|
Сабақтың
басы
|
- Оқушылар, сабаққа қатысып
отырған қонақтар! Бүгін бізде «Табиғат тамашалары» тақырыбы бойынша
ерекше сабақ. «Табиғат адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан
таралыпты» демекші бүгінгі сабағымызда өздеріңді қызықты жұмбақтар,
сұрақтар, сайыстар күтуде. Ендеше, өздеріңмен бірге бұл сабақта
терең ақыл-ой, ептілік, икемділік, көтеріңкі көңіл күйлеріңді ала
жүріңдер. - Сайысымызды бастамастан бұрын 3 топқа бөлініп, әр топ
өз топ басшыларын сайлап алсын.
I топ «Жасыл желек»
II топ «Жер ана»
III топ «Жануарлар» Сайысымыз
V айналымнан тұрады.
I айналым «Табиғат дегеніміз не?» (Ой қозғау бөлімі)
II айналым «Сөз маржаны» (Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер сайысы)
III айналым «Білгенге маржан» (Сұраққа жауап беру)
IV айналым «Танымдық ойын» (Сөзжұмбақ шешу)
V айналым «Ой толғаныс» (Қай жануар, өсімдік, жер туралы сөз болып
тұр)
|
плакаттар
|
|
Сабақтың
ортасы
|
I
айналым: «Табиғат дегеніміз не?» (Ой қозғау бөлімі) Әр топ өз
ойларын ортаға салады.
1-оқушы: Табиғат дегеніміз - бұл біздің санамыздан тыс, бізге
бағынбайтын, біздің өмірімізге тірек болып тұрған болмыс, әсем
дүние.
2-оқушы: Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,
ол ештеңемен былғанып, уланбаған болуы тиіс. Бұны біз табиғат
тазалығы дейміз.
3-оқушы: Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны былғап, улайтын да –
адам. Адам өзінің де, табиғаттың да, қаласа досы санасыз іс-әрекет
жасаса жауы бола алады. 4-оқушы: Бүгінгі таңда шегіп отырған
экологиялық зардаптар, бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр.
Қазақстандағы Арал, Балқаш, Семей полигонынан зардап шеккендер т.б.
адам қолымен жасалған залалдар қаншама.
5-оқушы: Табиғаттан табар адам керекті, Отын етіп, кесіп емен,
теректі. Егін егіп, өнімдерін алумен, Малдарына орып жасыл желекті
Қақпан құрып, бүркіт салып аңына, Өрт шығарып ну орманның
маңына
Неге біздер жол береміз
осындай, Суық қолды адамдардың
торына.
6-оқушы: О, табиғат!
Тағдырымсың сен менің, Сенің барлық өзен, тау мен көлдерің. Ауаң,
суың, өсімдігің болмаса, Дүниеде қалай өмір сүремін. Құдіреті мол
табиғат, мен саған, Әрқашан алғыспен бас
иемін.
Адам табиғатқа үнемі аялай
қарамаса, не алғысы келсе соны алып, алғанының орнын толтырмаса
табиғат байлығы да таусылады. Табиғатты қорғап күтсе ғана ол
көбейеді. Қазіргі кезде табиғатты қорғаудың әр түрлі шаралары
қолданылады. Сол себепті Қазақстан бойынша бірнеше қорықтар ашқан.
- Біздің елімізде қанша қорықтар
бар?
II айналым «Сөз маржаны»
(Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер сайысы) Табиғат пен адамның бірлігін
білдіретін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер сайысы.
I топ «Жасыл желек»
1. Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын. 2. Дана көптен шығады, дәрі
шөптен шығады.
II топ «Жер ана»
1. Диқан жерін анасындай сүйеді,
Жер диқанын баласындай сүйеді.
2. Құс қонбаған көл жетім, Ел қонбаған жер жетім.
III топ «Жануарлар»
1. Көп құрақ-көлдің сәулеті, аң мен құс елдің дәулеті.
2. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
III айналым «Білгенге маржан» (Сұраққа жауап беру)
1.Әлем құсы (көгершін)
2.Құлағы аяғында орналасқан жәндік? (шегіртке)
3.Өте күшті жер сілкінуден пайда болған толқын? (цунами) 4.Шұбалшын
қай топқа жатады? (құрттар)
5.Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші
орында? (9)
6.Аңдар патшасы? (арыстан)
«Жануарлар» Бұл жануардың мекені Африка мен Оңтүстік Шығыс Азияда
тіршілік етеді. Жотасы дөңес, көзі сығырайған кішкене,жарғақ
құлақты, аяғы діңгектей жуан, сойдиған азу тісті алып
жануар. Бұл қай жануар туралы сөз болып
тұр?
|
Презентация
|