімді бекіту тиянақтау.

Сабақтынәдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, пікірлесу, өздік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстан картасы, тірек- сызбалар, суреттер,

слайдтар, “Венн” диаграммасы.

Қатысқандар:С.О Коцелл, Садыкова Қ.М, Сейтмагамбетова А.Б, Коптлеу А.Б. Тезекбаева А.С.

Қаралған мәселе:

1.Мс-11тобында өткен «1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі» тақырыбындағы ашық сабақтың өтілу барысының талдауы.


Жарыс сөздер:

Мустафиева Э.Б. - Сабақты өткізер алдында қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Себебі студенттер сабаққа жүйелі жан жақты әзірленіп келген. Негізгі бөлімдегі жаңа тақырыпты игеруде пайдаланған дидактикалық тапсырмаларға, интерактивті тақтадағы тапсырмаларды орындауда студенттер өте тез, қызығушылықпен қатынасты.


Тезекбаева А.С.

Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. Сабақтың мазмұндылығы, әдістемесі бойынша барлық бөлімдер жақсы қамтылған. Сабақ барысында заман талабына сай әдістерді қолданды. Сабақ мақсатына жетті.


Сейтмагамбетова А.Б.

Ашық сабақ жоғары дәрежеде өтті деп есептеймін. Оқытушы сабақтың жүру барысында оқытудың түрлі тәсілдерін қолданып, сабақтың жүру кезеңдерін толықтай жүйелі түрде өткізді. Сабақ барысында түрлі көрнекіліктер мен қазіргі заман талабына сай интерактивті оқыту әдісін қолданды.


Коптлеу А.Б.

Ашық сабақ жоғары дәрежеде өтті деп есептеймін. Оқытушы сабақты әдістемесі және барлық бөлімдері бойынша жақсы ұйымдастыра білген. Сабақ барысында интерактивті тақтаны пайдаланып, студенттердің қызығушылықтарын арттыра түсті деп ойлаймын. Студенттердің барлығы да қатысып, ойларын толықтай жеткізді деп есептеймін. Жаңа тақырыпқа байланысты бейнефильмді де дұрыс қолдана білді. Сабақты жүру кезеңдері бойынша толықтай жүйелі өткізіліп, қамтылды.


Садыкова К.М.

Ашық сабақтың мазмұндылығы бай. Әдістемелік жағынан дұрыс құрылған. Студенттер сабаққа белсене қатысты. Пәнаралық байланыс жақсы болды. Сабақ жаңа заман талабына сай өткізілді. Көрнекіліктері өте орынды пайдаланылды. Аудиофильмдер көрсетілді. Сабақтың кезеңдері уақытылы, дұрыс пайдаланылды. Сабақ мақсатына жетті.



Коцелл С.О.

Сабақ педагогикалық және әдістемелік талаптарға сай өткізілді. Оқытушы сабақ барысында студенттердің қызығушылығын тудырып, өзінің педагогикалық шеберлігін көрсете білді. Сабақ барысының бөлімдері жоспарға сай жүргізілді. Қазіргі технологиялық әдістерді тиімді ұтымды пайдалана білді. Сабақ көздеген мақсатына жетті.

Шешім: Өткізілген ашық сабақ педагогикалық және әдістемелік талаптарға сай өтті. Жаңа заман талабына сай түрлі технологиялық әдістер, интерактивті оқыту әдісін тиімді пайдалана білді. Студенттердің пәнге деген қызығушылықтары артты, өзіндік тақырып бойынша қажетті материалдар алып, танымдық ой өрістері кеңейді. Сабақ мақсатына жетті.


Төрайымы: Коцелл С.О.

Хатшы: Сейтмагамбетова А.Б



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1695
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12