жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Табиғаттағы және техникадағы жылу құбылыстары
Сабақ жоспарының шаблоны
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Жамбыл атындағы орта мектеп 8.1.А. Жылу құбылыстары Мұғалімнің аты-жөні Мамырқұлов Б. Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар |
|
|||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғаттағы және тұрмыстағы жылу беру мысалдары |
|||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
|
|||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
|
|||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
қолдану. |
|||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Табиғаттағы және тұрмыстағы жылу беру мысалдарына ауызша және жазбаша түсініктеме береді. |
|||||||||||||
|
Пәндік лексика және терминология |
Конвекция, процесс,сәуле шығару,жылуөткізгіштік. |
|||||||||||||
|
Диалогқа және жазуға қажет сөз тіркестері |
|
|||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Еңбек және шығармашылық өмір бойы білім алуға жеке, топтық жұмыс арқылы дамытамын. |
|||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
География. |
|||||||||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Жылу берілу түрлері. Жылуөткізгіштік. Сәуле шығару.Конвекция. |
|||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
|||||||||||
|
Сабақтың басы 12 минут |
Ұйымдастыру.Сәлемдесу.Түгендеу. Психологиялық ахуал туғызу. «Ширату» ойыны.Екі адам қатысады.Бір-бірінің қолынан ұстап,көздеріне тік қарайды.Мына сөзді айтады. Сен маған ұқсайсың. Сен маған ұқсамайсың. Топқа бөлу. «Ассосация» әдісі. Оқушыларды төрт түрлі құралдар арқылы топқа бөлемін. «Сәуле шығару», «конвекция», «жылуөткізгіштік», «жылу берілу»шәйнегі сөздеріне сөйлем құрастырады.Соңында 4 топ жиналады «Сәйкестендіру» тәсілі.
Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалаудың түрі: Топпен өзара бағалау Тәсілі: Үлгі бойынша Критериалды бағалау: ауызша |
|
|
|||||||||||
|
Сабақтың ортасы 22 минут
|
«Карусель» әдісі. Оқушылар топқа бөліп тапсырма беріледі.Әр топ өзінің жауабын жазады да, бір-біріне ұсынады.Жауабы дұрыс болса тұсына жұлдызша, болмаса толықтырады қатесін білу арқылы түсінеді. 1.Кірпіштен жасалған үйлерге қарағанда ағаштан жасалған үйлердің жылы болатыны неліктен?
Жауабы: Кірпіше қарағанда ағаш жылуды жай өткізеді. 2 топ
2.Жылу көзінен балаға энергия қалай беріледі?
Ж . 3.Жылу көзінен балаға энергия қалай беріледі? Жауабы:құм үстінде жатқан балаға жылу күннен сауле шығару арқылы, ал құмнан жылуөткізгіштік арқылы беріледі.
4.Неліктен тұрғын үйлердің терезелері екі қабатты етіп жасалады?
Жауабы: екі қабаттың арасында ауа болады . Ал ауаның жылуөткізгіштігі нашар. Сондықтан жылуды сақтап тұрады. Қалыптастырушы бағалау түрі: топпен өзара бағалауы. Тәсілі:
Қосымша тапсырма
1.Тапсырма Не себепті ғарышкердің скафандрының түсін ақ және күміс түстес түске бояйды деп ойлайсың? Білім алушы Дескриптор -ақ және күміс түстердің сәулені шағылдыратынын айтады.
2.Тапсырма. Скафандр қандай қауіп - қатерден сақтайды деп ойлайсыз. Дескриптор - өткір сәулелерден қорғайтынын түсіндіреді.
Бағалау түрі: Мұғалімнің бағалауы. Әдісі: үлгі бойынша
«Қорытынды» тәсіл. Тапсырманы анағұрлым ерте біткен оқушыға «қарқын» тәсілі бойынша тапсырма дайындалады. Суретке қарап эссе жазады.
|
Оқушылар топпен біріге отырып суреттерге қарап орындайды.
|
|
|||||||||||
|
Сабақтың соңы 6 мин
|
Сабақ сендерге ұнады ма? Егер ұнаса – екі қолымызды да көтереміз; егер жартылай ұнаса – бір қолымызды көтереміз; ал егер мүлде ұнамаса- қолымызды көтермейміз.
|
|
|
|||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларғақандайтапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|
|||||||||||
|
І.«Сәйкестендіру» тәсілі.Оқушылар берілген тапсырманы үлгі бойынша сәйкестендіреді.
ІІ. «Карусель» әдісі Осы әдіс арқылы оқу мақсатына жетелеймін.Оқушылар топқа бөліп тапсырма беріледі.Әр топ өзінің жауабын жазады да,бір-біріне ұсынады.Жауабы дұрыс болса тұсына жұлдызша, болмаса толықтырады.Біреудің қатесін білу арқылы түсінеді. «Қарқын» әдісі.Әр топ тақырыптан алған білімдерін жинақтайды,соны топта талқылап, айтады.
|
«Сәйкестендіру» тәсілі. Әдісі: Үлгі арқылы бағалайды.
«Бағдаршам» арқылы бағалаймын.
Үлгі бойынша бағалайды.Ақпарат, тапсырма,сурет беріледі.
|
Партада оқушылардың дұрыс отыруына, сынып тазалығына, интербелсенді тақтамен, ұялы телефонмен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесіне көңіл бөлу. |
|
|||||||||||
|
Рефлексия Сабақ сендерге ұнады ма? Егер ұнаса – екі қолымызды да көтереміз; егер жартылай ұнаса – бір қолымызды көтереміз; ал егер мүлде ұнамаса- қолымызды көтермейміз.
|
Оқушылар қолдарын көтеру арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендігін білдіреді |
|||||||||||||
|
Үйге тапсырма |
§10 Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. 8-жаттығу № 6,7 9-жаттығу №5,6
|
Күнделіктеріне жазады |
||||||||||||
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||
Әр топқа 2 ден сұрақтарды талқылап шешу ұсынылады.
1).Денеміз тоңазымас үшін түнде жатарда ақ киім мен қара киімнің қайсысын киген дұрыс? (Егер денеден киімге жылу берілу жақсы болса,онда ақ)
2).Үш картоп 10 минутта піседі, ал жалғыз картоп неше минутта піседі?(Уақыттары бірдей)
3).Сен ертеңгілік мектепке барғалы отырсың .Үстелде сен 5 минуттан соң ішетін бір стақан кофе бар.
Ауызды күйдіріп алмас үшін не істеу керек?Қай жауап дұрыс?
А)Кофеге салқын сүт араластырып 5 минуттан соң ішеміз.
Б)Кофе ішердің алдында сүтті араластырамыз.
Б)Айырмашылығы жоқ.
4).Самаурынның құлағы неге ағаштан,пластмассадан жасалған?(Ағаш,пластмассадан жасалған заттардың жылу өткізу қабілеті нашар)
5).Стақанға ыстық шәй құйғанда,оған неліктен қасық салады?(Шәйдің қызуынан стақан жарылып кетуі мүмкін,сондықтан жылудың бір бөлігін қасыққа беріп стақанды тез қызудан қорғау үшін)
6).Кеседегі шәй стақандағы шәйға қарағанда неліктен тез суйды?(Кесе стақанға қарағанда қалың,сондықтан шәйдің жылуының көпшілік бөлігі кесеге беріледі)
7).Пісірілген нанның беті неге қатады?(Өйткені иленген қамырдың сыртқы беті жоғары температура әсерінен сусыздана бастайды да ылғал сыртқы ортаға тарайды, бір бөлігі нан ішіне қарай тарайды.Температура 112°С болғанда жұқа қабық қатайып қалыңдай береді)
8).Қайнар алдында самаурын неліктен шуылдайды?(Судың өн бойында пайда болған ауа көпіршіктері жеңіл болғандықтан жоғары су бетіне ұмтылады да,су бетіне шыққан соң жарылады)
9).Қандай жағдайда шәйнектегі ыстық шәй тез суйды,шәйнекті мұздың үстіне қойғанда ма,әлде мұзды шәйнек қақпағының үстіне қойғанда ма? (Мұзды шәйнек қақпағының үстіне қойғанда:бұл жағдайда мұздың айналасында судың суық бөлігі пайда болады.Ол бөлік басқа қалған бөліктерден ауыр,сондықтан ол төмен қарай түседі.Энергиялық конвенциялық ағын пайда болады)
10).Қағаз қораптағы суды от жалынына ұстау арқылы қайнатуға бола ма? (Болады.Су таусылып буланып кеткенше қағаз жанбайды.Судың жылу сыйымдылығы үлкен,сондықтан бар жылуды су ала береді)
11)Ауа райын зерттеушілер өте ыстық күндері ашық жердегіге қарағанда көлеңкедегі температураны алатыны неліктен?
(Өйткені көлеңкедегі температураны алу ыңғайлы.Күн түсіп тұрған ашық жердегі термометр Күн сәулесінің әсерінен айналадағы ауаға қарағанда қатты қызуы мүмкін.Әрине ол айналадағы ауа температурасын көрсетпейтіні белгілі)
2.Қызықты тәжірибелер
Әр топқа бір тәжірибеден беріп оны талқылап, жауабын шешу ұсынылады.
1.Жайпақ тарелке ішіндегі су түбінде жатырған тиынды қолыңды суға тигізбей қалай алуға болады?
Құралдар:су,сіріңке,қағаздар,тарелке,стақан ,тиын.
2.Ұзындығы 15-20 см шыны түтіктің екі жағын картоппен бітеп(ол үшін түтік ұшын 1,5см картоп кесіндісіне батырады) ортасынан қыздырғанда картоп тығындар ұшып кетеді.
Құбылысты түсіндір. (Түтік ішіндегі ауаны қыздырғанда ондағы қысым артады да тығынды атып жібереді.Қыздырғанда ауа көлемін ұлғайтады)
3.Ұзын жуан шегені қағазбен тығыз орап май шам жалынына ұстағанмен қағаз жанбайды.Неге? (Темірдің жылу өткізгіштігі жоғары,сондықтан қағазға берілген жылуды өзіне тартып алады да қағаздың тұтануына мүмкіндік бермейді)
4.Үштаған ұстағыштарына қол орамалды қыстырып үстіне аздаған спирт құйып өртейміз.Орамалды жалын орағанымен ол жанбайды.Неліктен? (Орамалды ең әуелі суға батырып сығып алады.Спирт жанғанда бөлінетін жылу орамалды өртемей ондағы суды буландыруға ғана жұмсалады)
5.Шыны колбаның ішіне қағазды тұтандырып салып жібереміз.
Қағаз жанып болған соң колба ауызын алақанымызбен басамыз.1-2 минуттан соң колба қолмен бірге көтеріледі.Неге?
(Салқындағанда ауа көлемі кішірейеді,бірақ колба көлемі өзгермейді.Оның есесіне оның ішіндегі ауа қысымы азаяды)
3.Физикалық жұмбақ
Ең әуелі төмендегі жұмбақты шешеміз.Осы жұмбақты шешкенде шыққан сөзден белгілі бір уақыт аралығында жаңа сөздер ойлап табу керек.Табылған сөздер зат есім,сын есім,етістік болуы керек.Қай топ көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз деп есептейміз.
Көтерілсе жоғары,
Ерітеді мұхитты.
Төмен түссе шамалы,
Сездірер ызғарын суықтың. (Температура)
«Температура» сөзінен басқа сөздер құрастыру.
(тер,тура,ара,ура,метр,еру,ару,там,рама, т.с.с)
Мұғалім:Температура деген не? Топтардағыоқушылардың пікірлерінтыңдау.
Қорытынды:Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама.
Мұғалім:Дененің жылулық күйін қалай білеміз? Топтардағы оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Термометрмен өлшеу арқылы.
4.Беннет тестілері
1
.Қай қалтадағы балмұздақ жылдам
ериді?
1).А қалтадағы. 2). Ә қалтадағы. 3). Екеуі бірдей.
2
.Егерде мына тұтастай металдан жасалған заттарды
ыстықтай ауаға шығарса қайсысы бірінші суйды?
1).А суреттегі зат. 2).В суреттегі зат. 3). С суреттегі зат.
Камила

![]()



![]()
|
Тапсырма |
Дискриптор |
|
-табиғаттағы жылу берілудің түрлерін ата? - табиғаттағы жылу берілудің түрлерін өмірден мысалдар келтіріңіз? -табиғатта жылу берілуді қысқаша сипаттаңыз? |
-білім алушы табиғаттағы және тұрмыстағы жылу берілу түрлерінің анықтамасын біледі. -өмірден келтіреді. -жылу берілудің сипаттамасын бере алады. -топпен бірігіп жұмыс жасай алады,фактілерді түсінеді. |
Түрі Өзара бағалау
Әдісі Табиғаттағы жылу берілуді сипаттау
Кері байланыс Ауызша
Күні: 11/05/2018ж
Сыныбы: 11
Пәні:физика
|
Сабақтың аты |
Пружиналы маятник тербелісін оқып үйрену. |
|
Сілтеме |
Жоспар |
|
Жалпы мақсаты |
Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі жайлы мағлұмат беру Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету Бірін-бірі бағалауға баулу |
|
Күтілетін нәтиже |
Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі жайлы мағлұмат алады Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді Бірін-бірі бағалай алатын болады |
|
Негізгі идеялар |
Денене тепе-теңдіктен ең үлкен ауытқуында: Eк =0, Еп=kA2/2 Eтолық= Eк+ Еп= kA2/2 Дене тепе-теңдік күйге жеткенде: Eп =0, Ек=mυ2/2 Eтолық= Eк+ Еп= mυ2/2 kA2/2= mυ2/2 Өшетін тербелістер:
|
|
Тапсырмалар |
Топтық жұмыс «Джигсо» |
|
Жеке жұмыс |
|
|
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Тербелмелі қозғалыстар дегеніміз не?
Ығысу дегеніміз не?
Гармоникалық тербелістер дегеніміз не?
Тербеліс периоды дегеніміз не?
Жиілік дегеніміз не?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Тербелмелі қозғалыс кезінде дененің кинетикалық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие болады?
Серіппеге бекітілген дененің потенциалдық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие болады?
3.Тербеліп тұрған дене траекторясының кез келген нүктесіндегі толық энергия неге тең?
ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жеке жұмыс (5 минут)
1. 5 секунд ішінде материалық нүкте 10 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі неге тең?
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
|
1 |
Білу |
Тербелмелі қозғалыс дегеніміз не? |
|
|
2 |
Түсіну |
Тербелмелі қозғалыс кезінде кинетикалық энергия формуласын жаз? |
|
|
3 |
Қолдану |
22-жаттығу.№1 |
|
|
4 |
Талдау |
Тербелмелі қозғалыс кезінде кинетикалық және потенциалдық энергияларды салыстыр? |
|
|
5 |
Жинақтау |
Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуіне мысал келтір? |
|
|
6 |
Бағалау |
Күнделікті тұрмыста және өндірісте энергияның түрленуінің маңызы қаншама? |
|
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
|
Кейінгі тапсырмалар |
22-жаттығу.№2 |
|
Кейінгі оқу |
§26 Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі |
шағым қалдыра аласыз












Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген