Материалдар / сюжетті логикалық есептер

сюжетті логикалық есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып логика сабағына сабақ жоспары: сюжетті логикалық есептер
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады





§3. Сюжетті логикалық есептер

1. Көшеде төрт қыз Әйгерім, Динара, Гүлсім және Назерке әңгімелесіп тұр. Жасыл көйлектегі қыз (Әйгерім мен Динара емес) көк көйлектегі қыз бен Назеркенің арасында тұр. Ақ көйлекті қыз қызыл көйлекті қыз бен Динараның арасында тұр. Қыздардың әрқайсысы қандай көйлек киген?

2. Киноға билет алу үшін Нұрлан, Мақсат, Қанат, Омар және Асан кезекте тұр. Нұрланның билетті Мақсаттан бұрын, бірақ Асаннан кейін алатыны белгілі: Қанат пен Асан қатар тұрған жоқ, ал Омар Асанмен, Нұрланмен, Қанатпен қатар тұрған жоқ . кім кімнен кейін тұр?

3. Үш дос: Әуез, Елнар және Мырзатай бір сыныпта оқиды. Олардың біреуі мектептен үйіне автобуспен, біреуі – трамваймен және біреуі троллейбуспен қатынайды. Бір күні сабақтан соң Әуез досын автобуспен аялдамасына дейін шығарып салды. Қастарынан бтроллейбус өтіп бара жатқанда, үшінші досы терезеден: «Елнар, сен мектепке дәптеріңді ұмытып кетіпсің!» - деп айқалайды. Кім үйіне немен барады?

4. Бір мектепте үш дос: дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Имашев, Саматов. Дәрігердің інісі де қарындасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтың қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің, ақынның фамилияларын атаңдар.

5. Саябақта әртүрлі жастағы бес бала бар, олар: Ахмет, Бақыт, Құсайын, Ғалымжан, Дидар. Біреуі – 1 жаста, екіншісі – 2 жаста, қалғандары – 3,4 және 5 жаста. Ең кішісі – Құсайын. Ахмет пен Ғалымжанның жастарын қосқанда қанша болса, Дидар сонша жаста. Бақыт қанша жаста? Балалардың тағы қайсысының жасын анықтауға болады?

6. Жанұяда төрт бала бар, олардың жастары 5,8,13 және 15. Балалардың есімдері : Анар, Болат, Дана және Ғалия. Егер қыздардың біреуі балабақшаға барса, Анар Болаттан үлкен болса және Анар мен Дананың жастарының қосындысы үшке бөлінетін болса, онда балалардың әрқайсысы қанша жаста?

7. Пионер лагеріне үш дос келді: Марат, Бақыт және Қанат. Олардың әрқайсысы мына фамилиялардың біреуі екендігі белгілі: Имашев,Саматов,Ғаниев.Марат Ғаниев емес,Бақыттың әкесі инженер. Бақыт 6сыныпта оқиды. Ғаниев 5сыныпта оқиды. Имашевтың әкесі слесарь. Әрқайсысының фамилиясы қандай?

8. Төрт жас филатеристер: Мұрат, Темір, Қуат, Самат пошта маркілерін сатып алды. Олардың әрқайсысы тек бір елдің маркілерін сатып алды, соның ішінде олардың екеуі совет маркілерін, біреуі – болгар, келесісі - чех маркілерін сатып алды.Мұрат пен Темір әртүрлі екі елдің маркілерін сатып алғандығы белгілі. Әр елдің маркілерін Мұрат пен Самат, Қуат пен Самат, Қуат пен Мұрат және Темір мен Самат сатып алған болып шықты. Мұрат болгар маркісін сатып алғандығы белгілі. Олардың әрқайсысы қандай елдің маркілерін сатып алғандығын анықта.

9. Жарыста Қанат, Болат, Бақыт және Жанат алғашқы төрт орынды иеленді. Ешқандай екі бала бір орынды бөліскен жоқ. Кім қандай орынды иемденгені туралы сұраққа, Қанат: «бірінші,төртінші емес», Болат: «екінші» деп жауап берді. Ал Бақыт соңғы орында емес екендігі байқалды. Балалардың әрқайсысы қандай орынды иемденген?

10. Үш қыз ақ, жасыл және көк көйлек киіп шықты. Олардың туфлилері осы үш түстің біріне келеді. Анардың ғана көйлегі мен туфлилерінің түстері бірдей болған жоқ. Дананың көйлегі мен туфлилері ақ емес, Назымның туфлилері жасыл. Олардың әрқайсысының көйлектері мен туфлилерін анықта.



§3

1. Әйгерім – ақ, Динара – көк, Гүлсім – жасыл, Назерке – қызыл көйлекте.

2. Асан, Нұрлан, Қасен, Мақсат, Омар.

3. Әуез – трамваймен, Елнар автобуспен, Мырзатай троллейбуспен қайтты.

4. Имашев – дәрігер, Боранбаев – мұғалім, Саматов – ақын.

5. Бақыт – 4 жаста, Құсайын – 1 жаста, Дидар – 5 жаста.

6. Дана – 5 жаста, Болат – 8 жаста, Анар – 13 жаста, Ғалия –15

7. Марат – Имашев, Бақыт – Саматов, Қанат –Ғаниев,

8. Мұрат чех, Темір мен Қуат – совет, Самат болгар маркілерін сатып алды.

9. Бақыт – 1-ші орын, Болат – 2-ші орын, Қанат - 3-ші, Жанат -4

10. Анардың көйлегі мен туфлиі ақ, Дананың туфлиі көк, көйлегі жасыл, Назымның туфлиі жасыл, көйлегі көк.











































Тақырыбы

Сюжетті логикалық есептер

Мақсаты

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, ынтасын арттыру.

  • Логикалық жаттығулар,математикалық басқатырғыштар, тез есептеу әдістері арқылы білімдерін тереңдетіп, танымдық белсенділігін арттыру. Логикалық есептерді шығару

  • жолдарын зерттей отырып, оқушы білімін,нәтижесін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.


Жалпы мақсат

Тақырыптарды тапсырмалар көмегімен танысу арқылы сюжетті есептерді екі тәсілмен шеше алады:

  • кесте құру арқылы

  • граф әдісі арқылы

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тақыптарды меңгеру арқылы түсініктерін дамытып, топ арқылы тапсырмаларды орындауға дағдланады. Есепті шығару барысында тиімді тәсілді қолдана алады.


7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам, Кім алғыр

Қолданылатын ресурстар

маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, бор

Ұйымдастыру кезеңі


Тренинг

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы топқа бөлу

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу




Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті





Түсіну зерттеу

Талдау жасау

1 мысал есеп: Айдар, Серік және Қайрат үшеуі кездесті. Олардың жейделері ақ, сұр және қара түсті. Ақ жейде киген бала Қайратқа айтты: «Қызық, әрқайсысымыздың жейдеміздің түсі есіміміздің бірінші әрпіне сәйкеспейді.» Әр баланың жейдесінің түсі қандай?

1-шешім. Кестеге бала есімдерін және жейде түстерін жазамыз. Шарт бойынша Айдардың жейдесінің түсі ақ емес, Серіктікі - сұр емес, Қайраттікі – қара емес. Бұл торкөздерге «-» қоямыз. Есептің шарты бойынша Қайраттың жейдесі ақ емес, сондықтан ақ түске «-» қоямыз.







Жейде түсі 


Айдар 


Серік 


Қайрат 


Ақ 





Сұр 






Қара 






Сонда Айдардың жейдесі қара, Серіктікі – ақ, Қайраттікі – сұр.

2-шешім. Есепті сызба арқылы шешетін болсақ, шарт бойынша Айдардың жейдесінің түсі ақ емес, Серіктікі - сұр емес, Қайраттікі – қара емес. Сызбада(графта) сәйкессіздік үзік сызықтар арқылы, сәйкестік тұтас сызықтар арқылы көрсетіледі, осылайша есеп шешілгенше жалғасады. («Графтар» тақырыбын қара).

Айдар Серік Қайрат

Ақ Сұр Қара


Жаңа сабақты бастамас бұрын сюжетті есептер туралы мәліметтермен танысу;

Есепті шығарудың тиімді тәсілдерімен



танысу, зерттеу.






Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа



тақырыпты меңгереді

және өз пікірлерін ортаға салады.,




Қолдану

Талдау


Топпен жұмыс:

1 топ

1. Көшеде төрт қыз Әйгерім, Динара, Гүлсім және Назерке әңгімелесіп тұр. Жасыл көйлектегі қыз (Әйгерім мен Динара емес) көк көйлектегі қыз бен Назеркенің арасында тұр. Ақ көйлекті қыз қызыл көйлекті қыз бен Динараның арасында тұр. Қыздардың әрқайсысы қандай көйлек киген?

2. Киноға билет алу үшін Нұрлан, Мақсат, Қанат, Омар және Асан кезекте тұр. Нұрланның билетті Мақсаттан бұрын, бірақ Асаннан кейін алатыны белгілі: Қанат пен Асан қатар тұрған жоқ, ал Омар Асанмен, Нұрланмен, Қанатпен қатар тұрған жоқ . кім кімнен кейін тұр?

2 топ

3. Үш дос: Әуез, Елнар және Мырзатай бір сыныпта оқиды. Олардың біреуі мектептен үйіне автобуспен, біреуі – трамваймен және біреуі троллейбуспен қатынайды. Бір күні сабақтан соң Әуез досын автобуспен аялдамасына дейін шығарып салды. Қастарынан бтроллейбус өтіп бара жатқанда, үшінші досы терезеден: «Елнар, сен мектепке дәптеріңді ұмытып кетіпсің!» - деп айқалайды. Кім үйіне немен барады?

4. Бір мектепте үш дос: дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Имашев, Саматов. Дәрігердің інісі де қарындасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтың қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің, ақынның фамилияларын атаңдар.

3 топ

5. Саябақта әртүрлі жастағы бес бала бар, олар: Ахмет, Бақыт, Құсайын, Ғалымжан, Дидар. Біреуі – 1 жаста, екіншісі – 2 жаста, қалғандары – 3,4 және 5 жаста. Ең кішісі – Құсайын. Ахмет пен Ғалымжанның жастарын қосқанда қанша болса, Дидар сонша жаста. Бақыт қанша жаста? Балалардың тағы қайсысының жасын анықтауға болады?

6. Жанұяда төрт бала бар, олардың жастары 5,8,13 және 15. Балалардың есімдері : Анар, Болат, Дана және Ғалия. Егер қыздардың біреуі балабақшаға барса, Анар Болаттан үлкен болса және Анар мен Дананың жастарының қосындысы үшке бөлінетін болса, онда балалардың әрқайсысы қанша жаста?

4 топ

7. Пионер лагеріне үш дос келді: Марат, Бақыт және Қанат. Олардың әрқайсысы мына фамилиялардың біреуі екендігі белгілі: Имашев,Саматов,Ғаниев.Марат Ғаниев емес,Бақыттың әкесі инженер. Бақыт 6сыныпта оқиды. Ғаниев 5сыныпта оқиды. Имашевтың әкесі слесарь. Әрқайсысының фамилиясы қандай?

8. Төрт жас филатеристер: Мұрат, Темір, Қуат, Самат пошта маркілерін сатып алды. Олардың әрқайсысы тек бір елдің маркілерін сатып алды, соның ішінде олардың екеуі совет маркілерін, біреуі – болгар, келесісі - чех маркілерін сатып алды.Мұрат пен Темір әртүрлі екі елдің маркілерін сатып алғандығы белгілі. Әр елдің маркілерін Мұрат пен Самат, Қуат пен Самат, Қуат пен Мұрат және Темір мен Самат сатып алған болып шықты. Мұрат болгар маркісін сатып алғандығы белгілі. Олардың әрқайсысы қандай елдің маркілерін сатып алғандығын анықта.

5 топ

9. Жарыста Қанат, Болат, Бақыт және Жанат алғашқы төрт орынды иеленді. Ешқандай екі бала бір орынды бөліскен жоқ. Кім қандай орынды иемденгені туралы сұраққа, Қанат: «бірінші,төртінші емес», Болат: «екінші» деп жауап берді. Ал Бақыт соңғы орында емес екендігі байқалды. Балалардың әрқайсысы қандай орынды иемденген?

10. Үш қыз ақ, жасыл және көк көйлек киіп шықты. Олардың туфлилері осы үш түстің біріне келеді. Анардың ғана көйлегі мен туфлилерінің түстері бірдей болған жоқ. Дананың көйлегі мен туфлилері


ақ емес, Назымның туфлилері жасыл. Олардың әрқайсысының көйлектері мен туфлилерін анықта.

Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты есептер шығарту арқылы өз бетерінше дайындық жасату әр топтың таратылған есебінің бірінші есебін кесте құру арқылы шығару. Екінші есебін граф тәсілі арқылы шығару.


Топпен жұмыс жасап бір-біріне түсіндіреді, есепті ортақ талқылайды, тапсырмаларды орынату

Берілген сұрақтар арқылы т оппен бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.



Сергіту сәті



Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Логиканы дамытуға арналған есептерді шығарады



Талдау

Жеке жұмыс

Айдос, Бейбіт және Досым үшеуі бір сыныпта оқиды. Олардың бірі мектептен үйге автобуспен, екіншісі трамваймен, үшіншісі троллейбуспен қайтады. Бір күні Айдос сабақтан кейін өзінің досын аялдамаға дейін шығарып салмақшы болды. Олардың жанынан троллейбус өте бергенде үшінші дос терезесінен: «Бейбіт, сен дәптеріңді мектепте ұмытып кеттің!» деп айқай салды. Кім үйіне қандай көлікпен қайтады?


КБ:

  • есепті талдау;

  • жеткіліксіз бөлігін табу;

  • қолданылған әдіс тәсілдері;

  • есептің жауабы;


Жаңа тақырып бойынша толық меңгерту мақсатында тапсырмалар беріледі. қосымша тапсырмалар жаңа тақырып бойынша, сабақты қалай түсінгендігін тексеру және жұмыс істеу


Берілген тапсырманы уақытылы орындау, оқушы ортаға шығып өз ойын және пікірін бүгінгі тақырып бойынша жеткізу, талдау және бағалау,

Бағалау

ҚБ «қолпаштау, мадақтау»

Қалыптастырушы бағалауға арналғын тапсырмалар

Өзін өзі жеке бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру





























ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Ардақ Гүлжаз
10 Қаңтар 2019
1621
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі