жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Табиғатсыз өмір жоқ
«Табиғатсыз өмір жоқ»

Дайындаған:Акбергенова Рахила Ордангалиқызы
Ақтау қаласы – 2015ж
Сынып сағатының тақырыбы: «Табиғатсыз өмір жоқ»
Мақсаты: оқушыларға табиғат туралы түсініктерін,
білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған
ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен
жауапкершілігін
арттыру.
Көрнекіліктер:
нақыл сөздер «Таза болсын табиғат, аман
болсын адамзат»
Табиғат – бізді қоршаған орта. Демек, адам
табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатта тепе - теңдік үнемі
сақталып тұрады.
Сұрақ – жауап. (ауызша топтарға сұрақтар
қою.)
* Адам өміріне не
қажет?
* Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан
алады?
* Судың қандай қасиеттерін
білесіңдер?
* Тірі табиғатты
ата.
І -
кезең:
Табиғаттан бабамыз ала берген
секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген
секілді,
Еркелікті ерікті желден алған
секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған
секілді.
*Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
- Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге
қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына,
ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге
болады.
- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты
қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат
– ең қасиетті де қастерлі
ұғым.
- Табиғатты қазақ халқының бар өмір –
тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы
жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше
мән берген.
ІІ
кезең:
Жұмбақ шешу. Көктемде
көгереді,
Жазда ырысқа
бөленеді.
Күзде пісіп
марқаяды,
Қыста бірден қартаяды.
(Жер)
- Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы
бар?
- Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер –
біздің қазынамыз,
байлығымыз.
Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай
жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз
керек.
* Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Сұлулық
дегеннің тамыры табиғат» деген. Сұлулық деген табиғаттың көркі.
Мысалы: гүл қандай?, аңдарымыз ше?, ағаштарымыз ше? құстарымыз ше?
Осылардың барлығы табиғаттың сұлулығын
білдіреді.
ІІІ
кезең:
Табиғатқа байланысты қандай мақал - мәтелдер
білеміз?
Көлдің көркі – құрақ, 2. Орман – ел
дәулеті,
Таудың көркі – бұлақ. Жер
сәулеті.
3. Сулы жер – нулы жер. 4. Ағаш ексең
аялап,
Басыңда болар
саябақ.
ІV
кезең:
Топтарға
сауалнама
1 - топ. Келешекте бірнеше жылдар өткен соң
біздің қаламыздың табиғатын қалай елестетер едіңдер? ( суретін
салу)
2 - топ. Табиғатты қорғау туралы маман болсаң
не істер едіңдер?
Сыныпқа жалпы
сұрақ.
«Туған жер табиғатын қорғау керек пе, әлде
жоқ па?»
Оқушылардың пікірін
талдау
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкірінен нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Қорытынды:
Қазақстан Республикасының Конституциясында «
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және
сақтауға міндетті»
делінген.
Туған жерді сүю –
парыз,
Сүю үшін білу –
парыз
Қасиетін ұғу –
парыз,
Күзетіңде тұру –
парыз
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген