Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Табиғат тіршілігі құстар» Тәй-тәй бағдарламасы бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
«Табиғат тіршілігі құстар»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:«Табиғат тіршілігі құстар»

Мақсаты:Қазақстандағы құстардың көптүрлілігі туралы жалпы түсінік беру.Балалардың құстар пайдасы,оларға қамқорлық туралы түсініктерін жалғастыру.

Ұйымдастыру

Сәлем бердім мен күнге,

Сәлем бердім мен саған

Сәлем бердім апайға,

Қонақтарға құстарға.

Психологиялық дайындық

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»

Табиғат деген не?

Табиғат нешеге бөлінеді?

Өлі табиғатқа не жатады?

Тірі табиғатқа не жатады?

Біздің елімізде құстардың көптеген түрі мекендейді.Олар далалы ,шөлді,орманды,таулы,сулы жерлерде мекендейді.80%ті ағаштарды зиянкестерден тазалап тіршілікке көмектеседі екен.

Сендерге таныс құстарды атаңдар.

(қараторғай,тоқылдақ ,көгершін,шымшық,сауысқан т.б)

-Балалар ,біз 3топқа орталықтарға бөлініп жұмыс жасаймыз.

(Балалар фишка алып,қоңырау соғылғанда өз орындарын табады)

Орталықтарға бөлініп отырғызу.

1.Ғылым орталығы

2.Өнер орталығы

3.Манипулитивтік орталық

4.Есеп орталығы

5.Көркем әдебиет орталығы

1.Ғылым орталығы

1.Картадан Қазақстанды көрсету,жылы жақты көрсету.

2.Құстардың атын атап,салыстыру(ұқсастығы,айырмашылығы мысалы:көгершін,сауысқан,аққу)

3.Құстың жемін,жемсауытын көру,ұясын,қауырсынын көру(неден,қалай жасауға болады)

2.Өнер орталығы

1.Құстардың суретін салу.

3.Манипулитивтік орталық

Құстарды магнитті тақтада құрастыру.

4.Есеп орталығы

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы таң,қайырлы күн

Күліп шықты күн бүгін

Сәлеметсіңдерме қонақтар,балалар

Тәрбиеші:Қар су болып жөнелді

Қалды дала жалаңаш

Күн нұрына кенелді,

Бүршік атып бар ағаш.

Келіп көктем құстары

Бау-бақшаға ән салып,

Олардың жас достары

Ұя жасап қарсы алды-демекші,бүгінгі біздің әңгімеміз құстар туралы болмақ.Балалар өлең шумақтарын ақын қай жыл мезгілі туралы айтып отыр?

Балалар:көктем

Тәрбиеші:Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Балалар:Күн жылынып,құстар қайта оралады және ұя салады.

Тәрбиеші:Балалар құстар әлеміне саяхат жасайық.

Құстардың бізге пайдасы көп екен.Құс болмаса біздің өмір сүруіміз қиындар еді.Құстар бау-бақшадағы зиянды жәндіктериен күреседі.

Балалар қараңдаршы мына ағашқа құрт түсіпті.Ағашты мына құрттардан құтқару үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.

1тапсырма.

1Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қаңқылдақ (қарға)



2Бұрап қойған сағаттай

Айқайлайды таң атты (әтеш)



3Күндіз соқыр не деген?

Түнде қандай көреген (үкі)



4Судан шықса баладай

Тәй-тәй басып қалады-ай (қаз)

2тапсырма

Мақал-мәтелдер

1.Қарға қаңқылдаса қысты шақырады.

2.Қаз қаңқылдаса жазды шақырады.

3.Қара құс басып жейді

Сұңқар құс шашып жейді.

4.Көкек өз атын өзі шақырады.

3тапсырма

Тыйым сөздер

1.Аққуды атпа.

2Құстың ұясын бұзба.

3.Құстың жұмыртқасын жарма.

Тәрбиеші:Барлық тапсырмаларды орындап ағаштарды құрттардан тазаладық. Педагог балаларға өлең оқып береді.

Санауды біз білеміз.

Сандарды да білеміз,

Құстарын санап береміз.

Бір,екі,үш,төрт,бес,

Бірден санап шеш.

Балаларға сұрақ қойып тапсырма береді.

-Тордың ішінде неше құс бар?

-Ағашта неше құс қонып тұр?

-Қайсысы артық,қайсысы кем?

-Тордың астындағы жолаққа торда қанша құс болса,сонша дөңгелек салыңдар?

5.Көркем әдебиет орталығы

Құстар жайлы жалпы табиғат жайлы тақпақ білесіңдер ме?

1.Балалық қып қызбайық

Құс ұясын бұзбайық

Құстар біздің досымыз

Құстарда да ана бар

Құстарда да бала бар.

2.Орманға бара жатқандар,

Аңшылық дәмін татқандар,

Өтінемін түгел бәріңнен

Көктегі құсты атпаңдар!

Қазақстанның«қызыл кітабында»50-ден астам құстар бар,Олар жойылып бара жатқан,сирек кездесетін құстар оларды құртуға мемлекет тыйым салған.

Жұмбақ

Су бетін сызып,ақ құман жүр жүзіп(аққу)

Құстарға қандай қамқорлық көрсетіледі?

(Ұя жасау,атпау,жемсауыт жасау жем шашу т.б)

Құстар немен қоректенеді?

(Жем,бидай,дән,зиянды жәндіктер)

Жұмбақтар

1.Қонып алып жарға

Қарқылдайды(қарға)

2.Өзі сақ өзі ұзын

Шықылықтап тұрмайды

Құйрығы ұзын,

Бұтадан бұтаға ауысқан(Сауысқан)

3.Адамдардың досы қандай құс(көгершін)

Сергіту сәті:

Қане қанат қағайық

Мойнымызды созайық

1,2,3 Құс аспанға ұш

1,2,3 Құс аспаннан түс

Құстар жем жиді,

Құстар су ішеді

1,2,3

Құс аспанға ұш.

(7минуттан кейін белгі бойынша фишкаларын ауыстырамыз)

Орталықтар бойынша ауысып жұмыс істейді.Барлық балалар ортаға жиналып әр орталықтың жұмыс нәтижесін айтады.

Қорытынды.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
581
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12