400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Т. Әбдіков "Қонақтар" 1-бөлім

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

САБАҚ: 1

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 1-сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Бұл сабақта оқушылар Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме береді. Сонымен қатар кейіпкерлердің типтік ерекшелігін анықтайды.

Бағалау критерийлері

7.Т/Ж3.

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтік ерекшеліктерін анықтайды;

  • Шығармадағы кейіпкерлердің мінезін талдайды;

Тілдік мақсаттар

Әдеби тіл нормаларын сақтайды.

Пән лексикасы және терминология:
Алагеуім, апақ – сапақ, жолай, шақша, ноқта, сағағы,көлегейлеп, қынжылу, қитар
Теңеу: Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ - қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.
Тұрақты тіркестер:
Міз бақпады – беті шімірікпеді, бедірейіп тырп етпеді.
Ләм - мим демей – үндемеу (жұмған аузын ашпау)
Басым сынып – ауырып
Шаш етектен - пайдасы мол
Қолыңның қаруы бар ғой – күшті, әлді
Мызғып - аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу)
Көз ілінді - ұйықтап кету
Шыбын шіркей боп жүреді – барынша күтеді
Дисфемизм: алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалып
Мақал - мәтел: қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт


Дереккөздер

Сабақтың басы



5 минут










5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару

  • Кезекшімен сұхбат

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру


ІІ.Қызығушылықты ояту

  • Суретте не көріп тұрсыздар?

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбына қандай қатысы бар?

  • Төлен Әбдіковтің қандай шығармаларын білесіңдер?


«Кроссенс» әдісі арқылы төменде берілген суреттерді бір-бірімен байланыстыра отырып, шығарма мазұнын баяндайды. (жеке жұмыс)





Сабақтың ортасы











10 минут











10 минут













5 минут

Тапсырма №1

Ж/Ж. Кейіпкер портреті

Оқушылар кейіпкерлерге портреттік

мінездеме береді.

Кейіпкер

Тура мінездеме

Жанама

мінездеме

Сапабек



Тома



Жеңіс




Бағалау дескрипторлары

  • Шығарма мазмұнын түсінеді;

  • Кейіпкерлерге мінездеме береді;

  • Кейіпкерлерге жалпы және жанама мінездеме береді;


Тапсырма №2

Т. «FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің образдық тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F /Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау

I /Идеясы /– кейіпкер туралы өзінің ой, пікірі, шығарманың идеяы.

L /Сұрақ/– кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар

A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі .

Деректер

Идеялар

Сұрақтар

Іс-әрекет







Сапабек – ат жақты, қапсағай сары жігіт.

Тома – омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ-толық ақ сары, ажарлы келіншек.

Жеңіс- аяқ-қолы шидей, алтылар шамасындағы ұл бала.


Бағалау дескрипторлары

  • Шығарма бойынша деректер жинайды;

  • Шығарма идеясын ашады;

  • Сұрақтар құрастырады;

  • Кейіпкерлердің іс-әрекетін талдайды;

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/7979-7_tolen_abdikov_qonaqtar_anggimesi

(Т.Әбдіков «Қонақтар» шығармасының аудио жазбасы)

Сабақты бекіту

5 минут

Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім


Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?


Үй тапсырмасы

Шығарманың композициялық құрылымына кешенді талдау жасау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
819
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі