жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Сусыз өмір жоқ" 5-сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Сабақ: қазақ тілі |
Мектеп: №120 ЖОМ |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: 27.04.2018ж |
Мұғалімнің есімі: Кушербекова Маржан Масатбаевна |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: 22 |
Қатыспағандар саны: -0 |
||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы: Су - тіршілік көзі: Сусыз өмір жоқ |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.3.6.1. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру. 5.4.4.1. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау. 5.5.1.3. Сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану. |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: тақырып бойынша үйренген сөздерін, сан есім атауларын біледі, мәтінді түсінеді. Мәтіндегі мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасайды. |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтін негізінде үйренген сөздерін орынды қолданады, көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді. Мәтіннен сан есімдерді түрлеріне қарай ажырата алады. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: ұсынылған тапсырмаларды жүйелі орындайды, қосымша ақпараттарды ұсынады. Мәтін бойынша ойын жинақтап, өз көзқарасын дәлелдемелермен жеткізеді. Сан есімдерді ауызша және жазбаша тілде орынды қолдана алады. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Тілдік дағдылар: оқылым, жазылым |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Терминология: минералды тыңайтқыш, бу қондырғылары, үнемдеу, сұрауы бар, аштық, шөл |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сөз тіркестері: су ішу, суару керек, жайқалып өсу, өмір сүре алмау, күнделікті тұрмыс. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері: |
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтар: |
Елбасының «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға, туған өлкенің табиғатының құндылықтарын бағалауға бағытталған. |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс: |
Жаратылыстану, орыс тілі, математика пәндерімен байланысады. Ортақ тақырыптары – су. Жаратылыстануда судың үш күйі,оның түрлерімен таныс болған болса, орыс тілінде суға байланысты терминдер мен ауызекі сөйлеу тіліндегі сөздік қоры бар, математикамен байланыстылығы – оқушылар суға байланысты статистикалық мәліметтер дайындайды. |
|||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары: |
Сабақ барысында қосымша көмек ретінде интерактивті тақта, планшет, ұялы телефонды пайдаланамын. |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы оқу: Көшпенділер туралы түсінік. Су туралы бастапқы білімі бар, қосымша ақпараттарды біледі. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||
|
Басы 10 мин |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» Әріптерді таңдап алып, сол әріптен басталатын тілек айтады. Түстерді таңдау арқылы сынып оқушылары 3 топқа бірігеді. Сабақ тақырыбы,оқу мақсаты, бағалау критерийлерлері, «Өзара бағалау» парақшаларымен таныстырылады. Алдыңғы оқуды «Қар борау» әдісі арқылы еске түсіру, жаңа сабақпен байланыстыру. Өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар:
Дескриптор: - Алтын адам туралы біледі. - Экспонат туралы өз пікірлерін айта алады. - Көшпенділер тарихын біледі. ҚБ күлегештер арқылы іске асады. |
Қазақ тілі 5сынып– оқулық. «Бәйшешек» баспасы. 2017жыл Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Т.Дәулетбекова, А.Қ.Рауандина, Р.С.Ахметова, Қ.С.Жайлаубаева. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Ортасы 20 мин |
Жаңа сабақты түсіндіру. «Миға шабуыл» әдісі арқылы ой шақыру 1.Судың пайдасын білеміз бе? 2. Адам ағзасына судың пайдасы? 3. Судың түсі қандай? 4. Адам ағзасына күніне қанша литр су қажет? 5. Адам ағзасының қанша пайызы судан тұрады? 6. Жер бетінің қанша пайызын су алып жатыр? «Ойлан, тап» әдісі арқылы оқушылармен сөздік жұмысын жүргізу. Мұғалім жұмбақ ретінде судың түрлі дыбыстарын жасырады. Оқушылар тыңдап, жауабын (ручей, дождь, водопад т.б.) орыс тілінде жазып, қазақ тіліндегі аудармасын табады және сол сөздерді қатыстырып, ауызекі сөйлеу тілінде орынды қолдана алады. Дескриптор: - Сұрақтарға дұрыс әрі тез жауап береді. - Сөздердің аудармасын табады. - Сөздерді қатыстырып, сан есімді тіркес жасайды. ҚБ оқушылардың жауаптарын мадақтау, құптау сөздерімен кері байланыс арқылы бағалаймын. Кестедегі сан есімнің түрлерімен, сұрақтарымен танысайық!
Жұптық жұмыс. 1-тапсырма. Судың ерекшелігіне байланысты берілген сөздерден сөз тіркестерін құра. Сан есімдердің түрін ажырат. Дескриптор:
ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің жұмысына кері байланыс беру арқылы баға береді. Жеке жұмыс. 2-тапсырма. «Дара диаграмманы» толтыр. Суды біз қайда, қалай қолданамыз? Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құра.
Қ
Дескриптор:
- Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолданып, мәтін құрайды. ҚБ «Қол сигналы» әдісі арқылы кері байланыс бере отырып, бағаланады. 3-тапсырма. Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі арқылы оқушыларға мә-тінді бөлімге бөліп оқу тапсырылады. Мә-тінді оқып, түсінгендерін баяндайды. Дескриптор : - Мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді. - «Судың да сұрауы бар» - деген мәтелдің мазмұнын түсіндіреді, өз ойын дәлелді жеткізеді. -Ауыз судың қадірі туралы өз ойларымен бөліседі. 6-тапсырма «Ойлан, тап, бөліс» әдісі. Топтық жұмыс. Топта берілген тақырыпқа қатысты постер жасаңдар! Постер мазмұнында жер бетіндегі су тапшылығына қатысты есептік және реттік сан есімдерді қолданыңыз. (он, жүз, мыңдықтар) 1-топ. Ауыз су тапшылығы 2-топ. Су ресурстарын үнемдеу 3- топ. Судың ағзаға пайдасы Постер дайындауда төменде берілген талаптарды ескеріңіздер: - постердің мазмұндылығы. - креативтілігі, ойдың ұшқырлығы. - мәліметтерді жинақтауда сан есімдерді орынды қолдану. Дескриптор: 1.Берілген тақырып бойынша постер әзірлейді. 2. Мәтіндегі ақпараттарды, жаңа сөздерді сан есімдермен тіркестендіре отырып қолданады. 3.Постерді өзге топтарға таныстырады. ҚБ. Топ арасындағы бағалау жүргізіледі, яғни топтар бір-бірінің жұмыстарына «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс беріп, бағалайды. |
http://www.inform.kz/kaz/article/2710418 АКТ, оқулық.
|
||||||||||||||||||||||||||
|
Аяқталуы 10 мин |
Кері байланыс: «Судың пайдасы» тақырыбында түйінді ой ұсыну. Оқушылардан өтілген тақырыпқа байланысты кері байланыс алу мақсатында, «Дербес пікір» әдісін пайлдаланамын. Оқушыларға кері байланыс парақшаларын таратамын. «Дербес пікір» әдісін қолданып, судың қажеттілігі мен маңыздылығы туралы өз ойларыңды жинақтап,пікірлеріңді жазыңдар. Бірінші сөйлем. «Менің ойымша....». Екінші сөйлем. «Себебі, мен .... деп түсінемін». Үшінші сөйлем. «Оны мен .... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын». Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім» Үй тапсырмасы: «Судың пайдасы мен зиянын» «Т» кестесіне салып келу. Дескриптор: - Судың пайдалы жақтары туралы жазу - Судың зияны туралы жазу, мысал келтіру. |
Стикер, смайлик,бас бармақ
|
||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Бағалау-оқушылардың үйренгенін материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Мен саралауды сабақ мақсатында нақты көрсеттім. Үлгерімі жақсы, орта және төмен оқушыларға әрбір тапсырманы нақты дескрипторлар арқылы саралау жүргіздім. Жұптық жұмысты орындау барысында үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Сабақ кезінде оқушылардың оқуын тексеру үшін «Өзара жəне өзін-өзі бағалау» парақшасы арқылы қалыптастырушы бағалау тəсілін қолданамын. Оқудың күтілетін нəтижелері оқушыларға түсінікті əрі анық болады, сол арқылы оқушылардың қаншалықты оқу мақсаты негізінде құрылған бағалау критерийлеріне жеткендігі анықталады. Нені жақсарту керектігі мұғалімге айқын көрінеді.
|
|
||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Рефлекcия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген