Т. Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған поэзия, ән кеші

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Т. Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған поэзия, ән кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Т. Молдағалиевтың 90 жылдығына арналған поэзия, ән кеші
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жүрегі жырдан жаралған»

(Т.Молдағалиевтың 90 жылдығына арналған поэзия, ән кеші)


Мақсаты: Т.Молдағалиевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту.



«Мұзарт» тобының орындауында Т.Молдағалиев атамыздың сөзіне жазылған ән «Қайран менің жүрегім, жас жүрегім» (Тыңдау)

1-жүргізуші:

Т.Молдағалиев көптеген әндерге өлеңдер жазды. Мәселен, оның мұң мен терең сырға толы мәтіндеріне жазылған «Құстар қайтып барады», «Әнім сен едің», «Ертіс вальсі», «Бақыт құшағында», «Шақырады көктем», «Қаздар қайтқанда», «Күзетеміз» тәрізді әндері ел арасына кеңінен таралған.

«Құстар қайтып барады» өлеңінде:
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей…
…Ал адамдар күліп бастап өмірін,
Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады.., –
деп адам өмірінің терең философиясына үңіледі.

2-жүргізуші:

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Темірхан Медетбек: «Тұманбай Молдағалиев – қазақ лирикасының королі. Оның лирикасында құс қанатының сусылы, желдің уілі, судың сылдыры, жапырақтардың сыбдыры естіліп тұрады. Ол – дүниедегі тебіреністер мен тербелістердің ақыны» - деп айтып кеткендей, Тұмаш аға қазақ поэзиясында өшпес мұра қалдырған қаламгерлердің бірі.

 Молдағалиевтың талантын досы да, дұшпаны да әлдеқашан мойындаған, қазақ әдебиетінің классигі. Тұмаш өлең­дерінің ішкі музыкасы басқаша болғандықтан ба, бұған дейін бес жүзден астам өлеңіне ән жазылды. Қазақ ақындарында ондай көлемде әнге айналған поэзия бар ма, жоқ па, оны білмедім. Осы жа­ғынан келгенде Тұмаштың поэзиясы өзгеше, өміршең» - дейді марқұм Тұрсынбек Кәкішев.



1-жүргізуші:

20 наурыз – ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің дүниеге келген күні.  Биыл ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толады. Осы атаулы мерейтойға орай, ақын өлеңдеріне жазылған әндерге арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты ән кешімізге қош келдіңіздер.



2- жүргізуші

Тұманбай аға еліміздің аяулы азаматы, ардақты ақыны. Ақынның жомарт жүрегі жырдан жаралған, жыр ақынның тірлігі де тынысы да, қуанышы мен қиналысы да. Ақынның ғұмыры жырға, жыры ғұмырына айналған.

«Өмір маған» өлеңі, оқитын- Ибрагимова А.


1- жүргізуші

Шәмші Қалдаяқовты “Вальстің королі” деп ел атаса, Тұманбай атамызды «Махаббат лирикасының патшасы» деп атап кетті.

"Құстар әні" 11-сынып қыздарының орындауында, қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:  Нұрғиса Тілендиев ағамыз ақынның «Құстар қайтып барады» өлеңі туралы былай деген екен: - Сенің өлеңдеріңе әлі талай ән жазармын. Бірақ дәл мынандай ән енді шықпайды. Мені ақырғы сапарыма осы «Құстар қайтып барады» әнін айтып шығарыңдар деді. Сол себепті Нұрғиса ағамызды өзінің өсиетімен Жамбыл атасының қасына қойып, осы өлеңмен соңғы сапарға шығарып салған екен.


1-жүргізуші: Ақынның бір естелігінде: «Міне, әлі де әнге сөз жазып келемін. Жалпы, ешкімнің көңілін қалдырғым келмейді. Осындай әнім бар еді, сөз жазып беріңізші деп, алдыма келген адамның барлығын ренжітпеуге тырысамын» - деген екен.

Ән «Жан досым» орындайтын 9 а сынып оқушысы- Шерубаев С.


2-жүргізуші:  Шәмші бірде маған «Қыз сағынышы» деген әніне сөз жазғызды. Әсет Бейсеуов бір өлеңіме ән шығарды. Біраз өткеннен кейін Нұрғиса ағамыз «Құстар қайтып барады», «Куә бол», «Қайран менің жүрегім», «Ертіс вальсі», Шәмшінің «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Отан» деп аталатын атақты әндер дүниеге келді.

Енді «Жан досым» әнін 10 а сынып оқушыларының орындауында тыңдап көріңіздер.


1-жүргізуші

Халқымыздың поэзия төрінен орын тапқан ақын шығармашылығы - өзінің өлеңдеріне жазылған әндері келіп қосылғанда- тұтас бір телегей-теңіз дарияға айналады.

Тұманбай ағамыздың сыршыл да таза жүректен шыққан дүниелері оқырманын бей-жай қалдыра алмас.

Ән «Әнім сен едің» 10 ә сынып оқушыларының орындауында.


2-жүргізуші: «Жақсылықтың барлығы болсын дейтін өзіме, сөйте жүре кісінің несібесін қызғанбас» ақын аға, жанымызға жақын аға Тұманбай Молдағалиев жайлы:

Өмірі де жайдары, көңілі де жайдары,

             Келе жатыр килікпей кикілжіңге қайдағы,

             Жауына да жұдырық сілтеп көрген жері жоқ,

            Ақ қағаздың үстінде аяқталып майданы,- дейді.


1-жүргізуші: Құрметті әнсүйер қауым! Бүгінгі поэзия, ән кешіміз өз мәресіне жеткен сияқты. Бүгін біз қазақ халқының қайталанбас ірі тұлғаларының бірі Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығы жайында таныстық. Артында  өлшеусіз мол рухани мұра қалдырған ақын қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.


2-жүргізуші: Құрметті бүгінгі кешімізге қатысып отырған әнсүйер қауым! Ән көңілдің ажары демекші, Тұманбай ағамыздың сөзіне жазылған, әнін жазған вальстің каролі атанған Шәмші Қалдаяқов ағамыздың «Әнім сен едің» атты лирикалық әнін бәріміз бірге орындасақ.(Караоке)


Бүгінгі кешімізге қатысқандарыңызға рахмет. Дастарханымыз нанға, көңіліміз әнге толсын.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

                                                                                                                                         

                                                                                                                 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.00.2024
2675
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі