Материалдар / Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы. Физикалық қасиеттері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы. Физикалық қасиеттері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға сутек туралы жалпы сипаттама беру, жер бетіндегі ең маңызды қосылыстардың бірі екенін айта отырып, физикалық қасиеті және сутекті алудың бірнеше тәсілдерімен таныстыру. Жаңа ұғымдарға тоқталу. Оқыту кезінде қойылған талаптарды орындау үшін білімді одан әрі қарай дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2022
698
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 8 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы. Физикалық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сутек туралы жалпы сипаттама беру, жер бетіндегі ең маңызды қосылыстардың бірі екенін айта отырып, физикалық қасиеті және сутекті алудың бірнеше тәсілдерімен таныстыру. Жаңа ұғымдарға тоқталу. Оқыту кезінде қойылған талаптарды орындау үшін білімді одан әрі қарай дамыту.

А) Дамытушылық мақсаты: оқушыларды саналы ойлау мен тәжірибелік жағынан дамуын жетілдіру. Өзі бақылаған тәжірибеден дұрыс қорытынды жасап, реакция теңдеуін жазып, типін анықтай білуі үйрету.

Ә) Тәрбиелік мақсаты: жүйелі ойланып, саналы түрде жауап беру үшін химия тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу. Шығармашылық деңгейлерін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық тақта, Менделеев кестесі


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, жоқ оқушыларды журналға белгілеу)

II. Өткен тақырыпты сұрау:

- Оттектің жалпы сипаттамасы.

- Оттектің физикалық қасиетін сипатта.

- Оксидтер дегеніміз не?

- Оттектің химиялық қасиеттерін сипаттап, тиісті реакция теңдеулерін жазып көрсетіңдер.

- Оттектің қолданылуы (O2), табиғаттағы айналымын айтып беріңдер.

- Оттектің түр өзгер өзгерісін ата.

- Жану реакциясы дегеніміз не?

- Термохимиялық теңдеу дегеніміз не? Түрлерін ата.

- Реакцияның жылу эффекті деген не?


III. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Сутек Д. И. Менделеев жасаған периодтық кестеде бірінші орында тұр.

  • Таңбасы - Н (аш деп оқылады)

  • Салыстырмалы атомдық массасы - 1, 008 жуықтап алғанда 1 тең

  • Жай зат күйінде - Н2

  • Сутектің судағы массалық үлесі - 11%

  • Жер қыртысында сутектің массалық үлесі - 1%

Сутектің алынуы: Сутекті 1776 жылы ағылшын ғалымы Г. Кавиндиш алды, сутекке жай зат екенін анықтап, оған француз ғалымы А. Лавуазье «гидрогениум» деп ат берген.

Жер бетінде сутек көп қолданылатындықтан, оны алудың түрлі тәсілдері бар. Өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі - суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.

2H2O = 2H2↑ + O2

Метанның су буымен әрекеттесуі. Бұл реакция өте жоғары температурада жүреді.

CH4+2H2O=CO2↑+4H2↑ - 165кДж

Бұл процесте бірден таза сутек бөлінбейді, оның көмірқышқыл газбен қоспасы алынады.

Ал зертханада сутекті белсенді металдардан: магний, мырыш, темірді сұйытылған тұз HCl немесе күкірт H2SO4 қышқылымен әрекеттестіріп алуға болады.

Сынауыққа бірненше мырыш түйіршігін салып оған сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын құяды, төмендегідей реакция теңдеуін көрсетеді:

Zn+2HCl=ZnCl2+H2

Zn+H2SO4=ZnSO4+H2

Сынауыққа ақ сұр түсті металл күйіндегі натрий немесе кальций 1 - 2 түйіршігін салып оған су құйғанда реакция шабытты жүреді.

Ca+2H2O=Ca(OH)2+H2

2Na+2H2O=2NaOH+H2

Сынауыққа жинап алған сутектің тазалығын тексеру үшін жанып тұрған спиртшамына апарса, таза сутек шабытты түрде реакцияға түсіп, «па» деген дыбыс шығарады. Егер сынауықта сутекпен бірге оттектің не ауаның қоспасы болса, ащы ысқырған дыбыс шығады.

Зертханада сутек алу үшін арнайы аппарат қолданылады, ол аппаратты Кипп аппараты деп атайды. Кипп аппараты екі бөліктен тұрады. Ол ұзын тұмсықты үлкен құйғыдан және бір - бірімен қатынасып тұратын шар мен жарты шардан құралған. Оның жоғарғы бөлігінің төменгі жарты шармен жалғасатын жерінде арнайы қышқылға төзімді кеуек сақиналар болады.. Төменгі жағы шүмекпен жалғасқан.


Кипп аппараты

Сутектің физикалық қасиеттері

Түссіз иіссіз суда жақсы ериді жеңіл жылу өткізгіштігі өте жоғары

Газ күйінде сутек жеңіл болғандықтан, стаканның аузын төмен қаратып жинап, оны екінші ыдысқа құюға болады. Резеңке шарды сутекпен толтырса, ол жоғары көтеріледі. Сутекпен толтырылған сабын көпіршіктері жоғары қарай ұшады.

Сутек ауадан 14, 5 есе жеңіл. Сутек - барлық газ күйіндегі заттардың ішіндегі ең жеңілі.

Ол суда аз ериді: 100 көлем суда 2 көлем газ ериді. 253 С температурада сұйылады. Оның ауамен салыстырғанда жылу өткізгіштігі 7 есе үлкен.


III. Бекіту:

Сонымен сутектің жер бетіндегі ең маңызды қосылысы – су. Оны бірнеше тәсілдермен алуға болады екен. Оған өздеріңіз көз жеткіздіңіздер. Біз сутек газын белсенді металдармен қышқылдарды әрекеттестіру арқылы алдық. Сонымен бірге бірнеше жаңа ұғымдармен таныстық ипп аппараты, гидроксидтер)

Бекіту сұрақтары:

- сутекке жалпы сипаттама беріңіз.

- сутектің табиғатта қалай таралған?

- сутекті алғаш зерттеген ғалымдар?

- Сутекті қалай алдық?

- Сутекті алатын аппарат қалай аталады?



IV. Қорытындылау.

І - топ

1. Массасы 4г кальций сумен әректтескенде неше грамм сутек газы бөлінетінін есептеңдер.

2. Реакция теңдеуін аяқтаңдар:

Fe + H2SO4 =


ІІ - топ

1. Массасы 2, 4 г магний суытылған тұз қышқылымен әрекеттескенде қанша грамм магний хлориді түзілетінін есептеңдер

2. Реакция теңдеуін аяқтаңдар:

Al + HCl =


ІІІ - топ

1. Мөлшері 0, 1 моль алюминий қанша моль тұз қышқылымен әрекеттесетінін есептеңдер.

2. Реакция теңдеуін аяқтаңдар:

Ba + H2O =


V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырмасы:

§ 30, § 31 8,9 жаттығу, 83 бет













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!