Тақырыбы:
«Су. Суды қорғау»
2021 жыл
Жоспар
Кіріспе .................................................................................................3 бет
I тарау Әлемдегі су ..........................................................................6 бет
II тарау Өзен-көлдердің,жер асты суларының,ауыз судың
ластануы...........................................................................................14 бет
III тарау Суды қорғау ......................................................................18 бет
Қорытынды .......................................................................................26 бет
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................27 бет
Кіріспе
«О,су! Сенің не дәмің, не түсің, не иісің жоқ.
Сені тілмен айтып жеткізу мүмкін емес,
сенің нендей зат екндігің туралы ойланбаймыз да,
бірақ құмарлана жұтып, шөлімізді қандырамыз.
Сен бізді қуаныш сезімге бөлейсің».
(А.Экзюпери ).
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. Мұхит, өзен көл жер асты ,батпақ сулары және мұздақтар мен атмосферадағы су булары - жердің су қабығы гидросфераны құрайды. ( грек сөзінен аударсақ гидро - су ). Бүкіл шамамен гидросферадағы судың қоры
( 97 % ) мұхит және теңіз сулары. Жер шарының су қорын мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты және атмосфера суы құрайды. Оның мөлшері шамамен 1,5 млрд км3. Жер шарындағы барлық судың 94,2% тұзды су. Ол жер көлемінің 70 % -алып жатыр.
Өзендер мен көлдердегі тұщы
сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен.
Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр
түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100
мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3 .Судың бірінші
қасиеті: су - тірі ағзалардың құрамды бөлігі, екіншіден, құрлыққа
қарағанда жылуды су баяу жинайды, соған орай ол жылуды баяу береді.
Осыған байланысты қыс мезгілінде мұхиттар құрлыққа жылу береді, ал
жазда салқын әкеледі, үшіншіден, су ағыны жер бедерін өзгертеді.
Олар теңіз және мұхит жағаларын жыралап, өте терең үңгірлер және
алып өзен алқаптарын тудырады, төртінші су көптеген заттарды
ерітеді.
1. Адамның ағзасына күніне 10 литр су керек. Адам өз ағзасындағы су
балансының өзгеруін тез сезінеді. 1 – 1,5 литр су ағзада буланса
немесе тер күйінде шықса, қаталап
шөлдейді.
2. Бидай дәнін жылдар бойы күтсек де ештеңе болмайды, ал оған су
құйсақ жан бітіп өсе бастайды.
3. Су жарық береді. Энергияның көзі.
4. Су – тіршілік үшін ғана емес тазалық үшін де өте қажет.
5. Зауыт, фабрикалар сумен жұмыс істейді.
Суға қатысты мақалдарға тоқтала кетсек:
Су жүрген жер – береке, Ел жүрген жер – мереке
Сулы жер – нулы жер
Бұлақты жер – тұрақты жер
Сөз атасы — құлақ,су атасы - бұлақ
Адамзатты сөз бұзар, тау мен тасты су бұзар
Судың да – сұрауы бар.
Таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас
Бір тамшы су-жерге пайда
Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы
Бұлақ көрсең -көзін аш.
Қар мол болса, дән көп, су көп болса, ну
көп
Су – бұл шексіз теңіздер мен
мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана
көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана
болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында
жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.
Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде
орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын
жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі
емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын
түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын
топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол
бермеуі де мүмкін. Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су
айдындары есебінен де толықтырады.
Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері
қоректендіреді. Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде
жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше
жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады. Төменгі қабатта судың
ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша
үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал
жоғарғысында – су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы
қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады – жоғарғы, ортаңғы және
төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен
сипатталады. Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су
жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар
орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер
үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер
ерітілген су болады.
Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын
өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі
белгілі. Бірінші түрі жетекші деп аталады. Бұл – жер үстіне ең
жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес.
Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін,
ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.Жетекші
сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ
сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар
орналасады. Екінші атауы – артезиандық сулар. Бұл жерастының су
қабаты аумақ рельефіне байланысты.
Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай
тәсілмен сүзу керекекендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын
судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу
қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге
бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция,
ал құралдың өзі дистилятор деп аталады.
Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда
қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар.
Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға
болмайды. Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу
қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар
атомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың
таза болуына кедергі келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз
болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады.
Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы да
алуға болады. Солайша бидистиллятталынады. Дистилденген суды,
әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай
тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай
электр өткізу қабілетінің арқасында дистелденген су өндірісте
таптырмайтын зат.

I тарау
Әлемдегі су
Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі су проблемасы аса өзекті мәселенің бірі.
Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздың нәтижесі қаншама теңіз, тұщы суларды бүлдіріп, өзендер мен көлідердің суын уландырып жатыр.
Босниядағы соғыс кезінде сербтер қару-жарақпен соғыс орнына басқа әдіс тапқан - қарсыластарының ауыз су алатын көздерін жойған.
Су терроры Сомалидегі ішкі соғыста да қару ретінде колданылған. Тек қана Сомалиде емес, Африканың көптеген аудандарында онсыз да тапшы суды арандатушылық өрекеттерге қолдануда.
Статистер мен зерттеуші ғалымдар Африка мен Босниядағыдай су соғыстарының бүкіл дүниеге жайылу қаупі бар екенін ескертеді.
Иордания королі Хусейннің төмендегі сөздері ғалымдардың пікірін растай түсетіндей: «Израильмен арадағы түсінісушілік келісімдерімізге тек қана су мәселесі кедергі болуы мүмкін».БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы дүние жүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегетін корінеді.1992 жылы Рио-де-Жанейрода Англияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Гриспин Тикелл бүкіл дүниеде ауыз су өзекті мәселеге айналып отырғаньн ескертіп былай деген болатын: «Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болатын соғыстардан әлдеқайда артта қалады».
Табиғат - төңірдің сыйы - суды пайдалану, үнемдеу, тазалығын қорғау мәселесі - адамзат алдындағы халықаралық ұйымдар алдындағы және БҰҰ-ның алдындағы ең маңызды мәселе.
Табиғат-ананың сыйы - судың да сұрауы бар екенін ұмытпайық.
Біздің планетамызда су көп, әйтсе де сол судың қадірін білеміз бе? Жер шарының 60%-інде тұратын халық тұщы судың болмауынан немесе жетіспеуінен зардап шегеді. Мәселен, Грецияның Афины және Пиреяға жақын орналасқан аудандарында ауыз су жоқ. Оны алыстағы таулардан тасып ішетіндіктен, су бұл жерде шараптан да қымбат. Хорватияның көптеген облыстарында судың әрбір тамшысы есептелінеді. Югославияның кейбір теңіз жағалауындағы аудаңдары мен аралдары кемемен жеткізілген тұщы суды пайдаланады. Кейбір жерлерде су автомашинамен, тіпті ұшақпен тасылады. Мәселен, Гонконг пен Сингапур тұщы суды көршілес Қытай мен Малайзиядан алады. Алжир елі бүтіндей дерлік ауыз суды тасып ішеді. Жапон елінде де ауыз су өте көп еңбекпен келеді. Мұндай мысалдарды көптеген келтіруге болады. Су проблемасы аса маңызды проблеманың біріне айналатын күн де таяу.
Бір кезде академик Ферсман тұщы суды «онсыз тіршілік болмайтын жер бетіндегі ең маңызды минералы» деп атаған. Жыл өткен сайын бұл ақиқатқа айналып келеді. Суды ешнәрсемен алмастыруға болмайды, өйткені тірі организм сусыз тіршілік ете алмайды. Сонымен, «судың да сұрауы бар».
Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға сай ашылып, зарттелінген 633 жер асты су қоры бар, олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр. Бүл Ертістің Обь-өзеніне құяр сағасындағы су көлемімен пара-пар.
Осындай табиғи байлықтың иесі болган еліміздің алдында, оны үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр. Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін зерітеліп пайданалған көптеген жерасты су көздері 10-15% жылдар бойы игерілмей келеді, кей жерлерде мұндай кешеуілдеу уақыты су көзінің жалпы пайдалану мерзіміне (25-30 жыл) таяп қалып отыр. Бұл деген жерасты суларының қорын пайдаланбай жатып оны пайдалану құқын қайта қарап, бекіту керек деген сөз.
Қазіргі уақытта зерттелген жерасты су кендерінің маңайында зиянды қалдықтармен ластану қаупі болса да, тұтынушыға жеткен судың сапасы мемлекеттік стандарттағы “Ауыз су” талаптарына сәйкестігін жоғалтқан жоқ, бірақ, ластандыру процесі жалғаса берсе бұл сулардың сапасы төмендеп, шектелу нормативтерінен асып кетіп, осы себептен, пайдалану шебінен шығып қалулары мүмкін.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, су көздерінің тазалығьн сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған төмендегідей техникалық және санитарлық шараларды іске асыру қажет:
-
су пайдалану жүйелерінің маңызын және сенімділігін арттыру;
-
су тазартқыш станцияларында су өңдеу технологиясын жақсарту;
-
суды жер астынан көтеру, тасып жеткізу жене пайдаланудан кейінгі ағызуды дамыту;
-
су пайдаланудағы нормативтік-зияндылық базасын дамыту, ауыз суды (тұщы су) үнемдеуге ықпал жасау, қызықтыру.
Қазіргі кезеңде халықты сумен қамтамасыз ету жағдайы талаптан көп алшақ. Оны жетілдіру үшін ең алдымен жеке, немесе ұжымдық мақсатта пайдаланатын су қабылдағыштарының (водозабор) жұмысын жалпы және ішкі бақылауды қамтамасыз ету керек. Ол үшін су қабылдағыштардың, немесе су көтергіш ұңғылардың (скважина) арнайы рұқсат құжатынсыз пайдаланылуын тоқтату керек. Ондай құжат Республика Үкіметімен жасалынатын шарт және «Арнайы су пайдалану Рұқсаты» болып саналады.
Шарт мынадай жағдайларда жасалады:
-
Мекеме мен тұрғындардың қажеті үшін өндірілетін жерасты суларының өндіру мөлшері тәулігіне 50 мың текше метрден асатын болса;
-
Жерасты сулары шөлмектерге және басқа да ыдыстарға құйылып, оларды сату коммерциялық пайда көзіне айналса;
-
Емдік қасиеті бар жерасты суларын пайдаланғанда;
-
Температурасы жоғары жерасты сулары жылу және ыстық су көздері ретінде пайдаланылғанда.
Жерасты суларын “Арнайы су пайдалану Рұқсатын” алу арқылы пайдалану мынадай жағдайда іске асырылады:
-
Ауызсу және тұрмыстық-шаруашылық мақсатына және ыстық су көздері ретінде, құрамындағы минералдарды ажыратып алу мақсатында және жайылымды жерлерді суаруға пайдаланылатын жерасты суларын өндіру мөлшері тәулігіне 50 мьң гектар текше метрден кем болса;
-
Жер қойнауынан қатты пайдалы қазбалар, мұнай мен газ өндіру барысында жерасты ажыратылатын жерасты суларын пайдалану үшін, азаматтық және өндірістік құрылыс салуда, суармалы жерлерді қүрғатудағы ажыратылатын және жер қойнауын ластандыратын ошақтарды жою немесе қоршау барысында ажыратылатын жерасты сулары пайдаланылғанда;
-
Өндірістік су қалдықтарын, коммуналдық-түрмыстық әрекеттерден пайда болатын жуынды суларды жер қойнауына жіберу үшін және су мен газды жердің сулы қатпарына күшпен тарату үшін. Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше.Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан «Су- өмір нәрі» деп бекер айтылмаған. Жер бетіндегі тіршіліктің барлық формасы үшін су қант, онсыз тіршілік процесі жүрмейді Сұйқ судың құрамында біраз ерітінді заттар болады. Олар қозғалмалы су арқылы тасымалданып тұрады. Су атмосферамен, тау жыныс тарымен және организмдермен үзіксіз қарым- қатынаста болады. Бұл кезде көптеген химиялық элементтердің әлгі заттардың арасында алмасуы жатады. Су жер шарындағы ауа райын өзгеріп отыратын негізгі күш. Бұл процесті су буының ролі күшті. Атмосферадағы бу күшінде болатын су негізінен мұхиттардың булануынан құралады. Ауыл шаруашылығының суды қаншалықты мол жұмсайтындығына мынадай мысал келтіруге болады: 1 тонна бидай өсіру үшін 1500 тонна, 1 т күрішке- 7 мың, т, 1 т.мақтаға- 10 мың су жұмсалады. Бір құты консервіленген көкөніс дүкенге түскенге дейін 40 л. су жұмсалады. Бір адамға жететін тағамдар жасау үшін 6 м3 су керек екендігі есептелді.
Сондықтан жерді суландыру мәселесін қоймалар жасау арқылы шеше отырып, су қорын қорғауды да естен шығаруға болмайды.Ластану- су тапшылығының негізгі бір себебі.Өндірістердің,тұрмыстық мекемелерді
тазаланбаған суларын таза су алабтарына құюынан ластанады. Егістікке себілген ұлы химикаттар мен тыңайтқыштар сумен жуылып, су алқаптарын ластайды.
Ұсақ өзендерді сақтау үшін су қорғау аймақтарын құрудың мәні зор. Су қорғау аймағы деп, белгілі бір ауданды судың ластануына, азаюына қарсы арнайы ереже қабылданған жерді айтады. Ереже бойынша тыңайтқыштар мен улы химикаттар, өндірістің пайдаланылған суларын, тұрмыс қалдықтарын төгуге тыйм салынады. Өзен жағалауында ағаш және бұта тектес өсімдіктер өсірілуі тиіс. Өсімдіктер өзеннің табиғи қалқаны, олар өзен жағасын эрозиядан, ластанудан қорғайды және су ағысын реттейді.Сондақтан да су жағалауларын жасыл келекке айналдыруымыз керек. Және де суды қорғау әрбір пенденің өз өмірі үшін жасалатын іс.
Адам денесі 70 пайыз судан құралады. Су – бүкіл тіршіліктің көзі. Көптеген аңыз желістеріне қарағанда, көне гректер де, басқа халықтар да суға ерекше құрметпен қарап, оны қорғауға шақырған. Бұның бәрі бекер емес. Ендеше, суда не қасиет бар? Қазақ неге суға неге дем салады? Судың қасиеті көп зерттелді. Ол жайында Пенсильвания университетінің профессоры Рустум Рой: «Су - өмір мәнісі. Ол өте жұмсақ болғанымен қоймай, өте икемделгіш қасиетке ие. Тіпті ол ең қатты деген жартастардың өзін тамшылап тұрып-ақ тесіп шығады» дейді. Расында да, су өте биік деген ағаштардың ұшар басына дейін көтеріле алады.Суда есте сақтау қасиеті бар. Оның бүгінгі күнгі ғалымдар дәлелдеп отыр. Ол өзіне денесі тиген заттың не екенін біле қояды. Су түрлі пішінге ене алады: қатты да бола алады, сұйық та бола алады, газ түрінде де бола алады, бір түрден екінші түрге ауыса береді. Бір түрден екінші түрге ауысу кезінде су тазарып отырады. Булану барысында су химиялық әрі физикалық тұрғыдан тазарады. Оны қатырғанда яки еріткенде ол жағымды құрылымды иеленеді. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.Судың құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете береді. Су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады. Оның құрамындағы жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре бермейміз. Судың жарық түсе бермейтін қабатында терең емес жерлерінде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі мекендейді. Мұхиттер мен теңіздердің терең қабаттарына - жарық түспегеннен қараңғы болып келеді. Ол жерлерде тек қана сондай тіршілік ортасына бейімделген жануарлар мекендейді, өсімдіктер мүлдем кездеспейді. Судағы еріген оттегімен су жануарлары желбезек арқылы тыныс алады.Қыста көлдер мен тоғандардың қатуы су жанураларына қиындық туғызады. Оттегінің жетіспеуі салдарынан жануарлардың жаппай қырылып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда мұзды бірнеше жерден ойып, суды оттегімен байытып отыру керек. Көптеген жануарлар суда өмір сүруге бейімделген - жүзбе қанаттары, ескек тәрізді аяқтары және саусақтарының арасында жарғақтары болады. Мұхиттар мен теңіздердің тұзды суларында көптеген балдырлар кездеседі. Балдырдың кейбіреуі су бетінде қалқып жүрсе , енді біреулері су түбіне бекініп өседі. Балдырларды су жануарларының қорегі ретінде, кішігірім балықтар тұрақты мекені ретінде пайдаланады. Ең маңыздысы ауаны оттегімен байытып отырады.Таяз болып келетін тұщы суларда қамыс, қоға сияқты өсімдіктер тамырымен су түбіне бекініп өседі. Олардың жоғарғы жағы су бетіне шығып, жайқалып, бір жерге жинақталып өседі. Бұл өсімдіктерде балық, көлбақа, инелік және т. б. жануарлардың қоректенетін және жауыннан корғанатын аймағы ретінде пайдаланады. Жағалаудан біраз қашықтықта су бетінде көрініп тұрған сары тұңғиықты және тұңғиықты көруге болады. Тұщы суларда бұлардан басқа көптеген балдырлардың түрлері, балықтар, шаян тәрізділер тіршілік етеді.Адам өмірі үшін су тек қана ішу үшін емес, тамақ пісіруге, жуынып-шайынуға, әр түрлі тұрмыстық заттарды тазалауға керек. Суда кеме, қайық арқылы серуендеуге, жағалауында шомылуға, кемемен жүк тасымалдауға болады. Сонымен бірге су зауыт-фабрикалардың жұмыс істеуі үшін өте кажет.
Су қоры - халық байлығы
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз
қадірін.

II тарау
Өзен-көлдердің,жер асты суларының,ауыз судың
ластануы.
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
-
биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар
-
химиялық ластану: су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер
-
физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы Мем.СТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
-
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
-
өнеркәсіп орындары;
-
ауыл шаруашылығын химияландыру:
-
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Су.Суды қорғау"

шағым қалдыра аласыз