жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Суық торғай" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Қарағанды облысы
Қарқаралы қаласы
«Еркетай» бөбекжайы
ІІ санатты тәрбиеші
Мукыжанова Б.М
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Суықторғай.
Мақсаты : құстарының ішінде- торғайлармен таныстыру,сурет бойынша әңгімелету.
Білімділік: балаларға құстар туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық: тазалыққа , ұқыптылыққа, жай керекті құралдарды дұрыс істеуге ынталарын арттыру
Тәрбиелік: құстарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: торғай-воробей,құстар-птицы.
Көрнекілік: құстардың суреті,қағаз,желім,қайшы.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеттері |
Балалардың іс - әрекеттері |
|
|
Шаттық шеңбер: «Табиғатқа құштарлық». Тәрбиеші балалармен жылулық шеңберін өткізеді. Тәрбиеші балалардың назарын жабылған себеттегі затқа аударады.Үнтаспадан әдемі әуен ойналады.Балалар қараңдаршы,қандай дыбыс шығады?Ненің дыбысы екен? -Ой,мынау торғай ғой. -Балалар неге торғай жылы жаққа қайтпай қыстап қалады? -Тордағы құсты қалай күтуге болады? -Құстар неге біздің досымыз ? |
Балалар: -Шыр- шыр еткен торғайды Қорғамасақ болмайды, Кіп-кішкене торғайлар Ағаштарды қорғайды. Ұя бұзған оңбайды, Құс өкпелеп кетеді. Бақшамызға қонбайды. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдады. -Бұл торғай жылы жаққа қайтпайды , ол суыққа төзімді. -Тордағы құсқа жем, су береді. Тордың ішін тазалайды, құрт құмырысқа, жән-н қор-ді. |
|
Ұйымдастыру - іздестіру. |
Тәрбиеші: -Олай болса біз"Кім тез ажыратады?" ойынын ойнап алайық. - Қаз қаңқылдайды. Балапан шиқылдайды. - Торғайлардың қарны ашып қалыпты,оған азық жинап берейік.Тәрбиеші себеттің ішінен ыдысқа салынған арпа мен тарыны алып шығып,ол құстардың азығы екенін түсіндіреді.Балалар музыка әуенімен жерде шашылған дақылдарды арнайы ыдысқа салып жарысады. |
Балалар ойынның шартын мұқият тыңдап, ойынды қызығушылық-пен ойнайды. Құстарға деген қамқорлықтарын арттырды. |
|
Ұйымдастыру- ізденушілік |
Сергіту сәті:"Торғай". -Қане ,қанат жазайық, Құс болып ұшайық. Ұшып, ұшып алайық, Орнымызға қонайық. Сурет салу барысында құстардың дауысы қайталанады.Торғай сияқты дыбыстайды,жалпы сипаттама беріп түсіндіреді. Тәрбиеші балаларға саусақ жаттығуын жасатып алады.. Торғайды қалай жапсыру тәсілімен таныстырады. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалайды, аяқтауға көмектеседі. «Қанша дыбыс естісең сонша рет шапалақта.»дыбыс арқылы құстардың үнін ажырату. |
Балалар сергіту сәтін іс-қимылмен көрсете білді. Саусақ жаттығуын жасайды. Балалар үлгіге мұқият қарай отыра торғайды сала білді,бір-біріне көмектесе білді. Балалар: -торғай « шыр -шыр - шыр» -деп дыбыстайды,үш рет қолдарын шапалақтайды. Қарға «қарқ-қарқ»деп дыбыстайды ,бал-р екі рет қолдарын шапалақтайды, құстардың дыбысын атайды. |
|
Рефлексивті – түзетушілік. |
Тәрбиеші: -Балалар ,сендер әр қашанда құстарға көмек көрсетіп, Отанымыздың мақтанышы болыңдар. . -Жылдың қазір қай мезгілі? -Балалар, бүгін біз ненің суретін жапсырдық? -Торғайды қандай түспен,қандай пішінмен жапсырдық? -Үй құстары мен дала құстарының айырмашылығы қандай? Тәрбиеші іс-әрекеті қорытындылай келе, балаларды мадақтайды.Жұмыстарын көрме бұрышына қойды. |
Балалар үлкенге және кішіге көмектерін аямайтындарын айтты. -Қыс мезгілі. -Торғайдың суретін жапсырдық,- деп жауап береді. -Торғайды сопақшамен, қоңыр түспен жапсырдық. Балалар қорытынды сұрақтарға толық жауап берді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қыс мезгілі және дала құстары туралы білді.
