400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Т. Әубәкіров –тұңғыш ғарышкер

Материал туралы қысқаша түсінік
Т. Әубәкіров –тұңғыш ғарышкер ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру ұйымының атауы

17 ЖОББМ

Пәні:

Қазақ тілі мен әдебиеті

Бөлім:

13- бөлім Қазақстан-Байқоныр- Ғарыш

Педагогтің аты-жөні:

Нугманова С.Б.

Күні:

10.05.24

Сынып: 8 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Т. Әубәкіров –тұңғыш ғарышкер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.1.1.1 мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау;

8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу , қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін: мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжайды

Көпшілік оқушылар үшін: пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдейді , қойылған сұрақтарға еркін жауап береді

Кейбір оқушылар үшін: тақырып бойынша өз ойларын айтады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру







Өткен білімді еске түсіру








«Жылжымалы микрофон»

-Балалар, бүгінгі сабағымызды әдеттегідей «Жылжымалы микрофон» арқылы бір-бірімізге жылы тілектер айтудан бастайық.

(оқушылардың тілектері)

Жарайсыңдар, балалар, мен де сендерге әрқашан сәттілік тілеймін.


Енді, балалар,үй тапсырмасын тексеруге кірісейік. Өткен сабақта біздер қандай тақырыпты өттік? (оқушылардың жауаптары)

Иә, балалар, өткен сабақта « Нәтиже сабақ. Тауып сөйлеу-өнер

» тақырыпты өткен болатынбыз, соны қазір пысықтап жіберейік. Үй тапсырмасы диалог құрастырып келу болатын. Ал, кәнекей, кім шығады? (оқушылардың жауаптары)

Жарайсыңдар, балалар.


Дескриптор: - сұрақтартарға дұрыс жауап береді


Жарайсыңдар, балалар, өткен бөлімді барлығыңыз да жақсы меңгерген сияқтысыңдар.


Бір-біріне жақсы тілектер айтады








Жұптық жұмыс

Оқушылардың жауап

тары




КБ.

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!



КБ Оқушылардың бағалауы














Жаңа білім








































































Ширату жаттығуы . «Қара жәшік әдісі»

1.Ғарышқа ұшатын адамды кім деп атайды?

2. 12- сәуірде тойланатын күн?

3. Алғаш рет итті қайда ұшырды?

4. Скафандр киімін не үшін киеді?

-     Ендеше бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа қатысты деп ойлайсыңдар? / ғарыш, ғарышкер/

Сабағымыздың мақсаты: мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау; пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу , қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

Топтастыру : оқушыларды : ғарыш, күн , аспан таратпа қағаздарын таңдауына 3 топқа бөлу


1-топ. Ғарыш 2-топ. Күн 3-топ.Аспан

Тыңдалымалды тапсырмасы

«Бір сурет,бір сөйлем» әдісі.

Т. Әубәкіров туралы ақпарат беріңдер.

Бағалау критерий: иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжайды.,

Дескриптор: тұлға туралы 5 факті келтіреді, сабаққа тақырып ұсынады

Тыңдалым тапсырмасы.

Енді, балалар, бүгінгі сабағымызда қолданылатын жаңа сөздермен танысып алайық. Балалар, жаңа сөздерді қайталап отырамыз. Жарайсыңдар, балалар, осы сөздермен сөйлем құрастырайықшы

(оқушылардың жауаптары)

Сөздікпен жұмыс:

Ұшқыш – летчик,

бос уақыт свободное время,

батырлық –героизм,

сынақ – испытание,

ғарыш – космос,

рекордтар кітабы- книга рекордов,

әскери ұшқыш- военный летчик,

арман - мечта

Т. Әубәкіров туралы аудионы тыңдаңдар

«Екі жақты күнделік» әдісі. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауаптарымен салыстырады.


Дұрыс жауабымен салыстырып көріңіз

сұрақ

жауап

Мәтін кім туралы?

Тоқтар Әубәкіров туралы

Тоқтар Әубәкіров кім?

Тоқтар Әубәкіров- ғарышкер

Дескриптор: сұрақтарға жауап береді

-Жақсы , балалар, көргенімізді, білгенімізді толықтыру үшін, одан әрі жақсы мәлімет алу үші мәтінмен танысайық.


Мәтінмен жұмыс

Дескриптор:-мәтінді оқиды,мәтіннің мазмұнын түсінеді

Жас кезінен қалай да ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының «Бірінші мамыр» ауылда туған. Ата –анасынан ерте жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды. . Ол , ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашютпен секіруге әуестенді. Осылай асыл арман аясында жүріп, ол орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түседі. Инженер – ұшқыш атағымен училищені бітірген Тоқтар шығыста жұмыс істеп жүріп 1-дәрежелі әскери ұшқыш атағын иеленді. Өз ісін жетік меңгерген маман ретінде ол аса жауапты да қиын жұмыстар атқарды: түрлі маркалардағы бірнеше әскери ұшақты сынақтан өткізді. Албырт жастың әлі де алдына қойған мақсаттары көп еді, ақыры ол өз арманына жетті. 1986 «Тбилиси» авиакрейсеріне «МИГ -29 К» дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып алып, сол кемемен әлемде тұңғыш рет трамплинінен ұшып шықты. Осы батырлығы үшін Тоқтар Әубәкіровтың есімі Гиннестің рекордтар кітабына жазылды. Тоқтар 50-ден астам жаңа ұшақты сынақтан өткізді. Осы өміріне аса қауіпті сынақтарды жүзеге асырғаны үшін ержүрек жігітке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақ жігітіОтаан алдында жасаған ерлік әрекеттерін әлем жұртшылығына осылай дәлелдеді.

Ресейдегі әскери қызметтен босаған соң, Тоқтар Әубәкіров тәуелсіз мемлекетіміздің ғарыш саласындағы істеріне басшылық жасады. Елбасының ғарыш істері жөнінде кеңесасшісі болды. Тоқтар Әубәкіров - техника ғылымдарының докторы(1988), профессор (1997), Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш- сынақшысы, авиация генерал- майоры (1995).

Тоқтар Әубәкіров - Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Тыңдалымнан кейін тапсырмасы.

«Блум түймедағы» әдісі

Тыңдалым мәтіні бойынша 6 сұрақ құрастыр.

1. Тоқтар Әубәкіров кім?

2. Тоқтар жас кезінде неге әуестенді?

3. Мен мәтінді дұрыс түсіндім бе?

4. Не жақсы, не жаман?

5. Сен ұшқыш босаң не болар еді?

6. Ғарыш саласы қай жерде қолданылады?

Нәтиже арқылы саралау:А. Оқушылардың бұл сұрақтары білу/ түсіну деңгейінде болып келеді. В. Бұл оқушылар қолдану/ ішінара талдау деңгейіне сұрақ құрастырады. С. Бұл оқушылар барлық ойлау деңгейлеріне сұрақ құрастыра алады.

Бағалау критерийлері:

Дескриптор: сұрақтар құрастырады; сұрақтар мазмұнды ашады.

КБ. Өзара бағалау стикер арқылы түсініктеме. Стикермен бағалау. Қызыл – жұмыс толығымен орындалды. Сары- толықтыруды қажет етеді.

«Пікірлер сызығы» әдісі.

Ұсынылған көзқарас бойынша пікіріңді дәлелде.

Оқушыларды көзқарастарына 2 бөліп, пікірлестіру.

топ. Тоқтар Әубәкіров –тұңғыш ғарышкер деп санайтындар

Топ. Тоқтар Әубәкіров –тұңғыш ғарышкер деп санамайтындар

Сөйлеу құрылымы:

«Попс формуласы»

1 сөйлем. «Менің ойымша, ..........»

2 сөйлем. «Себебі , мен оны былай түсіндіремін .... »

3 сөйлем. Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын .....»

4 сөйлем. Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .......»


Бағалау критерийлері:пікірталаста өз пікірін дәлелдейді


Оқушылардың жауап

тары










Топқа бөлінеді







Оқушылар

иллюстрациялар арқылы көтеріле

тін мәселені болжайды.




Оқушылардың жауаптары


Оқушылар сөздерді оқиды, сөйлемдер құрастырады



Оқушылар

аудионы тыңдайды

Мәтін бойынша «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді



Мәтінді тізбетеп оқиды, мазмұнын түсінуге тырысады




























Оқушылар сұрақтар құрастырады

















Пікірталаста оқушылар өз пікірін дәлелдейді


КБ Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!































Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!




КБ:

«Бағдаршам» әдісі












Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!














Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!
























Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!


«Қара жәшік» пен таратпа қағаздар



Топқа бөлінуге арналған қағаздар








Интерактивті тақта

Слайд









Интерактивті тақта



Сөздік дәптерлері



















слайд







Интерактивті тақта













Оқулық






слайд























Бекіту








Кері байланыс





«Есімдер генераторы» арқылы тақырыпты пысықтау.

Сонымен балалар, бүгінгі сабақта не білдік?

(оқушылардың жауаптары)

Бүгінгі сабағымыздың мақсатына тоқталар болсақ, қалай ойлайсыңдар, мақсатымызға жеттік пе,

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы түсінікті болды ма?

Рефлексия:

1. Маған сабақ ___________ болды

қызықты

қызықсыз

2. Тақырып ___________ болды.

қиын

оңай

3. Сабақ ___________өтті.

тез

баяу

4 . Сабақта ______________

жұмыстандым

демалдым

5. Тақырыпты ___________

түсіндім

түсінбедім


бұрынғыдан көп нәрсе үйрендім


Үй тапсырмасы: сөздік, диалог құрастыру

Тақырып бойынша түсінгендерін айтады



Оқушылардың жауаптары







Кестені толтырады

Жақсы! Тамаша!


https://wheelofnames.com/ru/2n3-q5b



Үлестірмелі қағаздар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
08.06.2024
276
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі