Материалдар / Табиғатқа қамқорлық жасаймыз

Табиғатқа қамқорлық жасаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғатқа қамқорлық жасаймыз тақырыбындағы ҚМЖ.ҚМЖ біртұтас тәрбие бағдарламасына негізделіп жасалған.Мақсаты,құндылығы,қауіпсіздік сабағы кіріктірілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2024
153
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тәрбие сағаты

Табиғатқа қамқорлық жасаймыз

Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты ұғындыру табиғатты қорғауға, сақтауға, өзінің үлесін қосуға баулу

Құндылықтарды дарыту

Әділдік және жауапкершілік

Әр ұлт пен ұлыстың табиғатты пайдалануда, қорғауда ғасыр­лар бойы қалыптасқан өзіндік дәстүрлері, нанымдары, құн­ды­лықтары болатыны белгілі. Бұл әкенің қанымен, ананың сүті­мен ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз дарып отыратын асыл қасиет.



Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)



















Сабақ басы (20 мин)


Ұйымдастыру сәті.

Мұғалім оқушылармен амандасады.Сыныпты түгелдейді.

«Кездесу» ойын тренинг

Мұғалім:

Табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға баршамыз міндеттіміз, әрі ол баршамыздың қасиетті борышымыз. «Табиғат пен адам – егіз ұғым» дегенге сүйенер болсақ, адамзат баласы жер ананы аялап, өзінің денсаулығы мен жайлы өмір сүруі үшін қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауы тиіс. Ол үшін әр отбасында, білім ошағында жас өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие берілуі керек. Өйткені, экологиялық білімнің маңызы өте тереңде жатыр. Табиғат – бізге берген ең құнды қазынамыз, бірақ табиғаттың байлығы өлшеусіз емес. Оны аялап, жанашырлық танытып, қорғағанда ғана сақтап қалуға болатынын ұмытпағанымыз жөн.


1-тапсырма.

Ведио ролик көру.

Сілтемелер:

https://youtu.be/2mp73hh2iTk

https://youtu.be/hpm8PPHXymk


Мұғалім:Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында «Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет…» деп атап өткен болатын. Яғни, әрбір адамның экологиялық сауатты, мәдениетті болуы қазіргі заман талабының бірі. Бұл талаптарды орындауға қазақ халқының бала тәрбиесі жөніндегі ата-бабадан бізге жеткен мол мұрасы мен тәжірибесінің септігі тиері сөзсіз. Бұл мұралар арқылы сіздерді ерте бастан әдептілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке, мейірім, қайырымдылыққа, табиғатты сүюге, оны аялауға тербиелеп, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатыны анық. Себебі, табиғатқа деген сүйіспеншілік және оны көзінің қарашығындай сақтау жайында қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық дана ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөз, аңыз-әңгімелер көп.

2-тапсырма

Оқушылар топтасып постер қорғайды.









Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, оқушының қасиетін айтады.













Оқушылар ведионы көріп,пікірін ортаға салады.

1)Тірі табиғат дегеніміз не?
2) Табиғаттың адамға пайдасы қандай?
3) Қоршаған орта табиғатты қалай сақтап қалуға болады.
4) Табиғатты ластайтын нелер?
5) Табиғат ерекшелігі неде?


Shape1 Shape2

Shape3



Shape5 Shape6 Shape4

Слайд






































Ортасы (10 мин)











Қауіпсіздік сабағы

«ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПТІ ОЙЫНДАР»

Педагог ұсынған мәліметтермен танысу

1.Қайғылы жағдайға әкелетін ойындармен ойнаудың қауіптілігін балалар көбінесе түсінбейді. Олар өздерінің «мықтылығын», «батылдығын» дәлелдеу үшін ойнаймын деп ойлайды.

2.«Тұз немесе мұз», «Соль или лед». Қолына тұз сеуіп, мұзбен жабады. Тұз теріні коррозияға ұшыратады. Олар оған кім ұзақ шыдай алатынын көру үшін ойнайды.

3.«Ересекше өртеу», «Зажечь не по-детски». Бұл қорқынышты ойын АҚШ пенЕуропадан басталып, бізге де жетті. Жасөспірімдер өздерін, киімдерін немесе әлсіз, кіші баланы өртеп жібереді.

4.«Бір күнге жоғалып кет», «Исчезни на сутки». Жасөспірімдер, әдетте, әлеуметтік желілерде, бірақ кейде бетпе-бет келіп, 24 сағат бойы ешкімге ескертпестен, өздерімен тамақ алмастан үйден кету.












Бекіту

-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

-Не айтар едіңдер?

-Қандай қорытынды шығарамыз?

Қорытынды

Егер сіз өзіңізді ерік-жігер, батылдық және т.б. сынағыңыз келсе, спорт секцияларына жазылуыңыз керек. Бұл нағыз жаттықтырушылар мен шынайы дос табатын өте қызықты секциялар, бұл денсаулыққа пайда әкеледі.

Рефлексия (2минут)

Ғаламтордағы қауіпті ойындар мен олармен қалай күресуге болатыны туралы досыңа әңгімелеп бер.

Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=u3PvSbPiNvo&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=8






 Слайд

Дәптер

Қалам

















































Соңы.

5-минут


























3-тапсырма. «Табиғатқа қамқорлық жасайық» эссе жазуды тапсырады

Мұғалім: Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» Жарлығы - 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені айқындалды.

Қорытынды.

Әрбір азамат табиғат алдында өзін жауапты, барлық жануарды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашып, жастайынан балаларының санасына сіңіріп, бойларын жақсылыққа үйреткен. Табиғат пен адам – біртұтас. Адамзат планетаның экологиясына назар аударуы керек. Көлік құралдары ауаны зиянды газдармен ластайды. Көптеген мұнай қалдықтары, су қоймаларына тасталуда. Бұл қалдықтар – өсімдіктер, жабайы аңдар, балықтар мен құстардың өліміне әкеліп жатыр. Бұның басты себепкері – адамдар. Экожүйені бұзу – өз үйімізді бұзғанмен бірдей. Қоршаған ортаға қамқорлық пен сүйісепншілік қажет.








Табиғатты пайдалану мен қорғау проблемасы қазірде де айрықша назар аударуда. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтіп күллі шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған.












слайд









Слайд

Дәптер

Қалам













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