жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыыныптан тыс жұмыс
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы
Мақсаты:
Оқырмандарды “Сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру,сөздік қорың молайту. Мақалдап,мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.
Көрнекілік: нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Барысы:
Кіріспе сөз:
-Құрметті оқырмандар,бүгін сендермен”Мың бір мақал” деген тақырыпта мақал-мәтел айтудан жарыс өткізгелі отырмыз.
Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады,.өйткені мақал-мәтелді сендер мектепке келген күннен бастап үйренесіндер. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы,ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұкыпты сақтап келген еңбек тәжірбиесінің жиыны, ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы.
”Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.
Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса мақал-мәтел сайысымызды бастайық..
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
2 топ жұмыс жасайды: 5 «А», 5 «Б» сыныптарынан 7-7 –ден оқушы қатысады.
Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
1 бөлім. «Сөз мәйегі –мақал».
Шарты: Әр топтан 3 оқушы шығып тоқтамастан 10 мақал айтады. Мақал дұрыс әрі жылдам айтылуы тиіс. Әр мақалға 1 ұпай беріледі.
2-бөлім. ”Жалғасын тап”.
Шарты: әр топқа мақалдың бірінші жартысы беріледі, екінші жартысын балалар өздері табады.
М.:Кітап-білім бұлағы, …. …… ….. (білім-өмір шырағы)
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
2.1 тапсырма:
Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)
Өз елім... (өлең төсегім)
Балапан ұядан не көрсе...(ұшқанда соны іледі)
Сөзің тәтті болсын...(ашуың қатты болсын)
Жақсы байкап сөйлер...(жаман кісі шайкап сөйлер)
Ананың көңілі балада...(баланың көңілі далада)
Батыр туса ел ырысы...(жаңбыр жауса жер ырысы)
Балалы үйдің...(ұрлығы жатпас)
Оқу- білім бұлағы...(білім-өмір шырағы)
Тіл тас жарады...(Тас жармаса ,бас жарады)
2.2 тапсырма
Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)
Тіліңмен жүгірме,.. (Біліммен жүгір)
Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)
Сөзде қаңқу жаман...(ауруда шаншу жаман)
Білімі жоқ ұл... (жұпары жоқ гүл)
Қоянды қамыс өлтіреді, ..(батырды намыс өлтіреді)
Дос жылатып айтады,…. (дұшпан күлдіріп айтады)
Еңбек етсең ерінбей, …(тояды қарның тіленбей)
Баланың тілі бал, ..(ананың сүті бал)
Анаға қарап қыз өсер,..(әкеге қарап ұл өсер)
3-бөлім. «Жылдам жауап».
Шарты: Кестенің біірінші бағанындағы мақалдың бірінші сыңары, екінші бағандағы екінші сыңарын дұрыс тауып сәйкестендіру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
3.1
тапсырма. Сәйкестендіру тесті
№ |
Мақалдың 1 сыңары |
|
Мақалдың 1 сыңары |
1 |
Еңбек түбі- |
|
Сұрауы бар |
2 |
Адам көркі |
|
мақал |
3 |
Судың да |
|
ұл сөйлегеннен без |
4 |
Жеті атасын білмеген |
|
Көл болады |
5 |
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні |
|
Арлы бала |
6 |
Әке тұрып |
|
Шүберек |
7 |
Әдепті бала |
|
жетесіз |
8 |
Көп түкірсе |
|
Ақылдың көзі |
9 |
Аталар сөзі |
|
Жаны сау |
10 |
Дені саудың |
|
зейнет |
3.2
тапсырма.
Сәйкестендіру
тесті.
№ |
Мақалдың 1 сыңары |
|
Мақалдың 1 сыңары |
1 |
Ердің сыншысы - |
|
отбасынан басталады |
2 |
Оқу |
|
бір рет кес |
3 |
Көп сөз-көмір, аз сөз- |
|
мақал |
4 |
Отан |
|
адамның баласы бол |
5 |
Баланың бас ұстазы |
|
ауырмайтын жол ізде |
6 |
Атаңның баласы болма, |
|
алтын |
7 |
Жеті рет өлшеп, |
|
жарым ыырыс |
8 |
Сөздің көркі |
|
ел |
9 |
Ауырып ем іздегенше |
|
ата-анасы |
10 |
Жақсы сөз |
|
Инемен құдық қазғандай |
4-бөлім. «Жасырдым жұмбақ»
Шарты: жұмбақты шешу, шешуіндегі сөзге мақал-мәтел айту.
Мысалға: Жұмбақ Үй ішінде 32 батыр, кіргендерді отап, турап жатыр.
(тіс)
Мақал: Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарар.
1. Жұмбақ: Бетіңді тырыстырады, арқаңды құрыстырады.
Ыңғайына көне берсең, досыңмен де ұрыстырады. (ашу)
Мақал: Ашу-дұшпан, ақыл-дос.
Ақылыңа ақыл қос.
2. Жұмбақ: Көрегендер көрші отырып
Бірін-бірі көрмейді. (көз)
Мақал: Көз-нұрдың ұясы
Көңіл сырдың ұясы.
3. Жұмбақ: Иесі оның –сәби
Әрі төсек, әрі үй (бесік)
Мақал: Ел іші-алтын бесік
4. Жұмбақ: Орақ болып туады,
Табақ болып тұрады (ай)
Мақал: Туған ай тураған етпен тең
5. Жұмбақ: Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас (нан)
Мақал: Ас атасы-нан.
1. Жұмбақ: Жалт-жалт етер
Жалмап кетер (от)
Мақал: Өрт-тілсіз жау. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
2. Жұмбақ: Қабат-қабат қаттама
Қаттамадан аттамада
Ақылын оның ала бер
Айтқан сөзін жаттада (кітап)
Мақал: Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы
3. Жұмбақ: Ұрып қалсаң кері атып,оралады өзіңе
Көрсе досың бері атып, қайтып барар өзіне (доп)
Мақал: Асық ойнаған озар
Доп ойнаған тозар
Бәрінен де мал бағып
Құйрық жеген озар.
4. Жұмбақ: Мұрнында байлауы бар
Адамның айдауы бар (ине)
Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне
Киім тігіп береді ол өзіне (ине)
Мақал: 1. Түйменің инесіз күні жоқ.
2. Оқу инемен құдық қазғандай.
5. Жұмбақ: Аппақ қардай тоны
Күдірейген жоны
Көзі қызыл моншақ
Білесіңбе оны? (қоян)
Мақал: Ерді намыс өлтіреді, Қоянды қамыс өлтіреді.
5-бөлім:«Мақал-тест».
Шарты: Көп нүктенің орнына тиісті нұсқа жауапты белгілеңіздер.
5 .1 тапсырма
1.Кемеңгер сөзге ........... керегі жоқ
а) тіл ә) реніш б) кепілдің
2. Тіл - ..... малайы
а) сөздің ә) ақылдың б) еріннің
3. Татымды сөз ......... өткір
а) құлақтан ә) таяқтан б) тілден
4. Сабыр түбі ............. алтын
а) ақ ә) қара б сары
5. Сақау қыздың тілін ........... ұғар
а) анасы ә) досы б) тағдыр
5 .2 тапсырма
1. Әдепті бала - ............. бала
а) жақсы ә) жаман б) арлы
2. Өнерлі бала ..........
а) ақылды ә) сабырлы б) сүйкімді
3. Ұстаздан ............ озар
а) ұста ә) шәкірт б) шебер
4. Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде .........боларсың.
а) ақылды ә) суық б) мылжың
5. Сөздің басы бір ........ Аяғы бір құшақ
а) таяқ ә) шумақ б) пышақ
6-бөлім. «Такырыпты мақалдар» деп аталады.
Шарты: Мұнда өлең жолдары оқылып, баламасы мақал-мәтелмен айтылады.
Отан тақырыбы бойынша.
Отаным , кең далам орманды
Болаттан соғылған қорғанды.
Бақыттың, шаттықтың мекені
Қолдаймын, қорғаймын Отанды
Мақал: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Отан отбасынан басталады.
Ана тақырыбы бойынша.
Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің
«Құлыншағым , күнім» дейтін.
Мақал: Ақ шашты ана «Жастығым-балам» дейді.
Ақылды бала «Ай,күнім-анам» дейді.
Әке тақырыбы бойынша.
Адалдық әркез көксеген
Үйрендім, әке ,тек сенен
Ардақтап өтем мәңгілік
Ғұмырда жалғыз жетсе дем..
Мақал: Әкеден-ақыл, анадан-мейір.
Бала тақырыбы бойынша
Бала кезім – балғын шағым
Қызыққа бір тоймаған
Көбелекпен жарысып,
Қуыршақпен ойнаған.
Мақал: Бала күлкіге тоймас
Жалқау ұйқыға тоймас.
«Ана тілі» тақырыбы бойынша
Сүйемін туған тілді -анам тілім
Бесікте жатқанымда –ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін
Мақал: Ана тілің – қазынаң.
6.Табиғат тақырыбы бойынша
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты қорғаймыз,
Жаман бала болмаймыз.
Мақал: Таза болса табиғат, аман болар адамзат.
7.«Достық» тақырыбы бойынша.
Достық бағы біздің бұл-
Көлеңке емес күнде өскен
Бөлек- бөлек қызыл гүл
Бас қосқанда – гүлдесте .
Мақал: Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
8. «Қыс» тақырыбы бойынша
Ақ киімді , денелі, ақ сақалды,
Соқыр , мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Мақал: Жаз сайға қонба, қыс қарға қонба.
7-бөлім .Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.
Бұрысы
1.Құрмет, тілге ,құрмет-елге.
2. Жерде, тіл ,жоқ ұлт, жоқ.
3. Тас жарады,тас, тіл жармаса, бас ж
1.Тілін біл,жеті түрлі, жеті жұрттың, білім біл.
2.Ұяда, ұшқанда ,соны іледі, не көрсе
3. Мектеп, білім- теңіз кеме .
1.Мыңды жығады ,білекті ,жығады , бірді, білімді.
2.Ыстық ,отан , оттан да.
3.Жау алмайды, досы көпті ,ақылы көпті дау алмайды.
Дұрысы: 1.Тілге құрмет-елге құрмет.
2.Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ.
3.Тіл тас жарады,тас жармаса, бас жарады.
1..Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.
2.Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
3.Білім- теңіз, мектеп- кеме .
1.Білекті бірді жығады , білімді мыңды жығады
2.Отан - оттан да ыстық.
3.Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.
Мұғалім сөзі:
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-кызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым дара тілім.Тіл-сарқылмас қазына.,ата-бабамыздың көзі,мұрасы.,ал мақал-сөздің азығы,тәрбие көзі.
Қазылар алқасы қорытынды шығарғанға дейін көрермендермен ойын өткізіледі.
”Ойлы болсаң,тауып көр”
Ойын.Сұрақ-жауап.
1.Білмеген не ішеді? ( у ішеді)
2.Жас келсе неге? (іске)
3.Өтірікші кімді алдайды?(өзін-өзі алдайды)
4.Білгенің қанша, білмегенің қанша?(білгенің 9,білмегенің 99)
5.Адамда арқау бола ма?(Ас адамның аркауы)
6.Түкіріктен көл бола ма?(Көп түкірсе көл болар)
7.Тастың жеңілі бола ма?(Керек тастың ауырлығы жоқ)
8.Көпке не шашпа?(топырақ)
9.Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше?(дұшпан аяққа қарайды)
10.Тауық түс көре ме?(тауықтың түсіне тары кіреді)
11.Сиырдың сүті қай жерде?(сиырдың сүті тілінде)
12.Бейнет түбі не?(зейнет)
13.Сөз анасы не? (құлақ), су анасы не?(бұлақ),жол анасы не?(тұяқ).
14.Не қылыштан өткір?(тіл қылыштан өткір)
15.Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер?(мақал сөздің дәмін келтірер)
Мұғалімнің
қорытынды сөзі:
Білдім деме,
балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін
білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Көп
білуге ұмтылған,
Көз жұмғанша
оқиды.
Көз жұмғанша оқыған,
Көп
нәрсені тоқиды,- деп Өтебай Тұрманжанов
ағамыз жырлағандай оқып, білім алудан
ешқашан жалықпайық!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген