Табиғат физикасы. Дыбыстар қандай болады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғат физикасы. Дыбыстар қандай болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жаратылыстану» пәні бойынша 2-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаратылыстану» пәні бойынша 2-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Бөлім

«Табиғат физикасы»

Сабақтың нөмірі:

3 (29-сабақ)

Сабақтың тақырыбы:

Дыбыстар қандай болады?


Мақсаты:

Дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу

Күтілетін нәтиже:

  • дыбыс түрлерімен танысамын;

  • қатты және бәсең дыбыстарды ажыратамын.

Ресурстар:

«Жаратылыстану» оқулығы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» баспасы.

Астана, 2017 ж. 78-79 беттер. https://www.youtube.com/

Сабақ барысы:

Ал енді біз өткенді еске түсіріп, қайталаймыз.

Қандай дыбыс көздері бар?

Табиғи дыбыстар - жапырақ сыбдыры, бұлақтың сылдыры, адамның сөзі, түшкіруі, жылағаны т.б

Жасанды дыбыстар - музыкалық аспаптар үні, машинаның гүрілі, ыдыстың сыңғыры, ысқырық (адам ойлап тапқан).

Дыбыс, дыбыстың түрлері, олардың таралу жолы туралы мәліметті мына сілтеме арқылы біле аласың https://youtu.be/5sIcK6p0Xu4

Сонымен дыбыстың қатты, бәсең түрі болатынын білдің.

Стадион, адам көп жүретін көше қиылыстары мен би алаңдары сияқты орындардан қатты дыбыстарды естуге болады. Ал театр, аурухана, кітапханада бәсең дыбыстар естіледі.

Тапсырмалар:

1- тапсырма: Сәйкестендір


Жапырақ сыбдыры


Қатты дыбыс


Бәсең дыбыс




Сағаттың дыбысы

Ұшақтың гүрілі

Аттың шабысы

Судың сылдыры

Пойыздың дауысы

Дескрипторы:

1. Қатты дыбыс шығаратын дыбыс көздерін сәйкестендіреді;

2. Бәсең дыбыс шығаратын дыбыс көздерін сәйкестендіреді.

2-тапсырма:

Сен білесің бе?

Алматы облысында Алтынемел ұлттық табиғи саябағында «Әнші құм» бар. Құм самал желдің әсерінен сырғып, қозғалған кезде сырнайдың үніне ұқсас әуен шығарады. Ал қатты жел соқса, ұшақтың дыбысына ұқсас гүріл естіледі. Сондықтан оны «Әнші құм» деп атайды.

Осы «Әнші құм» туралы бейнетаспаны мына сілтеме арқылы көре аласың https://youtu.be/1I2hUeBqLbA

Кері байланыс:

Қатты және бәсең естілетін дыбыстарға мысал келтір.

Әдепті сөйлеу нормалары туралы не айтасың?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
453
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі