Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат құндылығының маңыздылығы,табиғат пен адамның қатынасының үйлесімділігі туралы түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар №13

Сынып тәрбиешісі:

Коскараева Ажар.

Күні:

05.12. 2024ж

Сынып: 9 «А»

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!» акциясы

Сабақтың мақсаты:

 Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адамның қатынасының үйлесімділігі туралы түсіндіру.

Құндылықтарды дарыту.

Бірлік және ынтымақ айы

Үлестірмелі материалдар

Слайдтар

Апта дәйексөзі:

Бірлігі күшті ел озады

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі / уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Мақсаты:

Оқушылар мұғаліммен сәлемдесіп,түгенделеді. Сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тақырыпқа байланысты слайдтар, басқа пәндермен байланыстыру.


Сабақ басы (10 мин)








Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Талқылау сұрақтары:

Табиғат дегеніміз не?

Табиғат бізге не береді?

Табиғатқа қалай қамқорлық жасаймыз?

Бейнеролик көрсету.

Оқушылардың бейнеролик туралы ойларын сұрау: Бейнероликтен қандай әсер алдыңыздар? Бейнероликте қандай маңызды мәселелер қозғалды?















Оқушылар өз ойларымен бөліп, сұрақтарға жауап береді












Слайд

 

Интерактивті тақта

Бейнеролик

Ортасы (20 мин)


















Балалар денелеріңді тік ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырайық. Көздерімізді

жұмуға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алайық. Денелерімізді бос ұстайық. Айналадағы барлық тіршілік иелерін аялап, қоршап, қамқорлап жатқанымызды сезінейік. (Осылайша 2 мин. отырады, үнтаспадан табиғат әуені ойналады.) - Балалар, енді көзімізді ашайық. Табиғатқа қамқорлық жасағанымызды көз алдымызға қалай елестеттік?

Табиғат - адам үшін ерекше қасиетті ұғым. Табиғат жерге қандай көрік берсе, адам да өмірге сондай көрік береді. Сондай көрік пен сұлулықтан, жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан-жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау - біздің адами борышымыз.

Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау - өзіңді қорғау.

Табиғат– бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашанда Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып шабыт алған және қамқорлық жасаған.









- Мен сынып қалған ағашты байлап, оған қамқорлық жасап жатқанымды елестеттім.

- Мен гүлдерге су құйып жатқанымды елестеттім.

Мұғалімді мұқият тыңдайды · Әр топ өз жұмыстарын таныстырады, сынып болып талқылау жүргізіледі.

Тапсырма: Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, әр топқа жеке тапсырмалар беру: · 1-топ: Табиғатқа қалай қамқорлық жасаймыз?

· 2-топ: Айналамызды күл-қоқыстан қалай таза ұстаймыз?

· 3-топ: Табиғатты көркейтуге қандай ұсыныстар айтар едіңдер?


































ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, сабаққа белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Соңы

(10 мин)

Қауіпсіздік сабағы.

«Жанжалдың нәтижесі үшін жауапкершілік»


Сабақты қорытындылау.

Акция оқушылардың табиғатты аялау және экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруда маңызды үлес болды.

Үй тапсырмасы:

Ата,әжеге қамқорлық жасау.










1.https://youtu.be/gH3zqZPR4EQ?si=t4BxnvmuyQ8xmGGc

2.https://drive.google.com/file/d/1cve7u4yQMv7XI0ykhDOsKp3hWk-1qEtr/view



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2024
211
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі