

Тақырыбы: Табиғат – біздің
анамыз
Тәрбиеші: М.Жәнібекқызы
Табиғат
– тіршіліктің базары,
Онсыз
кірмес адамзаттың ажары.
Тақырыбы: Табиғат – біздің
анамыз.
Мақсаты: Балаларға тірі, өлі табиғат
туралы түсініктерін кеңейту.Табиғатты
сүюге
баулу.Экологиялық білімі мен ойлау қабілетін дамыта
отырып,
өлең
тақпақтар ертегіні сахналау арқылы сөздік қорын
байыту.Табиғатқа деген мейірімін ояту.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,
көрсету, сахналау
Көрнекіліктер: Табиғат суреті, интерактивті
тақта, слайдтар.
Балалардың ұйымдастыру
кезеңі
Шаттық
шеңбері
Қуанамын мен
де,
Қуанасың
сен де.
Қуанайық
достарым
Арайлап атқан
таңға.
Қайырлы таң,
балалар!
Қайырлы таң,
апай!
Барлық жақсылық
өзімізге
Аспанымыз ашық
болсын,
Деніміз сау
болсын.
Ешқашан
ауырмайық.
Әрқашан қуанып
жүрейік.
Кіріспе бөлім.
Жыл
мезгілі, айлар, апта күндері, ауа-райындағы өзгерістер жайлы
сұрақ-жауаптар.
Негізгі бөлім.
Табиғат
ол – анамыз
Табиғатқа
панамыз
Құшағында
ойнаймыз
Шаттық
әнге саламыз.
-
Бұл өлеңде не туралы
айтылған?
-
Табиғат
-
Табиғат сөзі қандай
дыбыстан басталған?
-
Т дыбысы дауысты ма,
дауыссыз ба?
-
Т дыбысын қай үйге қонақ
етеміз?
-
Табиғат сөзін буынға
бөліңдер?
-
Табиғат дегеніміз
не?
Балалар: Ағаш, су, жер, аспан, тау,
тас
Тәрбиеші: Өте дұрыс айтасыңдар.Табиғат
нәзік!Табиғат – адамның күнкөріс көзі.Бірақ оны есепсіз шашып,
төгіп пайдалануға тиісті емес.Табиғат келер ұрпақтың да мекен
тұрағы, несібесі, қызықтайтын қуанышы.Сондықтан табиғатты
қадірлеуіміз қажет.
-
Балалар, табиғат неше
бөлікке бөлінеді?
-
Тірі табиғатқа кімді,
нені жатқызамыз?
Адам -
жануар – өсімдік.
Адам,
жануар, өсімдік бір-бірімен тығыз байланыста.
Балалар
жауап береді.
Тақпақтар
айтылады.
Балалар: Жеміс ағаштары, қарағай,
қайың
Тәрбиеші:
Балалар: Жеміс береді, ауаны
тазартады.
Тәрбиеші:
Тәрбиешінің ағаштар жайлы түсінігі.
Балалар,
осы әңгімеге байланысты көріністі тамашалайық.
(көріністі
сахналау)
-
Көріністің кейіпкерлері
кімдер?
-
Әзиз қандай
бала?
-
Ата оны неге
шақырды?
-
Әзиз өз қателігін
түсінді ме?
-
Атадан не
сұрады?
-
Көрдіңдер ме, балалар
табиғаттың бөлшектеріне зиян келтіруге бола ма
екен?
Олай
болса, балалар біз әдепті, еңбекқор , табиғатты қорғай білетін
азамат болып өсейік.
Балалар: Құрт-құмырсқадан қорғайтын
құстар.
Тәрбиеші:
Балалар
жауап береді.
Суретпен
жұмыс
Әтеш
Тоты

үй
құсы дала құсы
Тәрбиеші: «Әтеш пен тоты» ертегісін оқып
түсіндіреді.
Балалар
жауап береді.
Сергіту
сәті
Қарлығашқа
ұқсайық
Қане
қанат жазайық,
Қарлығаш
болып ұшайық.
Ұшып-ұшып
алайық
«Әтеш пен
тоты» ертегісін сахналау.
Тәрбиеші: Балалар, енді біз табиғаттың
тірі және өлі табиғат деп бөлінетінін қаншалықты меңгергенімізді
білу үшін «Орнына қоя біл» деген дидактикалық ойын ойнап
көрелік.
Шарты: Суретті қарай отырып, тірі
және өлі табиғатқа бөлу керек.
Қорытынды: Табиғат ананың құқына қол
сұқпай, бәз баяғы қалпында болуына көп болып көмегімізді тигізейік.
Туған жерге төсіндегі жер, су, гүл, шөп, алтын дәнмен, жан –
жануарлар қоғамымыздың байлығы, өмір нәрі, тіршіліктің баға жетпес
асыл қазынасы.
Адамның табиғатсыз күні
жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі
жоқ.
Сондықтан
да табиғатқа ешқашан қиянат жасамайық дей келе мына өлең жолымен
оқу іс-әрекетімізді аяқтағымыз келіп отыр.
Уа,
ағайын!
Қамқоршы
қайда қазағым саған,
Өзіңді
туған даладай.
Табиғат
сыйын қорғайық, халқым!
Қанынан
шыққан баладай.