Қандай түсініктерді игерді: Көмек көрсету туралы түсініктер игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балалар керекті құралдарды ұқыпты пайдаланып, торғайды жапсыру іскерлігін меңгерді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мерзімі:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Бауырсақ
Мақсаты:
Білімділік: - Балаларға ұннан жасалған тағамдар туралы жалпы түсінік беру
Дамытушылық: - Ұннан жасалған тағамдардың атауларын атап айтуға ынталарын арттыру.
Тәрбиелік: - Балалардың бойындағы эстетикалық талғампаздықтарын оятып, әсемдікке баулу.
Қостілділік компонент: Ұн – мука, бауырсақ – колобок.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеттері |
Балалардың іс - әрекеттері |
|
Мотивациялық- қозғаушылық. |
Шаттық шеңбер: «Арайлап атсың әр таңын». Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, жылулық шеңберін өткізеді. Тәрбиеші сабақты ұннан жасалған тағамдардың суреттерін көрсетіп бастайды да, атауларын есте сақтауды ұсынады, |
Балалар: Қуан, шаттан! Алақай! Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! Балалар суретке мұқият қарап, ұннан жасалған тағамдарды естерінде сақтауға тырысады. |
|
Ұйымдастыру - іздестіру. |
Ойын: «Ұннан жасалған тағамдардың жеке атауын ата». Тәрбиеші тақырыптық суреттер арқылы ұннан жасалған тағамдардың жеке атауларын атап айтуды ұсынады. Тәрбиеші балалардан бауырсақты қалай пісіретіні туралы сұрайды. |
Балалар тәрбиешінің көмегімен ұннан жасалған тағамдардың жеке атауларын атап айтуға тырысады.. Балалардың жауабы. |
|
|
Тәрбиеші үлгі бойынша бауырсақты ақ қағазға жапсыруды тапсырады. Сергіту сәті: «Бауырсақ» -Атадан қаштым, Ападан қаштым, Қояннан қаштым, Қасқырдан қаштым. Алақай!Алақай! секіреді) Тәрбиеші жұмыстарын ары қарай жалғастыруды тапсырады. Тәрбиеші саусақ жаттығуларын жасауды ұсынады. |
Балалар үлгіге қарап бауырсақты ақ қағазға жапсырмалауға кіріседі. Балалар бойларын жазады да, жұмыстарын ары қарай жалғастырады. Балалар саусақ жатты- ғуларын жасайды. |
|
Рефлексивті – түзетушілік. |
Ойын: «Не артық?». Тәрбиеші ұннан жасалған тағамдардың суреттерінің ішінен не артық екенін табуды ұсынады. Тәрбиеші сабақты қорытындылап, жұмыстары әдемі шыққан балалардың жұмыстарын басқаларға үлгі етіп көрсетіп, көрме ұйым -дастырып, мадақтайды. |
Балалар артық заттарды табады. Балалар қорытынды сұрақтарға жауап береді де, жұмыстарын бір – біріне көрсетіп мақтанысады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар ұннан жасалған тағамдар туралы ұғымды біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Ұннан жасалған тағамдардың атауларын айтуды және жапсырудың әдіс-тәсілдерін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жұмыстарын эстетикалық талғамға сай орындауға дағдыланды.
Мерзімі:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Аққала жасаймыз.
Мақсаты:
Білімділік:. Жеке тұлғаларды мүсіндей отырып, мазмұнды композиция құрастыруға үйрету.
Дамытушылық Аққаланы жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Қостілділік компонент: аққала-снеговик, қыс-зима
Көрнекілік: Аққаланың суреті,ермексаз,тақтайша,сүлгі.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеттері |
Балалардың іс - әрекеттері |
|
Мотивациялық- қозғаушылық. |
Балалардың амандасу рәсімі. Шаттық шеңбер: Армысың, Алтын күн! Армысың, Көк аспан! Армысың, жан досым! Қайырлы таң, апайлар! Қайырлы таң, балалар! Жылуыма жылу қос, Міне, менің қолым! -Жүрегіміз қандай, ол қалай соғып тұр? -Жақсы, отыра қойыңдар. Тәрбиеші балалармен «Аққала» тақырыбындағы суреттерді қарастырып, суреттегі аққала мүсініне қозғалысына, киімдеріне, тұрған тұрысына назар аударады. |
Амандасады. Балалар шаттық шеңберін айтады. Балалар жүрек тұсын ұстап, оның қалай соғып тұрғанын айтады. Жүрегіміз жылы, жұмсақ, ол «тук»-«тук»-деп соғып тұр. «Уф»-деп бір-біріне қарай үрлейді. Балалар отырады. Суретке әңгіме құрады. |
|
Ұйымдастыру - іздестіру. |
Сергіту сәті: -Орнымыздан тұрайық, Қарлығаш болып ұшайық. Бір отырып, бір тұрып Жақсы сергіп алайық.
Қиналған балаларға көмектесу. |
Балалар өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жаттығуын жасайды. Аққаланы мүсіндейді. |
|
Рефлексивті – түзетушілік. |
Сұрақ-жауап арқылы іс-әрекетті қортындылайды. Мақтап -мадақтайды. |
Балалар сұрақтарға жуап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қысқы ерекшеліктер жайлы білді.
Қандай түсініктерді игерді: аққаланы қалай мүсіндеу керек екенін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сұрақтарға жауап беру, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу.
Мерзімі:
Білім беру саласы: «Шығармашылық »
Бөлімі: Сурет .
Тақырыбы: Ауа шарлары.
Мақсаты:
Білімділік: - Балаларға ауа шарлары туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық: - Ауа шарлардың айырмашылығын ,атап айтуға ынталарын арттыру.
Тәрбиелік: - Балалардың бойындағы эстетикалық талғампаздықтарын оятып, әсемдікке баулу.
Қостілділік компонент: гүл – цветок, ауа-воздух, шар-шар,
|
Жұмыс кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеттері |
Балалардың іс - әрекеттері |
|
Мотивациялық қозғаушылық. |
Шаттық шеңбер: «Арайлап атсың әр таңың» Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, жылулық шеңберін өткізеді. Тәрбиеші іс-әрекетті ауа шарлардың суреттерін көрсетіп, ауа шарлардың не үшін қажет екенін айтып, шағын кіріспе әңгіме өткізеді. |
Балалар: Қуан, шаттан! Алақай! Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! Балалар суретке мұқият қарап, ауа шарлар туралы әңгімелеседі.. |
|
Ұйымдастыру - іздестіру. |
Ойын: «Кім жылдам». Ойын шарттары: Балалар ауа шарларын кім жылдам жинайды , кім көп жинаса сол жеңімпаз. |
Балалар тәрбиешінің көмегімен ауа шарлары туралы атап айтуға тырысады.. Балалардың жауабы. |
|
|
Тәрбиеші баспа арқылы ауа шарларды қағазға бастыруды тапсырады. Сергіту сәті: «бой сергіту». Қылқаламды қояйық Орнымыздан тұрайық Қолымызды созайық Оңға қарай иіліп Солға қарай иіліп Белімізді жазайық, Айналаға қарайық Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 15.06.2021 959
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген