400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Шытырман оқиғалы ойындар 6сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Мектеп

«Семияр орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні

Оспанов Куаныш Каирович

Сынып

6

Күні

25.02.2025

Қатысушылар саны:

11

Қатыспағандар саны:

0

Бөлім

6. Шытырман оқиғалы ойындар

Сабақтың тақырыбы

Шытырман оқиғалы ойындар арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту

Оқу мақсаттары

6.2.3.1. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтау және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету

Бағалау критерийі

Біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтап, қолайлы ортаны қалыптастырады

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.


Кең ауқымды ойын алаңы, доп, бор, арқан, секундомер, ысқырық.

Волейбол элементтері бар эстафеталық ойындарға сілтеме:

https://infourok.ru/podvodyaschie-igri-i-estafeti-k-voleybolu-927696.html

Сабақтың

ортасы

30 минут

(С, Т) «Доп- серіктесте». Сыныпты екі топқа бөліңіз. Шеңберге 6-10 ойыншыдан тұрғызыңыз, ал екінші топ шеңбер ортасына тұрғызыңыз. Белгі бойынша ойыншылар допты бір біріне лақтыра бастайды. Ал ортадағы ойыншылар допқа қолдарын тигізуге тырысады. Допты қағып алса немесе қолын тигізсе мұғалім өзіне белгілеп ойынды ары қарай жалғастырады. Допты көп уақыт өзінде иеленген команда жеңіске жетеді.

Бастаушы ойын ортасына жақындамауын қадағалаңыз.

Сол үшін бастаушының орнын сызықпен белгілеңіз.

Тек жоғарғы немесе төменгі доп қабылдау қолданыңыз. Допты әр түрлі бағытта беруге болады.

«Екі аяз» ойынын тең командаға бөлініп ойнаңыз.

Залдың екі қарама - қарсы жағында арасы 10-20 м. «үй» мен «мектепті» белгілеңіз. Екі жетекші «аяз», қалған ойыншылар - балалар. Балалар үйдің жанындағы сызыққа орналасады, ал алаңның ортасында «көшеде» екі аяз тұрады.

Міндетіңіз:

Мектептен үйге қашу барысында аяздарға ұсталмаңыз;

Тез әрі ширақ орын ауыстырыңыз;

Ойындағы жауап қайтару сөздерін де айтып өтуді де ұмытпаңыз;

Сыныптасыңызды қолдауға асығыңыз.

Дескриптор

- нәтижелі ойын үшін тиімді қозғалу маршрутын ұйымдастырады;

- сыныптасына қолдау көрсетеді;

- біріккен жұмыстың маңызы туралы айтады.


Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.03.2025
168
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі