400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сюжеттік ойын арқылы инабаттылыққа тәрбиелеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала:Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі – ойын, ол орасан зор рөл атқарады. Ойын – балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті, мазмұнның әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен тікелей байланысты. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын өте жоғары бағалай келіп А. С. Макеренко былай деп жазады. «Бала ойында қалай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан ұқсас болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сюжеттік ойын арқылы инабаттылыққа тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі – ойын, ол орасан зор рөл атқарады. Ойын – балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті, мазмұнның әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен тікелей байланысты. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын өте жоғары бағалай келіп А. С. Макеренко былай деп жазады. «Бала ойында қалай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан келешек азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады». Ойынның негізгі ерекшелігі балалардың қоршаған өмірде үлкендердің қимылын, іс-әрекетін, олардың қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеп орындауы болып табылады.

Ойынның сюжетті мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, олардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, өзара байланысын анықтайтын нәрсе.

Ойынның түрлері өте көп. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті рөлді ойындар, қимылды ойындар. Соның ішінде сюжеттік рөлдік ойындарға тоқталғым келеді.

Ойынның мақсаты: салауатты өмір салты дағдылары мен дене тәрбиесі мәдениетінің жоғары деңгейін көтеру, теріс әсерге қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру. Баланың бойында адамгершілік, инабаттылық, еңбексүйгіштік, кішіпейілдік сезімдерін қалыптастыру.

1. Сюжеттік – рөлдік ойын «Емхана»

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, қоғамдық жерлерде өзін өзі ұстар ережелерін балаларға үйрету.

2. Сюжеттік – рөлдік ойын «Дәмхана»

Балаларға рөлдерді бөлуге және рөлдер бойынша әрекет етуге көмектесу. Өз беттерімен өзара қарым-қатынасты меңгеруге мүмкіндік туғызу. Балалардың қоршаған орта туралы алған білімдерін қолдану.

3. Сюжеттік рөлдік ойын «Шаштараз»

Ойын желісін өздігінен дамыта білуін, рөлдерді бөлісе білуді қалыптастыруды жалғастыру. Ойында рөлдік өзара әрекеттестікті құруға және рөлдік өзара қарым-қатынастарды меңгеруге мүмкіндік туғызу. Қоғамдық орындарда мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу. Үлкендердің еңбегін бағалауды үйрету.


Қорытынды: ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсінділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Сонымен бірге ойындардың тәрбиелік мәні зор, ойын арқылы баланың бойында жағымды жақсы қасиеттер, сыпайылық, кішіпейілділік сезімдер орын алады. Ойын кезінде бір-бірімен қарым-қатынастары дамиды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі