жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Табиғат әсемдігі"
«Шаңырақ» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:
Білім саласы : Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: « Жомарт күздің сыйы»
Мақсаты: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, жыл мезгілдерінің суреті
Билингвалды компонент: жеміс-фрукты;көкеніс-овощи;күз – осень
|
Оқу іс -әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері - Армысыз, Алтын күн! - Армысыз, қайырымды Аспан-ата! - Армысыз, мейірімді Жер-ана! Күліп шықты күн бүгін! Қуанайық, шаттанайық бәріміз! |
Балалар шаттық шеңберге тұрып. қимыл көрсете отырып, бірге айтады. Табиғат анамен амандасып жақсы көңілмен отырады. |
|
Ұйымдастыру-ізденушілік |
Оқу қызметіне , алаңқайға табиғи материалдар жинау мақсатымен серуен ұйымдастыру. - Күз мезгілі несімен ұнайды? - Алтын күз дегенді қалай түсінесің? - Жомарт күз дегеніміз нені білдіреді? - Бір жылды неше мезгіл бар? Мен сендерге Бүркіт Жақыповтың «Күз сыйы» өлеңін оқып берейін,мұқият тыңдаңдар. Күзде. Алма пісті, Алмұрт пісті, Алша пісті, Жерге түсті. Қияр пісті, Қарбыз пісті, Қауын пісті, Қандай күшті! Жидектердің Татып дәмін, Жемістердің Жейміз бәрін. Енді балалар өлеңді қайталауда дауыс ырғағын өзгеру техникасын қолданайық. Аю дауысымен бір қатарын қайталаймыз. Қоян дауысына салайық, ал үшінші шумағын бұлбұл құстай әндетіп айтайық. Жарайсыңдар! Жеке қайталату. Бала өзіне ұнаған дауыс ырғағына салып айтады. Көктем мезгілінде жер жыртылып, тұқымы себіледі. Жаз мезгілінде егіншілер осы егін даласында аянбай еңбек етеді. Күз мезгілінде барлық жемістер мен жидектер, көкөністер, бидай пісіп жетіледі. Егілген бір дән-мың дән болып қайтады. Сондықтанда «Күз –молшылық, береке» деп атайды. «Табиғат сыйы» дегеніміз - бұл табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшілігін, алуан-түсті жапырақтар мен ауа-райының ерекшілігін білдіреді. Сергіту сәті: Алтын-сары, қызыл-көк Алуан, алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Күзгі бақта шаттана, Билейміз біз айнала. Енді балалар, сендердің зерек екендеріңді тексерейін. Жұмбақтар шешейік. Аспай піскен, Қайнамай түскен. Бақшадан жер қазып, Жиып алдым жез қазық. Көк ала костюм киеді, Күннің көзін сүйеді. |
Табиғат аясында өздеріне ұнаған табиғи материалдарды жинай бастайды. Өлең сөздерін аңдар дауысына қызыға отырып, дұрыс салуға тырысады.
Бұлбұл құстай әндетуге тырысады. Өлең сөздерін есте сақтап қалуға тырысады.
Күз жомарт, береке сөздерінің мағанасын тыңдайды.
Сергіту сөздеріне байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Тақырыпты бекіту үшін «Сен жасыр, біз табамыз» дидактикалық ойын ұйымдастырылады. Шарты: балалар көзін жұмып отырады. Бір ойыншы шығып жеміс, көкөністердің муляждары салынған табақтан біреуін алып, артына жасырады. Ойыншы сол жемісті,көкөністің атын айтпай сипаттайды. Жасырған жемісті, көкөністі дұрыс тапқан бала ойынды жалғастырады. Балаларды Мақтап,мадақтау |
Балалар ойнды қызығушылықпен ойнауға тырысады. Дұрыс жауап беруге талпынады. |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп, бағалай білуі. Үлкендер еңбегін құрметтеуді.
Игереді: Жемістер мен көкөністер айырмашылығын ажыратады.
Меңгереді: Табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылып, ол туралы өз ойларын жеткізе білуі.
Тәрбиеші; Рахимова А.Қ
Тексерілді; Тулебаева Т.Т
Ескерту:_______________________
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген