ҰОҚ конспектісі
Өткізу күні: 12.03.2021ж
Тәрбиеші: Картаева Т.С.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Табиғат әлемінде» экологиялық викторина.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: балалардың табиғатта өздерін ұстау мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.
Оқыту: Балалардың табиғатты қорғауға бағытталған білімдерін жалпылау.
Үстел үсті ойын:Әр түрлі түстермен зымыранды бояу.
Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау, ТРИЗ.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Табиғат туралы суреттер, пазылдар, ойынға арналған құралдар.
Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): Табиғат – природа , ауа- воздух, жер- земля
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
(Балалар музыка ырғағымен топқа кіріп орындарына жайғасып отырады)
Жүргізуші: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Біз «Табиғат білгіштері» атты экологиялық викторинамызды бастаймыз!
Ол үшін ойын шартын есімізге түсірейік:
- Қойылған сұрақты дұрыс тыңдап алу керек. Бір-бірлеріңе кедергі жасамайсыңдар. Тапсырманы аяғына дейін дұрыс орындау керек.
Бір топ жауап беріп жатқан кезде шуламай тыңдау керек.
2.Негізгі бөлімі
Әділқазылар тағайындалады.
Сонымен, бастаймыз!
- Табиғат ол анамыз
Табиғатқа баламыз
Құшағында ойнаймыз
Шаттық әнге саламыз
Жазда аралап тауында
Барамыз біз бауында
Өзеніне шомылып
Жүгіреміз жауында.
(Презентация көрсету)
1слайд: - Біздің экологиялық викторина « Табиғат білгіштері» атауымен өтеді.
2 слайд: - Біздің жершарымыз бір үлкен әдемі үйге ұқсайды.
3 слайд: - Ол бізді өзінің тамаша күнімен, жерімен қуантады.
4 слайд: - Өзінің ғажап тауларымен, мөлдір суларымен баулып әкетеді.
5 слайд: - Жершарымыздың табиғатын сақтап қалу біздің қолымызда!
1) Екі топ өздерімен таныстырады.
«Мөлдір бұлақ» тобы
Мөлдір бұлақ тобымыз
Табиғатты қорғауды
Біздің болар ойымыз
«Сұңқар» тобы
Табиғатым
тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
2) Сергіту ойын: « Болады – болмайды»
- Жаңбыр жазда (болады)
- Шөп қыста (болмайды)
- Боран жазда (болмайды)
- Жапырақтар күзде түседі (болады)
- Қар ериді көктемде( болады)
- Кемпірқосақ қыста (болмайды)
- Мұз күзде(болады)
- Қар жазада (болмайды)
- Ыстық қыста (болмайды)
3) «Суретті құрастыр»
Балаларға қиылған суреттер беріледі. Қай топ суретті тез жинап, суретте не бейнеленгенін айтады сол топқа ұпай беріледі.
4) «Сұрақ – жауап»
- Ең мойны ұзын жануар? (керік)
- Өзінің баласын сөмкеде қай жануар тасиды? (кенгуру)
- Құлағы ұзын қорқақ (қоян)
- Қыста ұйқыға кетеді ( аю)
- Өз үйін өзі тасиды ( тасбақа)
- Құрлықтағы ең үлкен жануар? (піл)
- Мұхиттағы ең үлкен жануар? ( кит)
- Айлакер, қу жануар? (түлкі)
5) Қимылды ойын: « Томар»
Тапсырма: бір жағадан екінші жағаға төмпешіктен төмпешікке секіріп өту. Төмпешіктің сыртына басқан бала ойыннан шығады. Қай топтың балалары жылдам әрі барлығы түгелдей өтеді сол топқа ұпай саны беріледі.
6) «Жұмбақтар сайысы»
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
Шым - шытыр,
Шидай қотыр. (Жұлдыздар)
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)
Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)
Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)
Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
6) « Дұрыс-
бұрыс» суреттегі дұрыс және дұрыс емес қылықтарды атап
көрсету.

7) Табиғат туралы тақпақтар айту
Табиғат деген – Жер Ана,
Балалар оны бағала.
Табиғат деген – туған жер,
Қорғайды оны барлық ел.
Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен.
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер – ана, көл, теңіздер.
Табиғатты қорғау үшін
бәріміз,
Күресейік бір – бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір су да әдемі.
Биік –биік шыңдарым да әдемі.
Табиғат- ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз
8) Әділқазы алқасының қорытындысы
- жеңімпаздарды жариялау
- мадақтау
- зымыранның суретің бояуға
беру.
Жүргізуші: - Балалар сендер енді нағыз «Табиғат білгіштері» деген атауға лайықты болдыңдар. Табиғатты қорғап, аялап жүріңдер!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Табиғат әлемінде"

шағым қалдыра аласыз