Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Сызықтық функция

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға жаңартылған білім беру жүйесі бойынша сабақ өтуге көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы



























Пікір



Каканова Айнұр өзінің терең білімділігімен, ізденгіштігімен, жаңашылдығымен ерекше көзге түсіп жүрген ұстаз .

Сабақты оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, түрлендіріп өткізеді. Оқушылардың математикалық білімдерін шыңдауға, оларды шығармашылық жұмыстарға баулуға көп көңіл бөледі. Бағыт бере отырып, тақырыпты оқушылардың өздері меңгеруіне, жан-жақты қарастырып, білімді терең ұғынуына, алған білімдерін өмірде қолдана білуіне ықпал жасайды, қосымша тың мәліметтер ұсынады.

Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға, олардың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.



Г.Сүлейменова,

Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп директоры

Шардара ауданы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Функция. Функцияның графигі


Мектеп: Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каканова Айнұр


Сынып: 7


Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар:-

Сабақтың тақырыбы:


Сызықты функциялардың графиктерінің өзара орналасуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.9

графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын сызықтық функцияның формуласын табу;


Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын сызықтық функцияның формуласын табады

Оқушылар басым бөлігі: графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын берілген нүкте арқылы өтетін сызықтық функцияның формуласын жазады

Кейбір оқушылар: графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын немесе перпендикуляр берілген нүкте арқылы өтетін сызықтық функцияның формуласын тауып, графиктерін салады

Бағалау критерийі


Графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын сызықтық функцияның формуласын табады


Тілдік мақсат:


бөлімнің тапсырмаларын орындау барысында математикалық терминдер мен символдарын дұрыс қолданады;

зерттелген функциялардың графигін салу алгоритмін сипаттайды;

функционалдық және функционалдық емес тәуелділіктердің арасындағы айырмашылықты түсінеді;


Құндылықтарға баулу


Жақсы қарым-қатынас орнату,топтық жұмыста ұйымшылдық таныту, «Рухани жаңғыру» мақаласын, атаулы мерекелерді кірістіру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойларына сіңіру


Пәнаралақ байланыс:


«Функция және функцияның графигі», «Сызықтық функция және оның графигі» тақырыптарымен спиральді қағидат бойынша байланысады. Атаулы мерекелерді енгізу арқылы әдебиет сабағымен байланыстыру

Алдыңғы білім:


Функция және функцияның графигі, сызықтық функция және оның графигі, сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Реурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе


Функцияларға байланысты топқа бірігу. «Сызықтық функция», «Тура пропорционалдық», «Тұрақты функция».


Үй тапсырмасын тексеру №3,73




Функциялар жазылған карточкалар

Сабақтың ортасы

Өткен тақырыпты пысықтау .

Экспресс-сауал” әдісі

1. Қандай функция сызықтық функция деп аталады?

2. Сызықтық функцияларға мысал келтiрiѓдер.

3. Сызықтық функцияның графигi не деп аталады?

4. Тура пропорционалдық функциясы дегеніміз не?

5. «Функция» терминін енгізген кім?

6. у = kх + b сызықтық функциясындағы k мен b не деп аталады?

7. у = kх функциясының графигi не деп аталады? Графиктiң орналасуы k-мен қалай байланысты?

8. Функцияның берілу тәсілдері


«Қорытынды шығар»

Берілген шарт бойынша қорытынды шығару керек



сызықтық функция :

шарты :

қорытынды :

у= k1x +l1

 

y= k2x + l2

     k1=k2

Түзулер  параллель.

     k1≠ k2

Түзулер қиылысады.

    k1 * k2= — 1

Түзулер перпендикуляр



«Тобыңмен пікірлес»

  1. Төмендегі функциялардың ішінен графигі y=2x+5 функциясының графигіне параллель функцияны көрсет

  1. y=-1/2x+5

  2. y=4x+3

  3. y=2x-7

  4. y=-2x

  5. y=1/5x-8

  1. Төмендегі функциялардың ішінен графигі y=2x+5 функциясының графигіне перпендикуляр функцияны көрсет

  1. y=-1/2x+5

  2. y=4x+3

  3. y=2x-7

  4. y=-2x

  5. y=1/5x-8

  1. Төмендегі функциялардың ішінен графигі y=7x+5 функциясының графигімен қиылысатын функцияны көрсет

  1. y=-1/2x+5

  2. y=7x+3

  3. y=7x-1

  4. y=7x

  5. y=7x-8

  1. Төмендегі функциялардың ішінен графигі y=7x+5 функциясының графигіне параллель функцияны көрсет:

  1. y=-1/2x+5

  2. y=-1/7x+3

  3. y=0,7x-1

  4. y=5x

  5. y=7x-8

Дескриптор:

- берілген функцияның графигіне графигі параллель функцияны табады;

  • берілген функцияның графигіне графигі перпендикуляр функцияны көрсетеді;

  • берілген функцияның графигімен графигі қиылысатын функцияны анықтайды.


«Кім білгір?» әдісі. Жеке жұмыс. А, В, С деңгейлі есептер беру

А деңгей

Сызықтық функцияның формуласындағы

сызықшаның орнына олардың графиктері а)параллель ә) қиылысатындай сандарды қойып жаз.

  1. у=5х-4 және у= х+7

  2. у=0,2х+3 және у= х-8

Дескриптор:

параллель болатын сызықтық функцияның бұрыштық коэффициентін табады;

  • қиылысатын сызықтық функцияның бұрыштық коэффициентін табады.


В деңгей

у = -0,5х+4 функциясы графигіне перпендикуляр болатын және бос мүшесі а) -4-ке ә) 3-ке тең болатын сызықтық функцияны жаз.

Дескриптор:

-перпендикуляр болатын және бос мүшесі берілген сандарға тең болатын сызықтық функцияның формуласын жазады

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
389
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12