"Сюжетті рөлді ойындар арқылы балалардың тілін дамыту"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сюжетті рөлді ойындар арқылы балалардың тілін дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сюжетті рөлді ойындар арқылы балалардың тілін дамыту"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Келісілді Бекітемін

62 «Нұрсәуле» б/б әдіскері №62 «Нұрсәуле» б/б менгерушісі

______ Каирбекова Г.Т _______ Касенова А.З « » 2024 жыл « » 2024 жыл















Сюжетті-рөлді ойын

«Дәрігер»








Қазақ тілі маманы: Нурмаханбетова Г.Б



















Астана, 2024ж




Мақсаты: Баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Бір - біріне деген жағымды қарым – қатынас, көңіл - күй сезімдерін, ой - қиялын одан әрі дамыту; ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, тәрбиелеу. Ойын барысында ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілдігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білу және тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтары: Ақ халат, ойыншықтар, түрлі сюжеттегі плакаттар, медициналық ойыншық құрал - жабдықтар. Алдын - ала жұмыстар: топтың іші ауруханадағыдай безендірілген, түрлі сала бойынша кабинеттер жасалған, (тіс дәрігері, терапевт, дәріхана) макеттер қойылған.

Барысы: Балалармен бірге шаттық шеңберін құру:

Аспанымыз ашық болсын,

Еліміз тыныш болсын.

Деніміз сау болсын,

Достарымыз аман болсын!

- Қазақ тілі педагогы: Біз тісіміз, ішіміз ауырса қайда барамыз?

- Қазақ тілі педагогы: Дәрігер қайда жұмыс жасайды?

- Балалар: Ауруханада, емханада.

- Қазақ тілі педагогы: Олай болса, бүгін біз сендермен бірге «Емханадағы» «Дәрігер» ойынын ойнаймыз. Қане, балалар өздерің орындарыңа барып жайғаса қойыңдар. Балалар өздерінің орындарына барып жайғасады.(Алдын ала рөлдерге бөлінген балалар дәрігерлік сала бойынша «Емхана кабинеттерінде» отырады). Алғаш болып, балалар дәрігеріне бір ана қызымен келеді.

- Ата – ана: ( Арай) Сәлеметсіз бе, менің қызымның іші ауырып тұр, тамаққа тәбеті жоқ.

-Дәрігер: (Аяла) Саламатсыз бе, қане қызыңызды тексерейін. Аузыңды аша ғой, кеше қандай тамақ жедің?

- Ата - ана: Кеше кешкісін көкөністерді көп жеп қойған.

- Дәрігер: (тексеріп көреді де, қағазға рецепт жазып береді). Мына дәрілерді алып, күніне 2 мезгіл беріңіз.

- Ата - ана: Рахмет дәрігер. Сау болыңыз!

(Келесі кабинетте тіс дәрігері (Стоматолог) отырады.

та - ана (Айлин, Аяла)баласымен кіреді).

-Ата - ана: Саламатсыз бе, дәрігер.

- Тіс дәрігері: (Айсана) - Саламатсыз бе, келіңіз.

- Ата - ана: - Менің баламның тісі түнімен ауырып шықты. Көріп жіберіңізші.

- Дәрігер: Қане, аузыңды аша ғой. (Тексеріп көреді). Тісіңді құрт жеп қойыпты. Тәтті нәрсені көп жеме. Күніне 2 мезгіл тісін тазалау керек. (Баланың тісін емдейді.)

- Ата - ана: Рахмет сізге, дәрігер! Дәрігер: - 2 сағаттай еш нәрсе жемеңіздер, сау болыңыз!

(Ортада «Дәріхана» (Аптека) болады.) - Ата - ана:- Саламатсыз бе!

- Дәріханашы: (Раяна)– Саламатсыз бе!

Ата – ана (Арай):- Мына дәрілерді маған беріңізші.

Дәріханашы: (Рецепт бойынша дәрілерді тауып береді).

-Мінекей алыңыз. Ауырмаңыздар, сау болыңыз!

Қазақ тілі педагогы: Балалар, жарайсыңдар. Рахмет сендерге! Осымен бүгінгі «Аурухана» ойынымыз аяқталды. Ауырмайық, деніміз сау болсын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі