Сабақтың
тақырыбы: Тұтқын
бала.
Сабақтың
мақсаты:
а) Оқушылардың қазақ
әдебиетінің көркемсөз зергері Ш. Мұртаза өмірінің, шығармаларынан
алған алған мәліметтерін кеңейту. «Тұтқын бала» әңгімесінің
мазмұнын бекіту, кейіпкерлерге талдау жасау дағдысын
дамыту.
ә) Оқушылардың пәнге
қызығушылықтарын арттыру, ауызекі сөйлеу стилін, тіл мәдениетін, ой
–өрісін дамыту, қосымша деректер арқылы дүниетанымдарын
кеңейту.
б) Оқушыларды адамгершілікке,
елжандылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: Жинақтау, пысықтау
сабағы.
Сабақтың
түрі: Сайыс
сабақ.
Оқытудың әдіс –
тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ –жауап,
талдау.
Сабақтың
көрнекілігі: Ш. Мұртаза, Т. Рысқұлов
портреттері, шығармалар жинағы, үлестірме қағаздар, кадаскоп,
күйтабақ.
Пәнаралық
байланыс: Тарих, орыс әдебиеті,
биология.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі.
«Атадан асыл ұл туса,
елінің қамын жейді»,- деп халық даналығында
айтылғандай, қазақ халқы тарихында елі үшін еңіреген, халқы үшін
күңіренген ұлдар аз болған жоқ. Солардың
бірі- «Қызыл
жебе» романының басты кейіпкері
Тұрар Рысқұлов. Ендеше осы романның
«Тұтқын
бала» тарауы бойынша алған
білімдеріңізді ортаға салайық.
II. Не
білеміз?
«Балық
аулау» ойыны. « Бала
Тұрар» әңгімесінің мазмұнына
шолу.
Ойын
сұрақтары:
-
«Қызыл жебе» романының авторы
кім, ол туралы не білеміз?
-
Романның «Тұтқын бала»
тарауында кім, не туралы
айтылған?
-
Романның басты кейіпкері кім?
Ол туралы не білесіңдер?
-
Осы тараудағы басты- басты
оқиғаларды ата?
-
Рысқұл не себепті Тұрарды
қасына алдырды?
-
Приходько мырзаның үйінде
Тұрар қандай қызметтер
атқарды?
Кадоскоптан сұрақтарды
қөрсету.
III. Не білгіміз келеді
?
I . Топ
Әдебиетшілер
Әңгіменің композисиялы
құрлысына жоспар құру.
Әңгіменің басталу Рысқұлдың
Тұрарды түрмеге алдыруы
Әңгіменің дамуы Надзиратель
қыспағы
Әңгіменің байланысуы Әке мен
баланың айырылысуы
Әңгіменің шиеленісуі Тұрардың
фамилиясын өзгерту
Шарықтау шегі Тұрардың
қылмыс
Әңгіменің шешімі Иван
Владимировичтің көмегі
ІІ – топ.
Тарихшылар.
Тірек сигналдары арқылы Т.
Рысқұловтың өмірінің өсу жолдарын
көрсету.

Ш-
Зерттеушілер
Тұрар мен әкесі туралы
жазылған еңбектер.
1. Ш. Мұртаза «Қызыл жебе»
романы
2. М. Әуезов «Қараш- қараш
оқиғасы» повесті
Жазылу тарихы, қысқаша
мазмұны.
20- жылдардың ортасында жас
жазушы М. Әуезовке осындай
шығарманы
Т.Рысқұлов берген. Шығарма
сюжетінің негізіне Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқайдарұлының (1859-
1907) өмірінде нақтылы болған бір оқиға және соған байланысты
шығармалар арқау болған.
I - топ
Әдебиетшілер
Тергеушілерге еріп бара жатқан
Тұрардың өз достарына деген пейілін көрсететін тұсты тауып
оқыңдар.
Досқа кішіпейіл, тіпті
Айдаровты да қимауы мені
таңдандырады.
III- топ.
Тарихшылар
Тұрар орысша сөйлеген тұста
кластағы оқушылар, мұғалімі сілтідей тынып қалғанда өз басынан
қандай күй кешті?
IY- топ
Зерттеушілер
Бала Тұрардың Надзирательден
соққы көрген тұстағы халін суреттеген тұсты тауып
оқыңдар.
Шығармашылық
жұмыс
Тұрардың басынан осындай
қиындықтарды өткере отырып, небір сезімдерді кешіре отырып
көрсеткен бойындағы қасіреттерін саралай отырып, 5- 6 сөйлем
көлемінде мінездеме жазайық.
Үйге
тапсырма: « Жақсы бала жеткізеді
мұратқа» тақырыбына ой- толғау
жазу.
Бағалау.
Қорытынды. Адамдардың бәрі де бақытты
болғысы келеді. Бақыт құсы тек адал еңбек адамдарының ғана басына
қонатын көрінеді. Біздің басты бақытымыз Тәуелсіздік – Адам құнымен
өлшенеді. Осыны ұмытпаған ұтады.