400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Табиғат және адам эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған орта
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе Табиғат және адам

Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта , ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен , жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса , адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.

«Мәуесі бардың әуесі бар» дейді халқымыз. Табиғатқа өз үйіндей қарап , оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ.

Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Судың да сұрауы бар емес пе?!

Табиғат – адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған адам баласына бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. Бала шақтан өтіп, ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық қылғанымыз сынды табиғат анаға да солай қамқорлық ету қажет.

Табиғат,

Әшкерелеп сөкпе бізді.

Тазала, саумал ауа,

Самалыңмен

Заводтың мұржасындай өкпемізді.

Санадан гөрі кейде сезім жетік,

Сезімсіз болар менің сөзім жетім...

Табиғат,

Емде мені,

Оралайын

Өзіңсіз күн жоғына көзім жетіп! - деп Қадыр Мырза Әли ақын жырлағандай, табиғаттан асып, ешқайда кете алмасымыз анық. Табиғатты сүю мен аялауды қазірден бастау қажет.Бұлақтың сылдыры мен таудың жаңғырығын, қамыстың сыбдыры мен қайыңның күбірін естіген жан еріксіз тебіренеді. Тыныштық табады. Асқар тауға шығып та, сар жазыққа көз жүгіртіп те тыныштық табасыз. Табиғатты аялаған сайын адамның да жаны аяулы болады. Жаны таза, ниеті кіршіксіз жаратылысқа айналады.

Табиғат - ортақ үйіміз .

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.10.2020
1206
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12